Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері: еңбек шартына қосылатын талаптар

20
Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері: еңбек шартына қосылатын талаптар
Кулинкова Виктория Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Үйде істейтін жұмыс деген не? Еңбек қатынастарын қалай ресімдеу керек? Еңбек шартында не жазылу керек? Мақалада осы сұрақтардың жауаптарын табасыздар.

Үйде жұмыс істеу қазір кезде - әдеттегі құбылыс. Бұл, адамдар мемлекеттің еңбекпен қамсыздандыратынын күтпей, тікелей нарыққа, яғни әлеуетті тұтынушыларға қандай да бір қызмет көрсетуін ұсынуға, тауар сатуға баратын, нарықтық қатынастарға белсенді көшуге байланысты. Бірақ мұндай еңбек нысанының ерекшелігі көптеген сұрақтар туындатады. Еңбек құқығы және есепке алу мәселелерінне назар аудара отырып, соларды талқылап көрейік.

 Үйде істейтін жұмыс кәсіпшілікте, қарапайым өндірісте, көркемөнер кәсіпшілігінде, өнімді өңдеу және ресімдеуде пайдалануы мүмкін; сонымен қатар, бұл телефон және интернет қызметтері және т. б. болуы мүмкін.

 НА ЗАМЕТКУ

Мүгедектерді жұмысқа тарту арқылы кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін жеңілдікті салық салулардың әртүрлі схемаларын  пайдалана алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мүгедек-азаматтар үшін және қозғалыс белсенділігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер, оның ішінде еңбек құқығын белгілейді.

 ЛУПА Жұмыс беруші үнемдеу мақсатында үйде істейтін жұмыскерлерді жалдауы мүмкін.

Үй еңбегі жұмыскерлер үшін неғұрлым жайлы және ыңғайлы, сондай-ақ қандай да бір себептермен өздерінің еңбек міндеттерін тікелей кәсіпорында орындай алмайтын адамдар үшін оңтайлы болуы мүмкін.

 СЛОВАРИК

Үйде істейтін жұмыскер (home-worker) – үйде жеке еңбегімен, өз материалдарымен және өзінің немесе жұмыс беруші беретін әлде жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, аспаптар мен құрал-саймандарды пайдалана отырып, жұмысты орындау туралы жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан тұлға.

 Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлерге, ең алдымен, жоғары әлеуметтік қорғалуға мұқтаж адамдар, жатады олар әр түрлі себептерге байланысты ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істей алмайды. Бұл топқа мыналар жатқызылуы мүмкін:

·      он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті әйелдер;

·      мүгедектер мен жасына жеткен зейнеткерлер;

·      үй жағдайларындағы жұмыс ұсынылған, еңбекке қабілеттілігі төмен адамдар;  

·      мүгедектерге, отбасының күтімге мұқтаж басқа да мүшелеріне күтімді жүзеге асыратындар;

·      телефон диспетчерлерінің, жарнамалық агенттердің, аудармашылардың, машинисткалардың, редакторларлардың, авторлардың және т. б. міндеттерін орындайтын тұлғалар;

·       халық көркемөнер кәсіпшілігін, сувенирлік бұйымдарды соларға арналған әдемі қораптарды  жасау шеберлігіне ие адамдар.

 Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер еңбек нарығында "бейресми" еңбек күшінің жеткілікті үлкен секторын білдіреді, олар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінде (2017.13.06 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) белгіленген жұмыскерлердің барлық құқықтарына ие.

 Алайда еңбек шарттарының болмауы жекелеген жұмыс берушілерге кемсітушілік еңбек саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

Негізі, үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер жұмыс берушінің негізгі қызметі бойынша мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің жұмысын орындайды, сондықтан  мемлекеттік СТ РК 1352-2012 стандарты және халықаралық SA 8000:2008 Social Аccountability (MOD) «Әлеуметтік жауапкершілік» стандарты үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін келесіні белгілейді:

егер компания үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер деп жіктелетін өнім берушілердің (мердігерлердің) немесе жеткізушілердің тауарларын және (немесе) көрсетілетін қызметтерін  өңдесе немесе қолдаса, компания үйде жұмыс істейтін жұмыскерлерге тікелей жұмыс істейтін жалдамалы персоналмен қатар осы стандарттың талаптарына сәйкес қорғау деңгейін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қолдануға тиіс. Бұл арнайы шаралар, басқаларымен қатар, мыналарды қамтиды:

1) міндетті күші бар, ең төменгі критерийлерге сәйкестігін талап ететін (осы стандарттың талаптарына сәйкес) жазбаша шарттарды жасасу ;

2) шартқа  қатысы бар жұмыскерлердің және барлық басқа тараптардың жазбаша шартты түсінуін және талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

3) компанияның офисінде үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер туралы ақпаратты қамтитын толық құжаттама жүргізу; өндірілген тауарлар (көрсетілетін қызметтердің) саны және (немесе) үйде жұмыс істейтін әрбір жұмыскердің істеген сағаттары;  

4) жазбаша шарттың талаптарын орындау үшін өткізілетін  тұрақты жарияланатын және жарияланбайтын бақылау іс-шаралары.

 Yйде жұмыс істейтін жұмыскерлермен жасасқан еңбек шартына енгізілетін қажетті талаптар

 Жұмыс беруші мен үйде жұмыс істейтін жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары ҚР ЕК жалпы қағидалары борйынша реттеледі. Алайда, ҚР ЕК 137-бабының 3-тармағына сәйкес ҚР ЕК 28-бабында көзделген жалпы ережелерден басқа үйде істелетін жұмысты орындау туралы еңбек шартына келесі талаптарды енгізу қажет:

1) жұмысты жұмыскерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып орындау;

2) жұмыскерді жұмысты орындау үшін қажетті шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;

3) жұмыскерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар міндетті түрде көзделуге тиіс.

Сонымен бірге тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында мыналар регламенттелуі мүмкін:

·      жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;

·       жұмыс берушінің жұмыскерлердің жұмыс уақыты режимінің сақталуын  бақылау ерекшеліктері;  

·       жұмысты орындау және тапсыру мерзімі;

·       еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету шарттары;

·      жұмыс берушімен байланысу тәртібі. 

 Жұмыс беруші жұмыскерді материалдармен, шикізатпен, құрал-жабдықтармен және т. б. қамтамасыз ете алады, алайда, егер үй жұмыскері өз құралдары мен тетіктерін пайдаланса, олардың тозғаны үшін оған өтемақы төленеді. Тараптардың келісімі бойынша үй жұмыскеріне жұмыстарды үйде орындауға байланысты (электр энергиясына, суға және т. б.) өзге де шығыстар өтелуі мүмкін.

 Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 8 оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль