Ұйымда әскери есепке алуды жүргізу

8
Ұйымда әскери есепке алуды жүргізу
Вазенмиллер Елена Геннадьевна
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», руководитель подразделения юридической службы КГКП «Региональный центр переподготовки и повышения квалификации государственных служащих» акимата Костанайской области, г. Костанай
Ұйымда әскери есепке алуды жүргізу, негізгі міндеттер және нормативтік құқықтық құжаттар.

Кәсіпорындарда әскери есепті жүргізу мемлекеттің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылушыларды және әскери міндеттілерді тиімді пайдалану мүддесінде анықтау үшін қажет.

 Әскери есепке алудың мақсаттары мен міндеттері

Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери есепке алу Қазақстан Республикасының келесі заңдарына сәйкес ұйымдастырылады:

·      «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 127-I (2015.28.10 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен);

·      «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29-III (2017.11.07 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен);

·      «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV (2017.11.07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

·      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV (2017.11.07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Әскери есепке алу тәртібін айқындайтын негізгі нормативтік құқықтық құжат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидалары болып табылады (бұдан әрі ­– Әскери есепке алу қағидалары). 

Әскери есепке алудың мақсаты мемлекеттің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді тиімді пайдалану мүдделерінде олардың бар болуын айқындау болып табылады.

Әскери есепке алудың негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрі азаматтар) әскери қызметке шақыруды және Қазақстан Республикасында жұмылдыру жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдасқан түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер ресурстарының сандық және сапалық құрамдарын айқындау;

      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтауды және жұмылдыра өрістетуді қамтамасыз ету үшін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар қатарынан әскери мамандарды даярлау және жинақтау;  

      3) азаматтардың Әскери қызмет туралы заңды және Әскери есепке алу қағидаларының орындауына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Ал енді «əскерге шақырылушы» және «әскери міндетті» ұғымдары нені қамтиды, соны көрейік.

Әскери қызмет туралы заңға сәйкес:

1) əскерге шақырылушылар – жергілікті əскери басқару органдарының əскерге шақыру учаскелеріне тіркелген жəне мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары (1-бабының 6) тармақшасы);

2) əскери міндеттілер – əскери есепте тұратын жəне əскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары (1-бабының 22) тармақшасы);

Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы Әскери қызмет туралы заңының 25-ші және 42-баптарында айқындалған.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:

      1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;

      2) осы Заңға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдарды;

      3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатады.

Әскери міндеттілерді әскери есепке алу жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы әскери есепке алуда жұмылдыру кезеңіне, соғыс жағдайына және соғыс уақытына мемлекеттік органдар мен ұйымдарға броньға қойылмаған әскери міндеттілер тұрады.

Арнайы әскери есепке алуда мемлекеттік органдар мен ұйымдарға броньға қойылатын әскери міндеттілер тұрады.

Әскери есепке алуды жүргізу: жұмыс берушінің міндеті

Әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың әскери есепке алуын жүргізуді заңды тұлғалар № Т-2 нысанында бекітілген жеке карточкалар бойынша жүзеге асырылады (1-қосымша).

Әскерге шақырылушыларға бекітілген нысан бойынша мерзімді әскери қызметке даярлануға тиіс жасөспірімдердің қосымша тізімі жүргізіледі (2-қосымша).

Заңды тұлғалардың әскери есепке алуды жүргізуіне жалпы басшылық етуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі –­ ЖӘБО) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына (2017.18.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес жүзеге асырады.

Ұйымдардың басшылары жеті жұмыс күнінің ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖӘБО-на әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылар мен әскерге шақыру жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды ұсынады.

ЛУПА Ұйымдағы әскери есепке алудың жағдайына басшы жауапты.

Әскери есепке алу тұрақты түрде жүзеге асырылуға тиіс және запастағы азаматтарды, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды қамтуы тиіс.

Әскери есепке алу қағидаларының 70-тармағына сәйкес заңды тұлғалар әскери есепке алуды жүзеге асыруы үшін бірінші басшының бұйрығымен әскери есепке алуды жүргізу үшін жауаптылар тағайындалады (3-қосымша), оларға:

      1) жұмысқа (оқуға) қабылдау кезінде әскери міндеттілерде әскери билеттердің немесе уақытша куәліктердің, ал әскерге шақырылушыларда тіркеу туралы куәліктердің бар болуын тексеру. Көрсетілген құжаттарды алу қажет болған жағдайда азаматтарға қолхат беріледі;

      2) жұмысқа (оқуға) қабылданатын азаматтардың әскери есепте болуын айқындау. Әскери есепте тұрмайтын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар олар тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғаннан кейін жұмысқа (оқуға) қабылданады;

      3) жұмыс істейтін (білім алатын) азаматтарды толық және сапалы әскери есепке алуды қамтамасыз ету;

      4) жыл сайын жеке карточкаларды аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-сының әскери есепке алу құжаттарымен салыстырып-тексеру, ол туралы жеке карточкаларда тиісті белгі жасалады;

      5) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға әскери міндеттілерді броньға қоюды ресімдеу;

      6) жыл сайын 1 қыркүйекте ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға 15-16 жастағы азаматтардың тізімдерін және 1 желтоқсанда әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс азаматтардың тізімдерін ұсыну;

      7) азаматтардың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-ға шақырту (шақырту қағазы) бойынша уақтылы келуіне мүмкіндік жасау;

      8) ай сайын 25-і күні ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғалар жұмысқа (оқуға) қабылданған немесе жұмыстан шығарылған (оқу орындарынан шығарылған) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар тізімін беру (4-қосымша);

      9) жыл сайын 15 ақпанда (1 қаңтардағы жағдай бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына жұмыс істейтін (оқитын) әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың саны туралы мәліметтерді жіберу осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі (5-қосымша);

      10) әскери міндеттілерді, әскерге шақырылушыларды әскери есепке алудың және броньға қоюдың жай-күйін тексеру журналын жүргізу жүктеледі (6-қосымша).

Әскери қызмет туралы заңының 17-бабының 1-тармағына және 27-бабының 4-тармағына сәйкес əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:

1) әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;

2) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды беруге;

3) əскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген жəне азаматтарды əскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге;

4) әскерге шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуiн ұйымдастыруға міндетті.

 ВАЖНО Әскери есепке алуды жүргізу бойынша белгіленген талаптарды сақтамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №10  оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль