Cыра қайнату өнеркәсібі жұмыскерлерінің еңбек жағдайларын гигиеналық бағалау

1
Cыра қайнату өнеркәсібі жұмыскерлерінің еңбек жағдайларын гигиеналық бағалау
Хан Александр Вениаминович
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник научного отдела Карагандинского филиала РГКП «РНИИОТ Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан», кандидат медицинских наук, доцент
Жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасау проблемасы – әлеуметтік және экономикалық проблема. Ол еңбекшілердің денсаулығын сақтау мен еңбектегі ұзақ жылдығы мәселелеріне кешенді тәсілді талап етеді

Бүгінгі күні көптеген кәсіптер жұмыскерлерінің еңбегі қолайсыз өндірістік жағдайлармен қатар жүретіні күмән туындатпайды, олар әртүрлі эитология мен қарқындылықтағы зиянды өндірістік факторлармен қатар жүруі мүмкін. Мұнымен бірге жұмыскерлер денсаулығы жай-күйінің өндірістік-тәуелді бұзушылықтарының  профилактикасы еңбекті қорғау мен еңбек гигиенасының өзекті міндеті болып қалып отыр.

Қайнату кезінде өндіру процесі

Ғалымдардың зерттеулері cыра қайнату өнеркәсібіндегі  негізгі кәсіптер жұмыскерлерінің еңбегі қолайсыз өндірістік жағдайлармен байланысты екендігін көрсетеді, олар әртүрлі этиология мен қарқындылықтағы қолайсыз өндірістік факторлар кешенімен қатар жүреді, бұл айтарлықтай дәрежеде технологиялық процеспен анықталады.

Сыра қайнатудағы дәстүрлі өндірістік процесс включает:

–  арпаны ашытқыға айналдыру (уытханаларда арпаны шаңнан тазартады, сұрыптайды, ылғалдау кеспектерінде ылғалдайды, белгілі бір ұзындықтағы өнім кеткен өскіндерді кептіреді);

–  сыра ашытқысын дайындау;

–  ашытқының ашуы және жете ашуы;

–  дайын өнімді әртүрлі ыдыстарға құю.

Сыра қайнатудың барлық кезеңдеріндегі негізгі кәсіптік зияндылықтар әртүрлі болады. Уытханаларда бұл ауаның айтарлықтай шаңданғандығы және кептіргіштердегі жоғары температура. Басқа кезеңдерде бұл:

–  өндірістік үй-жайлардағы төменгі температура мен ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығы;

–  ауаның ашу кезінде бөлінетін көмірқышқылдың (СО²) елеулі концентрациясымен ластануы;

–  технологиялық процесті механикаландыру жоқ болған кездегі ауыр дене жұмысы (сыйымдылықтар мен цистерналардың ішкі беттерін қолмен жуу, араластыру).

    Жұмыстың мақсаты Орталық Қазақстандағы заманауи сыра қайнату өнеркәсібі жұмыскерлерінің негізгі кәсіптерінің еңбек жағдайларын зерттеу және гигиеналық бағалау болып табылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының көптеген сыра қайнату кәсіпорындарында  технологиялық процесс тек уатуды, орталық-конустық танкілерді (сыра ашытқысын ашытуға арналған  сыйымдылықтарды) механикалық жууды қосқанда, технологиялық процесті кейбір механикаландыруды ғана қажет ететін, дайын ашытқыны пайдалануды көздейтінін атап өту қажет.

Материалдар мен әдістер

 Жұмыс ортасы мен еңбек процесі факторларын өлшеу мен гигиеналық бағалау жылдың жылы және суық кезеңдерінде жүргізілді.

Микроклимат параметрлерін  (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы) зерттеу жұмыс ауысымының басында, ортасынды және соңында отырып жұмыс істеген кезде еденнен   0,5 – 1,0 м биіктікте немесе түрегеп тұрып жұмыс істеген кезде еденнен  1,5 м биіктікте жүргізілді.

Ауа температурасын өлшеу  «психрометр МВ - 4 - 2М»-мен, ауа қозғалысының жылдамдығы – «Testo - 415» анемометрімен жүргізілді. Микроклимат параметрлерін гигиеналық бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 164 бұйрығымен бекітілген "Азық-түлік өнімін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.

 Шулық жүктемені бағалау акустикалық децибелдердегі (бұдан әрі  – АдБ)  дыбыстың эквивалентті деңгейі бойынша  жүргізілді. Жұмыс аймағы ауасындағы шаң мөлшерін анықтау заманауи гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізілді. Сынамаларды іріктеу «Аспиратор ПУ - 4Э» көмегімен АФА – ВП – 20 сүзгілерінде жүзеге асырылды. Концентрацияларды өлшеу ұзақтығы іріктеудің  20 л/мин. көлемдік жылдамдығы кезінде 5-10 минутты құрады.

Жұмыскерлер еңбегінің ауырлығын зерделеу:

–  серпінді жұмыс көрсеткіштерін;

–  көтерілетін және жылжытылатын жүк массасын;

–  статикалық жүктемені;

–  таптаурын қозғалыстар санын;

–  жұмыстық кейіпті зерттеу кезінде жүргізілді.

Еңбек қауырттылығы назар аудару функциялары, талдаушылық функциялардың ширығуы, эмоциялық және зияткерлік ширығу көрсеткіштері, жұмыстың бірсарындылық көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Сыра қайнату өнеркәсібі жұмыскерлерінің  еңбек жағдайларын гигиеналық бағалау  «Өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау мен жіктеудің гигиеналық өлшемшарттары» Басшылығына (ҚР АҚЗ, тіркеу нөмірі 1.04.001.2000) сәйкес жүзеге асырылды.

Зерттеулердің нәтижелері

 Жұмыс орындарындағы  микроклимат параметрлерін бағалау салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысы жылдамдығының орташа мәндерінің белгіленген регламенттерге сәйкес келетінін көрсетті. Өндірістік үй-жайлар ауасының нәтижелеуші температурасына келетін болсақ, онда оның мәндері  санитарлық - гигиеналық нормативтерге  сәйкес келмеді:

 жылдың жылы кезеңінде жұмыс орындарында:

–  автоматты желілерге қызмет көрсету жөніндегі жұмыскердің жұмыс орны
(норма 16 – 27 °С болған кезде 30,6  );

–  кег толтыру жөніндегі жұмыскердің  жұмыс орны (30,6 при норма 16 – 27 °С болғанда 30,6);

Жылдың суық кезеңінде:

–  ашытқыны қабылдайтын және тасымалдайтын жұмыскердің жұмыс орнында (норма  17 –  29 °С болған кезде 13).

Қаптаушы, ыдыс цехы салушысы, қазандық қондырғылар машинисі, аммиак-тоңазыту қордырғыларының машинисі, ашытқы уату агрегатының машинисі, кегті толтыруға қызмет көрсету жұмыскері, ашытқыларды өсіру аппаратшысы, ашытқыны қабылдау және тасымалдау жұмысшысының зерделенген жұмыс орындарындағы шаң мен аэрозольдердің (азот, көміртек оксидтері, аммиак, мұнай көмірсутектері, күкіртті ангидрид) мөлшері шекті жол берілетін деңгейлерден асқан жоқ.

Зерделенген кәсіптердің жұмыс орындарындағы діріл-акустикалық факторлардың параметрлері мына жұмыс орындарындағы шу жүктемесін қоспағанда, гигиеналық нормативтерге сәйкес келді:

–  автоматты желілерге қызмет көрсетуші жұмыскер, кегті толтыру жұмыскерінің (норма 80 дБА-дан аспаған кезде 88 дБА);

–  сыра ашытқысын қабылдау және тасымалдау жұмысшысының, сыра ашытқысын уату агрегатының машинисі, оператор-сүзгішінің (норма 80 дБА-дан аспаған кезде 82-84 дБА);

–  ыдыс цехының салушысының (норма 80 дБА-дан аспаған кезде 91 дБА).

Еңбек процесінің ауырлығын талдау еңбек ауырлығы орташа дәрежемен сипатталатын қаптаушының жұмыс орнынан (еңбек жағдайларының жол берілетін 2 сыныбы) бөлек,  қалған зерделенген жұмыс орындарын «физикалық серпінді жүктеме», «таптаурын жұмыстық қозғалыстар» мен  «жұмыстық кейіп» сияқты көрсеткіштерді назарға алғанда, 3.1 – 3.2 сыныбына  – «1 – 2 дәрежелі зиянды ауыр еңбекке» жатқызуға болатынын көрсетті.

Еңбек процесінің қауырттылығын зерттеу ол сыра қайнатушыда, кегке қызмет көрсетуші жұмыскер мен сыра ашытқысын қабылдау және тасымалдау жұмысшысында «эмоциялық жүктемелер» (атап айтқанда, «өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік дәрежесі») мен «жүктеменің бірсарындылығы» сияқты көрсеткіштер бойынша 3.1 сыныбына – «1 дәрежелі қауырт еңбекке» сәйкес келетіндігін, қалған жұмыс орындарының 1 және 2 сыныптарына – «еңбек қауырттылығы жеңіл және орта дәрежеге» сәйкес келетіндігін айқындады.

Сыра қайнату өнеркәсібі негізгі кәсіптері жұмыскерлерінің жетекші кәсіптік-өндірістік факторларын гигиеналық бағалау (еңбек жағдайларының сыныбы)

Кәсіптік топтар

Кәсіптік-өндірістік  фактор

Микро климат

Газдар, аэрозольдар

Шу

Еңбектің ауырлығы

Еңбектің қауырттылығы

Автоматты желілерге қызмет көрсетуші жұмыскер

3.1

-

3.2

3.1

2

Қаптаушы

2

2

2

2

2

Ыдыс цехының салушысы

2

2

3.2

3.1

2

Қазандық қондырғылардың машинисі

2

2

2

3.1

2

Аммиак-тоңазыту қондырғыларының машинисі

2

2

2

3.1

2

Тоңазыту бөлімшесінің операторы

2

-

2

3.2

2

Сыра қайнатушы

2

-

2

3.1

3.1

Сыра ашытқысын уату агрегатының машинисі

2

2

3.1

3.2

2

Кегті толтыруға қызмет көрсететін жұмыскер

3.1

-

3.2

3.2

3.1

Оператор - сүзгіші

2

-

3.1

3.1

2

Ашытқыларды өсіру аппаратшысы

2

-

2

3.2

2

Сыра ашытқысын қабылдайтын және тасымалдайтын жұмысшы

3.1

2

3.1

3.2

3.1

Дайын өнім қоймасының жұмысшысы

2

-

2

3.1

2

Осылайша, жүргізілген зерттеулер сыра қайнату өнеркәсібі негізгі кәсіптері жұмыскерлері еңбегінің  жағдайларына «Өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау мен жіктеудің гигиеналық өлшемшарттары» регламенті негізінде интегралды баға беруге мүмкіндік берді (кесте). Өндірістік орта еңбек жағдайларының орын алған қолайсыз факторларының жиынтығы бойынша зерделенген жұмыс орындарының көпшілігі   3.1 – 3.2 сыныптарына сәйкес келеді. Осыған байланысты, үшінші сыныптың зиянды еңбек жағдайларымен сипатталатынын атап өткен жөн, бұл ретте зияндылықтың 1 дәрежесі (3.1) ағзаның функциялық өзгерістерін туындатуға,  2 дәрежесі (3.2) – кәсіптік ауруға шалдығушылықтың артуына әкелетін орнықты функциялық өзгерістер туындатуға қабілетті болады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» , № 9, 2017 



Вопросы по теме

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль