Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: ұмыс берушілерінің және азаматтарының жаңа міндеттері

3
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: ұмыс берушілерінің және азаматтарының жаңа міндеттері
Чумаченко Юлия Георгиевна
Член казахстанской Ассоциации юристов нефти и газа (KPLA); член РОО «Коллегия коммерческих юристов «Kazakhstan Bar Association»; арбитр Международного арбитражного (третейского) суда Республики Казахстан (IAC), партнёр юридической компан
Қазақстанда 2017 жылғы 1 шілдеден бастап, кезең-кезеңімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі, ол мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулық үшін ынтымақтастық жауапкершілігінің тетігін енгізуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» № 405-V Заңына сәйкес (2017.30.06 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Медициналық сақтандыру туралы заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылған (бұдан әрі – Медициналық сақтандыру қоры), онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті қаржыландыру үшін мемлекет, компаниялар, жұмыс берушілер мен азаматтардың аударымдарын басқару жоспарланып отыр.

Жалдамалы жұмыскерлер үшін аударымдарды төлеушілер:

 қызметін Қазақстанда тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер болып табылады.

•   экономикалық белсенді емес халық үшін жарналарды жүзеге асыратын мемлекет.

Медициналық сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағында осы мақсатта халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының 14 санаты белгіленді:

1) балалар;

 2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

    13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

    14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

•   жұмыскерлер және өздері үшін аударымдар жасауға міндетті, салық органдарында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар.

Мөлшерлемелер және жарналарды төлеу ерекшеліктері

2017 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс берушілер өзінің меншікті қаражатынан жұмыскердің  табысынан 1 % мөлшерімен  жарналар аударуға міндетті. 2020 жылы жұмыскердің  табысынан 5 % мөлшерімен  бекітілу үшін, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналардың мөлшерлемесі жыл сайын артатын болады.  

Осылайша, 2018 жылы алым ставкасы – 3,75 %, ал 2019 жылы 4 % құрайды. Осы аударымдар шыққысы корпоративтік табыс салығын есептеген кезде шегерістерге жататын болады. 

2019 жылдан бастап жұмыскерлер де материалдық тұрғыдан Медициналық сақтандыру қорын қалыптастыруға қатысуға міндетті, өйткені жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің есебінен жарналарға қосымша) жұмыскерлердің табысынан осындай табыстың – 1 %, ал 2020 жылы 2 % мөлшерінде жарналар ұстап қалуға міндетті болады.

Жыл сайын азаматтар мен жұмыс берушілер жеке табыс салығынан және міндетті зейнетақы жарналарынан басқа өзінің медициналық сақтандыруына ақша қаражатын аударып тұрады.

Жұмыс берушінің аударымдарды жүзеге асыру тәртібі

ВНИМАНИЕ Есепке жазылған аударымдарды және жарналарды қордың шотына жұмыс беруші кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүргізеді (Медициналық сақтандыру туралы заңның 30-бабы 6-тармағының 1) тармақшасы).

Медициналық сақтандыру туралы заңның 32-бабы 1-ші және 4-тармақтарына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерге есептелген және аударылған аударымдар туралы мәліметтерді (есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей) ұсынуға міндетті, сондай-ақ  ай сайын мемлекеттік кіріс органындарына жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде табыс етеді.

Аударымдарды уақытылы аудармаған жұмыс берушінің жауаптылығы

Аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және оларды төлеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әр күн үшін (қорға төлеген күнді қоса алғанда) есептелген өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс (Медициналық сақтандыру туралы заңның 31-бабының 1-тармағы).

ВНИМАНИЕ Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушіге хабарлама жіберіле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі. Бұл орайда, егер аударымдар тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспаса, мұндай хабарлама жіберілмейді.

Одан басқа,  жұмыс беруші аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органына ұсынуға міндетті.

Хабарлама тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң төлеуші аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеуші жұмыскерлердің тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады (Медициналық сақтандыру туралы заңның 31-бабының 3-тармағы).

Шетелдік азаматтарды әлеуметтік медициналық сақтандыру

ВНИМАНИЕ

Шетелдік қызметкерлер (егер оларда оралман мәртебесі немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болса) Медициналық сақтандыру туралы заң оларға қолданылмайды, өйткені оларға Қазақстанда медициналық көмек ақылы негізде немесе ерікті медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетіледі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №9  оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль