Қауіпсіздік үшін төлеу, ал оның жоқтығы үшін сазайын тарту қажет

3
Қауіпсіздік үшін төлеу, ал оның жоқтығы үшін сазайын тарту қажет
Гнусин Н. В.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", инженер отдела безопасности и охраны труда Торгайского бокситового рудоуправления – филиала АО «Алюминий Казахстана»
Тақырыпқа шығарылған Черчилльдің сөздері еңбекті қорғаудың бүкіл мәнділігін атап көрсетеді. Бұл өндірістің барлық салаларына енгізіліп жатқан, біздің жоғары технологиялар уақытында ерекше маңызды.

Өндіріс

Торғай боксит кен басқармасы (бұдан әрі  – ТБКБ) является структурным подразделением АО «Алюминий Казахстана» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және глинозем мен отқа төзімді саздар өндірісі үшін боксит өндіруге мамандандырылған. ТБКБ Қостанай облысы аумағында орналасқан.

Кен орнын қазу тереңдету, бойлату, екібортты, аралас жүйемен, ашық тәсілмен жүргізіледі. Жоғарғы горизонттардың бетін ашу жұмыстарында жыныстарды сыртқы үйінділерге дүркіндік аударып тастаумен, көліксіз сұлба бойынша жұмыс істейтін  ЭШ - 15/90 үлгісіндегі адымдаушы экскаваторлар пайдаланылады. Төмен жатқан горизонттардағы өндіру жұмыстарында тау-кен массасын БелАЗ - 7548, HitachiEH1100 - 3 автоөзітөккіштеріне тиеумен автокөліктік сұлба бойынша жұмыс істейтін ЭКГ - 5А үлгісіндегі экскаваторлар пайдаланылады .

Экскаваторлар машинистері учаскелік геологтің тікелей бақылауымен айлық тілменің және де басқа геологтық-маркшейдерлік құжаттаманың мәліметтеріне бағдарланады. Кентас автоөзітөккіштермен кеніштің рельс бойындағы қайта тиеу қоймаларына тасып әкетіледі, бұл жерде дүркіндік араластыру мен асырудан кейін  2ВС - 105 теміржол думпкарларына тиеледі және тепловоздармен уату-сұрыптау фабрикасына (бұдан әрі - УСФ) жеткізіледі. УСФ-нда  боксит уатылады және теміржол жартылай вагондарына тиеу үшін қатқабат етіп, қалыптастырылады. Жартылай вагондар таразыларда өлшенеді және сол жерде жүккөтерімділік бойынша керекті салмаққа дейін жеткізіледі. Өндірілетін отқа төзімді саз рельс бойындағы қоймаларға автоөзітөккіштермен тасылады және: АРО - 40, АРБ - 45, АРБ - 47, АРБ - 49 маркалары бойынша секцияларға жиналады. Тауарлық саз бес рет араластыру – қайта экскавациялаудан кейін қатқабатталып,  дайындалады. Сынамалардан және химиялық талдама нәтижелерін алғаннан кейін отқа төзімді саздардың дайын қатқабаттары тұтынушыларға жіберу үшін, тиеледі.

Барлық үй-жайлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген өрт қауіпсіздігі Ережелеріне сәйкес, өрт сөндірудің бастапқы қажетті құралдарымен (өртсөндіргіштермен, құм салынған жәшіктермен және т.б.) жарақталған. Мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен құрылыстар жобалық құжаттамаға, қолданыстағы санитариялық және экологиялық нормаларға, электр-өрт-жарылыс қауіпсіздігі талаптарына, қауіпсіздік техникасы мен техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес келеді.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Еңбек қауіпсіздігін бақылау  «Алюминий Казахстана»  АҚ-нда қолданылатын еңбекті қорғауды басқару Жүйесіне  (бұдан әрі  – ЕҚБЖ)  сәйкес, ТБКБ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі бастығының басшылығымен жүзеге асырылады.

Еңбекті қорғау бөлімінің негізгі міндеттері:

–  қауіпсіздік техникасы ережелері талаптарының сақталуын бақылау;

–  адамдарды жарақаттанушылықты болдырмау мақсатында жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқыту;

–  персоналмен жұмысты ұйымдастыруды бақылау;

–  еңбекті қорғау бойынша профилактикалық жұмысты бақылау;

–  еңбекті қорғауды насихаттауды (лекциялар, әңгімелесулер, директивалық материалдарды пысықтау, семинарлар және т. б.) бақылау болып табылады.

Көрсетілген міндеттердің орындалуын бақылауды ТБКБ әкімшілігі жүзеге асырады. Бұған қоса, ЕҚБЖ-не сәйкес, ТБКБ-ндағы еңбекті қорғаудың жай-күйіне жыл сайынғы жоспарлы кешенді тексерулер ұйымдастырылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі апта сайын график бойынша қауіпсіздік техникасының жай-күйіне, барлық ережелер мен нормалардың сақталуына тексерулер, жұмыскерлерден ережелерді, нұсқаулықтар және т. б. бойынша білімдеріне іріктеме сауалдаманы өткізеді.

ТБКБ аумағында «Алюминий Казахстана» АҚ бойынша  13.04.2012 ж. № 223 бұйрықпен бекітілген «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы Ереже» стандарты енгізілген және қолданылады. Жұмыстар  OHSAS 18001 - 2008 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі» стандартына сәйкес жүргізіледі, стандарт заңнамаға және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді белгілейді және:

–  еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды;

–  еңбекті қорғауды насихаттауды және өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыруды;

–  еңбекті қорғау бойынша бұзушылық пен олқылықтар үшін жауапкершілікті;

–  еңбекті қорғау бойынша техникалық іс-шараларды жоспарлау мен іске асыруды көздейді.

ТБКБ-нда 2016 жылдан бастап «Алюминий Казахстана» АҚ-ндағы сигналдық парақтар туралы Ереже» енгізілді. Ол еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау мен қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандыру, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға арналған. Өзінен кейін жарақатқа әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтарды көрген жұмыскер бұл туралы сигналдық парақтарда хабарлайды. Бұл кәсіпорыннан ақшалай өтемақымен көтермеленеді. Ақпараттық стенділерде сигналдық парақтар бойынша өзгерістер енгізілгенге  «дейінгі» және  «кейінгі» жерлердің фотосуреті ілінеді.

 Наряд - тапсырмалар берілген кезде жұмыскерлермен аумақта соңғы уақытта болып өткен жазатайым оқиғалардың талқыланатындығына қарамастан, еңбекті қорғау бөлімі ТБКБ жұмыскерлері үшін тоқсан сайын өндірістік алаңдардағы оқиғалар бойынша слайдтарды көрсетуді жүргізеді.Оқиғаларды талқылау негізгі басшылардың қатысуымен өтеді, ол жерде:

–  жазатайым оқиға неліктен болып өтті;

–  оны болдырмауға болатын ба еді;

–  болашақта мұндай оқыс оқиғалар болмас үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек? сияқты сұрақтар талқыланады.

Цехтар мен наряд-тапсырмалар беретін жерлерде, ақпараттық стенділерде күн сайын кәсіпорындағы өзекті жаңалықтар, сигналдық парақтар бойынша жұмыс пен соңғы уақытта болып өткен жазатайым оқиғалар бойынша бастапқы ақпарат ілінеді.

Кәсіпорын стандартына сәйкес, жұмысшыларды кәсіптері бойынша оқыту, нұсқама беру, еңбек қауіпсіздігі бойынша білімдерін жыл сайын тексеру жүргізіледі. Есепке алу мен тіркеу еңбекті қорғау бойынша нұсқамалар журналында жүзеге асырылады.

ТБКБ денсаулық учаскесі үшін 6,5 млн теңгеге заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Қаражат филиал жұмыскерлеріне арналған емдеу-профилактикалық іс-шараларды іске асыру шеңберінде жұмсалды.

 2016 жылы жеке қорғану құралдарын сынау үшін жоғары вольтті стенд сатып алынды. Өндіру жұмыстарымен айналысатын және жыныстың беткі қабаттарын алатын экскаваторлар кондиционерлермен жабдықталды. Темір жол учсакесінде жылытудың екі су жыдлыту қазаны алмастырылды. Жуыну бөлімшелері, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен тамақ ішетін бөлмелер жаңартылды.

 Қауіпсіздік үшін төлеу, ал оның жоқтығы үшін сазайын тарту қажет

Қауіпсіздік үшін төлеу, ал оның жоқтығы үшін сазайын тарту қажет

Суретте: денсаулық учаскесінің бастығы Т. П. Цаценко жаңа УДЗ-аппаратпен, және стоматологиялық кабинеттің жаңа жабдығы

Сондай-ақ,  2017 жылға инвестициялық бағдарлама бойынша мыналарды жаңарту жоспарланды:

–  НефАЗ, Паз автобустарын;

–  вахталық КамАЗ-ды;

–  жүккөтерімділігі жоғары екі  Hitachi EH1100 - 3 автоөзітөккішін ;

–  Libher бульдозерін;

–  6  су жылытатын КВР - 5 жылыту қазанын сатып алу;

–  Dresta фронтальды тиегішін;

–  медициналық жәрдемнің жүрдектігі жоғары автомобилін және басқалар.

Қауіпсіздік үшін төлеу, ал оның жоқтығы үшін сазайын тарту қажет

Қауіпсіздік үшін төлеу, ал оның жоқтығы үшін сазайын тарту қажет

Қауіпсіздік үшін төлеу, ал оның жоқтығы үшін сазайын тарту қажет

 Суретте: ҚТ оқу сыныбының, моншаның, № 1 асхананың жаңартылған үй-жайлары

Негізгі көмекшілер

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыс орындарында еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларының жасалуына, кәсіпорын, құрылымдық бөлімшелер  жұмыскерлерін жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан сақтандыруға ішкі бақылауды жүзеге асыратын, жқмыскерлердің өкілі болып табылады. Ол өз қызметін кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының басқаруымен жүзеге асырады. Кәсіпорындағы техникалық инспекторлар санын кәсіподақ ұйымы мен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бөлімі белгілейді.функциональные

Техникалық инспектор өзінің функциялық міндеттерін өндірістік құрылымдардың басшыларымен және кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметімен тығыс байланыста орындайды. Оның негізгі міндеті кәсіпорында, құрылымдық бөлімшеде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына, қауіпсіз еңбек үшін жағдайлар жасауға ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріндегі қолданыстағы заңнамасын және басқа нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, құрылғылардың, ұжымдық және жеке қорғану құралдарының  жай-күйі мен тағайындалуы бойынша пайдаланылуын бақылайды.

Қызмет  процесінде  технический инспектор:

–  ұйымда қолданылатын еңбекті қорғауды басқару Жүйесі белгілеген тәртіппен айқындалған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізеді. Жұмыскерлер денсаулығына қатер төндіретін жағдаят туындаған кезде жұмыстардың жетекшісін бұзушылықтарды жою немесе жұмысты тоқтата тұру бойынша іс-шаралар қабылдау үшін хабардар етеді;

–  кәсіпорынның лауазымды тұлғаларынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларының жай-күйі туралы ақпарат пен түсініктемелер, оның ішінде жазбаша түрде алады;

–  кәсіподақ ұйымына кәсіпорынның Қазақстан Республикасы заңнамасын, ережелерін, регламенттерін, стандарттарын бұхушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту туралы талаптармен жүгінеді;

–  лауазымды тұлғаларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама, келісім, ұжымдық шарттың айқындалған сәйкессіздіктерін қарастыру мен жою үшін міндетті ұсынымдар береді;

–  лауазымды тұлғаларға еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жеке және ұжымдық қорғаныстың талап етілетін құралдарын пайдаланбайтын, сондай-ақ медтциналық қарап-тексеруден немесе ауысым алдындағы медициналық куәлендіруден өтпеген тұлғаларды жұмысқа жібермеу туралы ұсыныс жасайды;

 – лауазымдық тұлғалардан жұмыскерлердің денсаулығына қауіп төндіретін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша сәйкессіздіктерді дереу жоюды, ал олардың денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайларда жұмыстарды сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтата тұруды талап етеді;

–  еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес пен кәсіподақ ұйымының отырыстарына еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты мәселелерді енгізеді.

Жұмыс орнында болған кезінде  техникалық инспектор өзгелермен қоса, жұмыскерлердің қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауын бақылайды. Персоналдан жұмыс орындарын өз уақытында жиыстырып-тазалауын, өтетін жерлерді, білдек айналасындағы жабдықтар мен агрегеттарды  бос жай-күйде ұстауды талап етеді, өндірістік учаскелердегі санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалайды. Ерекше назар аудару аймағында  – жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жуушы және дезинфекциялаушы құралдармен өз уақытында қамтамасыз етілуі мен тағайындалуы бойынша қолданылуы бар. Техникалық  инспектор еңбекті қорғау жөніндегі маманның басты көмекшісі бола отырып, заңнамамен, келісіммен және ұжымдық шартпен көзделгеннің бәрін орындайды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 10, 2017  



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль