Шетелдіктердің қазақстанда орнын ауыстыру туралы хабарламалар: қарапайым қағидалар ¬– күрделі сұрақтар

1
Шетелдіктердің қазақстанда орнын ауыстыру туралы хабарламалар:  қарапайым қағидалар ¬– күрделі сұрақтар
Емельянова Лариса Анатольевна
старший юрист Юридической компании «AEQUITAS», г. Алматы
Қазақстан аумағында шетелдіктің келгені және орнын ауыстыру туралы көші-қон органдары хабарламаларының жалпы және даулы мәселелері.

Көші-қон заңнамасының маңызды, бірақ аз танымал және аз орындалатын талаптарының бірі Қазақстан аумағында шетелдіктің келгені және орнын ауыстыру туралы көші-қон органдарының хабарламасы болып табылады. Мақалада заңнаманы сақтай отырып беретін көші-қон органдары хабарламаларының жалпы және даулы мәселелерін қарастырамыз.

Сол арада «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V кодексіне осындай талаптарды орындамағаны үшін жауаптылықты көздейтін өзгерістер дайындалуда.

Қазақстанда шетелдікт қабылдайтын компаниялар немесе азаматтар ішкі істер органдарына (бұдан әрі – ІІО) үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасында шетелдіктің келесі орын ауыстырулары туралы хабарламалар жіберуге міндетті:

1) көшіп келушінің келгені туралы (бұдан әрі – № 1 хабарлама):

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының (2017.11.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі ­– Халықтың көші-қоны туралы) 6-бабының 4-тармағы;

·      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларының 2-тармағы (бұдан әрі ­– паспорттарды тіркеу қағидалары);

·      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларының 9-тармағы (2017. 07.06 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі ­– Келу қағидалары)

СЛОВАРИК

Көшіп келуші деп Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам түсініледі (Халықтың көші-қоны туралы заңның 1-бабының 8) тармақшасы).

ВНИМАНИЕ Көрсетілген мерзімдерді есептеу көшіп келуші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен немесе қабылдаушы адамға келген тәуліктің 00.01 сағатынан басталады (Келу қағидаларының 9-тармағы).

2) Қазақстан Республикасында көшіп келушінің уақытша тұрғылықты жерін өзгерту туралы (бұдан әрі ­– № 2 хабарлама):

·      Келу қағидаларының 10-тармағы;

·      Паспорттарды тіркеу қағидаларының 13-тармағы;

3) көшіп келушінің Қазақстан Республикасының басқа аймағына күнтізбелік бес күннен астам мерзімге кетуі туралы (бұдан әрі – № 3 хабарлама):

·      Паспорттарды тіркеу қағидаларының 13-тармағы;

Көші-қон органдарының хабарламасы бойынша

 даулы мәселелер

Бір қарағанда көші-қон органдарының хабарламалары бойынша қарапайым талаптар қабылдаушы адамдарда заңнаманы нақты орындауға маңызды бірқатар сұрақтар тудырады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (бұдан әрі – Департамент) берген жазбаша түсіндірмені ескере отырып, олардың ішіндегі ең өзектілерін қарайық.

ВНИМАНИЕ Барлық даулы жағдайларда заңнамалық талаптарды барынша кеңінен түсіндіру және барлық жағдайларда жұмыс беруші мен шетелдік қызметкер үшін ықтимал қолайсыз салдарын ескерту мақсатында ІІО-н хабардар ету тиімді болады деп санаймыз.

ВОПРОС ІІО-ын қабылдаушы адамға шетелдіктің бастапқы келгені туралы ғана хабарлау керек пе әлде оны әрдайым ол іссапардан, еңбек демалысынан оралған сайын хабарлап тұру тиіс пе?  

Жоғарыда келтірілген нормативтік құқықтық актілерден шетелдіктің келгені туралы хабарламаны қабылдаушы тұлғаның жіберуі оның уақтылы тіркелгенін бақылауға байланысты екенін білдіреді. Бұл шетелдік тіркелген болса және оның қайта тіркелуі талап етілмеген жағдайда (мысалы, егер шетелдік тіркеу жері бойынша  күнтізбелік бес күн ішінде болмаған жағдайда) қайталап хабарлама жіберу қажеттігі туралы сұрақ туғызады.

Біздің ойымызша, хабарламаның бақылау функциясы шетелдіктің барлық жағдайларда келгенін хабарлауды көздейді (бастапқыны да, одан кейін де уақытша шығуды). Департамент те ІІО шетелдік әр спардан оралған кезде хабардар болуы тиіс деген пікірді ұстанады.

ВОПРОС Шетелдіктің сапары және іссапар уақытына басқа қалада қонақ үйде немесе жалдамалы пәтерде тұрғаны оның уақытша тұрғылықты жерін өзгертуі ретінде қаралады ма? Солай болса, онда ІІО-на шетелдіктің іссапарға кез келген күндер санына, оның ішінде күнтізбелік бес күнге дейін, немесе Паспорттарды тіркеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес күнтізбелік бес күннен астам уақытқа кететіні туралы хабарлау керек пе?

Бұл мәселеде Департаменттің пікірі бастапқы нормативтік құқықтық реттеу ретінде бірмәнді емес.  

Бір жағынан, шетелдіктің іссапар, демалыс кезінде басқа қалада қонақ үйде тұрғаны уақытша тұрғылықты орнының өзгеруіне жатады. Демек, № 2 хабарлама іске қосылады.

Екінші жағынан, Департамент «шетелдіктің Қазақстан Республикасының басқа аймақтарына іссапарға шығуы туралы хабарлама ішкі істер органдарына бастапқы болған жері бойынша, егер сапардың жиынтық мерзімі күнтізбелік бес күн болған жағдайда ғана жіберіледі» деп түсіндіреді, яғни нақты № 3 хабарламаны ғана қолданады.

ВОПРОС  ІІО-на шетелдіктің шығуы туралы ғана хабарлау керек пе әлде сондай-ақ іссапар аясында басқа қалаға келуі туралы да хабарлау қажет пе?

Департамент тікелей жауап бермеді. Алайда, егер хабарламалар туралы талаптарды кеңінен талқыласа, сондай-ақ алдыңғы сұрақтарға берілген жауаптарды ескерсек, онда басқа қалаға келуі туралы да хабарлау керек.

ВОПРОС Хабарламаларды кім жіберуге тиіс:  

·      шетелдікті қабылдаушы заңды тұлға (жұмыс беруші);

·      шетелдік іссапарға жіберілген заңды тұлға;

·      үйінде шетелдік тұрған адам;

·      жаңа мекенжай бойынша шетелдік уақытша үйінде тұратын адам?

Халықтың көші-қоны туралы заңның 1-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес қабылдаушы тұлға деп көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға түсініледі.

Халықтың көші-қоны туралы заңындағы шектелген қабылдаушы адамдардың анықтамасына қарамастан, хабарламалардың мәселелеріне қатысты ол кең түсіндірілуі де мүмкін (сондай-ақ келесі сұрақтың жауабын оқыңыздар).

ВОПРОС Егер шетелдік Қазақстан Республикасына визасыз режимде жүрсе, оны шақырған заңды тұлға (жұмысқа, келіссөз жүргізуге және т.б.) оған қатысты хабарлама жіберуге тиіс пе?

Алдыңғы сұраққа берілген жауапта көшіп-қонушыларды Қазақстан Республикасына шақырған адамдар қабылдаушы болып табылатыны туралы жазылған.

Шетелдік Қазақстанға визасыз кірген жағдайда көшіп-қонушыны Қазақстан Республикасына уақытша тұруға шақыру туралы қолдаухат жүзеге асырылмайды.

Ондай қолдаухат (яғни, шақырушы тараптың, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге ниеті бар виза алушылардың жазбаша өтініші) визаны беру үшін ғана жазылады.

Бұл Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының (бұдан әрі – Визаларды беру қағидалары) 3-тармағының 13) тармақшасында белгіленген «қолдаухат» терминінің анықтамасында көрсетілген.

Департаменттің айтуынша, шетелдіктің (мысалы, Еуразиялық экономикалық одақ азаматының (Обұдан әрі – ЕАЭ) немесе іскерлік мақсаттармен қызметтік іссапарда жүрген  шетелдіктің) визасыз жүргені қабылдаушы тұлғаны ІІО-ына хабарлама беруден босатпайды. Халықтың көші-қоны туралы заңның 1-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес қабылдаушылар деп шетелдік визасыз кірген жағдайда оның тұруына орын беретін тұлғалар түсініледі.

Осылайша, егер тар түсінікті қолданатын болсақ, онда шетелдік визасыз кірген жағдайда, оны шақырған компания ІІО-на хабарлауға міндетті емес. Мұндай міндеттеме шетелдікке тұратын орын берген адамға жүктеледі.

Сонымен қатар, Паспорттарды тіркеу қағидалары және Кіру қағидалары «қабылдаушы тұлға» деген анықтаманы қамтымайды. Сондықтан шетелдік жұмыс істейтін немес уақытша іссапарда болатын заңды тұлғаларды қоса отырып, хабарлама беру мақсатында  Қазақстанның әр аймағының ІІО-да «қабылдаушы тұлға» ұғымының түсіндірмесі кең ауқымды қолдануы мүмкін.

ВОПРОС Шетел азаматы (оның ішінде ЕАЭО елдерінің азаматы) тұрғылықты жерін ауыстырған кезде, жұмыс уақытынан тыс кезде Қазақстан аумағында жеке істері бойынша жүргенде, қабылдаушы адам оның жеке конституциялық құқықтарын бұзбай, қандай заңды әдістермен оның жеке өмірін бақылауға құқылы?

Шетелдіктің орын ауыстыруы туралы  хабарламаны жіберу үшін, қабылдаушы тұлғада ол туралы ақпарат болуы тиіс. Шетелдіктер үйінде тұратын азаматтар оны іссапары туралы білмеуі де мүмкін; ал жұмыс беруші компания жұмыскердің еңбек демалысы кезінде қайда кеткенін білмеуі де мүмкін.

Кез келген тұлғаның, оның ішінде шетелдіктің, жеке өміріне және отбасылық құпиясына қол сұғылмаушылық құқығы конституциялық нормалармен қорғалған.

Жұмыс уақытынан тыс еңбек шартын бұзу кезінде немесе ол болмағанда (мысалы, шетелдік келіссөзге келген жағдайда) қабылдаушы компания шетелдіктің орын ауыстыруларын заңды түрде  үнемі  бақылай алмайды. Ал тұрғын үйді жалға берушінің мұндай құқықтық мүмкіндіктері одан да аз. Осындай жағдайларға қатысты Департамент мынаны түсіндіреді: тұрғылықты жерін ауыстыру, кету (іссапар, демалыс) туралы хабарлама деп шетелдіктердің конституциялық құқықтары бұзылмай жүзеге асырылатын орын ауыстырудың белгілі фактілерін хабарлау бойынша қабылдаушы тұлғалардың іс-әрекеттері түсініледі.

Бұл түсініктеме ІІО тарапынан қабылдайтын тұлғаларға олардың заңды негізде қажетті ақпаратты беруді қамтамасыз етпегені туралы шағым түсіру қаупін жоймайды.

Осындай тәуекелді болдырмау үшін шетелдіктердің жеке құқықтарын бұзбай, қабылдаушы адамдарды тексеруші органдарының негізсіз шағымдарынан қорғайтын құжаттарды (шетелдіктердің міндеттемелерін, келісім шарттарды, жұмыс берушінің актілері және т. б.), әзірлеу ұсынылады. 

ВОПРОС ІІО хабарламалар жіберуі Қазақстан  Республикасының уәкілетті органдарына басқа да мәліметтерді жіберуден және  шетел азаматын қайта тіркеуден босатады ма?

ІІО хабарламаларынан басқа заңнама мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың басқа да түрлерін көздейді, оның ішінде:

- халықты жұмыспен қамту саласындағы хабарламалар: «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңына (2017.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасына шетелдіктердің кіруі; біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың негізінде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және еңбек қарым-қатынастарын тоқтату үшін шетелдіктерді жалдау туралы; жалданған шетелдік жұмыс күші туралы статистикалық есептер;

     - шетелдіктерді тіркеу, сондай-ақ белгіленген мерзімде олар уақытша тұрған жерін өзгерткен кезде оларды қайта тіркеу.

Қабылдаушы тұлғалардың хабарламаны ІІО-на жіберуі шетелдіктер мен қабылдаушы тұлғаларды мемлекеттік органдарды хабардар етудің басқа түрлерін, оның ішінде тіркеу және қайта тіркеуді сақтау қажеттігінен босатпайды.

ВНИМАНИЕ Уақытылы тіркеу (қайта тіркеу) шетелдіктер өздерінің ғана міндеті емес. Шетелдіктерді қабылдаушы тұлғалар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уақытылы тіркеу бойынша,  олардың Қазақстан Республикасында болуы,  сондай-ақ олардың  белгіленген мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан шығу құқығына құжаттарды ресімдеу шараларын қолданбағаны үшін жауаптылықта болады. 

ВОПРОС Шетелдіктердің орын ауыстыруы туралы қандай нысан бойынша ресімдеу тиіс?

Паспорттарды тіркеу қағидаларының 2-ші және 13-тармақтарына сәйкес № 1, 2 және 3-ші Хабарлама Паспорттарды тіркеу қағидаларының 1-қосымшасында көзделген нысан бойынша жіберіледі.

Алайда, бұл нысан хабарламаның жекелеген жағдайларына бейімделмеген. Атап айтқанда, нысан шетелдіктер келген жеке тұлғаның атынан жасалады, яғни қабылдаушы жеке тұлға жағынан № 1  Хабарламаға ғана есептелген.

Сонымен қатар № 2 және 3 Хабарлама Паспорттарды тіркеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес сондай-ақ осы нысан бойынша жіберілуі тиіс. Бұл ретте қабылдаушы тұлғалар жеке тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалар да болуы мүмкін және шетелдікті қабылдаушы адам ғана емес, сонымен бірге шетелдіктерді еңбек немесе бизнес мақсатында шақырған  компаниялар да болуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда хабарламаның нысаны туралы Паспорттарды тіркеу қағидаларының талаптарын орындау мүмкін болмағандықтан, хабарлама осы нысанның негізінде дайындалады, бірақ заңнаманың талаптарына сәйкес ІІО-на хабардар етілуге тиіс мәліметтермен толықтырылып.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 10 оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль