Түрлі шарттарды жасасу ерекшеліктері

2
Түрлі шарттарды жасасу ерекшеліктері
Кулинкова Виктория Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Мақалада өтеулі және өтеусіз, алдын ала және негізгі, жариялы және сыртқы экономикалық сияқты шарт түрлерін жасасу тәртібі мен тәсілдерін қарастырамыз.

Өтеулі және өтеусіз шарттар

Өтеулі және өтеусіз шарттар заңды сипатқа ие. Оған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 384-бабы арналған (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қабылданды) (2017.27.02 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)(бұдан әрі – ҚР АК)

 Аталған бап бір тараптың өз міндеттерін орындағаны үшін ақы немесе өзге ұсыныс алуы тиіс пе (өтеулі шарт) әлде ол оған үміттенуге құқылы емес пе (өтеусіз шарт), соған байланысты шарттардың арасындағы айырмашылықты көрсетеді.  

 ҚР АК 384-бабының 3-тармағы тараптар жасаған шарт өтеулі болып табылады деген презумпцияны қамтиды. Өзгеше, яғни шарттың өтеусіздігі заңда, құқықтық актілерде, мазмұнында немесе шарттың мәнінде көзделген болуы тиіс.

Шарттардың өтеулі болғанын болжаудың өзі жалпы қағиданың бір бөлігі болып табылады,  одан шарттың өзінен басқа, арнайы нормалармен ауытқулар жасалуы мүмкін.

Шарттың өтеулі немесе өтеусіз болуы әдетте, заңды анықтамадан туындайды. Кейбір жағдайларда ҚР АК-нде тікелей жазу болмағанда, заң шығарушы шарттың өтеулілігіне толық түсінік енгізу үшін қосымша жазбаны қосады.

Тиісті өтеусіз шарттың орнына өтеулі немесе өтеулі шарттың орнына өтеусіз деп құрылған кез келген шарт бүркеме (жалған) болып табылады.

Тиісінше, осындай шарттарға міндеттемелік құқықтың, заң ұқсастығының және құқық ұқсастығының жалпы бөлімінің нормалары қолданылуы тиіс.

Заң шығарушы бір-бірінен өтеулі болуымен ерекшеленетін екі шартты реттейтін жағдайларды қоспағанда.

 ПРИМЕР

Егер "өтеусіз пайдалану шарты" деп аталатын шартта  қандай түрде болса қарсы қанағаттандыру туралы шарт болса, осындай шартқа жалдау шартының нормалары қолданылады.

Шарттарды өтеулі және өтеусіз деп бөлу,  міндеттемелік құқық шеңберінен тыс салдарын қоса алғанда, әртүрлі құқықтық салдарға әкеп соғады.

Алдын ала жасалатын шарттар және негізгі шарттар

Шарттарды жасасу барысында туындайтын мақсаттары, салдары бойынша олар алдын ала жасалатын шарттар және негізгі шарттар деп бөлінеді (ҚР АК 390-бабы). Алдын ала жасалатын шарттың мәні оның тараптары болашақта негізгі шартты жасасуға (мүлікті беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) міндеттенетінінде.  

Алдын ала жасалатын шарттың талаптары болашақ негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ оның басқа да елеулі талаптарын белгілеуге мүмкіндік беруі тиіс.

Алдын ала жасалатын шарттың талаптары болашақ негізгі шарттың маңызды талаптарын айқындау тәртібін белгілеуі мүмкін.

Сондай-ақ, алдын-ала шартта негізгі шартты жасау мерзімі көрсетіледі. Мұндай талап болмаған жағдайда, негізгі шарт алдын ала шартқа қол қойылған кезден бастап жыл бойы жасалуы тиіс.

 НА ЗАМЕТКУ

Алдын ала шарт талаптарының бұзылуы контрагентке негізгі шартты жасасуға.мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқық береді.

 Бұдан басқа, кінәлі тарап екінші тарапқа келтірілген шығындарды өтеуге міндетті.

Нысанына ерекше назар аудару қажет – адын ала шарт негiзгi шарт үшiн заңнамада белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, онда жазбаша нысанда жасалады.

 Жария шарт

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, жария шарт жасасуға қатысты бір тұлғаға басқалардың алдында артықшылық көрсетуге құқығы жоқ.

Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.

 НА ЗАМЕТКУ

Коммерциялық ұйымның тұтынушыға тиiстi тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсыну мүмкiндігі бола тұра, жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған кезде ҚР АК  399-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады, оларға сәйкес егер ҚР АК немесе өзге де заң құжаттарына сәйкес шарт жасасуға мiндеттi тарап оны жасасудан жалтарса, екiншi тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.

Шарт жасасудан негiзсiз жалтаратын тарап екiншi тарапқа шарт жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруға тиiс.

Заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі жария шарттарды (үлгі шарттар, ережелер және т. б.) жасау және орындау кезінде тараптар үшін міндетті   қағидалар шығаруы мүмкін. 

ВНИМАНИЕ

ҚР АК 387-бабының 2-ші және 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жария шарттың талаптары маңызсыз болып саналады.

 Қосылу шарты

Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актісінде қосылу шартын жасасу ерекшеліктері және оның мазмұнына қойылатын талаптар көзделуі мүмкін (ҚР АК 389-бабы 1, 1-1-тармақтары).

 НА ЗАМЕТКУ

Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы (ҚР АК 389-бабының 2-тармағы).

 ҚР АК 2-тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.

Сыртқы экономикалық шарттар

Сыртқы экономикалық қызметтегі мәмілелердің әртүрлі атаулары болуы мүмкін: келісім-шарт па, келісім бе, шарт па – бұл ешқандай заң рөлін атқармайды, барлық осы келісімдер өзара құқықтар мен міндеттерді жасауға бағытталған шарттар болып табылады.  

Осы жағдайды, сондай-ақ халықаралық әмбебап келісімдерде қамтылған ережелерді, ең алдымен, 1980 жылы қабылданған тауарларды халықаралық сатып алу- сату туралы  Вена конвенциясының ережелерін ескере отырып, соңғы жылдардың құқықтық әдебиетінде сыртқы экономикалық мәмілелерді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында коммерциялық кәсіпорындары әртүрлі мемлекеттерде орналасқан тұлғалар арасындағы жасалған шарттар деп белгілеу ұсынылады.

НА ЗАМЕТКУ

Халықаралық сауда айналымының шеңберінде жасалатын және орындалатын шарттар бір мемлекет ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық шарттармен салыстырғанда маңызды практикалық мәнге ие бірқатар құқықтық айырмашылығы бар. Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде, ішкі қазақстандық айналымда жоқ қосымша факторлар болады.

 Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2017 жылғы №7  оқыңыздар 

 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль