Өндірістік жарақаттанулар алған жұмыскерлерге кепілдіктер

7
Өндірістік жарақаттанулар алған жұмыскерлерге кепілдіктер
Оракбаева Г. Г.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный специалист Департамента социально-экономической защиты и трудовой инспекции Федерации профсоюзов Республики Казахстан
Кімге асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға және алуға құқығы бар?

Жалғасы. Басы  № 7, 2017 - де

Еңбек қабілеттілігінен айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем

Еңбек қабілеттілігінен айырылған жағдайға әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем үшін жүгініс жасаған уақытқа қарай ол үшін әлеуметтік аударымдар жасалған жұмыскердің жұмысы тоқтаған немесе жалғасып жатқандығына қарамастан, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.

Жалпы еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мен куәлендіру МӘС бөлімшесінің Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Еңбек қабілеттілігінен айырылған жағдайға әлеуметтік төлем әлеуметтік төлемдерге құқықтар туындаған күннен бастап Қордан еңбек қабілеттілігінен айырылудың бүкіл белгіленген кезеңіне тағайындалады. Еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі өзгерген жағдайда әлеуметтік төлем еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап еңбек қабілеттілігінен айырылудың жаңадан белгіленген дәрежесіне сәйкес мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор үш жұмыс күнінің ішінде Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өзгеруі туралы шығарылған шешімге қатысты хабарлама жасайды.

   Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы, 1 тармағында көзделген жасқа жеткен күнінен бастап;

      2) алушының өліміне байланысты (соттың хабар - ошарсыз кетті деп тануы немесе өлді деп жариялауымен). Әлеуметтік төлем алушы өлген айға (соттың хабар - ошарсыз кетті деп тануы немесе өлді деп жариялауы туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап) қоса жүзеге асырылады;

      3) МӘС бөлімшесінің алушыны еңбекке қабілетті деп тануы туралы шешім шығарған күнінен бастап.

Еңбек қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылуының белгіленген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың кезекті кезеңі белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Асыраушысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тағайындау және мөлшері

Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердердің тағайындалуы мен алуға өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушы  – ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы отбасының мынадай мүшелері құқылы:

1) балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға - інілері, апа - қарындастары мен егер олар 18 жасқа келгенше мүгедекке айналса, он сегіз жасқа жетпеген және бұл жастан үлкен немерелері. Бұл ретте аға - інілері, апа - қарындастары мен немерелері – егер олардың еңбекке қабілетті ата - аналары жоқ болған немесе олар ата - аналарынан алимент алмайтын жағдайларда алады. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысанында оқитын, 18 жастан үлкен көрсетілген тұлғалар оқу аяқталғанша, 23 жастан аспайтын шектерге дейін әлеуметтік төлемдер алуға құқылы;

2) егер олар өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының үш жасқа жетпеген балаларын, аға - інілері, апа - қарындастары немесе немерелерін күтумен айналысатын, жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата - аналарының бірі немесе жұбайы, немесе атасы, әжесі, аға - інісі немесе апа - қарындасы.

Олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы - ата - аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларына тағайындалған әлеуметтік төлемдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әрбір айырылған ата - ана үшін ұлды (қызды) асырап алған қамқоршыға төленеді.

Бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған тұлғаларға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.

Өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының бағуында тұрған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалуға және алуға құқылы отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.

Өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының бағуында тұрған отбасы мүшесінің жазбаша өтініші бойынша оның әлеуметтік төлемінің үлесі бөлініп беріліп, оған жеке төленеді.

Өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының бағуында тұрған отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, Қор алушының жазбаша өтініші негізінде әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемдер алу құқығы бар отбасы мүшелерінің санына сәйкес арттырылады немесе азайтылады.

Асыраушысынан айырылған жағдайға ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері республикалық бюлжет туралы заңмен белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын алып тастап, әлеуметтік аударымдар есептеу объектісі ретінде айлық орташа табыс мөлшерін табысты алмастыратын тиісті коэффициенттерге көбейту жолымен, бағуындағы адамдар саны мен қатысу стажы есекеріле отырып, анықталады.

Әлеуметтік аударымдар есептеу объектісі ретінде есепке алынатын табыстың айлық орташа мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт айдың ішінде (бұл кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болған - болмағандығына қарамастан) одан әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстар сомасын жиырма төртке бөлу жолымен анықталады.

Асыраушысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлемдер өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының бағуында болған отбасы мүшелеріне өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушы отбасы мүшесінің (мүшелерінің) әлеуметтік төлемдер алуға құқығы сақталатын уақыт ішінде, ай сайын төленеді.

Асырауындағылар санының коэффициенті өлім басталғанға дейін ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының бағуында болған тұлғалар санына қарай анықталады, және асырауында болған бір тұлға кезінде 0,4, екеуде – 0,5, үшеуде – 0,6 - ны, төрт және одан көп асырауында болғандар кезінде – 0,8 - ді құрайды.

Асыраушысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының бағуында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған тұлғаларға мүгедектік белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап қайта куәлендіруге дейін;

      2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымынан отбасы мүшелерінің оқытудың күндізгі нысанындағы оқушылары немесе студенттері болып табылатындығы туралы берілген анықтаманың қолданылу мерзімі аяқталған күнінен бастап. Асыраушысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тоқтатылу сәтінен бастап анықтаманы кезекті ұсыну кезінде жалғастырылады.

Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының бағуында болған тұлғаның өліміне байланысты. Асыраушысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем өлім айы қоса есептеліп, жүзеге асырылады;

      2) өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының бағуында болған тұлғаға мүгедектік белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап;

      3) өлген (сот хабар - ошарсыз кетті деп таныған немесе өлді деп жариялаған) асыраушының бағуында болған тұлға он сегіз жасқа толған (он сегіз жасқа дейін мүгедекке айналған тұлғаларды қоспағанда) күннен бастап, ал көрсетілген тұлға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысанында оқыған жағдайда – жиырма үш жасқа толған күннен бастап.

Мүгедектігі, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар

Жәрдемақы тағайындау талаптары

Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар жәрдемақы үшін жүгініс жасаған уақытқа қарай жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылғанына қарамастан, мүгедектік басталған жағдайда тағайындалады. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектіктің  – жұмыс немесе қызмет кезеңінде, жұмысқа кіріскенгенге дейін немесе жұмыс тоқтатылғанғаннан кейін басталғанына қарамастан, тағайындалады. Зейнетақылық төлемдер алуға құқық беретін жасқа жеткен мүгедектерді қайта куәлендіру тек олардың өтініші бойынша жүргізіледі.

Мүгедектік топтары

Тіршілік қарекетін , оның ішінде еңбекке қабілеттілікті шектеу дәрежесіне қарай, мүгедектік үш топқа бөлінеді. Мүгедектік себептерін, тобын, еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін, сондай - ақ мүгедектіктің басталу уақытын МӘС бөлімшесі анықтайды. Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу ережелерін орталық атқарушы орган әзірлеп - бекітеді.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау мерзімі

Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар МӘС бөлімшесі белгілеген кезеңге тағайындалады. Мүгедек «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңымен көзделген зейнет жасына жеткен кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақыны төлеу тоқтатылады немесе жасы бойынша алатын зейнетақылық төлемдердің мөлшері ескеріле отырып, қайта қаралады.

Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшердегі жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады. Қайта куәлендірілген тұлға еңбекке қабілетті болып тнылған жағдайда жәрдемақы еңбекке қабілетті деп танылған күнге дейін төленеді. Егер мүгедек қайта куәлендіру үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол қайтадан мүгедек болып танылған жағдайда – бір айдан аспайтын, тоқтатыла тұрған күннен бастап, егер МӘС бөлімшесі оны бұл кезең ішінде мүгедек деп таныса, қайта жалғастырылады. Дәлелді себептер бойынша қайта куәлендіру мерзімін жіберіп алған кезде жәрдемақы төлеу төлем тоқтатылған күннен бастап қайта куәлендіру күніне дейін, бірақ МӘС бөлімшесі оны осы кезең ішінде мүгедек деп таныса, үш жылға дейінгі мерзімге жүргізіледі. Бұл ретте егер қайта куәлендіру кезінде мүгедек мүгедектіктің басқа тобына (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектерге жататындар:

1) жалпы аурудан, еңбектегі мертігуден, кәсіптік аурудан болған мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар – бірінші, екінші, үшінші топтар;

1 - 1) бала кезінен мүгедектер;

2) міндетті мерзімдік қызметтің әсенри қызметшілері қатарынан әскери қызметтен өту кезінде мүгедектік жараланудан, контузия, мертігуден, аурудан басталған мүгедектер, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың салдарларын жою кезінде немесе ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар нәтижесінде басталған тұлғалар;

3) әскери қызметкерлер (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамы тұлғалары қатарынан мүгедектік әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдар қызметіндегі міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындаумен байланысты емес, әскери және қызметтік борышын орындаумен байланысты емес жазатайым оқиға нәтижесінде алынған мертігуден басталған мүгедектер;

4) әскери қызметшілер (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатарынан мүгедектік әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен өту кезінде, ішкі істер органдары мен қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралану, контузия, мертігу, аурудың салдарынан басталған мүгедектер;

5) себеп - салдарлық байланысты анықтау жағдайы кезінде төтенше экологиялық жағдайлардың, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткізу кезінде радиациялық әсер ету және/немесе олардың салдарларынан болатын мүгедектер.

Асыраушысынан айырылған жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар

Жәрдемақы тағайындау талаптары      

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға қайтыс болған асыраушының бағуында болған, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері құқылы.

Отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып мыналар есептеледі:

  1. балалары (оның ішінде асырап алған балалары, өгей балалары мен өгей қыздары), аға - інілері, апа - қарындастары мен 18 жасқа жетпеген және егер олар он сегіз жасқа жеткенше мүгедекке айналса, бұл жастан үлкен немерелері, бұл ретте ап - қарындастары мен немерелері  – егерде олардың еңбекке қабілетті ата - аналары болмаса, өгей балалары мен өгей қыздары – егер ата - аналарынан алимет алмайтын болса.

Асыраушысынан айырылған жағдай бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелет жасына толмағандар бұл құқықты сондай - ақ, оларды асырап алған жағдайда да сақтайды;

2) егер олар зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес зейнет жасына жетсе, әкесі, шешесі (оның ішінде асырап алушылар), әйелі, күйеуі;

3) ата - аналардың біреуі немесе жұбайы, немесе егер ол өлген асыраушының 8 жасқа жетпеген балалары, аға - інілеріне, апа - қарындастарына немесе немерелеріне күтім жасаумен айналысса, және жұмыс істемесе атасы, әжесі, аға - інісі немесе апа - қарындасы;

4) егер олар зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес зейнет жасына жетсе, және заң бойынша оларды бағуға міндетті тұлғалар жоқ болған кезде, және тіршілік етудің басқа көздері жоқ болса, атасы мен әжесі.

Он сегіз жастан асқан оқушы азаматтар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі нысандағы оқу орнын аяқтағанға дейін, жоғары білім беру жүйесінде жиырма үш жастан аспайтын шектерде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқылы.

Өлген асыраушының отбасы мүшелері болып оның бағуында болғандар, егер олар оның толықтай бағып - қағуында болса немесе олар үшін тіршілік етудің тұрақты негізгі көзі болған көмек алғандар есептеледі.

Ата - аналарының екеуінен де айырылған балаларға (тұл жетімдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкіліне төленеді.

 Жәрдемақы тағайындалатын кезең

Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өлген адам отбасының мүшесі еңбекке қабілетсіз болып есептелетін бүкіл кезеңге, ал «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақылық төлемдер алуға құқық беретін жасқа жеткен отбасы мүшелеріне  – өмір бойы белгіленеді.

 Отбасы мүшелерінің бәріне бір жәрдемақы тағайындау

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір жалпы жәрдемақы тағайындалады. Отбасы мүшесінің талабы бойынша оның жәрдемақыдағы үлесі бөлінеді және оған жеке төленеді. Жәрдемақы үлесін бөлу оны бөлу үшін жүгініс жасалған күннен бастап жүргізіледі. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген кезде жәрдемақы мөлшері жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше арттырылады немесе азайтылады. Жәрдемақы мөлшерін мұндай қайта қарау отбасы мүшелерінің біріне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған жағдайларда да белгіленеді немесе жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруды туындатқан мән - жайлардан кейін қайта жалғастырылады.

Негізгі түсініктер

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – оның нәтижесінде өндірістік жарақат, денсаулықтың кенеттен нашарлауы немесе жұмыскердің улануы болып өткен, оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына немесе өлімге әкелетін, еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсер етуі.

Кәсіптік ауру – жұмыскер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындайтын созылмалы немесе жіті ауру.

Өндірістік жарақат – еңбекке қабілеттіліктен айырылуға әкелген, ол еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскер денсаулығының зақымдануы.

Өрескел абайсыздық – жұмыскердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуға жағдай жасайтын іс - әрекеттері.

Кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі – жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеттілігінің төмендеу деңгейі.

Сақтандыру оқиғасы – жұмыскермен ол еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде зиянды және қауіпті өндірістік фактордың әсер етуі нәтижесінде болып өткен, еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиға (жазатайым оқиға), оның салдарынан өндірістік жарақат, денсаулықтың кенеттен нашарлауы немесе жұмыскердің улануы болып өткен, оны кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеуге, кәсіптік ауру немесе өлімге әкелген оқиға.

Асыраушы – өзінің асырауында тұратын отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен бағып - қағатын тұлға.

Әлеуметтік аударымдар – әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қоры әлеуметтік төлемді алушының пайдасына жүзеге асыратын төлемдер, ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның бағуында болған отбасы мүшелеріне Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.

Еңбек қабілеттілігінен айырылу – жұмыскердің жұмысты орындау, қызметтер көрсету қабілеттілігінен айырылуы, оның дәрежесі жоғалтылған еңбек қабілеттілігіне пайыздық қатынаста білдіріледі.

Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақылар) – азаматтарға мүгедектік басталған, асыраушысынан айырылған кезде және жасы бойынша берілетін, бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын, ай сайынғы ақшалай төлемдер.

Медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімшесі – медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі.

Аннуитетті сақтандыру шарты  – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтандырушы шартпен белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына сақтандыру төлемін мерзімдік төлемдер түрінде жүзеге асыруға міндетті.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 8, 2017  



Вопросы по теме

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль