Бастысы – жарақаттанушылықтың статистикасы емес, нақты нәтиже

6
Бастысы – жарақаттанушылықтың  статистикасы емес, нақты нәтиже
Анбиянов К. У.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный технический руководитель по охране труда ТОО «Производственная компания «Цементный завод Семей»»
Маңыздылығына қарамастан, цемент өнеркәсібінің Қазақстан экономикасы үшін ол сипатталады әр түрлі қолайсыз факторлар теріс әсер ететін қызметкерлердің денсаулығын

«Жұмыскер өмірі мен денсаулығының басымдығы» – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V (30.06.2017 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) қағидаты «Семей цемент зауыты» өндірістік компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – цемзауыт) жұмыскерлкрі үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасаудағы ең мәнді жайт болып табылады. Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында құрамында 3 адам бар еңбекті қорғау бөлімі құрылған және жұмыс істейді. Біздің басты міндетіміз – таңертең отбасымен қоштасып шыққан кәсіпорынның әрбір жұмыскері жұмысқа келіп, тиісті уақытында алаңсыз жұмыс істеп, кешке қарай үйіне аман-сау, зақымданбай қайтатындай жасау. Үлкен есеп бойынша, еңбекті қорғау бөлімі мамандарының қызметі нақ осы міндеттерге қол жеткізуге бағытталған.

Жұмыс қауіпсіздігі үшін ұжым

Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарында үш негізгі ереже көрініс тапқан:

- еңбек салауатты және қауіпсіз өндірістік орта жағдайларында жүзеге асырылуы тиіс;

- еңбек жағдайлары жұмыскер денсаулығына залал келтірмеуі және оның адамдық қадір-қасиетін жәбірлемеуі тиіс;

- еңбек жеке тұлғаның дамуы, өзін-өзі танытуы мен қоғамға қызмет ету үшін нақты мүмкіндік ұсынуы тиіс.

Қысқа да нұсқа тұжырымдар жұмыстың орасан көлемін еске салады, оның сапасына көбінде шын мәнінде көптеген адам өмірі  байланысты болады.

Қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі - цемзауыт ұжымы бұл бағыттағы жұмысты күшейте жүргізуде. Бізді бір мақсат – әлеуметтік мемлекеттің ең бағалы әлеуеті – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау біріктіреді. Басшылық құжат еңбекті қорғауды басқару Жүйесі (бұдан әрі - ЕҚБЖ) болып табылады. Нақ сонда қызмет жұмысының не болып табылатындығы жазылған. ЕҚБЖ-нің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорынның барлық жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау процестеріне тарту, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіздік мәдениеті деңгейін арттыру болып табылады.

Басты назар сауатты кадрларды дайындауға аударылады.   Ұйым басшылығы лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес, өз учаскелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша өкілеттіліктер берген бөлімшелердің басшылары жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың бүкіл кешенін ұстап тұратын іргетас болып табылады. Олардың әрқайсысы еңбекті қорғау  – бұл маңызды құрамдас екендігін, онсыз біз оны қалаймыз ба, қаламаймыз ба, заманауи дүниеде өндірістік процестің мүмкін еместігін түсінеді. 

Оқыту бойынша жарақаттануды төмендету

Еңбекті қорғау бөлімі өндірістік жарақаттанушылықты төмендету жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізеді. Барлық жұмыскерлер еңбектің қауіпсіз әдістері бойынша оқыту мен нұсқамадан өткізіледі.  Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес әзірленген графиктер мен бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру мен өндірістік-техникалық оқыту жүргізіледі.   Бұл мақсаттар үшін оқытудың электрондық құралдарымен, қажетті техникалық әдебиетпен, журналдармен, көрнекті құралдармен жарақталған, 50 орындық оқу сыныбы жұмыс істейді.

Кәсіпорын бірқатар орта техникалық оқу орындарымен және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқытуға аттестатталған оқу орталықтарымен ынтымақтасады. Кәсіпорын басшыларына, мамандары мен жұмыскерлері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін интербелсенді нысанда, электрондық түрде тестілеу жолымен тексеру енгізілген. Тесттерді орындалатын жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, еңбепкті қорғау бөлімі жасаған.

Өндірісте қауіпсіздікті сақтауды тиімді насихаттау үшін көрнекті үгіт пайдаланылады – ақпараттық парақтар, жаднамалар, қауіпсіздік белгілері шығарылады.  Қауіптілігі жоғары жұмыстардың әрбір түріне тұсаукесерлер әзірленген:

- биіктіктегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша;

 - отпен орындалатын жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша және т.б.

Цемзауыт бойынша бұйрықпен жұмыскерлердің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу тәсілдері мен әдістері жөніндегі білімдерін тексеретін тұрақты жұмыс істейтін комиссия тағайындалған. Цехтар мен учаскелердегі жұмыс орындары, технологиялық, электрлік және энергетикалық жабдықтар, жүк көтеруші машиналар мен тетіктер қажетті қоршаулармен, ұжымдық қорғану құралдарымен, мүкаммал, аспаппен жарақталған.

Еңбекті қорғау бөлімінің инженерлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында "СЦЗ ӨК" ЖШС басшылығы белгілеген және қолдау жасайтын саясатты іске асыратынын атап өту қажет. Сондықтан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыстың үлкен үлесі басшылыққа тиесілі. Әкімшілік-өндірістік бақылау солардың тікелей басшылығымен, графикпен көзделген мерзімділікпен жүргізіледі. Ол жүйелі және міндетті болып табылады. Біздің бөлімнің негізгі мақсаты – іс-шаралардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз ету.

Өмірі мен денсаулығын сақтау

ҚР ЕК-нде жарияланған жұмыскер денсаулығы мен өмірін сақтау қағидаты әрбір жұмыс орнында салауатты және қауіпсіз жағдайларды жасауды көздейді:

- жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу;

- еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістеріне оқыту;

- өндірістік жарақаттанулар мен кәсіптік аурулардан сақтандыру;

-  санитарлық-тұрмыстық жағдайлар жасау;

- арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.

Аса маңызды қорғаныстық функциялардың бірі ретінде арнаулы киіммен қамтамасыз етуге маңызды рөл беріледі. Жеке қорғану құралдарын (бұдан әрі  – ЖҚҚ), арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді сатып алуды кәсіпорынның еңбекті қорғау бөлімінің келісімі бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі жүргізеді. 2016 жылы кәсіпорында әртүрлі өндірушілердің ЖҚҚ, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім үлгілерінің тұсаукесерлері өткізілді, тәжірибелік үлгілері сатып алынды және оларды сынау жүргізілді. Нәтижесінде сапалы ЖҚҚ мен оларды берушілер анықталды.

Барлық жұмыскерлерге қорғаныс көзілдіріктері беріледі, көру мүшелерінің зақымдануын болғызбау мақсатында олардың қолданылуына бақылау жасау жүзеге асырылады. Кіріспе нұсқаманы өткізу кезінде еңбекті қорғау бөлімінің маманы жұмыскерді оның кәсібі мен лауазымына сәйкес келетін ЖҚҚ-мен, оларды күтіп ұстау және қолданумен, қатардан шыққан жағдайда оларды алмастыру мен беру тәртібімен таныстырады. ЖҚҚ-ның мөлшерлері жеке қорғану құралдарын беруді есепке алудың жеке карточкаларында жүргізілетін электрондық нұсқада тіркеледі. Жұмыс істеп тұрған цехтарға келушілер кірген кезде оларға кәсіпорын аумағында жаңа келген адамды бірден анықтау мүмкін болуы үшін, ашық қызыл-сары қорғаныс дулығасы, келуші жазуы бар бейджик беріледі.

Басты бағыттары

   Көпшілік үшін еңбекті қорғау бөлімінің жұмысы қағаздардың, актілердің, нұсқаулықтар мен құжаттардың, журналдардың көптігі болып көрінуі құпия емес. Бірақ та бұл сырттай қарағанда ғана, ал іс жүзінде адамдармен жұмыс істеу құсбелгі үшін ғана зерделенбейтін нормативтік құжаттармен қатар, жұмыс уақытының көп бөлігін алады. Мысалға, Цемзауытта еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттарды әзірлеу кезінде кәсіпорын жұмыскерлерімен құжат мақсаттарымен, ұсыныстарды жинаумен таныстыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі.

Қайта өңделген жергілікті құжаттар ресми өкімдер мен бұйрықтардың негізіне алынып қана қоймайды, ең бастысы қарапайым жұмысшы құжаттың не туралы екендігін түсінуі қажет, сол кезде бұл оның жадында жақсы сақталады.  Бір ғана нұсқаулықтармен, құжаттармен алысқа кете алмайтының түсінікті. Біз негізгі үш бағытқа  бағдарланамыз:

- жұмысшылардың өздерінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша саналылық деңгейін арттыру;

- жұмысшыларда өз жұмысын, оны қауіпсіз, тәуекелсіз орындауды талдау арқылы өзін-өзі қорғау қабілеттілігін дамыту;

- қауіпсіздік нормаларын орындау бойынша жұмысшылардың өз бастамасы жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру процесінде шешуші бастамаға айналуы тиіс. Бұл сөз жоқ, кәсіптік өсу тұрғысынан алып қарағанда, қуатты ынталандыру. Цемзауытта қажетті талаптарды сақтауға көзқарасы үшін материалдық көтермелеулер мен жазалаулар жүйесі әзірленген.

Кәсіпорын персоналы жыл сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтеді. Еңбектің  санитарлық-гигиеналық жағдайларын қалыптандыру үшін жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйіне жүйелі бақылау жүргізіледі, адамдарға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін жол берілетін мәндерге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар қабылданады.

Қызметкерлерге сыйақылар

Еңбектің зиянды жағдайлары бар жұмыскерлер үшін еңбек заңнамасына сәйкес, мынадай жеңілдіктер беріледі:

- сүтті тегін беру – ауысым үшін 0,5 литр;

- ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары.

Ұжымда күз-қыс кезеңінде гриппке қарсы вакциналау жүргізіледі. Мерзімдік медициналық тексеріп-қарау кезінде айқындалған диспансерлік топқа кіретін науқас жұмыскерлер кәсіподақтың материалдық қолдауымен тегін емделеді.

Өткен жылы өндірісті жедел басқару жөніндегі инженерлер, медперсонал мен еңбекті қорғау бөлімінің мамандары жансақтаушылық көмек көрсету тәсілдеріне оқытудан өтті.  Енді олар оқытуды тікелей бөлімшелерде жүргізетін болады. Мұратында Цемзауыттың әрбір жұмыскері бұл білім мен шеберліктерді меңгерулері тиіс, өйткені кез келген қауіпті жағдаятта адам өмірін сақтап қалу үшін бірінші кезекте өкпе ммен жүрек жұмысын сақтау қажет.

Жұмыс істеушілердің зиянды факторлармен тікелей жанасуын азайту үшін қашықтықтан басқару мен технологиялық процеске бейнебақылау орнатылған. Мысалы, «Шикізатты дайындау және клинкерді күйдіру» цехындағы күйдіру учаскесінде айналатын пеш жұмысын басқаруды машинист басқару пультінен жүргізеді,  технологиялық параметрлері компьютер мониторынан көрініс табады. Клинкерді күйдірудің, айналатын пештері бар өндірістің ылғалды тәсілінің  барлық жоғары технологиялық желілерінде автоматтандырудың жоғары деңгейі бар. Бұл іс жүзінде адам факторын толықтай жояды, ехнологиялық процесс автоматты режимде жүргізіледі, ал  оператор бақылаушы болып табылады. Автоматика жүйесі төтенше жағдайлардың туындауын барынша болдырмауға мүмкіндік береді.

Машиналар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар орындалады:

- қызмет көрсетуші персонал мен жауапты тұлғалардың білімін мерзімдік тексеруді өткізу тәртібі орнатылған;

- жөндеу қызметтері құрылған және ақаусыз жай-күйді қамтамасыз ететін қарап-тексерулер, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу тәртібі орнатылған;

- жабдықтарды жөндеу жабдықтарды жоспарлы-сақтандыру жөндеуінің бекітілген графигіне сәйкес жүргізіледі;

- жүк көтеруші машиналарды, бу қазандарын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды және басқа техниканы техникалық куәлендіруді жүргізу ұйымдастырылған.

Практика адам  «бәлкімге» үміттенген кезде, жұмысқа және бұл жұмысты орындаушы ретінде өзіне деген мұндай немқұрайды көзқарастың ерте немесе кеш қатыгез жауап беретінін көрсетеді. Егер кәсіпорында 2017 жылдың бас кезінен бастап жазатайым оқиғалар болмаған болса – бұл жай ғана жолы болушылық емес, ұжым мамандарының, сондай-ақ жеке алғанда әрбір жұмыскердің жоспарлы және тер төккен жұмысының нәтижесі. 

Кәсіпорында тәртіп пен еңбекті қорғаудың жай-күйін жақсарту бойынша жұмыста қандай нысандар қолданылса да ең бастысы – өндірістегі жарақаттанушылық бойынша статистикалық мәліметтерді есептеу емес, түпкі нақты нәтиже. 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 8, 2017  

Қызметкерлерге сыйақылар



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль