Үйде істелетін жұмыс: артықшылықтары мен кемшіліктері

11
Үйде істелетін жұмыс: артықшылықтары  мен кемшіліктері
Кулинкова Виктория Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлерді басқарғанда жұмыс беруші кездестіретін негізгі қиындықтарды қарайық, сондай-ақ үйде істелетін жұмыс пен қашықтықтан істелетін жұмыстың айырмашылығын талдап көрейік.

Үйде істелетін жұмыстың артықшылықтары

Үйде істелетін жұмыстың басты артықшылығы оның икемділігінде. Ол икемділік кәсіпорын шығынының құрылымы мен табыс деңгейіне тікелей әсер етеді.

Мұндай икемділіктің, әдетте,  үш көрінісі бар:

• біріншіден, үйде істейтін жұмыскерлер арасында бөлінетін жұмыстар көлемін түрлендіру еркіндігін береді;

• екіншіден, нарықтағы ретсіз және маусымдық өзгерістерге тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді;

•  үшіншіден, жұмыс сипатының түрін өзгертуге мүмкіндік береді.

ЛУПА Үйде істелетін жұмыс еңбекшілерге отбасының табысын көбейтуге мүмкіндік береді.

Үйде істелетін жұмыстың жұмыс берушілермен бірге жұмыскерлер үшін де артықшылығы бар. Жұмыскерлерге арналған негізгі артықшылықтарының ішінде мыналарды атап өтуге болады:

• жас балалардың күтімін қамтамасыз етумен бірге өз күшіне және  қажеттілігіне қарай жұмыс істеу мүмкіндігі;

    • кейбір жағдайларда үй жұмыскерлері толық жұмыс уақыты бар жұмыскерден де көп табыс таба алады, өйткені олар бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істей алады.

НА ЗАМЕТКУ Үйде істелетін жұмыс отбасы жағдайлары бойынша үйде қалуға мәжбүр болатын еңбекшілер үшін, мысалы, қажеттілігіне қарай балаларды, науқастарды немесе қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар үшін, сондай-ақ егде жастағы адамдар үшін, еңбекке қабілеттілігі төмен адамдар немесе мүгедектер үшін, экономикалық белсенді болудың бірден-бір мүмкіндігі болып табылады.

Жоғарыда аталған топтардың көбісіне, әсіресе, әйелдер үшін – үйде істелетін жұмыс отбасылық бюджетті толықтыратын немесе өзін табыспен қамтамасыз ететін жалғыз шынайы мүмкіндік болып табылады.

     Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлердің басым көпшілігін тұрақты жұмыспен қамтылуды іздестіру барысында, қиындықтарға тап болатын немесе оны өзі үшін тиімсіз деп есептейтін әйелдер құрайтыны сөзсіз. Бұл әсіресе қандай да бір себептер бойынша кәсіпорындардың немесе муниципалитеттердің жанынан құрылған бөбекжайлар және балабақшалар сияқты балалар мекемелері дамымаған, не бұл мекемелер мүлдем жоқ немесе олар еңбекшілер үшін қолжетімсіз болған жерлерге тән. Үйде істелетін еңбекке қиын жағдайда тұрған басқа да санаттағы еңбекшілер жүгінеді.

Үйде істелетін жұмыс еңбек нарығына шығаратын ең шынайы жол болып табылады. Ол сондай-ақ, жұмыспен тұрақты түрде қамтылуға апаратын «көпір» болуы мүмкін. Үй еңбегі  діни немесе мәдени дәстүрлердің арқасында әйелдер өзінің ұтқырлығында шектеледі немесе ашық нарықта тікелей байланыстар жасау мүмкіндігінен айырылды.

Тіпті дайын бұйымдарды  кәсіпкерден алып кету немесе оған жеткізу қажет болған кезде, бұл жұмысты ерлер орындауы мүмкін, ал тапсырысты үйде әйелдер орындайды.

НА ЗАМЕТКУ Қашықтықтан жұмыс істейтін адамдардың көпшілігі үшін, ­– әңгіме мамандар туралы болып тұр, әрине – нақты артықшылықтар, әдетте, жұмыстың икемділігі мен тәуелсіздігінде, бірақ дене еңбегімен айналысатын көптеген үй жұмыскерлерінде  ондай артықшылықтар жоқ.  Үйде істелетін  жұмыс, сондай-ақ адамның еңбек өмірінің жалпы сапасын арттыруға  жәрдемдеседі, өйткені көлікте және ұжымда күйзелісті жағдайлардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Үйде істелетін жұмыстың кемшіліктері

Үйде істелетін жұмыскерлерді басқару бірқатар елеулі мәселелермен ұштасады.

1. Бақылау мәселесі және үй жұмыскерлерімен байланыста болу үшін, оның ішінде оларды кіріспе тапсырмалар және ақпаратпен қамтамасыз ету үшін және т.с.с., бас кеңсе персоналын тарту қажеттігі. Жұмыс жобасының орындалуы жұмыстың жалпы аяқталу мерзімі белгіленген бірнеше үй жұмыскеріне байланысты болған кезде осындай қиындықтар шиеленісуі мүмкін.

НА ЗАМЕТКУ Бас кеңсемен үнемі байланысты ұстауға немесе үнемі басшылығымен кездесуге тура келетін үй жұмыскерлері кеңседе беріліп жұмыс істейтін еді.

2. Аттестаттау мәселесі. Компания басшылығы әрбір үй жұмыскерінің  қаншалықты интенсивті жұмыс істейтінін, жұмыс тапсырмасын орындау үшін нақты қанша уақытты пайдаланатынын, осы жұмысты біліктілігі төмен жұмыскерлермен және неғұрлым аз шығынмен орындауға болады ма, үй жұмыскерінің еңбек өнімділігін арттыру мүмкін бе, соны білу қажет.  

3. Қауіпсіздік мәселесі. Үйде істейтін жұмыскер әзірлеген (патенттер, дизайн, компьютерлік бағдарлама мен авторлық құқыққа жататын өзге де материалдар) зияткерлік меншік құқығына қатысты түсініспеушіліктер  туындауы мүмкін. Сонымен қатар, компанияның бас кеңсесінің басшылығы олардың үйде жұмыс істейтін қызметкерінің негізгі жалдаушы ұйымнан алған құрал-жабдықтарды, ақпаратты және мәліметтерді пайдалана отырып, бір мезгілде бәсекелестерге  еңбек етпейтініне сенімді болуы тиіс.

4. Моральдық мәселелер де туындауы мүмкін, атап айтқанда, үй жұмыскері өзін компания ұжымынан бөлініп қалғандай сезінуі мүмкін. Әдетте, үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер бас кеңсенің тұрақты жұмыскерлері үшін қолжетімді мүмкіндіктерді пайдалана алмайды.

Үйде істелетін жұмыстың қашықтықтан істелетін жұмыстан айырмашылығы

  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.06 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 138-бабының 1-тармағына сәйкес, қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Үйде істелетін жұмыс сияқты, қашықтықтан істелетін жұмыс та жұмыс беруші орналасқан жерден тыс жерде жүзеге асырылады. Қашықтықтан істелетін жұмыстың айырмашылығы, жұмыскер өзінің еңбек функцияларын үйден тыс жерде жүзеге асыра алатыны болып табылады.

Қашықтықтан істелетін жұмыстың негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылады:  

·      жұмыс барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

·      жұмыс берушінің қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) ұсыну бойынша міндеті;

·      жұмыс беруші байланыс құралдарын орнату және байланыс құралдарына қызмет көрсету бойынша шығындарды көтереді;

·      жұмыскердің меншікті коммуникация құралдарын жұмыскерге өтемақы төлеудің міндетті  шартымен тұрақты негізде пайдалану мүмкіндігі;

·       жұмыскерге белгіленген жұмыс уақытын есепке алуды бекіту және бақылауды жүзеге асыру.

ВНИМАНИЕ Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскермен еңбек шарты жалпы негіздер бойынша жасалады.

Еңбек шартына келесі талаптар жазылады:  

·      жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, өтемақы мөлшері мен төлеу тәртібі;

жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстарды (электр энергиясының, судың құны және және басқа да шығыстар) өтеу.

·      жұмыс уақытының тіркелген есебін бақылау ерекшеліктері.

ВНИМАНИЕ Қашықтықтан және үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер кәдімгі жұмыскерлермен бірге ұйымның штатына қосылады.

Қашықтықтан және үйде істейтін жұмысты ресімдеудің салыстырмалы кестесі

Нормативтік талаптар

Үйде істейтін жұмыс

Қашықтықтан істейтін жұмыс

Ерекше өзгешеліктері

Жұмыс үйде жеке еңбегімен орындалады. Жұмыскердің  материалдары мен құрал-жабдықтары пайдаланылады.  Жұмыс берушінің құрал- жабдығы пайдаланылуы мүмкін

Жұмыс жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырылады.  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылады

Жұмысты орындау орны

Жұмыскер жұмысты үйде орындайды

Жұмыс жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырылады (бірақ жұмыскердің жұмысты үйінде орындауы міндетті емес)

Еңбек шартын жасасу тәртібі

Еңбек шарты жалпы негіздер бойынша жасалады. Жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде де белгіленуі мүмкін

Еңбек шарты жалпы негіздер бойынша жасалады

Еңбек шартындағы міндетті нормалар

Жұмысты кімнің жабдықтарымен жүзеге асыратынын көрсету қажет (жұмыскердің бе әлде жұмыс берушінікі ме). Жұмыскерді  жұмысты орындау үшін қажетті шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен  қамтамасыз ету  тәртібі мен мерзімдері. Жұмыскерге өтемақы және басқа да төлемдер туралы

Бекітілген жұмыс уақытын бақылау ерекшеліктері

Жұмыскерге төленетін өтемақы және басқа да төлемдер

Жұмыс берушінің мүддесінде жұмыскердің жеке мүлкін пайдаланғаны үшін белгіленуі мүмкін

Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған  жағдайда міндетті түрде тараптардың келісімі бойынша белгіленеді

Жұмыс уақытын есепке  алу

Заң жүзінде белгіленбеген  (тараптардың келісім бойынша белгіленеді)

Жұмыс уақытының жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді

Сынақ мерзімі

Жалпы негіздер бойынша белгіленуіә мүмкін

Бүгін қашықтықтан және үйде істейтін жұмыс қоғамның әр деңгейдегі азаматтардың көпшілігін тартады. Үйде істейтін жұмыс, сөзсіз, қашықтан жұмыспен қамтылудың барлық артықшылықтарына ие, оған қоса мұндай жұмыс жалақыны алуды, тапсырманы алу кезеңдерін жеделдетуді, және  жұмысты тапсыру мерзімдерін қысқартуды автоматтандыруға мүмкіндік береді, бұл кейбір жағдайларда көбірек табыс табуға мүмкіндік береді.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №10  оқыңыздар



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль