Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

19
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 191-бабы, 5 тармағының практикалық түсіндірме жұмыскеруің атқоратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» ҚР 2015.29.10 № 375-V (2017.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 138-бабына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері ҚР-ның еңбек заңнамасын, оның ішінде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыру саласында, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында және халықты жұмыспен қамту саласында ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізіледі. 

Іріктеп тексеру

Ішінара тексерулер, объективті және субъективті өлшемдер арқылы, «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына сәйкес, жүргізіледі.

Тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады.

Ішінара тексеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді.

Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:

      1) тексеру нәтижесінде және бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

      2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

      5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;

      6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не зиян келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

      7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн субъектi азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;

      8) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін субъектінің өтінішіне байланысты қайта тексеру;

      9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

      10) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;

      11) тексерiлетiн субъектiнiң «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен қызметтi немесе белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруi;

      12) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеу және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері негіздер болып табылады.

Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.

Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.

Бақылаудың өзге нысандары, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 905 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бірлескен бұйрығымен бекітілген, бақылау субъектісіне бару өлшемдерінің негізінде жүзеге асырылады.

Бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша, бұзушылық анықталғанда, ішінара және жоспардан тыс тексерулерге қарағанда, бақылау субъектісіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаусыз нұсқама шығарылады.

Тексерулер және бақылаудың өзге нысандары тексеру тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

Тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерді, мемлекеттік кіріс органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулерді тағайындау туралы актілер тіркелуге жатпайды.

Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.

Бақылау және қадағалау органдары мынадай:

      1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге (объектiге) бару;

      2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;

      3) тексерiлетiн субъектiнiң ҚР-ның заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi тексерiлетiн субъектiнi тексеру болып табылады.

Тексерулер көлемі бойынша:

      1) кешенді – тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін ҚР-ның заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша тексеру;

   2) тақырыптық – тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін ҚР-ның заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру болып бөлінеді.

Мысалдар:

  1. Мемлекеттік еңбек инспекциясына жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартының жасалмағаны, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмегені және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартқаны туралы жұмыскерден шағым түсті. Бұл жағдайда еңбек қатынастарын, еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету  мәселелерін қамтитын кешенді тексеру жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік еңбек инспекциясына есептелген жалақының мөлшерімен келіспеген мәселесі бойынша жұмыскерден арыз түсті. Бұл жағдайда, арызда еңбек туралы мәселелердің бұзылғаны көрсетілгендіктен, инспектор еңбек шартының болуы, оның мазмұны, белгіленген жалақының мөлшері және оған қосымша ақы, жұмыстың ұзақтығы, жұмыс уақытын есепке алу табелі және жалақыға қатысты басқа да мәселелерді (аванс, ұстап қалу) тексеру мақсатында тақырыптық тексеріс өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі. БАПТАР бойынша практикалық толық ТҮСІНДІРМЕ. Осы жерден ҚАРАҢЫЗ



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль