Қауіпсіз жұмыс істеу жақсы

1
Қауіпсіз жұмыс істеу жақсы
Едильбаева Л. И.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", директор департамента охраны здоровья, труда и производственной безопасности Евразийской корпорации природных ресурсов «ENRC», г. Астана
Еуразиялық топтағы еңбек пен қауіпсіздік техникасын ұйымдастырудың жоғары стандарттары еңбекті қорғауды басқару жүйесін қамтамасыз етеді. Мақала авторы көпсанды (60 мыңдай адам) еңбек ұжымының еңбекті қорғау процестеріне қалай тартылатынын әңгімелейді

Құрамына «Казхром» ТҰК» АҚ, «ССГПО» АҚ, «Алюминий Казахстана» АҚ, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ, Павлодар машина жасау зауыты, «ТрансКом» көліктік тобы сияқты республикадағы тау - кен - металлургиялық және энергетика саласындағы аса ірі кәсіпорындары кіретін Еуразиялық топ (бұдан әрі  – ERG), біздің қызметкерлер мен мердігерлер жұмысының қауіпсіздігін арттыру саясатын жалғастыруда. Біз өз компаниямыздағы барлық бөлімшелерде қауіпсіздік мәдениетін дамытуға пейілділікті сақтаймыз, бұл жерде әркім нөлдік жарақаттанушылыққа қол жеткізуге жәрдемдесуі тиіс.

Төрт басымдық

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы стратегияны енгізу төрт негізгі басымдықты қамтиды:

– еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай корпоративтік жүйесінің элементтерін жетілдіру;

– бүкіл ұйымның еңбекті қорғау мәселелеріндегі пейілділігі мен құзіреттілігін қамтамасыз ету;

– тәуекелдерді бағалау негізінде іс - шаралардың тиімділігін арттыру;

– өнім берушілермен және мердігерлермен тиімді өзара әрекеттестік.

Еуразия Тобының жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті арттыру жөніндегі «Луч» бағдарламасының шеңберінде Компания Басқарушысының еңбекті қорғау бөлімі ағымдағы жылдың сәуір айында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін бағалауды өткізді. Сауалнама қауіпсіздіктің барлық аспектілерін қамтыған 24 сұрақтан құралды және шартты түрде 3 тарауға бөлінді:

– құрылым көшбасшылығы, процестер мен әрекеттердің элементтері;

– көшбасшылық пен жауапкершілік, персоналдың тартылуы, уәждеме, көрсеткіштерге қанағаттанушылық, еңбекті қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі – ЕҚБЖ) элементтерінің бизнес - процестерге интеграциялануын бағалау;

– оқыту сапасы, жабдықтар қауіпсіздігін бағалау және т. б.

  2016 жылдың соңында жұмыскерлермен жүргізілген сауалдама нәтижелері бенчмаркпен, яғни тау - кен - өндіруші және металлургиялық салалардағы еңбек қауіпсіздігі бойынша ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізген дүниежүзілік компаниялардағы сауалдама нәтижелерімен салыстырылды.

Мәдениет деңгейі қауіпсіздік

Тұтастай алғанда Еуразиялық Топ бойынша қауіпсіздік мәдениетінің деңгейі 63 балл белгісінен 74 балл белгісіне дейін көтерілді. Бәрінен де жақынырақ  бенчмаркқа – «жасыл аймаққа» қарай, біз мынадай элементтерде қол жеткіздік:

– жауап бергендердің 97 % - ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) бойынша мақсаттар мен ағымдағы көрсеткіштерді біледі;

– олардың 24 % - ы өз кәсіпорнының біздің саладағы басқа компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы көрсеткіштерін біледі;

– респонденттердің 93 % - ы қауіпсіздік бойынша сапалы және жеткілікті оқытудан өттік деп есептейді (2011 жылы бұлай деп тек 76 % - ы ғана есептеген еді);

– 92 % - ы түзетімдеуші іс - шаралар мерзімінде орындалады деп есептейді;

– 92 % - ы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар әрқашан немесе әрқашанда дерлік орындалады деп есептейді.

«Сары аймақта» (біздің сауалдама нәтижелері мен бенчмарк нәтижелерінің арасындағы айырмашылық тең немесе 25 % - ға аз) мынадай элементтер орналасты:

– еңбек қауіпсіздігі жөніндегі тұрақты жиналыстардың сапасы мен тиімділігі: 2016:75 % (2011:65 %) ;

– еңбекті қорғау қызметі жұмысының тиімділігі – 2016:75 % (2011: 68 %);

– еңбек қауіпсіздігі жөніндегі Комитеттер мен қосымша комитеттердің тиімділігі – 2016:73 % ( 2011 жылы: 61 %).

Еңбекті қорғау бойынша қызметке жалпы тартылу 53 % - дан до 72 % - ға дейін жақсарды, жарақаттар мен оқиғаларды болғызбауға жұмыстар мен жабдықтарды тоқтатуға, басшылық қолдауына дейін бағытталған іс - әрекеттер қабылдау уәкілеттілігі сезімінің көрсеткіші 64 % - дан до 73 % - ға дейін артты. Бұл көрсеткішті егер персонал санаттары қимасында қарастырсақ: кәсіпорындардың топ - менеджерлерінде – сөзсіз 100 % болуы тиіс болса да – 96 % болды. Өзін бәрінен де уәкілетті ретінде: «мамандар» санаты аз сезінеді – 63 % (міне, басты назарды аудару қажет жер).

Қауіпсіздік мәдениеті деңгейінің жалпы өсуі аясында «қызыл аймақта» қалған мәселелерді атап өтуге тұрады – кәсіпорында қауіпсіздікті жақсарту бойынша бағдарламаларды іске асыру басқа өндірістік мақсаттарға қол жеткізуге елеулі септігін тигізеді деп есептейтін респонденттер саны  
42 % - дан  65 % - ға дейін өсті.

Басшылар өз учаскелерінде жарақаттар мен оқиғаларды болғызбауға жауапты болады деген тұжырыммен, сондай - ақ қауіпсіздік бойынша көрсеткіштер басшылардың жұмысын бағалауға, олардың қызмет бабында алға жылжуы мен материалдық сыйақыға тікелей әсер етеді деген тұжырыммен келіспейтін респонденттер саны 4 % - ға (2011:14 %, 2016: 18 %) артты. Бұл уәждеме бойынша қалыптасқан тәсілді – тәтті тоқашқа қарағанда, қамшының көбірек екедігін тағы да бір рет растайды!

Анонимді сауалнама жүргізу персоналды уәждеу жүйесін және компанияның бірінші басшылары үшін қауіпсіздік бойынша көшбасшылық бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған біздің бастамалардың өз уақыттылығы мен арнаулылығын растады.

Материалдық және материалдық емес ынталандыру

 2016 жылы біз еңбекті қорғау саласында материалдық және материалдық емес уәждеме бойынша корпоративтік саясат әзірледік. Жеке марапат – «ЕҚжЕҚ саласында сіңірген еңбегі үшін» корпоративтік медалі, «ERG алғыс хаты», сондай - ақ Кубок – еңбек ұжымдарына профилактикалық жұмыс пен жұмыс орындарындағы жарақаттанушылықтан сақтандыруға тартуы үшін марапат тағайындалды. Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) еңбекті қорғаудың Бүкіл дүниежүзілік күніне арналған бастамасын қолдау іс - шараларының шеңберінде 2017 жылы ERG кәсіпорындарының 22 үздік жұмыскерін корпоративтік медальдармен марапаттау өткізілді.

7 және 8 желтоқсанда «Луч» бағдарламасының шеңберінде ERG басшыларын «Қауіпсіздіктегі көшбасшылық» тақырыбы бойынша оқытудың бірінші толқыны бастау алды. Басқарушы компанияның негізгі қызметкерлері, кәсіпорындар мен олардың филиалдарының бірінші басшылары қауіпсіздіктегі көшбасшылықтың нені білдіретінін, көшбасшы қандай қасиеттерді иеленуге тиіс екендігін, оның басқа жұмыскерлерден несімен ерекшеленетінін, және де стратегиялық мақсат  – «Жарқаттанулардың нөліне» қол жеткізуге ненің кедергі жасайтынын талқылады. Семинарға қатысушылардың арасында құрметтеу мен тілектестік ахуалы, оңды тәжірибемен және жеке пікірлермен алмасу өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бәрінің: өндірістік орта, персонал құзіреті, сондай - ақ ережелер мен рәсімдердің маңызды екендігін түсінудегі қосымша әдіснамалық жолбасшыға айналды.

Семинар аяқталатын кезде семинарға қатысушылардың әрқайсысына үй тапсырмасын орындау ұсынылды: «Еуразиялық Топта қауіпсіздік мәдениетін жақсартуға қол жеткізу үшін мен басқаша не істеген болар едім?» тақырыбына жеке міндеттемелер мен іс - әрекеттердің өз бағдарламасын жасау.

Уәде мен не істеймін

Топ кәсіпорындары арасында ең үздік іс - тәжірибелерді алмасу үшін  2016 жылы корпоративтікішілік оқыту тетігі бірінші рет іске асырылды.  «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ - ның 4 үздік жаттықтырушысы «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ жұмыскерлерін қауіпті мінез - құлыққа өзіндік бақылау жасау дағдыларына оқытты. Бұған Еуразиялық Топ кәсіпорындарының бірінші басшыларының қолдау көрсетуі арқасында қол жеткізілді.

Сондай - ақ біз негізгі себебі  – жіті жүрек - қан тамырлық жеткіліксіздік болатын, өліммен аяқталатын, денсаулықтың кенеттен нашарлау оқиғаларына талдау жүргіздік. ERG барлық кәсіпорындарында бұл аурулар бойынша тәуекел топтары анықталды, олар үшін кардиоскринингтен өту міндетті болды. Мұндай науқастарға өз уақытында көмек көрсету үшін біз кәсіпорындардағы денсаулық пункттеріндегі қызметкерлер мен фельдшерлерді кәсіптік көмек келіп жеткенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларына оқыту, және 2017 жылы медициналық пункттерді дефибрилляторлармен жарақтау бастамасын көтердік. Еуразиялық Топ кәсіпорындарының 200 - ден астам жұмыскері дефибрилляторлардың көмегімен практикалық тапсырмаларда жан сақтау іс - шараларының дағдыларына машықтанды. Тренингтер барысында олар автоматты сыртқы дефибрилляторларды пайдалануды үйренді. Халықаралық үлгідегі сертификаттарды алған, курстарға қатысушылар енді жаңа аспаптарды пайдалана отырып, жергілікті жерлерде проблемасыз, білікті медициналық көмек көрсете алады. 

Сәуір айының басында ERG барлық кәсіпорындарында «Уәде етемін және жасаймын» корпоративтік акциясы мәреге шықты, оның барысында жұмыскерлер өз туғандарына және жақындарына қауіпсіз жұмыс істеуге, ережелерді сақтауға уәде берді. Акцияның басты құндылығы – өз сөзін ұстау және туғандарына берген уәдесін жауапты орындау. Компания «Ерке - хан» балалар хорының орындауында авторлық ән жазды және бейнебаян түсірді. Ән барлық ата - аналарға – ERG жұмыкерлеріне арналды, оларды үйлерінде балалары күтеді, олар үшін күн сайын уайымдайды.

«Уәде етемін және жасаймын» акциясының шеңберінде Еуразиялық топта арнаулы жоба  – «Уәделер ревизоры» іске қосылды, ондағы «ревизор» – қазақстандық белгілі актер Бақытжан Әлпейісов бір айдың ішінде ERG кәсіпорындарына келіп тұрды. Ол жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын тексерді, жұмыскерлердің өз жақындарына берген уәделерін орындауын қатаң бақылады, үздік жұмыскерлердің туғандарымен танысты. Олардың әрқайсысы постер мен бейнефильмнің кейіпкеріне айналды, олар ERG барлық кәсіпорындарында трансляцияланады.

28 сәуірде Еуразиялық Топтың барлық жұмыскерлері өздеріне, өз жақындары мен бір - біріне қауіпсіздік ережелерін сақтайтындықтарына уәде етті. «Уәделер алақандары» оларға арналған адамдарға ескерткішке тапсырылды.

Осылайша, біз еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыстағы жазатайым оқиғалар мен аурулар санын қысқарту үшін күресуге шешімді екендігімізді тұрақты түрде растап отырамыз.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 8, 2017  



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль