Жұмыскерге жұмыс беруші банкрот беруге тиісті жалақы және өзге де сомаларды алу тәртібі

2
Кулинкова Виктория Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Бұл мақалада банкрот жұмыс берушіден қалай және қандай қағидалар бойынша жалақы мен өтемақылар алуға болатынын қарастырамыз.

Өкінішке орай, бүгінде жұмыс беруші  банкрот болған кезде әртүрлі саладағы ұйым жұмыскерлері еңбекақы төлеу мәселесіне тап болады. 

Жалақы төлемеудің себептері әртүрлі болуы мүмкін – ұйымдағы уақытша экономикалық мәселелерден  банкроттық жағдайына дейін.  

 Алдымен, жалақыны және жұмыскерге тиесілі өзге де төлемдерді тиісті мерзімде төлемеуі жұмыс беруші тарапынан құқықбұзушылық болып табылады, ол үшін жауаптылық белгіленген ­–   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.01.01 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес әрбір кешіктірілген күн үшін нақты есеп айырысу күніне дейін пайыз төлеу. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235-V кодексінің (2017.01.03 өзгерістермен және толықтырулармен)  87-бабында жұмыс берушінің айыппұл төлеу ретіндегі әкімшілік жауаптылығы көзделген:

·      лауазымды адамдарға – 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (бұдан әрі ­– АЕК);

·      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК;

·      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК;

·      iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне –150 АЕК.  

Еңбекақы төлеуді ұзақ кешіктірген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгіну ең тиімді құрал болып табылады. Инспекция тиісті бұзушылықты анықтаған жағдайда жұмыс берушіге айыппұл салып, орындалуы міндетті нұсқама шығаруы мүмкін, ол жұмыс берушіні қажетті төлемдерді жүргізуге мәжбүрлеуге көмектеседі.

Өз қызметін жалғастырып жатқан ұйымда жұмыстан борсатқан кезде, сол сияқты жұмыс беруші ұйымға банкроттық рәсімін қолданған кезде де, жұмыскер сот тәртібімен өзінің берешегін «бекітуге» тиіс. Ол үшін жұмыскер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі» № 377-V кодексінің (2017.27. 02 өзгерістермен және толықтырулармен) 27, 30-баптарына сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа немесе мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жүгінуге тиіс.

Бұл баптар жалақыны өндіру туралы талап арызбен істің белгілі бір сотта қаралатынын анықтайды. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде жұмыскер жалақыны өндіріп алу туралы атқару парағын алады.

НА ЗАМЕТКУ

Талап арызда кешіктірілген бірінші күннен бастап жалақы сомасы мен пайыздар сомасын төлеу туралы талаптар көрсетіледі.

Егер ұйым әлі банкроттық рәсімін қолданбаса, атқару парағын жалпы тәртіппен мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысына орындау үшін беру қажет.

Егер банкроттық рәсімі іске қосылған болса, яғни, банкроттық туралы іс экономикалық соттың қарауына қабылданса, жұмыскер жұмыс беруші ұйымның кредиторы ретінде кредитордың талаптарын қоюға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы «Оңалту және банкроттық туралы» № 176-V Заңының (2017.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі ­ –  Оңалту және банкроттық туралы заң) 90-бабына сәйкес көзделген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы оларды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс және танылған талаптар тізілімге енгізіледі.

НА ЗАМЕТКУ

Егер жұмыскер банкроттық рәсімінен өтіп жатқан ұйымда жұмысын жалғастырса, ол өзінің талаптарын уақытша басқарушы арқылы қоя алады, ал уақытша басқарушы оның талаптарын кредиторлар талаптарының тізіліміне қосады. Егер атқару парағы сот орындаушысына банкроттық рәсімі басталғанға дейін берілсе, сот орындаушысы өндірісті тоқтатпайды  және ақшалай қаражат өндіріп алу талпынысын жалғастырады.

Егер банкроттық рәсімі ұйымды банкрот деп танумен және конкурстық іс жүргізудің ашылуымен аяқталса, сот орындаушысы борышкердің банкрот деп танылуына және конкурстық өндірстің ашылуына байланысты іс бойынша өндірісті тоқтатады және борышкер ұйымнан (банкроттан) жалақыны өндіру туралы атқару парағын уақытша басқарушыға жібереді.

Осыдан кейін жұмыскер, сот шешіміне сүйене отырып, борышкерге (банкротқа) қойылатын талаптарының мөлшері мен құрамын көрсете отырып, кредитордың өтінішін уақытша басқарушыға беру керек.

НА ЗАМЕТКУ

Кредиторлар талаптарының тізілімі борышкерді банкрот деп тану және конкурстық өндірістің ашу туралы мәліметтер жарияланған күнінен бастап, екі ай өткен соң жабылуға тиіс. Содан кейін басқарушы жұмыскерді кредиторлар талаптарының тізіліміне қосады.

Оңалту және банкроттық туралы заңның 44-бабына сәйкес кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiнде:

      1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;

      2) борышкер дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi немесе борышкер заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;

      3) кредитор (кредиторлар) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi немесе кредитор (кредиторлар) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;

      4) борышкердiң кредитор (кредиторлар) алдындағы оның талабы туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;

      5) осы кредитордың (кредиторлардың) борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;

      6) мiндеттеме бойынша берешектің және осы сомаға есептелген сыйақының (мүдденің), борышкерден өндiрiп алуға жататын тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) және залалдың сомасы;

      7) кредитор (кредиторлар) талаптарының белгiленген құқықтық негiздерi (сот шешiмi, бұл талаптарды борышкердiң тануы, ал олар болмаған кезде – кредитор (кредиторлар) талаптарының негiздiлiгiн және олардың сомаларын растайтын дәлелдемелер);

      8) борышкердегі мүлiк туралы кредиторға (кредиторларға) белгiлi мәлiметтер;

      9) жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген кезде борышкердің жоқ екендігі туралы ақпарат;

      10) қоса берілетiн құжаттар тiзбесi;

      11) борышкерге талаптар қойып жүгінуінің дәлелі;

      12) егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

Бұдан әрі екі жағдайды қарастыруға болады:  

1. Еңбек шарты бойынша жұмысын жалғастырушы жұмыскердің талаптары қалай қанағаттандырылады.

2. Бұрын ұйымда жұмыс істеген  және жалақыны өндіріп алу туралы атқару парағы бар жұмыскердің талаптарын қанағаттандыру қалай жүргізіледі.

Оңалту және банкроттық туралы заңның 100-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкiмшiлiк шығыстарға:

·       олар бойынша төлеу міндеті банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап және одан кейінгі кезең ішінде туындаған;

·       тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды;

·       уақытша және банкроттықты басқарушыларға ағымдағы төлемдер сомасын;

·      салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жатады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №7  оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль