text
Справочник кадровика

Фирмалық бланк – ұйымның визит карточкасы

  • 9 октября 2018
  • 232
Master of Business Administration, профессиональный бухгалтер-практик.
Фирмалық бланк – ұйымның визит карточкасы

Мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес фирмалық бланкіні жасау және ресімдеу қағидаларын қарастырамыз.

Фирмалық бланк жұмыскерлердің визит карточкалары сияқты, ұйымға, оның құрылуынан бастап, оған қажетті  құралының рөлін атқарады. Бланкілерде ішкі құжаттарды, шығыс хаттарды, келісімдерді және есептерді ресімдейді.

Ұйымның фирмалық бланкісінің болуы кәсіпорын туралы жағымды пікір қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан, осы құралдың дизайнына ерекше назар аудару қажет.

Ұйымның фирмалық бланкісінің құрылымы және дизайны

Фирмалық бланкінің келесі құрылымы бар:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблема, логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) (бар болғанда).

2. Ұйымның ресми атауы.

3. Байланыс деректері:

-мекенжайы;

-телефон/факс;

-электронды поштасы;

-сайт (бар болғанда).

4. ЖСН/есепке қою себебінің коды (ҚСК)

5. Төлем деректемелері.

Фирмалық бланк – ұйымның визит карточкасы

Фирмалық бланк белгілі бір міндетті және қосымша элементтердің тізбесін  қамтиды. Мәселен, фирмалық бланкінің ең маңызды құрылымдық бөліктерінің бірі  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблеманың, логотиптің, тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісінің) немесе өзге де фирмалық рәміздердің бейнесі болып табылады.

★Бұйрық фирмалық бланкіге шығарыла ма? Қызметкерді бұйрықпен таныстыруды сырт жағына ресімдеуге бола ма?★

Бұйрықтармен құқықтық сипаттағы, сондай-ақ жедел, ұйымдастыру, кадр бойынша (жұмысқа қабылдау, ауыстыру, міндеттерді қатар атқару, жұмыстан босату; аттестаттау, біліктілігін арттыру, атақ беру; тегін ауыстыру; көтермелеу, марапаттау, тәртіптік жаза қолдану; еңбекақы төлеу, сыйақы беру, түрлі төлемдер; қызметкерлер демалысының барлық түрлері; негізгі қызмет бейіні бойынша кезекшіліктер, іссапарлар) және ұйым жұмысының басқа да мәселелері жөніндегі шешімдер осы Үлгілік қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

Сонымен қатар, фирмалық бланкіде ұйым деректемелерінің блогы болуы тиіс, онда оның байланыс деректері көрсетіледі.

Бланкіде  деректемелер Құжаттама жасаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес құжат деректемелерінің орналасу сұлбасына сәйкес белгілі бір реттілікпен орналасады.

Құжаттарды қағаз парақтарында дайындау кезінде:

1) құжатты шығарған ұйымның ресми атауы;

2) хаттардан басқа құжат түрінің атауы;

3) құжаттың күні;

4) құжаттың тіркеу нөмірі;

5) құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, қолы және қолының толық жазылуы;

6) мөр бедері көрсетіледі.

Құжаттардың бланкілері А4 немесе А5 форматты қағаздың ақ парақтарында дайындалады (А4 (210 х 297 мм), А5 (148 х 210 мм)).

Бланкіде және онсыз рәсімделген құжаттың әрбір парағының жиектері кемінде:

- сол жағынан - 20 мм;

- оң жағынан - 10 мм;

- жоғарғы жағынан - 10 мм;

- төменгі жағынан - 10 мм болуы тиіс.

Екі жақты басып шығару кезінде құжат парағының сыртқы жағының жиектері кемінде:

-сол жағынан - 10 мм;

- оң жағынан - 20 мм;

- жоғарғы жағынан - 10 мм;

- төменгі жағынан - 10 мм болуы тиіс.

Ұйымда құжаттардың келесі бланкілері қолданылады:

1) осы Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес хаттың бланкісі;

2) осы Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нақты құжат түрінің бланкісі;

3) осы Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жалпы бланкісі.

Құжаттардың бланкілері типографиялық тәсілмен, жедел полиграфиялық құралдардың көмегімен немесе құжатты дайындау кезінде тікелей басылып шығарылады.

Құжаттардың бланкілерін басқа да корпоративтік атрибуттарды (визиткалар, қалталар, күнтізбелер) жасаумен қатар дайындаған жақсы, ол бірыңғай стилді сақтауды, әлеуетті клиенттер мен серіктестердің компания туралы жағымды пікірлерін тудыруға мүмкіндік береді.

Хат бланкісі – компанияның сайт немесе визит карточкасы сияқты беделді құралы, сондықтан оны ұқыпты ресімдеу керек.

Өкімдік құжаттардан басқа, ішкі құжаттар ақ қағаздарда жасалынады.

Қалауы бойынша деректемелер блогына сондай-ақ банктік шоты туралы ақпарат қосылады, бірақ бұл фирмалық бланкінің қосымша элементі болып табылады. Сонымен қатар, фирмалық бланкідегі жекелеген позициялар құжаттың күні,  тіркеу нөмірі, атауы және мәтіндік блогы үшін көрсетіледі.

Компанияның атауы кейде жеке көрсетіледі, бірақ көбінесе оны компанияның логотипі немесе басқа фирмалық эмблемасына қосады.

Дереккөз: «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2017 жылғы №10

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться