2018 жылға арналған өндірістік күнтізбе

26
2018 жылға арналған өндірістік күнтізбе
2018 жылға арналған өндірістік күнтізбе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалады

2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 68-бабында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс деп көзделген.

Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Сондай-ақ ҚР ЕК қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу көзделген (ҚР ЕК 69-бабы):

  • он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
  • он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын;
  • ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын.

ҚР ЕК 79-бабына сәйкес ұйымдарда қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алу жүзеге асырылуға тиіс.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан аспауға тиіс; алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағатқа тең болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан аспауға тиіс және т. б.

Осыған байланысты жұмыс уақытының ұзақтығы төмендегіні құрайды:

40 сағаттық жұмыс аптасында:

  • бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан бес жұмыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 7 сағаттан бес жұмыс күні және ұзақтығы 5 сағат болатын бір жұмыс күні.

36 сағаттық жұмыс аптасында:

  • бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 7 сағат 12 минут болатын (7,20 сағат) бес жұмыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан алты жұмыс күні.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс күндеріне кірмейді.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы атап өтілетін мереке күндері:

ұлттық мереке:

  • 1617 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;

мемлекеттік мерекелер:

  • 12 қаңтар  Жаңа жыл;
  • 8 наурыз  Халықаралық әйелдер күні;
  • 2123 наурыз  Наурыз мейрамы;
  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
  • 7 мамыр Отан қорғаушы күні;
  • 9 мамыр  Жеңіс күні;
  • 6 шілде  Астана күні;
  • 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
  • 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Осыған орай, 2018 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:

бес күндікте:

  • 1 желтоқсаннан 3 желтоқсанға;
  • 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға;

алты күндікте:

  • 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға.

ҚР ЕК 84-бабына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады.

Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді.

Өндірістік күнтізбеде ай, тоқсан және 2018 жылдың тұтастай жұмыс күндері (сағаттары) бойынша жұмыс уақытының нормасы келтірілген. Ол 40 сағаттық және 36 сағаттық жұмыс аптасында сегіз, жеті және алты сағаттық жұмыс күнінің негізінде бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша есептелген.

2018 жылы жұмыс уақытының нормасы:

40 сағаттық жұмыс аптасында:

  • бес күндік – 1968 сағатты (246 күн * 8,00 сағат);
  • алты күндік – 1984 сағатты (247 күн * 7,00 сағат + 51 күн * 5,00 сағат);

36 сағаттық жұмыс аптасында:

  • бес күндік – 1771,2 сағатты (246 күн * 7,20 сағат);
  • алты күндік – 1788 сағатты (298 күн * 6,00 сағат) құрайды.

2018 жылға арналған жұмыс күндерінің орташа айлық саны:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 20,50 күнді;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 24,83 күнді құрайды.

2018 жылға арналған күнтізбелік күндердің орташа айлық саны (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндерін қоспағанда) 29,25-ті құрайды.

Жұмыс уақытының 2018 жылға арналған балансы

Күндер саны

Жұмыс күндері

Ай,

күнтізбелік күндер

мереке күндерін қоспағандағы күнтізбелік күндер

40 сағаттық жұмыс аптасы

36 сағаттық жұмыс аптасы

тоқсан,

Айдың 1-күнінен бастап

Айдың 1-күнінен бастап

жартыжылдық,

соңына дейінгі

соңына дейінгі

9 ай,

жұмыс кестесі

жұмыс кестесі

жыл

бес күндік

алты күндік

бес күндік

алты күндік

күндер

күн-дер

сағат-тар

күн-дер

сағат-тар

күн-дер

сағат-тар

күн-дер

сағат-тар

қаңтар*

31

29

21

168

25

167

21

151,20

25

150,00

ақпан

28

28

20

160

24

160

20

144,00

24

144,00

наурыз

31

27

18

144

23

151

18

129,60

23

138,00

I -тоқсан

90

84

59

472,00

72

478

59

424,80

72

432

сәуір

30

30

21

168

25

167

21

151,20

25

150,00

мамыр*

31

28

20

160

24

160

20

144,00

24

144,00

маусым

30

30

21

168

26

172

21

151,20

26

156,00

II -тоқсан

91

88

62

496,00

75

499,0

62

446,4

75

450,0

I жартыжылдық

181

172

121

968,00

147

977,0

121

871,2

147

882,0

шілде

31

30

21

168

25

167

21

151,20

25

150,00

тамыз

31

30

21

168

25

167

21

151,20

25

150,00

қыркүйек

30

30

20

160

25

165

20

144,00

25

150,00

III-тоқсан

92

90

62

496,00

75

499,0

62

446,4

75

450,0

9 ай

273

262

183

1464,00

222

1476

183

1317,6

222

1332

қазан

31

31

23

184

27

181

23

165,60

27

162,00

қараша

30

30

22

176

26

174

22

158,40

26

156,00

желтоқсан*

31

28

18

144

23

153

18

129,60

23

138,00

IV -тоқсан

92

89

63

504,00

76

508,0

63

453,6

76

456,0

жыл

365

351

246

1968,00

298

1984

246

1771,2

298

1788

Орташа айлық баланс

29,25

20,50

164,00

24,83

165,33

20,50

147,60

24,83

149,00

* Мереке күндері демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы материал қолданылды: www.enbek.gov.kz



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль