Азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғау тәуекелдерді басқаруға байланысты болады

3
Азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғау тәуекелдерді басқаруға байланысты болады
Бектемиров Абдраш Карбозович
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», заместитель директора ТОО «Институт сейсмологии», к. э. н., ассоциированный профессор РАМ
Адамның қарқынды шаруашылық қызметі экологиялық тепе - теңдіктің бұзылуына, толып жатқан құрбандары, елеулі материалдық шығындары мен қалыпты тіршілік қарекеті жағдайларының бұзылуы бар аномалиялық табиғи және техногенді жағдаяттардың туындауына әкеледі.

Апаттар статистикасы олардың өсуінде қалыптасқан серпін сақталған кезде жуырдағы болашақта дүниежүзілік экономика Жер шарындағы зілзалалардың барлық жиынтығынан келетін залалдың орнын толтыруға қабілетсіз болатындығын айғақтайды. Өйткені әлеуметтік дамудың тұрақтылығы халық пен ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шарты болып табылады.

Бар қоңырау

Қазақстан Республикасының халқы мен аумағының қауіпсіздігі туралы айтқан кезде әрқашанда назарға әлеуметтік құрамдасты алған жөн. Табиғи қатерлерден қауіпсіздік адамдардың өмірі мен денсаулығының, олардың дүние - мүлкі мен мекендеу ортасының әртүрлі қауіптіліктерден қорғалғандығының жай - күйімен сипатталады. Қауіпсіздіктің мәні табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін басқарудың аумақтық органдарының пәрменді бақылау мүмкіндігі ретінде анықталуы мүмкін. Бұл ретте өңірлік өндіріс тиімділігінің өсу қарқындары, өнім, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекелестікке қабілеттілігінің өсуі маңызды рөл атқарады.

Бұл шақырулардың бәріне жауап ретінде тәуекелді басқару тұжырымдамасы, яғни оны жол берілетін (қабылдауға болатын белгілі бір өлшемшарттар бойынша) деңгейде ұстап тұру пайда болды. Тұжырымдама көптеген елдердің табиғи зілзалалар мен техногенді апаттар қаупін азайту бойынша жүргізетін жұмыстарының негізі болып табылады және экономиканың орнықты дамуы идеясымен тікелей байланысты. «Орнықты даму» ретінде өзінің табиғи негіздерін бұзбайтын және өркениеттің үздіксіз прогресін қамтамасыз ететін, қоғамның басқарылатын дамуы түсініледі.

Жекелеген төтенше жағдай адамдардың қырылуына, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізу объектілеріне залал, елеулі материалдық жоғалтулар мен халықтың тіршілік қарекеті жағдайларының бұзылуына әкелетін немесе әкелуі мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындайтын, белгілі бір аумақтағы мән - жайды анықтайды.

Жағдай бойынша пайда болу табиғаты

    Туындау табиғаты бойынша жағдаяттарды кейбір бөлу мынадай болады:

–  табиғи;

–  техногенді;

–  экологиялық;

–  биологиялық;

–  антропогенді;

–  әлеуметтік;

–  аралас.

Табиғи жағдаяттар: жер сілкіністері, селдер, қар көшкіні, су тасқындары, сырғымалар, дауылдар, циклондар, қара құйындар, найзағайлар, жартастардың құлауы және басқалар.

Техногенді: өнеркәсіптік, көліктік және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық қауіпті заттардың шығарындыларымен, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен қирауымен, бөгендердің бұзып өтулерімен, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетикалық және коммуникациялық жүйелердегі, тазарту құрылыстарындағы аварияларға байланысты жағдаяттар.

Экологиялық: атмосфераның аномалиялық табиғи ластанулары, Жердің озон қабатының бұзылуы, жердің шөлденуі, топырақтың тұздануы, қышқылды жауындар және басқалар.

Биологиялық: эпидемиялар, эпизоотия мен эпифитотиялар, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдануы.

Антропогенді: адамдардың қате іс - әрекеттері.

Әлеуметтік: халықтың арасындағы жұқпалы аурулар.

Жоғарыда көрсетілген жағдаяттардың әрқайсысы кейінге қалдыруға болмайтын шешімдерді талап ететін көптеген проблемалармен қатар жүреді. Табиғи зілзалаларды болғызбау мүмкін болмайтындықтан, олардан болатын экономикалық залалды азайту үшін күрес елдің мемлекеттік саясатының маңызды элементіне айналады. Өткізілетін іс - әрекеттердің негізіне адамдарды қауіп төндіріп тұрған табиғи зілзала туралы болжамдау мен өз уақытында сақтандыру алынуы тиіс. Бұл қағидатты нәрсе, өйткені өзге жағдайда әртүрлі элементтердің арасындағы өзара әрекеттестік бей - берекет болады, ақпарат ағындары үйлестірілмеген болып шығады. Біздің ел және бүкіл дүниежүзілік қауымдастық дамуының бұл кезеңінде табиғи және техногенді сипаттағы тәуекелді талдау мен басқару теориясына әлеуметтік тапсырыс орын алады.

Табиғи қауіптер

Халық үшін қатер тұрғысынан алып қарағанда, табиғи қауіптіліктер мынадай болады:

–  адамдар үшін бастапқы зақымдаушы факторлар жасайтын;

–  ғимараттар мен құрылыстарды зақымдаушы қауіптіліктер, бұл кезде объектілер қираған кезде (жер сілкінген жағдайда) пайда болатын екіншілік факторлар қатер болып табылады.

Егер жағымсыз әсер етулер қиратуларға, адамдардың, мүліктің, еңбек заттары мен құралдарының зақымдануына әкелсе, экономикалық сипаттағы қауіп орын алады. Қирау мүмкіндігі ғимараттар мен құрылыстардың сапасына, олардың осалдық дәрежесіне байланысты.

Мысалға, табиғи катаклизмдер бірқатар дәрежеде заңды да.

Біріншіден, табиғи зілзаланың әрбір түрі үшін белгілі бір кеңістіктік бейімделгендік тән.

Екіншіден, қауіпті табиғи құбылыстың қарқындылығы (қуаттылығы) неғұрлым көп болса, ол солғұрлым сирек болады.

Үшіншіден, қандай да бір зілзала көрінісінің барлық күтілмегендігі кезінде табиғи қауіптіліктерден енжарлы және белсенді қорғаныстық іс - шаралар қарастырылуы мүмкін.

Бұған қоса, барлық табиғи апаттардың арасында өзара байланыс (неғұрлым тығыз байланыс – жер сілкіністері мен цунамидің арасында) болады. Жер сілкіністері өрттерді, газдың жарылыстарын, бөгендердің бұзылуын, жайылымдардың улануын, малдың қырылуын, аштықты туындатады. Бұл азаматтар үшін қосымша тәуекелдер жасай отырып, ыза суларының ластануына, құдықтардың улануына, инфекцияларға, адамдар мен жануарлардың жаппай ауыруына әкеп соғуы мүмкін. Барлық орын алған факторлар азаматтарды, объектілерді қорғау жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін алдын алу, сақтандыру іс - шараларын әзірлеу кезінде есепке алынуы тиіс.

Қазақстандықтардың әлеуметтік өзін - өзі сезінуін тұрақты жақсарту мемлекеттік саясатта бірінші орында болуы тиіс. Табиғи апаттардан қорғауды жоспарлай отырып, қызмет бағыттары бойынша мамандар мен кадрларды тиісті дайындау жолымен екіншілік салдарларды барынша шектеу қажет. Тәуекелді талдау, тұжырымдамалық іс - шараларды әзірлеу – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің басты тағайындалуы. Қауіпті табиғи құбылысты өз уақытынды болжамдау мен айқындау үшін табиғи зілзалалар мен апаттардың алғашқы хабаршыларына мониторингтің жақсы жолға қойылған жалпымемлекеттік жүйесі қажет.

Элементтерін заңдар

Процестердің мәнін біле отырып, оларды алдын ала болжамдауға болады, ал өз уақытындағы және дәл болжам тиімді қорғаныстың аса маңызды шарты болып табылады. Зілзала табиғаты көбінде адамға бағынбайтын құдіретті талқандаушы күш ретінде көрініс береді. Терең айырмашылықтарына қарамастан, барлық зілзалалық құбылыстар тым болмағанда төрт заңдылыққа бағынады:

1) Табиғи зілзаланың әрбір түрі үшін ерекше кеңістіктік теліну белгіленуі мүмкін.

2) Белгілі бір қайталанушылық пен оның зілзала көрінісінің қарқындылығымен байланысы орын алады. Атап айтқанда, қарқындылық неғұрлым көп болса, бұл түр сондай күшпен сирек көрініс береді.

3) Табиғи зілзаланың қиратушылық әсерінің геологиялық, гидрометеорологиялық процестер сипаттамаларына байланыстылығы белгілі бір ықтималдылықпен айқындалуы мүмкін. Егер зілзаланы болжамдауға болатын болса, онда оны белгілі бір дәрежеде алдын алу іс - әрекеттерін жүргізе отырып, жедел басқаруға да болады.

4) Табиғи сипаттағы жағдаяттар көптеген жағдайларда олардың бір - бірімен өзара әрекеттестікте туындайтындығымен ерекшеленеді. Өз кезегінде, олардың қиратушы күші мен көрініс беру жиілігі артуы мүмкін.

Тәуекелді өлшеу

Тәуекелді өлшеуге қауіптіліктерден туындайтын әсерлер бойынша мәліметтерді жинау, статистика, болашақ оқиғаларды болжамдау мен ықтималдығы жолымен қол жеткізіледі. Тәуекелді өлшеулердің дәлдігі қолда бар мәліметтерге айтарлықтай дәрежеде байланысты болады.

Тәуекелді басқару – бұл тәуекелді алдын ала көре білу және оны төмендету жөнінде іс - шаралар қабылдау.

Тұтастай алғанда, тәуекелді анықтау процесі екі негізгі бөліктен құралады:

–  тәуекелді есептеу. Оны сипаттайтын процестер мәліметтерінің негізінде тәуекелді ғылыми санаттандыру;

–  тәуекелді бағалау. Жекелеген адам және қоғам үшін тәуекел мәнінің әлеуметтік және экономикалық нұсқаулары.

Әртүрлі елдер талдаушыларының мәліметтері бойынша, дүние жүзінде 1900 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде табиғи зілзалалардан 12 миллиондай адам қаза тапқан. Бұл ретте құрбандар саны шамамен мынаны құрайды:

–  52 % – су тасқындарынан;

–  22 % – құрғақшылықтардан;

–  18 % – жер сілкіністері мен жанартаулардың атқылауынан;

–  7 % – күшті желдерден;

–  1 % – табиғи қауіпті табиғат құбылыстарының өзге түрлерінен.

Бұрынғы Кеңестер Одағындағы аса ірі табиғи зілзалалардың бірі 1948 жылғы Ашхабадтағы жер сілкінісі болды, бұл кезде 100 мыңдай адам зардап шекті. 1988 жылдың 7 желтоқсанында Спитакта болып өткен жер сілкінісінің күші Хиросима мен Нагасакиге тасталған 10 атомдық бомба жарылысының қуатымен барабар болды. Ресми мәліметтер бойынша, 19 мың адам мүгедекке айналды, 25 мыңнан аса адам қаза тапты, 514 мың азамат баспанасыз қалды.

Әртүрлі зілзалалар бойынша дүниежүзілік статистиканың кейбір мәліметтері мынадай:

–  1959 жылғы Қытайдағы су тасқынында – 2 млн адам;

–  1965 - 1967 жылдардағы Үндістандағы құрғақшылықта – 1,5 млн адам;

–  1970 жылғы Бангладештегі дауылда – 300 мың адам;

–  1970 жылғы Перудегі опырылып құлауда – 70 мың адам;

–  1902 жылғы Мартиникадағы жанартаудың атқылауы кезінде – 26 мың адам;

–  2004 жылғы Тынық мұхитындағы жер сілкінісінде – 300 мың адам құрбан болды.

 Бүгінгі күннің өмір шындығында біздің әрқайсымыз XXI ғасырдың атомдық ядро сияқты энергия көзінсіз ақылға сыймайтындығын түсінеміз. Бұл бағыттың маңыздылығын бағалау үшін бүкіл дүние жүзінің ғалымдары пікірталастар жүргізуде. Зерттеу үшін кезекті сылтау 2011 жылдың 11 наурызында «Шығыс Жапониядағы ұлы жер сілкінісі» деген ресми атпен, Рихтер шкаласы бойынша 9 баллдық күшпен Жапонияда болып өткен жер сілкініс фактісі болып табылды. Қаза тапқандардың 93 % - ға жуығы алып толқынның құрбандарына айналды. «Фукусима - 1» АЭС - на кеткен шығындарды есептемегенде, цунамиден келген залал 215 млрд АҚШ долларын құрады.

 Қазақстан Республикасында қиратушылық салдарлары мен экономикалық залалы бойынша жер сілкінісіне бірінші орын беріледі. Оның зақымдаушы факторларын, энергетикалық сипаттамаларын және ошақ тереңдігін, эпицентр координаталарын зерттеу кезінде елдің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше рөл берілген. Ұлттық саясатта тәуекелдер деңгейлерін төмендетудің басымдыққа ие сипаты бар. Сондықтан зілзалалармен күреске үкімет, азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастықтар, қаржылық институттар, жеке сектор мен еріктілер кірісуі тиіс.

Жүйелі тәсіл

Сейсмологияның барлық құрамдастарын кезеңдер бойынша қарастыру қағидаттарына негізделген жүйелі тәсілсіз залалды талдау мен бағалауды жүзеге асыру мүмкін емес екенін есте ұстау қажет. Мұнымен бірге тәуекелді өлшеуге бірыңғай стандартты тәсілдің болмайтынын ескерген жөн және залалдың әралуан түрлерін болдырмауға кететін шығындарды азайту процесі қоғамның экономикалық ресурстарының шектелгендігі жағдайларында болып өтеді.

Білікті және өз уақытындағы шешім көбінесе мыналарға байланысты:

–  қауіпті табиғи құбылыстардың көздері мен факторларын, қоршаған ортаның жай - күйін байқаулар, бағалау, болжамдау мен бақылауға, қауіпті құбылыстарға жауап әрекеттерді айқындауға;

–  өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және басқа объектілердегі процестер серпініне бақылау жасауға;

–  қауіпті табиғи құбылыстардың хабаршылары болып табылатын аномалияларды айқындау мақсатымен Жер мен жер айналасындағы кеңістікте энергиясыйымды процестер туралы мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау мен қорытындылауға;

–  қоршаған орта жай - күйінің аялық параметрлеріне жүйелі инспекциялық өлшеулер жүргізуге;

–  мүмкін болатын аварияларға, технологиялық процестің бұзылуы, табиғи зілзалаларға ден қоюдың әртүрлі сценарийлерін модельдеуге;

–  адам мекендейтін ортаның жай - күйін кешенді бағалауға, елдің жекелеген аумақтары мен өңірлері үшін экологиялық, химиялық, сейсмологиялық және басқа метеорологиялық карталарды жүргізуге.

Тәуекел факторларын мақсатты бағытталған зерттеу қарастырылатын аумақтағы қауіптіліктерді, туындау себептерін, халықтың әртүрлі топтарына жағымсыз факторларының әсер ету тетіктерін айқындауға септігін тигізеді. Осыған орай, басқарудың мүдделі органдары, ұйымдар, өндірістік объектілер мен компаниялар:

     - қауіпті объектідегі авариялардың салдарларын оқшаулау мен жою жөніндегі іс - шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

     - өз қызметкерлерінің есебінен өз авариялық - құтқарушы, сондай - ақ штаттан тыс құралымдарды құруға;

     - табиғи зілзала салдарларын жою мен оқшаулау үшін қаражат құралдары мен материалдық ресурстар резервінің бар болуына;

     - персоналды әртүрлі жағдайлардағы іс - әрекеттерге дайындауды қамтамасыз етуге;

     - жер сілкінісі жағдайларында бақылау, хабардар ету жүйелерін, байланыс пен көлікті пайдалануға жарамды жай - күйде ұстауға;

     - табиғи зілзала туындаған жағдайда қоршаған орта мен басқа тұлғалардың өмірі мен дүние - мүлкіне зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті сақтандыруға міндетті.

Арттыра отырып, сейсмикалық қауіпсіздік

Қазақстанның сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру мақсатымен елдің орталық атқарушы органдары ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы отырысының «Елдің сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс - шаралар туралы» №53 хаттамасының 3.3. тармағына сәйкес 2016 - 2018 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасы сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі іс - шаралар Кешені» Жол картасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Жол картасы) бірлескен бұйрықты қабылдады.

Жол картасы: ҚР Ішкі істер министрлігінің 18.01.2016 жылғы № 36, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 22.01.2016 жылғы № 44, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 28.01.2016 жылғы № 37, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 29.01.2016 жылғы № 118, ҚР Энергетика министрлігінің 9.02.2016 жылғы № 50, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 15.02.2016 жылғы № 64, ҚР Сыртқы істер министрлігінің 16.02.2016 жылғы № 14 - 1 - 2/50 және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 22.02.2016 жылғы № 36 бұйрықтарымен қабылданды.

Орталық, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі компаниялардың қатысуымен іс - шаралар жоспарының іске асырылуы үшін «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық орталығы» (бұдан әрі – СБмЗ ҰО) акционерлік қоғамы жауапты болып табылады. СБмЗ ҰО - ның құрамында екі құрылымдық бөлімше бар: «Сейсмология институты» ЖШС мен «Сейсмологиялық тәжірибелік - әдістемелік экспедиция» ЖШС.

Жол картасына сейсмикалық қауіпсіздік бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен компаниялардың іс - шаралары енгізілген. Жол картасы 4 тараудан тұрады:

1. Ғылыми - әдістемелік базаны, мониторинг пен нормативтік құжаттарды жетілдіру.

2. Сейсмикалық күшейту жолымен инженерлік - техникалық іс - шараларды жетілдіру.

3. Хабардар ету жүйесін, халықты дайындауды жетілдіру.

4. Жер сілкіністерінің салдарларын жоюға дайындықты қамтамасыз ету.

СБмЗ ҰО - ның ғылыми әлеуетімен жерүстілік - ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша Қазақстан аумағында күшті жер сілкіністерін болжамдаудың ғылыми - әдістемелік ақпараттық технологиясын әзірлеу жөніндегі бағдарлама орындалатын болады. Сондай - ақ СБмЗ ҰО қатысуымен қызметтердің тұрақты дайындығын қамтамасыз ету үшін мынадай позициялар бойынша есептік мәліметтердің болжамдық санын анықтаумен мүмкін болатын залалдың сценарийі әзірленеді:

–  қиратылған ғимараттар мен құрылыстар;

–  қаза тапқандар, жараланғандар, баспанасыз қалғандар;

–  энергиямен, газбен, сумен жабдықтау мен көліктік жүйелердің зақымданулары.

Мүмкін болатын аварияларға, технологиялық процестің бұзылуына, табиғи зілзалаларға ден қоюдың әралуан сценарийлерін модельдеу халықты әдеттен тыс жағдайлар және әртүрлі жағдаяттарда қауіпсіздік тәсілдеріне дайындау үшін баға жеткісіз үлес қосады. ХХІ ғасырдың адамзатқа жасалған тағы да бір қатерлі шақырумен – халықаралық лаңкестік және экстремизммен атап өтілгендігін ұмытуға болмайды. Және де лаңкестерде заманауи техниканы, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті заттар мен материалдарды пайдалану, сондай - ақ химиялық және биологиялық шабуылдар жасау кезінде техногенді жағдаяттарды қасақана жасау мүмкіндігі бар.

Авариялық, табиғи немесе техногенді жағдаяттар үрей мен мазасыздық сияқты белгілі бір психологиялық - әлеуметтік реакциялар туындататындығы сөзсіз. Мұндай мән - жайда жұртшылықты ақпараттандырудың тиімді бағдарламасы бұл реакцияларды барынша азайтуға көмектеседі. Авариялық ден қою жүйесі аудиторияға БАҚ - н пайдаланумен олардың келіп түсу дәрежесіне қарай барлық белгілі фактілерді тұрақты хабарлап тұруды көздеуі тиіс. Жұртшылықты ақпараттандыру тобының хабарламалары шын, қарапайым, дәл және өз уақытында болулары тиіс. Теледидарды, радио, күнделікті газет, журналдар мен Интернетті қосқанда, байланыс құралдары азаматтарды ақпараттандырудың тиімділігінде орасан рөл атқарады және оңды нәтижеге әсер етеді.

Мемлекеттік органдар өздерінің функцияларын орындау кезінде өздеріне – «Дұрыс ақпарат оған арналған аудиторияға дейін жете ме?» сұрағын қоюлары тиіс. Осыған байланысты, басқару органының авариялық (жедел) жоспарында міндетті түрде жұртшылықты ақпараттандыру мен оны іске асыру тетігіне қатысты қажетті тарау болуы тиіс. Қарама - қарсы жағдайда жұртшылықпен өзара әрекеттестік жоқ болғандықтан, салдарларды жою жөніндегі спикерлер дұрыс ақпаратқа қолжетімділікке қол жеткізе алмайды. Қарама - қайшы хабарламалар халықтың ден қою күштерінің азаматтардың денсаулығы мен меншігін қорғау қабілетіне сенуден қалуының себебі қызметін атқарады.

Тәуекелді бағалаудың мақсаты материалдық және адам ресурстарын төмендету жолымен халық пен аумақты, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қорғауға бағытталған шешімдер дайындап шығару болып табылады. Мұндай тәсілдің негізінде білікті шешімнің нәтижесі мен шығындарын бағалау мүмкін болады. Халықты құтқару мониторингі мен технологияларының жаңа әдістері Қазақстан – 2030 даму бағдарламасының ұзақмерзімді Стратегиясы басымдықтарының біріне жатқызылған, оның орындалуы Мемлекет Басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше бақылауында болады.

Шығындарды және шешімдерді өз уақытында қабылдаудан болатын ұтыс дәрежесін шынайы бағалаудың бар болуы тәуекелдерді басқарудың маңызды аспектісі болып табылады. Басқару жүйесін қолдану – бұл қаржылық және басқа шығындарды төмендетудің саналы қадамы. Осы іс - шаралардың арқасында жүргізілген іс - әрекеттердің, сондай - ақ ғылыми - практикалық тәсілдің объективті бейнесін алуға болады.

Ел азаматтарын әртүрлі жағдаяттардан қорғау мен қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тәуекелдерді басқаруына байланысты болады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 6, 2017  



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль