Справочник кадровика

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру

  • 21 сентября 2018
  • 1890
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 202-бабымен реттеледі. Еңбек кодексіне практикалық түсініктеме ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігін егжей-тегжейлі қарастырады

Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Егер олар өндірістік емес объектілер болып табылса, онда денсаулық сақтау, мәдениет, орта білім, орта арнаулы білім беру салалары және спорттық мекемелер қызметкерлерін аттестаттауды өткізу керек пе?

Кәсіпорындағы ішкі бақылау

Ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтауға ішкі бақылауды жүргізу, жұмыс берушінің міндеті болып, еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау саласында мамандардың қатысуын, ал белгілі бір жағдайларда арнайы бөлімшені құруды талап ететін, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік факторлардың мониторингі, кәсіптік тәуекелдерді басқару және бағалау бойынша белгілі бір міндеттер мен шараларды жүзеге асыруды көздейді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі деп аталатын, бұл бөлімше, жұмыскерлерінің саны елуден асатын,өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда құрылуға тиіс.

Бұл ретте, «өндірістік қызмет» ұғымы ҚР ЕК және ҚР-ның басқа заңнамалық актілерінде жоқ, соған байланысты жұмыс берушінің қалауы бойынша түсіндіріледі, бірақ, көптеген кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі құрылмайды.

Дегенмен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген, Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларында, өндірістік объектілер ұғымына, олардың өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек тұрған өндірістік бөлімшелері екенін түсіндіретін анықтама берілген.

Тиісінше, өндірістік қызметті, өнімді шығаруға және дайындауға, пайдалы қазбаларды әзірлеуге, өндіруге және өңдеуге, және құрылысқа байланысты қызмет ретінде түсінуге тиіс.

Осы тармақтың ережелеріне сәйкес, жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.

Қызмет ұйымның бірінші басшысына немесе оның өкілетті тұлғасына бағынады, өзінің дәрежесі бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі. Қызметті ұйымның бірінші басшысы тағайындаған адам басқарады.

Қызметтің құрылымы мен санын, ұйымда жұмыс істейтіндердің санына, сондай-ақ өндірістің қауіптілігі мен зияндылығына байланысты, жұмыс берушінің өзі белгілейді.


Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау 

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.

Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметін құрған кезде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1020 бұйрығымен бекітілген, Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені басшылыққа алу қажет. Үлгілік ереженің негізінде, өндірістің ерекшелігін, жұмыскерлердің санын, еңбек жағдайларын, өндірістің зияндылығын және басқа да факторларды ескере отырып, жұмыс беруші Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы ережені әзірлейді және бекітеді, оның жұмысын, құрылымын, санын, негізгі мақсатын, ҚР Еңбек Кодексі сәйкес, мамандарының құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің қажетті саны еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты мен міндеттері бойынша жұмысты орындайтын уақыт нормативтері есебінің негізінде белгіленеді және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 604-ө-м бұйрығымен бекітліген, Ұйымдарда (кәсіпорындарда) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің жұмыскерлер санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


ТҮСІНІКТЕМЕ:

Жұмыскерлерінің саны елуден асатын ұйымда, ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізіп, не еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктей отырып, ұйым қызметінің ерекшелігін, жұмыскерлер құрамының санын, құрлымдық бөлімшелердің санын және т. б. Ескеруге тиіс.

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктеу БА талаптарын ескере отырып, лауазымдарды қоса атқару ретінде жүргізілуі мүмкін.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Құрылыс компаниясында 1000 адам бар. Еңбекті қорғау қызметі 20 адамнан құралады. Білімді тексеру бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (ТЖІК) құрылған. ТЖІК мүшелері Атырау қаласы Еңбекті қорғау департаментінің жанында білімдерін тексеруден өткізілді. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлердің еңбекті қорғау бойынша білімдері Еңбек департаментінде тексерілуден өткізілуге міндетті ме немесе олардың білімдерін тексеру компания ішінде өткізілгені жеткілікті ме?

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе маман:

1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарап-тексеруге;

2) қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.

5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман:

1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізуге және олардың алдын алу іс-шараларын әзірлеуге және оларды тұрақты сақтау үшін ұйымның электрондық дерекқорына енгізуге;

2) ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;

3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

ТҮСІНІКТЕМЕ:

 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің, ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың ішкі бақылауын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиімді орындауға бағытталған кең ауқымды құқықтары мен міндеттері бар.

Бұл, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары, сондай-ақ осы міндеттер жүктелген адамдар, ҚР ЕК 182-бабында көрсетілген, жұмыс берушінің міндеттерін жүзеге асыратынына негізделеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларын ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің барлық жұмыскерлері белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Жұмыс берушінің кәсіпорнында кәсіптік тәуекелдерді басқаратын автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болуы керек, оның мақсаты:

  • кәсіпорында туындайтын қауіпті жағдаяттарға жедел жауап қату;
  • дер кезінде бағалау және кәсіптік тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды әзірлеу;
  • өндірістік жарақат, кәсіптік аурулар және еңбек жағдайлары туралы статистикалық ақпаратты үнемі сақтау.

★Мәртебе★

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесі

С. Ғ. Бисақаев

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бас директоры, техника ғылымдарының докторы, Астана қ.

Шағын бизнес саласында

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жеке немесе заң тұлғалармен шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

ТҮСІНІКТЕМЕ:

Жұмыс беруші, шағын кәсіпкерлік субъектінің қызмет түріне және оның жұмыскерлерінің санына қарамастан, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ҚР ЕК нормаларына толық сәйкестендеріп ұйымдастыруға міндетті. Бұл талапты, еңбек қауіпсіздігі және еңбек гигиенасы саласына қатысты, арнайы білімі бар жұмыскерсіз орындау, – қиындық туғызады. Негізінде, шағын кәсіпкерліктің көптеген субъектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құруға немесе штатқа еңбекті қорғау маманын енгізуге мүмкіндігі жоқ.

Ірі компаниялармен қатар, шағын кәсіпкерлік секторында жұмыскердің қауіпсіз еңбекке құқықтарын қорғау бойынша ұйымның мәселесін, ұйым мәселелері бойынша аутсорсингке (қызметтің осы бағыттарында мамандандырылған басқа компанияға белгілі жұмыстарды немесе процесстерді беру)  мамандандырылған ұйымды тарту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру немесе ұйымдағы жұмыс тәртібін және атқаратын қызмет көлемін (нұсқама, оқыту, еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеу және т. б.) көрсете отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның қызмет көрсетуі туралы шарт жасасу арқылы шешуге болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі  БАПТАР бойынша практикалық толық ТҮСІНДІРМЕ. Осы жерден ҚАРАҢЫЗ

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться