Өндірістік жарақаттар алған жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер

8
Өндірістік жарақаттар алған жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер
Оракбаева Г. Г.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный специалист Департамента социально-экономической защиты и трудовой инспекции Федерации профсоюзов Республики Казахстан
Денсаулығы өндірістегі жазатайым оқиғалар нәтижесінде зақымданған жұмыскерлер қандай қолдау жасаудан үміттене алады? Мұндай жағдайларда жұмыскерлерге қандай төлемдер тиісті екендігін

Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян өзіне залалдың материалдық көрінісін қамтиды, ол еңбекке уақытша қабілетсіздікті қоспағанда, оның кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін немесе өлімін белгілеумен байланысты. Еңбекке қабілеттілігінен айырылудың орнын толтыру бойынша төлемдер өндірістік жарақаттанушылық кезіндегі жәрдемақыларға және кәсіптік аурулар кезіндегі жәрдемақыларға бөлінеді.

Қандай зиянды өтеу негіздері

Міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген залалдың орнын толтырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздері: Қазақстан Республикасының Конституциясымен (10.03.2017 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен); 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының  № 414 - V (30.06.2017 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Еңбек кодексімен (бұдан әрі  – ҚР ЕК); Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 - I  Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлім) (27.02.2017 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – ҚР АК); Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы  «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы » № 30 - III Заңымен (24.11.2015 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен); Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы  «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған жағдайда және жасы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» № 126 - I Заңымен (20.06.2017 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен); Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» № 405 - V Заңымен (22.12.2016 ж.берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» № 405 - II Заңымен (01.07.2017 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен); Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (09.04.2016 г. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) № 105 - V Заңымен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы  «Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлерін белгілеу туралы» № 1103 қаулысымен реттеледі.

Жұмыс істейтін азамат мыналардан төлемдер алуға құқылы:

–  сақтандыру ұйымынан (онымен жұмыс беруші жұмыскерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасуға міндетті);

–  әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорынан (Қорға әлеуметтік аударымдар жасауды жұмыс беруші жүргізуі тиіс);

–  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан.

Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген залал мөлшері ҚР заңнамасымен белгіленген мөлшерде өтеледі:

–  кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен  5-тен  29 %-ға дейін айырылу дәрежесімен байланысты зиян үшін жұмыс беруші қызметкерге жоғалтылған жалақы мен оның денсаулығына зақым келтірілуден туындайтын шығындарды міндетті түрде өтеуге тиіс. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде жұмыс берушінің денсаулыққа зиян келтірілуден туындайтын шығындарды өтеу мөлшері  төлеу сәтінде тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштерінің (АЕК)  250 есе мөлшерінен аспауы керек;

–  қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда қызметкер денсаулығына зақым келуден туындайтын қосымша шығындарды өтеуді сақтандыру ұйымы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты шеңберінде және бұл шығындарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Денсаулыққа зақым келуінен туындайтын қосымша шығындарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден аспауы мүмкін:

1) кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 30-дан 59 %-ға дейін болып белгіленген кезде – 500 АЕК;

2) кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі  60-тан  89%-ға дейін болып белгіленген кезде – 750 АЕК;

3) кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 90-нан 100%-ға дейін болып белгіленген кезде – 1 000 АЕК.

–  еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша жәрдемақыларды төлеу (қызметкер емделуден өткен медициналық мекеме берген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бар болған кезде):

1) жәрдемақы еңбекке қабілетсіздік басталған бірінші күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін орташа жалақының 100 %-ы мөлшерінде төленеді;

2) егер бұл ұжымдық, еңбек шарттарында, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған болса, жұмыс беруші еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы;

3) емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протездеуге, тұрақты күтім жасауға, санаторийлік-шипажайлық емделуге, арнаулы көліктік құралдарды сатып алуға, кәсіптік қайта даярлыққа  және басқаларына кететін шығындар егер зардап шегушінің көмек пен күтім жасаудың бұл түрлеріне мұқтаж екендігі және оларды тегін алмайтыны анықталса, онда оны қызметкер денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші ҚР ЕК белгілеген шектерде өтейді.

Денсаулыққа зақым келтірілу нәтижесінде айырылған жалақыны (табысты), залалды ай сайын өтеу мөлшерін, өзгерістерді есепке алу мен мөлшерін арттыру тәртібі ҚР АК-нің  936 - 946 баптарымен белгіленеді.

Жазатайым оқиға басталған кездегі тараптардың аралас жауапкершілігі

Егер еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия өрескел абайсыздық зиянның туындау немесе арту себебі болып табылғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданады және қызметкер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайыздармен белгілейді.

Егер зардап шегушінің өз өрескел абайсыздығы зиянның туындауына немесе артуына жәрдемдессе, онда зардап шегуші мен зардап шектіруші кінәсінің дәрежесіне қарай, өтеу мөлшері азайтылуы тиіс.

Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы және зардап шектірушінің кінәсі жоқ болып, оның жауапкершілігі кінәға қарамастан, басталған жағдайларда егер заң актілерінде өзге көзделмесе, өтеу мөлшері азайтылуы тиіс немесе залалды өтеуден бас тартылуы мүмкін. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кезде өтеуден толықтай бас тартуға жол берілмейді.

Зардап шегушінің кінәсі (аралас жауапкершілік) мыналарды өтеу кезінде есепке алынбайды:

–  қосымша шығындарды;

–  азаматтың өлімі нәтижесінде залал шеккен тұлғаларға келтірілген зиянды;

 – жерлеуге кеткен шығындарды.

Зиян қасақана жасалған іс-әрекеттерден келтірілетін жағдайларды қоспағанда, сот оның мүліктік жағдайын есепке алумен, азаматқа келтірілген зиянды өтеу мөлшерін азайта алады.

Жұмыскер өлімінің нәтижесінде келтірілген залалды өтеуді алуға  кімнің құқығы бар?

Зиянды өтетіп алуға мыналар құқылы:

–  қайтыс болған адамның асырауында болған немесе ол қайтыс болған күнге дейін одан жәрдем алуға құқылы еңбекке жарамсыз тұлғалар;

–  қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттілігiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесi;

–  қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейiн 5 жылдың iшiнде еңбекке жарамсыз болып қалған тұлғалар.

Зиянды өтетіп алуға сондай-ақ өлген азаматтың асырауында болған және ол өлгеннен кейін бес жылдың ішінде еңбекке жарамсыз болған тұлғалар да құқылы.

 Залалды өтетіп алуға құқығы бар тұлғалардың жасы:

–  кәмелет жасына толмағандар –  18 жасқа жеткенге дейін;

–  18 жас пен одан үлкен жастағы оқушылар – оқытудың күндізгі нысаны бойынша оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейін, бірақ әрі кеткенде 23 жасқа дейін;

–  58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан еркектер  – өмір бойы;

–  мүгедектер – мүгедектік мерзіміне;

–   ата-аналарының бiреуi, жұбайы не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiн, қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесi - олар он төрт жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн.

Азаматтың өлімі жағдайында келтірілген зиянды өтеудің мөлшері

Зиян оның көзi тiрi кезiнде өзiнiң асырауына алған немесе алуға құқылы қайтыс болған адам табысының  осы Кодекстiң 938-бабаның ережелерi бойынша есептелген үлесi мөлшерiнде өтеледi. Бұл адамдарға зиянды өтеудi белгiлеген кезде қайтыс болған адамның кiрiстерiнiң құрамына оның табысымен қатар көзi тiрi кезiнде алып жүрген зейнетақысы, ғұмырлық жәрдем ақшасы мен осы сияқты басқа да төлемдер қосылады.

 Зиянды өтеудiң мөлшерiн анықтаған кезде адамдарға асыраушының қайтыс болуына байланысты тағайындалған жәрдемақылар, асыраушы қайтыс болғанға дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ табыс, стипендия, зейнетақы төлемдерi ескерiлмейдi.

 Асыраушының қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың әрқайсысына белгiленген өтемнiң мөлшерi, баланың асыраушы қайтыс болғаннан кейiн туылуы; қайтыс болған асыраушының балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын адамдарға өтемнiң тағайындалуы (тоқтатылуы) жағдайларын қоспағанда бұдан әрi қайта есептеуге жатпайды.

    Зардап шегушінің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен немесе өлімімен байланысты зиянды өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі. Ол еңбек міндеттерін орындау кезінде  келтірілген зиянды жоғалтылған жалақы бөлімінде өтеу еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген мерзімге, бірақ зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте айырылған жалақы бөлімінде зиянды өтеу сомаларынан заңнамамен белгіленген мөлшерде және тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнеткерлік қорға міндетті зейнеттік жарналар ұсталып қалады және аударылады.

Сақтандыру оқиғасы басталған кездегі төлемдер

 Оған кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 5-тен 29 %-ға дейін белгіленуіне байланысты, жұмыскердің жалақыны (табысты) жоғалтуына байланысты зиянды өтеуді жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Жұмыскерге оған кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі  30-дан қосып есептегенде 100 %-ға дейін  белгіленуімен байланысты жалақыны (табысты) жоғалтумен байланысты зиянды өтеу ретінде тиісті ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы - сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.

Жоғалтылған жалақыны (табысты) тиісті өтеуді есептеу үшін есепке алынатын айлық орташа жалақының (табыстың) мөлшері жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру  шарты жасалған күнге, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең аз жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.

Жазатайым оқиға басталған кезде жұмыскердің өліміне, сондай-ақ болып өткен жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығы нашарлауының себебіне  байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалардың пайдасына ҚР АК белгілеген мерзім ішінде аннуитетті төлемдер түрінде жүзеге асырылады.

Жалақыдан (табыстан) айырылуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақылық қорға міндетті зейнетақылық жарналар ұстап қалынады және аударылады.

Қосымша шығындарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері

Денсаулықтың зақымдануынан туындайтын қосымша шығындарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден аспауы тиіс:

кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі 30-дан қоса есептегенде  59 %-ға дейін белгіленген кезде – 500 АЕК;

кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі   60-тан қоса есептегенде  89 %-ға дейін белгіленген кезде – 750 АЕК;

кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі     90-нан қоса есептегенде  100 %-ға дейін белгіленген кезде – 1 000 АЕК.

Денсаулықтың зақымдануынан туындайтын қосымша шығындарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін сақтандырушы жұмыскер немесе бұл шығындарды көтерген тұлға бұл шығындарды растайтын құжаттарды ұсынған сәттен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мөлшерлер шектерінде жүзеге асырады.

Денсаулықтың зақымдануынан туындайтын қосымша шығындарды өтеу бойынша жиынтық сақтандыру төлемдерін сақтандырушы кәсіптік еңбекке қабілетсіздіктен айырылудың бастапқы белгіленген дәрежесіне сәйкес жүзеге асырады.

Оған кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылудың дәрежесі белгіленген жағдайда жұмыскер денсаулығының зақымдануынан туындайтын қосымша шығындарды өтеуді сақтандырушы жұмыскер немесе бұл шығындарды көтерген тұлға ұсынған, бұл шығындарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығындар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.

Жерлеуге кететін шығындар

Зардап шеккен жұмыскер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге кеткен шығындарды 100 АЕК мөлшерінде өтейді.

Егер сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және (немесе) жерлеуге кеткен шығындардың мөлшері жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасынан асып кетсе, онда айырмасы сақтандырушыға сақтанушының есебінен төленеді.

 Аннуитет шартын жасасу жағдайлары

Жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәлендіру) немесе оның өлімі жағдайында жұмыс беруші жұмыскер немесе Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жұмыскер өліміне байланысты зиянды өтетуге құқығы бар тұлғаның пайдасына жұмыс беруші таңдап алған, аннуитетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен аннуитет шартын жасауға міндетті.

Аннуитет шарты зардап шеккен жұмыскердің немесе жұмыскер өліміне байланысты зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалардың ҚР Азаматтық кодексімен белгіленген мөлшер мен мерзімдерде табыс алуын қамтамасыз ететін талаптармен жасалады.

Аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалған аннуитет шарттары бойынша істер жүргізуі мен жол берілетін шығындар деңгейіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

Белгіленген тәртіп бойынша өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда аннуитет шарты зардап шеккен жұмыскермен немесе ҚР заң актілеріне сәйкес жұмыскер өліміне байланысты зиянды өтетуге құқығы бар тұлғамен жасалады.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін анықтау

Жұмыскердің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін анықтауға куәлендіруді сақтандырушының, сақтанушының немесе жұмыскердің жүгінісі бойынша немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес соттың шешімі бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді. Куәлендіру үшін негіздеме денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы мен жазатайым оқиға туралы акт болып табылады.

Жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру нәтижесінде  жұмыскердің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін анықтауды куәлендіру, сондай-ақ көмек пен күтім жасаудың қосымша түрлеріне мұқтаждығын анықтау Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама өткізу жолымен жүзеге асырылады.

Жұмыскерде (жұмыскерлерде) бір күннен астам еңбекке қабілеттілікті жоғалтуды туындататын әрбір жазатайым оқиға Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен, медициналық қорытындыға сәйкес, жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.

Еңбекке қабілеттіліктен, асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жүргізілетін төлемдер

 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына;

      2) асыраушысынан айырылған жағдайға;

      3) жұмыстан айырылған жағдайға;

      4) жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайына;

      5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына;

      6) бір жасқа жеткенге дейін балаға күтім жасауына байланысты табыстан айырылу жағдайына.

Жалғасы бар

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 7, 2017  



Вопросы по теме

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль