Жеңілдіктер мен өтемақылар еңбек жағдайларын жақсартуға қарай жасалған қадам ретінде

9
Жеңілдіктер мен өтемақылар еңбек жағдайларын жақсартуға қарай жасалған қадам ретінде
Қазақстан Республикасында зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары үшін жеңілдіктер мен компенсацияларды ұсыну тәсілдеріндегі қандай жаңалықтар мен өзгерістер жоспарланған

Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету өзекті міндет және әрбір мемлекет пен қоғам ұмтылатын негіз қалаушы мақсат болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтардың денсаулығы мен еңбегін қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдыққа ие бағыттарының бірі болып табылады, оған ерекше назар аударылады.

Еңбекті қорғау: проблема бар

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ), өндірістегі жарақаттану қауіптілігі мен азаматтардың кәсіптік денсаулығы мәселелерін көпжылдық зерттеулер егжей-тегжейлі зерттеуді, нормативтік регламенттеу мен жаңа әдістерді енгізу мен ақпараттық технологияларды қолдану жолымен шешуді талап ететін проблемалардың үлкен ауқымы бар екендігін көрсетті.

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – ЕҚРҒЗИ) ғылыми зерттеулер шеңберінде жүргізген,  еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеудің заңнамалық тетіктеріне талдау жасау қолданыстағы және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттаманың елеулі бөлігінің еңбектің зиянды және ауыр жағдайларындағы жұмыс үшін әртүрлі кепілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталғанын көрсетті. Атап айтқанда, қосымша еңбек демалыстары, қысқартылған жұмыс уақыты, еңбекке жоғары ақы төлеу, міндетті кәсіптік зейнетақылық жарналар, міндетті медициналық тексеріп-қараулар, жұмыскерлерді жеке қорғану құралдарымен, емдік-профилактикалық тағаммен  қамтамасыз ету және басқалар түрінде.

Көрсетілген жеңілдіктер мен өтемақылар негізінен бұдан  40–50 жылдан астам уақыт бұрын әзірленген және еңбектің қазіргі жай-күйін есепке алмайтын, кәсіптердің атаулары мен жұмыстардың түрлері көрсетілген тізімдерге сәйкес беріледі.

Зерттеулер кәсіптердің, мүмкін болатын барлық тізімдер мен тізбелердің айтарлықтай көлемін тау-кен өндіруші, тау-кен байыту және металлургиялық салалар құрайтынын көрсетті, олардың кәсіпорындары көптеген өңірлерде қала түзуші кәсіпорындар болып табылады. Еңбекке қабілетті халықтың көпшілік бөлігі оларда 15– 20 жыл бойы еңбек етеді және тізімдер мен тізбелерге кіре отырып, жеңілдіктер мен өтемақылар алуға құқылы болады.

Жеңілдіктер мен өтемақы құқығы

2016 жылы еңбектің зиянды және басқа да қолайсыз жағдайларындағы жұмысы үшін алатын өтемақылардың жалпы сомасы 99 млн теңгені құрады, олардан:

–  еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша ақыларға – 40 млн теңге (381, 6 мың адам);

–  қосымша еңбек демалыстарына  – 32 млн теңге (528,2 мың адам);

–  қысқартылған жұмыс күніне – 8 млн теңге (53,7 мың адам);

–  сүт пен арнаулы тағам беруге – 17 млн теңге (391 мың адам) жұмсалды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда жыл сайын шамамен 700 мыңдай адамға олардың денсаулығына әсер ету тәуекелі үшін өтемақылық төлемдердің тым болмағанда біреуі тағайындалады.

Өтемақылық сипаттағы бұл кепілдіктер көптеген онжылдықтар бойы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген  "Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Тізім), сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Тізіммен көзделген қосымша еңбек демалыстарының ұзақтығы  1974 жылы әзірленді, ол кезде жыл сайынғы негізгі еңбек демалысы 15 жұмыс күнін құраған болатын. Қазір негізгі еңбек демалысының уақыты арттырылды және ол азаматтық қызметшілерде кем дегенде 24 күнтізбелік күнді, мемлекеттік қызметшілерде 30 күнтізбелік күнді құрайды, ал қосымша еңбек демалыстарының ұзақтығы қайта қарастырылған жоқ және сол шектерінде қалып отыр.

Бұған қоса, экономиканың жекелеген салаларындағы, өндірістің технологиялық процестеріндегі айтарлықтай өзгерістер, жабдықтарды алмастыру мен жаңғырту, ұжымдық және жеке қорғанудың  құралдары мен ең жаңа әдістерін енгізу, қол еңбегін қолдануды қысқартудың салдары ретінде процестерді басқарудың қашықтықтық әдістерін дамыту есепке алынбады.

Еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмыскерлер денсаулығын сақтауға бағытталған бұл іс-шаралардың бәрі қаржылық жүктемені төмендетпейді және жұмыс берушіні жеңілдіктер мен өтемақыларды төлеуден босатпайды, өйткені оларды тағайындауға тізімдік тәсілді қолдана отырып, мемлекет жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру практикасына мән бермейді.

ЕҚжЕҚ саласындағы көрсетілген кемшіліктерге қарамастан, қазіргі уақытта Қазақстанда бұл бағыттағы жағдаятты жақсарту бойынша жұмыс белсенді басталды, оған еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары үшін жеңілдіктер мен өтемақылар ұсынудың тізімдік тәсілінен біртіндеп бас тартуды жатқызуға болады.

Жағдай өзгеруде

Мысалы, 2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414 - V (30.06.2017 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) жаңа Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ҚР ЕК)  еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары үшін жеңілдіктер мен өтемақылар Тізімнен бөлек, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері бойынша да ұсынылатыны көзделген. Бұған қоса, егер аттестаттау нәтижелері бойынша жұмыс орындарында зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ болса немесе жол берілетін шекті деңгейден аспаса, онда жұмыс беруші жеңілдіктер мен өтемақыларды ұсынбауға құқылы болады.

ҚР ЕК-не бұл норманың енгізілуімен жұмыс берушілердің өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге ғана емес, сондай-ақ елеулі ақшалай шығындарға қарамастан, технологиялық процестерді өзгерту, жабдықтарды алмастыру, объектілерді қайта құруды жүргізу арқылы еңбек жағдайларын жақсарту мен сауықтандыруға қызығушылығының біртіндеп артуы байқалуда.

Жұмыскерлерге еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларындағы жұмысы үшін жеңілдіктер мен өтемақылар ұсынудың халықаралық тәжірибесін есепке алу, бұдан әрі тізімдік тәсілден зиянды өндірістік факторлардың әсер ету дәрежесіне қарай жіктеуді пайдалануға көшу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын ұсыну тетігін қайта қарастыруды талап етеді.

Кепілдіктерді негізсіз ұсынуды болдырмайтын жаңа тәсілдерді әзірлеу мен енгізу жолымен ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған кезде жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын ұсыну тәртібін жетілдіру жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын жақсарту мен сауықтыруға мүдделілігін арттырады деп күтілуде.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 7, 2017  



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль