Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалу

7
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалу
Чумаченко Александр Михайлович
юрист, юридическая компания AEQUITAS, г. Алматы
Нормативтік реттеудің барысына қарамастан, жұмыс берушінің жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуларға байланысты көптеген сұрақтары туындайды.

Жұмыс беруші мен жұмыскерлер үшін еңбек қатынастарын құру – күрделі процесс, оның ішінде құқықтық тұрғыдан да. Онда жұмыс берушінің заңнамалық талаптар мен олардың ағымдағы өзгерістері туралы тиісті ақпараттандырылуы маңызды рөл атқарады, алдын алу шарасы ретінде ­­– компанияның ішкі құжаттамасының толықтығын және оның құқықтық жай-күйін кезеңмен бақылау.

Дұрыс және уақтылы ресімделген еңбек құжаттары компаниялар қызметінің тиімділігін арттырады және анықталған бұзушылықтарды жою, әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы еңбек инспекторларының нұсқамаларын алу сияқты әртүрлі жағымсыз салдарын ескертуге мүмкіндік береді.

Тәжірибеде жиі дауларға айналып кететін өзекті мәселелердің арасында жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуларды атауға болады.

Даулардың себебі – нормативтік құқықтық актілердің арасындағы  айырмашылықтар және уәкілетті органдар мен жұмыс берушілердің нормаларды әртұүрлі түсіндіруі. Талқылап көрейік.

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.15.06 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 115-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және ҚР ЕК көзделген жағдайларда жүргізіледі. ҚР ЕК 115-бабының 3-тармағына сәйкес ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының 50 %-нан аспауға тиіс.

Осындай талап «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының (2017.11.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 95-бабының 1-тармағында бар.

 ЦИТИРУЕМ ЗАКОН

Бiр немесе бiрнеше атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде 50 % сақталуға тиiс.

Сонымен қатар, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV кодексінің (2017.11.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен)139-бабының 1-тармағына сәйкес үш және одан да көп балаға алименттің мөлшері ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің тең жартысын құрайды.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген заң актілерінен салықтар және міндетті зейнетақы аударымдарының ең жоғары мөлшері ҚР ЕК 115-бабының 3-тармағында шектелетін ұстап қалуларға жата ма және оларды мұндай ұстап қалу жиынтығында басқа ұстап қалулармен, мысалы, жұмыскердің зайыбының (жұбайының) пайдасына төленетін алиментпен бірге ескеруге тиіс пе, түсініксіз.

Осыған байланысты тәжірибеде жалақыдан ұстап қалулардың мөлшерін есептеуде мынандай екі тәсіл бар:

1. Жұмыскерге есептелген бүкіл жалақыдан алдымен салық және міндетті зейнетақы аударымдары шегеріледі, содан кейін қалған сомадан 50 % шегінде қалған ұстап қалулар жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда алименттер жұмыскердің жалақысынан 50 % артық емес мөлшерде салықтар мен міндетті зейнетақы аударымдары шегеріле отырып ұсталады.

2. Салықтар мен міндетті зейнетақы аударымдары жұмыскердің жалақысынан жүргізілетін барлық ұстап қалулар сомасына қосылады,  сондықтан, егер мысал ретінде алиментті алсақ, жұмыскер қолына оған бастапқыда есептелген соманың кемінде 50 %-ын алады.

Біздің ойымызша бірінші тәсіл ҚР ЕК талаптарын бұзады, себебі бұл жағдайда, жұмыскер қолына бастапқыда оған есептелген жалақының жартысынан кемін алады. Біздің ойымыздың дұрыстығын Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің түсіндірулері растайды: «Салықтар мен міндетті зейнетақы аударымдарын ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендіктен, олар жұмыскерге тиесілі жалақыдан ұстап қалулардың жалпы мөлшеріне (50 %) қосылады. Осылайша, Сіз көрсеткен жалақыдан ұстап қалу мөлшерін есептеу бойынша аталған екінші нұсқа дұрыс болып табылады».

Дегенмен, тәжірибеде сот орындаушылары мен көптеген жұмыс берушілер қате іс-әрекеттер жасайды. Бұл жұмыс берушіні қолайсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

ВАЖНО

Қазақстан Республикасының заңнамасы  дұрыс есептемеу және жұмыскерлердің жалақысынан ұстап қалу сомалары үшін жауаптылықты тікелей белгілемейді. Алайда компанияның мұндай іс-әрекеттерін уәкілетті органдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Заңының 87-бабының 1-тармағында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық деп тануы мүмкін, яғни, жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде белгіленген мерзімдерде төлемеуі.

 Осындай бұзушылық үшін әкімшілік жаза ретінде ең жоғары мөлшері 150 айлық есептік көрсеткішті құрайтын айыппұл болып табылады (2017 жылы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2 269 теңгеге тең).

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 11 оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль