text
Справочник кадровика

Үстеме жұмыс: ақы төлеу қағидалары мен есептеудің қыр-сыры

  • 8 сентября 2017
  • 222

Қызметкерлердің қаржылық үміттері неге кейде ақталмайды? Әртүрлі жағдайларда үстеме жұмысқа ақы төлеу қағидалары мен оны есептеудің қыр-сыры.

Көптеген қызметкерлер үшін үстеме жұмыс қосымша ақша табу мүмкіндігі болып табылады. Онда неге қызметкердің қаржылық үміттері кейде ақталмайды? Жауабы қарапайым: бәрі есептеуге байланысты. Өйткені, егер артық істелген жұмысқа өтемақы төлеу тәсілін қызметкер таңдайтын болса, үстеме жұмысқа төленетін ақының мөлшерін есептеу ­­– жұмыс берушінің міндеті. Оның тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін...

Осы мақалада үстеме жұмысқа тарту жағдайлары, ақы төлеу қағидалары және әртүрлі жағдайларда үстеме жұмысты есептеудің қыр-сыры туралы сөйлесеміз, өйткені сұрақтар көп туындайды, әсіресе мұндай жұмыстар түнде немесе жұмыс істемейтін мереке күндері орындалатын болса.

 Бірінші кезекте «үстеме жұмыс» ұғымын анықтап алайық.    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.06 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес үстеме жұмыс –­ жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс. 

ВОПРОС «Жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық» ұғымы нені білдіреді?

ҚР ЕК 68-бабының 1-тармғына сәйкес,  жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына ­– 40 сағаттан аспауға, ал күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспауға тиіс (ҚР ЕК 71-бабының 4-тармағы).

Үстеме жұмысқа тартуға болмайтын жұмыскерлердің белгілі бір тізімі болады (ҚР ЕК 77-бабының 3-тармағы):

1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер;

2) он сегіз жасқа толмағандар;

3) мүгедектер.

Үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол берілетінін ескеру қажет (ҚР ЕК 77-бабының 1-тармағы).

ҚР ЕК 77-бабының 2-тармағында жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда:

1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;

2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін;

3) егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін;

4) денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі.

ҚР ЕК 78-бабында үстеме жұмыстардың шекті саны белгіленген:

1. Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс.

2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.

3. Үстеме жұмыстардың шекті санын шектеу

·       елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;

·      денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін жұмыстарға қолданылмайды.

Жұмыс уақытының және үстеме жұмыстардың есебін жүргізуге қатысты, ҚР ЕК 79-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті. Сондай-ақ жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс.

Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №9  оқыңыздар

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль