Ауысымдық жұмыс

8
Ауысымдық жұмыс
Ауысымдық жұмыс Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 73-бабымен реттеледі. Еңбек кодексіне практикалық түсініктеме осы жұмыстың ерекшелігін және заңның осы бабын қалай түсіндіру керектігін толық түсіндіреді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 - V Еңбек кодексі (30.06.2017 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі  – ҚР ЕК73- бабына.

Ауысымдық жұмыс

1. Өндірістік процестің ұзақтығы күнделікті жұмыстың жол берілетін ұзақтығынан асатын жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.

БАПТАР БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ:

Ауысымдық жұмыс – тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы).

Ауысымдық жұмыс – ол, бір тәулікте бірнеше ауысым жұмыс істейтін, өндірістік процесс кезіндегі жұмыс. Ауысымдық жұмыс тікелей үздіксіз өндірістік процеске байланысты және ұйымда, оның ұзақтығы күнделікті жұмыстың ұзақтығынан асқанда енгізіледі.

2. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту ауысым кестелерімен белгіленеді.

БАПТАР БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ:

Ауысымдық жұмыс дегеніміз бір жұмыс ауысымынан кейін екінші ауысым басталатын үздіксіз процесс. Жұмыстың ауысымдық режимі кезінде жұмыскерлердің әр ауысымы жұмысты жұмыс ауысымының белгіленген ұзақтығының ішінде жүргізуге тиіс. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту ауысым кестелерімен белгіленеді. Ауысым кестелерін жасаған кезде жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аспауға тиіс бір ауысымдағы жұмыс уақытының ұзақтығы ескеріледі, сондай-ақ жиынтық есеп кезінде ауысым саны есептілік кезеңдегі дұмыс уақытының нормасына сәйкес болуға тиіс.

Ауысым кестесін жұмыс беруші әзірлейді және бекітеді. Ауысым кестесі жұмыс ауысымдарының алмасуын білдіреді: күндізгі, кешк және түнгі, сондай-ақ белгі бір есептілік кезеңіндегі әр ауысым үшін демалыс күндерін көздейді (мысалы, күнтізбелік ай). Ұйымда белгіленген кестелер жұмыскерлерге және жұмыс берушілер ге міндетті болып табылады.

3. Жұмыс беруші ауысым кестелерін осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жұмыскерлердің назарына жеткізеді.

БАПТАР БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ:

Заң шығарушы жұмыс берушіге жұмыскерлерді ауысым кестесімен таныстыру және  олардың назарына жеткізу бойынша міндеттеме жүктейді. Таныстыруға арналған мерзім кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын болуға тиіс. Жұмыскерлерді ауысым кестесімен таныстыру фактісі жұмыскерлердің қолымен расталады.

4. Жұмыскерді қатарынан екі жұмыс ауысымы бойы жұмысқа тартуға тыйым салынады.

БАПТАР БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ:

 Бір ауысымның екіншіге ауысуы, бір жұмыскердің бір ауысымнан екіншісіне ауысуын білдірмейді. Жұмыс ауысымы аяқталған соң, жұмыскердің ауысымаралық тынығуы басталады.  Төменде көрсетілген бапты қоспағанда, жұмыскерді қатарынан екі жұмыс ауысымы бойы жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін жұмыскерді үстеме жұмыстарға тартуға жол беріледі (ҚР ЕК 77-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы).

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі  БАПТАР бойынша практикалық толық ТҮСІНДІРМЕ. Осы жерден ҚАРАҢЫЗ



Вопросы по теме

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль