Өндірістік кеңес туралы үлгілік ереже

4
Өндірістік кеңес туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы әзірлеген

1. Жалпы ережелер

1.1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы Үлгілік ереже (бұдан әрі  – Ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 - V Еңбек кодексінің 203 бабына сәйкес әзірленген.

1.2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес (бұдан әрі  – Кеңес) – бұл жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтандыру, еңбекті қорғаудың техникалық инспекторларының жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай - күйін тексеруді өткізуін ұйымдастыру бойынша бірлескен іс - әрекеттерін жүзеге асыру үшін еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды қосқанда, жұмыс берушінің өкілдері және жұмыскерлердің өкілдері тепе - теңдік негізде құратын алқалық орган.

1.3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, ұжымдық шарт пен осы Ережені басшылыққа алады.

1.4. Жұмыс беруші Кеңес қызметін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға, оның ішінде Кеңеске өзінде бар ақпаратты ұсынуға міндетті.

2. Кеңесті құру мен жұмыс регламентінің тәртібі

2.1. Кеңес құрамы жұмыс берушілердің өкілдерінен және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды қосқанда, бастауыш кәсіподақ ұйымына (бұдан әрі  – Кәсіподақ) мүше жұмыскердің өкілдерінен тепе - теңдік негізде құрылады.

2.2. Кеңестің сандық құрамы жұмыс беруші мен Кәсіподақ арасында тараптардың келісуімен анықталады.

2.3. Кеңес құрамына жұмыс берушінің өкілдерін тағайындау жұмыс берушінің бұйрығымен жүргізіледі, жұмыскерлер өкілдерін тағайындау Кәсіподақтың шешімімен жүзеге асырылады. Әрбір тарап Кеңес құрамынан өз өкілін алмастырумен кері шақырып алуға құқылы.

2.4. Кеңестің жеке құрамы жұмыс беруші мен Кәсіподақтың бірлескен шешімімен бекітіледі.

2.5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың (бұдан әрі  – Техникалық инспекторлар) кандидатурасын Кәсіподақ ұсынады, ал ол жоқ болған жағдайда  – оған жұмыскерлердің үштен екісінен кем емес бөлігі қатысқан кезде жалпы жиналыстың көпшілік даусымен ұсынылады және Кеңес шешімімен бекітіледі.

2.6. Техникалық инспекторлардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, сондай - ақ олардың бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібі Кеңес шешімімен белгіленеді.

Кеңес мүшелері осы Ережемен көзделген міндеттерін орындау және еңбекті қорғау жөнінде оқытудан өтетін кезеңде жұмыс берушінің шешімі бойынша жалақысы сақталумен негізгі жұмысын орындаудан босатылады.

2.8. Кеңесті екі жылда бір рет мерзімділікпен ротациялық негізде жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінің арасынан кеңес мүшелері сайлайтын төраға басқарады.

2.9. Кеңес төрағасы Кеңес жұмысын ұйымдастырады, отырыстар өткізу мерзімдерін, Кеңестің әрбір мүшесінің функциялары мен жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгілейді, жұмыс берушіден Кеңес қызметін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты сұратады.

2.10. Кеңес отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі.

Кеңес отырысына: ұйым басшысы және оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің (цехтардың) басшылары, өзге де мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.

Кеңес қарастырылатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, шешімдер жұмыс беруші мен жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады. Кеңес шешімі хаттамамен ресімделеді.

Кеңес өз жұмысында еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, бақылау мен қадағалаудың басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен өзара әрекеттеседі.

Белгілі бір өкілеттіліктерді орындау үшін Кеңес мүшелері кем дегенде үш жылда бір рет тиісті білім беру ұйымдарында жұмыс берушінің қаражаты есебінен біліктілікті арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімідерін тексеруден өткізіледі.

3. Кеңестің өкілеттіліктері

3.1. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бірлескен қызметті дамытуды қамтамасыз ету бойынша іс - шаралар қабылдау үшін жұмыс беруші мен жұмыскерлердің іс - әрекеттерін үйлестіреді.

3.2. Еңбек ұжымының ұсыныстары негізінде жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтандыру талаптарын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс - әрекеттер бағдарламасын әзірлейді.

3.3.Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай - күйіне тексерулер жүргізуді ұйымдастырады.

3.4. Техникалық инспектолрлардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында айқындалған бұхушылықтарды жою, еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау; еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарына жауап беретін бағдарламалар жасау, ұсынымдар, шешімдер мен басқа да іс - шаралар бойынша ескертулері мен ұсыныстарын қарастырады.

3.5. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды және жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай - күйі туралы ақпарат жібереді.

3.6. Ұжымдық шарттың тиісті тарауының жобасын дайындау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ұйымдастыру - техникалық және санитарлық - сауықтыру іс - шараларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қарастырады.

3.7. Ұйымдағы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай - күйі мен себептеріне, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау бойынша өткізілетін іс - шаралардың тиімділігіне талдау жасауды жүргізеді.

3.8. Еңбекті қорғау және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау бойынша жұмысты жетілдіру, еңбекті қорғау талаптарын сақтайтын жұмыскерлерді моральдық және материалдық көтермелеу мәселелері жөніндегі ұсыныстарды талдауды, жалпылауды және жұмыс берушіге ұсынуды жүзеге асырады.

3.9. Кеңес отырыстарында жұмыс берушінің (оның өкілдерінің), ұйымдағы құрылымдық бөлімшелердің басқа да жұмыскерлерінің жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай - күйі, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мен олардан қорғану іс - шаралары, сондай - ақ олардың жұмыс орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету бойынша міндеттерін орындауы және жұмыскерлердің еңбекті қорғау құқықтарына кепілдіктерді сақтау туралы ақпаратын тыңдайды.

3.10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек дауларын шешуге жәрдемдеседі.

4. Қорытынды ережелер

4.1. Қабылданған шешімдер баяндалған хаттама оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жұмыс берушіге және Кәсіподаққа қарастыруға беріледі.

4.2. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ Кеңес қабылдаған шешімдерді бір айдың ішінде қарастырады және Кеңеске оларды қарастыру нәтижелері мен оларды іске асыру бойынша қабылданған іс - шаралар туралы жазбаша хабарлама жасайды.

1–қосымша

Еңбек қауіпсіздігі

және еңбекті қорғау жөніндегі

Өндірістік кеңес туралы Үлгілік ережеге

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі

Өндірістік кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ

 ___________________________________________________________________

                                                              (ұйымның аталуы)

    ___________________ « ______» _______________20_____ ж.

Қатысты: Т. А. Ә.

Күн тәртібі:

1.

Шешім қабылдады:

Кеңес төрағасы:

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 6, 2017  



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль