Басты қорғау құралдары – тәуекелдер және нормативтер талаптары

40
Басты қорғау құралдары – тәуекелдер және  нормативтер талаптары
Сондықтан бас жарақаттануының алдын алу негізінде жекелеген кәсіптердің еңбек жағдайларын есепке алумен тиісті талаптарға жауап беретін өнеркәсіптік қорғаныс дулығаларын міндетті түрде қолдану жатыр.

Қазақстан қорғаныс дулығаларын шығармайтынын, оларды негізінен Ресейден импорттайтынын ескере отырып, бастың импорттық жеке қорғану құралдарының (бұдан әрі  – ЖҚҚ) сапасы, сондай-ақ олардың нормативтер талаптарына жауап беретін мүмкін болатын өндірісі практикалық және өмірлік қызығушылық туғызады. Халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін бастың ЖҚҚ-н дайындау және/немесе импорттау қазақстандық бизнестің аса маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі болып табылады.

Статистика мәліметтері бойынша, өндірістегі барлық жазатайым оқиғалардың 10-нан 20 %-ға дейінгісі ЖҚҚ-н қолданбаудан немесе олардың төмен сапасынан болып өтеді. Барлық дамыған елдерде бастың жарақаттануы салыстырмалы түрде жиі болып тұрады және барлық жазатайым оқиғалардың  3-тен  6 %-ына дейінгісін құрайды. Олар көбінде ауыр болады және елеулі, үш аптаға дейін еңбекке қабілетсіздік бойынша жұмыс уақытын жоғалтуға әкеледі. Жарақаттанулардың себептері являются:

–  бірнеше метр биіктіктен үшкір ұштары бар заттардың, мысалы, аспап немесе бекіту бұрандаларының құлауы:

–  құлау кезінде жерге немесе қандай да бір орнықты заттарға баспен соғылу болып табылады.

Бастың жарақаттануын алу қауіптілігі өндірістердің барлық түрлерінде болады. Мұнай өнімдерінен тайғанақ болған еден, құлайтын құрылыс материалдары немесе жұмысшыларға жақын орналасқан заттар, тетіктер мен жабдықтар – адамның денсаулық пен еңбекке қабілеттілігінен кездейсоқ айырылуының себебіне айналуы мүмкін тізбенің тек аз ғана бөлігі. Басты қорғаудың дұрыс таңдалған және қолданылған, жұмыс күні ішінде тұрақты пайдаланылатын құралы, – мұндай прорблеманың шешудің қарапайым және сенімді тәсілі.

Тәуекелдер

Қорғаныс дулығаларын пайдаланатын құрылысшылар арасындағы жазатайым оқиғаларды талдаудың нәтижелері егер соққы қуаты 100 Дж-ден артық болса, бастың жарақаттануы болатындығын көрсетеді. Жарақаттанудың басқа түрлері сирегірек болады, бірақ оларды да есепке алған жөн. Мұндай жарақаттарға ыстық немесе жемір сұйықтықтардың, балқыған металдардың шашырауларынан болатын жарақаттар, сондай-ақ баспен ток өткізетін элементтерге кездейсоқ жанасу нәтижесінде алынған жарақаттар жатады. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың 30 %-ына дейіні тік емес, бүйірлік соққы кезінде, мысалы, жұмысшының қатты заттармен соқтығысуы кезінде болып өтетіндігін есте ұстау қажет.

Бұлар болып өтетін кәсіптер тізбесі үлкен. Бәрінен де бүйірлік соққы алу тәуекеліне кәсіпорындардағы әртүрлі жабдықтарды жөндеу жөніндегі персонал, жүк тиеушілер жиірек ұшырайды. Ірі көлемді жабдықтармен жұмыс істеу, шығып тұрған бөліктерінің көптігі, операцияларды орындау кезінде дененің тұрақты қозғалысы мен кейіптерінің ауысуы белгілі бір дәрежедегі қауіптіліктер болып табылады. Бұдан бөлек, бас жарақаттарының елеулі пайызын өнеркәсіптік алаңдарда құлаулар, сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары кезінде, тар жағдайларда жұмыстар орындау кезінде басты кездейсоқ соғып алулар құрайды. Сондықтан соққылар алу, соғып алулар, құлаулар тәуекелі көп және басты қорғау, оның ішінде бүйірлік соққылардан қорғау қажеттігі толықтай негізді.

Бассүйек-ми жарақаттарының салдарлары

Жұмыскердің ауыр жарақаты көбінде жүйкелердің, мидың қан тамырлары мен тіндерінің, сондай-ақ оның айналасында орналасқан тамырлар мен тіндердің үзілуі немесе жарылуына әкеледі. Бұған қоса, жүйкелік жолдардың бұзылуы, қан ағуы немесе қатты ісіктің туындауы мүмкін. Бассүйек кеңеюге қабілетсіз болғандықтан, пайда болған қысым ми тінін зақымдайды немесе жояды, мидың төмен қарай түсуіне әкеледі.

Бассүйек-ми жарақатынан  (бұдан әрі  – БМЖ) кейін пайда болатын бұзылулар өте саналуан. Дәрігерлер жіті бұзылулар (ми зақымдануының артынша тікелей дамиды) мен шалғайлық бұзылуларды (жарақаттан кейін ұзақ уақыттан соң көрініс береді) бөліп көрсетеді.

Статистика бойынша, БМЖ-нан кейін жіті симптомдар үш күннің ішінде дамиды – бұл бұдан кейін бәрінен бұрын, жарақаттың ауыр салдарларын күту қажет болмайтын қиын кезең. Салдарлар мүлдем болжамдалмайтын және өте қауіпті болулары мүмкін. Мәселе өндірісте басты соғып алғаннан кейін  «жарық аралық» деп аталатын кезең басталуы мүмкін екендігінде, оның өн бойында БМЖ  симптомдары мүлдем көрінбейді. Бұл үлкен қауіптілік болып табылады, өйткені ми ісігінің  симптоматикасы немесе  субарахноидальды гематома 24 сағат және одан көп уақыт өткеннен кейін дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда жұмыскерге үлкен қатер төнеді.

БМЖ көбінесе сананың мына түріндегі өрескел бұзылуларынан көрініс береді:

• комалар (ес-түссіз жай-күй);

• сопора (құлақ тұнуды еске салатын жай-күй), оның ұзақтығы мен айқындығы ми тініне механикалық әсер ету дәрежесіне байланысты болады.

БМЖ-ның шалғайдағы салдарлары мына түрде көрініс берулері мүмкін:

• неврологиялық бұзылулар;

• сезімталдылықтың бұзылулары (сүйектердің, табандардың жансыздануы, дененің әртүрлі бөліктерінен күйдіруді, шаншуды сезіну және басқалар);

• қозғалыстағы бұзылулар (дірілдеу, үйлестірушіліктің бұзылулары, сіңірдің тартылулары, сөйлеудің анық еместігі, қозғалыстардың бөгелушілігі және басқалар);

• көрудің өзгерулері (көздегі қосарласу, анық еместік);

• психикалық бұзылулар.

Ми жарақаттары салдарларының бейнесінде неғұрлым жиі кездесетін бұзылу – астениялық синдром. БМЖ-нан кейінгі астенияның негізгі симптомдары – бұл шаршаушылық пен жылдам жүдеуге, қосымша жүктемелерге төзудің мүмкін еместігіне, орнықсыз көңіл-күйге шағымданулар. Жүктеме кезінде күшейе түсетін бас ауырулары тән. Астениялық жай-күйдің маңызды симптомы сыртқы қоздырғыштарға (жарқын жарыққа, қатты дауысқа, қатты иіске) жоғары сезімталдық болып табылады.

Нормативтер

Қазіргі уақытта Туыстас Мемлекеттер Достастығында  (бұдан әрі - ТМД) бас ЖҚҚ-на қатысты  ГОСТ Р ЕН 397/А1 - 2010 ССБТ «Қорғаныс дулығалары. Жалпы техникалық талаптар. Сынақтар әдістері» қолданылады. Бұл стандарт жалпы техникалық және пайдаланушылық талаптарды, оларды сынау әдістері мен таңбалау ережелерін белгілейді.

Дулығаларды таңдау кезінде сондай-ақ  ISO № 3873 Халықаралық стандарты, EN397 - 1993 еуропалық стандарт талаптарын, 89/686/EEC «Жеке қорғану құралдары – Personal protective equipment directive» (PPE) Директиваларын, америкалық ANSI Z89.1 – 2014 «Өнеркәсіп жұмысшыларына арналған қорғаныстық бас киімдер» стандартын ескеру ұсынылады.

Халықаралық стандарттардың жекелеген ережелері мынадай:

–  бастың жарақаттану қауіптілігі бар аймақтарда персонал орындалатын жұмыс сипатына сәйкес келетін, бейімделген қорғаныс дулығаларын киюі тиіс;

–  соққыдан барынша қорғануды қамтамасыз ету үшін қорғаныс дулығаларын дұрыс пайдалану (мысалы, желкеге немесе бір жағына қисайта кимеу);

–  дулығаның ішкі жүгені бас өлшеміне қарай, дулыға тұрқы мен жүгенінің арасында қажетті саңылау қалатындай етіп реттелуі тиіс. Дулығаның ішкі қолдаушы жүйесін түрлендіруге немесе өзгертуге, немесе бас пен жүген арасына қандай да бір заттарды салуға тыйым салынады.

Төменде бас ЖҚҚ-на қатысты ТМД елдері үшін қолданылатын  ГОСТ-тар тізбесі ұсынылған:

– ГОСТ Р 12.4.207 - 99 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Қорғаныс дулығалары. Жалпы  техникалық талаптар. Сынақтар әдістері»;

– ГОСТ 28889 - 90 «Мотоциклдер мен мопедтердің жүргізушілері мен жолаушыларына арналған қорғаныс шлемдері. Ресми бекітуге арналған бірыңғай талаптар»;

– ГОСТ 26584 - 85 «Жол жүрісінің қауіпсіздігі. Мотоциклшілерге арналған шлемдер. Техникалық талаптар»;

– ГОСТ 23134 - 78 «Медициналық бас киімдер. Техникалық талаптар»;

– ГОСТ 22021 - 76 « Мақта-маталық жаздық шлем. Техникалық талаптар»;

– ГОСТ 12.4.128 - 83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Қорғаныс дулығалары. Жалпы  техникалық талаптар және сынақтар әдістері»;

– ГОСТ 12.4.091 - 80 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Кеншілік пластмасса дулығалары. Жалпы техникалық талаптар»;

– ГОСТ 12.4.087 - 84 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс. Құрылыс дулығалары. Техникалық талаптар».

Бас ЖҚҚ-на қойылатын нормативтер талаптары

Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қорғаныс дулығалары басқа заттар құлау ықтималдығы бар барлық жерде міндетті түрде қолданылуы тиіс – бұл барлық өндірістік компанияларға қатысты. Әрбір кәсіпорында оларды қолдану міндетті болатын кәсіптер, лауазымдар мен жұмыстар Тізбесін бекіту ұсынылады. Дулығалардың заттардың кездейсоқ құлауынан, механикалық зақымданулардан ғана емес, сондай-ақ электр тогының соғуларынан, зиянды сәулеленулерден, балқыған металл, жемір химиялық заттардың  шашырандыларынан, жылулық сәулеленуден, суықтан, өкпек желден және басқалардан қорғауды қамтамасыз ететінін есте ұстау маңызды. Дулығаны дұрыс таңдап алу адам үшін өмірлік маңызды рөл атқарады, сондықтан өнеркәсіптің әрбір саласында  қызмет жағдайларына сәйкес келетін, бастың өз жеке қорғану құралдары болуы қажет. Дулыға сапасы соққыға беріктігімен және оның ең көп салмағы – 250 –420 граммен анықталады. Неғұрлым жеңіл және берік дулығалар  поликарбонаттан жасалады.

Еңбекті қорғау нормаларына сәйкес басты қорғау үшін дулығалардан бөлек, тымақ-малақайлар (қыстыкүні ашық ауадағы жұмыстарды орындауға арналған), үшкіл орамалдар мен кепкалар (айналатын тетіктермен, асханадағы жұмысқа арналған) және басқа бас киімдер қолданылады.

Жауын мен желден қорғау үшін дулығалар иық жамылғысымен және жылылаушы штемастылық астармен жабдықталады. Төмендегі суретте қорғаныстық қасиеттерін қамтамасыз ететін міндетті элементтері бар, жалпы өндірістік жұмыстарға арналған қорғаныс дулығасы ұсынылған.

Өндіріс ерекшелігіне қарай қорғаныс дулығалары әртүрлі материалдардан: текстолиттен, полиэтиленнен, поликарбонаттан, әйнек пластикадан және басқалардан жасалады. Химиялық жемір өнімдері бар өндірістерде  винипласты дулығалар; жерасты жұмыстарында – соққыға неғұрлым төзімді: әйнек пластикалық, текстолиттік, АБС пластигінен жасалған; құрылыс жұмыстарында – полиэтилендік дулығалар қолданылады. Металлургтер, пісірушілер мен бірқатар басқа кәсіптер үшін дулығаларды жылуға төзімді материалдардан жасайды. Кәсібіне қарай жұмыскерлерге әртүрлі түстердегі дулығалар беріледі. Мысалы инженерлік-техникалық қызметкерлерде олардың түсі - ақ.

Қорғаныс дулығаларына қойылатын жалпы талаптар

1. Жалпы тағайындалған дулығада мынадай сипаттамалар болуы тиіс:

–  түрі бұзылу мен тесілулерге төзімді, берік тұрқы (пластмассадан жасалған тұрқы қабырғаларының қалыңдығы 2 мм-ден кем емес);

–  жарақталуының жоғарғы бөлігі мен тұрқы күмбезінің ішкі бетінің арасындағы вертикаль қауіпсіз саңылау  – 40 – 50 мм;

–  салмақ көтеруші ішкі таспа басқа нығыз жатуы және дулығаны басқа орнықтыруы тиіс.

2. Тесілулерге неғұрлым төзімділері қолайлы ішкі жарақталуы бар, жылу пластикалық материалдардан (көмір қышқылының полиэфирлері, АВС пластикасы, полиэтилен немесе әйнек талшықпен арқауланған поликарбонат) жасалған дулығалар болып табылады. Жеңіл металл қорытпаларынан жасалған дулығалар үшкір заттардың тесулерінен қорғауды қамтамасыз етпейді.

3. Тұрқының ішкі бетінде шығыңқылықтары бар дулығаларды пайдалану ұсынылмайды, өйткені бүйірлік соққы кезінде олар бастың ауыр жарақатының себебіне айналуы мүмкін. Дулыға жанбайтын, балқуы қиын материалдан жасалған, ені 4 см және қалыңдығы 10–15 мм болатын бүйірлік серіппегіш элементтермен жарақталуы тиіс. Амортизацияның жоғары дәрежесіне көбіктенген, жеткілікті қатты және отқа төзімді материалды пайдалану есебінен қол жеткізіледі.

4. Полиэтиленнен, полипропилен немесе АВС пластигінен жасалған дулығалар қыздыру, суыту әрекетінен, күн сәулелері немесе ультракүлгін сәулеленудің ұзақ әсер етуінен механикалық беріктігін жоғалтады. Егер мұндай материалдардан жасалған дулығалар ашық ауадағы жұмыстар үшін тұрақты пайдаланылса, оларды пайдалану мерзімі үш жылдан аспауы тиіс. Мұндай жағдайларда ескіруге төзімді материалдардан, – поликарбонат, полиэфир немесе шыны талшықпен арқауланған поликарбонаттан жасалған дулығаларды пайдалану ұсынылады. Онда көзге түсетін зақымданулар: түсінің оңулары, жарықшақтар, талшықтың шытынауы, бүгіп, айналдырған кезде сипатты сықыр пайда болған жағдайда дулығаны алмастыру қажет.

5. Дулығаны қатты соққыдан кейін, тіпті көзге түсетін зақымданулар жоқ болған кездің өзінде, алмастыру қажет.

6. Дулыға оны мүмкіндігінше бас бетінің көп ауданына тарата отырып, соққыдан болатын қысым күшін азайтуы тиіс. Бұл үшін дулығалар бас нысанын қайталайтын  амортизатормен және басты құлаушы затпен тікелей жанасудан немесе қатты бетке соғылудан сақтандыру үшін жеткілікті берік, қатты тұрқымен жарақтандырылады. Тұрқын дайындау үшін материал таңдау кезінде оның түрдің өзгеруі мен тесілулерге орнықты болуы тиіс екендігін есте ұстау керек.

7. Дулыға тұрқының беті тегіс, домалақ нысанды болуы тиіс. Шығыңқылықтары бар дулығалар заттарды кейін серпуден гөрі, ұстап қалады, сондықтан тегіс беті бар дулығаға қарағанда, кинетикалық энергияны көп жинақтайды.

8. Дулыға соққы энергиясын әсер ету тұтастай басқа және мойынға түспейтіндей етіп, бөлуге тиіс. Бұған соққы амортизациясы кезінде оның орнығуы бұзылмау үшін қатты тұрқыға сенімді бекітілген арнаулы ішкі жарақтандырудың көмегімен қол жеткізіледі.

Құрылыс дулығаларына қойылатын арнаулы талаптар

Балқыған металл шашырандыларының түсу қаупі орын алған жердегі жұмыстарда жеңіл қорытпалардан жасалған немесе жиектері бар дулығаларды пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайлар үшін шыны талшығымен арқауланған полиэфирден, фенолдық тоқыма материалдарынан, шыны талшығымен арқауланған поликарбонаттан немесе кәдімгі поликарбонаттан жасалған дулығалар ұсынылады.

Егер ток өткізетін элементтермен жанасу қаупі бар болса, желдетілу тесіктері және ішкі бетінде тойтармалар тәрізді металл бөлшектері жоқ, тек жылупластикалық материалдан жасалған бас ЖҚҚ-н қолданған жөн.

Биіктіктегі жұмыс кезінде, әсіресе болат құралымдарды монтаждауды орындау кезінде басқа сенімді орнықтыруды  қамтамасыз ететін, ені шамамен 20 см болатын иекастылық белдігі бар бас ЖҚҚ-н пайдалану қажет.

Жоғары температуралар жағдайларындағы жұмыс үшін   полиэтиленнен жасалған дулығаларды пайдалану ұсынылмайды. Мұндай жағдайда шыны шалшықпен арқауланған поликарбонат, фенолды тоқыма материалы немесе шыны талшықпен арқауланған полиэфир сияқты материалдарға артықшылық беріледі. Ішкі жарақтандырылуы тоқылған материалдан жасалады. Электрлік жарақаттар алу қаупі жоқ жұмыстарда пайдаланылатын дулығаларда желдетілу тесіктерінің болуы мүмкін.

Жаншылу қауіптілігі бар болған кезде ені 15 мм-ден кем емес жиектері бар, шыны талшықпен беріктелген полиэфирден немесе поликарбонаттан жасалған дулығаларды қолдану қажет.

Құрылыс дулығаларының жайлылығы

Қорғаныс дулығасын таңдау кезінде ішкі жарақтандырылуына назар аударған жөн, ол иілімді, ылғал өтпейтіндей болуы, тітіркену туындатпауы және жарақаттарға әкелмеуі тиіс. Жарақтандырылу үшін полиэтиленнен гөрі тоқылған материалдар неғұрлым ыңғайлы. Иілімді жарақтандырылу түр бұзылуының жеткілікті жоғары дәрежесіне шыдауға қабілетті, бұл ретте ол дулыға тұрқының ішкі бетіне тимейді. Соққы қуатының төмендеуі тұрқы мен бастың арасындағы шектеулі еркін кеңістіктегі жарақтандырылу түрі бұзылуының дәрежесіне, сондай-ақ қираудың алдындағы салыстырмалы ұзарудың ең жоғары шамасына байланысты болады. Осылайша, ішкі жарақтандырылудың қаттылығы мен беріктігі соққының барынша сіңірілетін энергиясы мен дулығаның басқа беретін жол берілетін үдеуі есепке алына отырып, анықталуы тиіс.

Дулығалар мен жарақтандырылуды кез келген климаттық жағдайларда (күн, жауын, жоғары температуралар, аяз және т. б.) қорғаныстық қасиеттерін ұзақ уақыт сақтайтын материалдардан дайындайды. Бұл материалдар сондай-ақ отқа төзімді болуы, бірнеше метр биіктіктен қатты бетке құлаған кезде сынып, қирамауы тиіс. Дулығалар негізгі тер сіңіруші былғары немесе жартылай былғары таспалармен жарақталған болуы тиіс, олар ылғалды сіңіріп алады және терінің тітіркенуінен сақтандырады. Гигиена талаптарына сәйкес, таспаны дулығаны пайдалану мерзімінің ішінде бірнеше рет алмастыру қажет.

Қорытындылар

Бас ЖҚҚ-н дұрыс таңдау үшін әрбір еңбеккер еңбек ететін өндірістегі зиянды және қауіпті факторларға талдау жасау қажет. Келесі кезең өндіріс ерекшелігін есепке ала отырып, нормативтер талаптарын егжей-тегжейлі пысықтау болуы тиіс. Тек осыдан кейін ғана бас ЖҚҚ мен оларды берушілерді таңдауға кірісуге болады. Бұл жағдайда компания басшылығы жұмыскерлердің жарақаттану деңгейінің төмен немесе мүлдем болмайтынына сенімді болуы мүмкін.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 7, 2017  



Вопросы по теме

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль