Жшс басшысының өкілеттігін тоқтату: іс-қимыл тәртібі және ресімдеу рәсімі

0
Жшс басшысының өкілеттігін тоқтату: іс-қимыл тәртібі және ресімдеу рәсімі
Елемесова Маржан Адилхановна
Master of Business Administration, профессиональный бухгалтер-практик.
ЖШС директоры ауысқанда қажетті құжаттаманы ресімдеу рәсімін, сондай-ақ меншік иесінің бастамасы бойынша директорды жұмыстан босату рәсімін қарастырамыз.

Әдетте, директор жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (бұдан әрі – ЖШС) банк шоттарына билік етуге уәкілетті бірден-бір тұлға. Сондықтан басшының ауысуы банкте жаңа басшыны  авторизациядан өткізу кезеңіне банк шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұруға немесе қосымша әрекеттер қабылдауға, мысалы, банктегі басқа қол қоюшының алдын ала автризациядан өтуіне әкеп соғады.

Директор лауазымына басқа тұлғаны сайлаудың мүлдем әртүрлі негіздері болуы мүмкін. Осы сұрақ ЖШС қатысушыларының қарауында болады және оның шешімі дәлелдемелерді талап етпейді (еңбек кітапшасына жұмыстан босату негіздері енгізілетін еңбек қатынастарын қоспағанда).

 ЖШС басшысының өкілеттігін және онымен еңбек қатынастарын тоқтату

Директордың ауысу рәсімі бірнеше кезеңдерді қамтиды:

1. Компанияның уәкілетті органы басшының өкілеттігін және онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы корпоративтік шешім қабылдайды, онда еңбек қатынастарын тоқтатудың негізі (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес) және тәртібі (өкілеттіктерін тоқтату күні, өтемақы төлеу және т. б.) көрсетіледі;

2. Бұдан әрі директордың өкілеттігін тоқтатудың таңдалған негіздеріне қарай,  компанияның уәкілетті тұлғасы мен бұрынғы басшысы еңбек қатынастарын тоқтату туралы тиісті еңбек құжаттарына қол қояды.

3. Жаңа басшыны тағайындау және онымен еңбек қарым-қатынастарын ресімдеу және бұрынғы басшының өкілеттіктерін тоқтату, компанияның уәкілетті органының корпоративтік шешімін қабылдау жолымен болады (әдетте, бұрынғы басшының өкілеттігін тоқтату және жаңа басшыны тағайындау бірі шешіммен ресімделеді). Жаңа басшымен жасалатын еңбек шартына корпоративтік құжаттармен (мысалы, компанияның жарғысымен) уәкілеттік берген адам қол қояды немесе сенімхат негізінде қол қояды.

Жаңа басшыны қызмет көрсетуші банкте авторизациядан өткізу үшін банктің ішкі рәсімдеріне сәйкес банк құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаны (тұлға туралы деректерді) өзгерту мақсатында және, тиісінше, банк шоттарындағы ақшалай қаржыларына иелік ету үшін, жаңа басшының қолы мен ЖШС мөр таңбасы бар карточкалардың үлгілерін қамтитын белгілі бір құжаттар топтамасын көрсету қажет.

Бұл карточкалар нотариалды расталған болуы тиіс. Банк қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, кейбір банктерде банк өкілінің қатысуымен басшы қол қойған, нотариалды куәландырылмаған карточкалар қабылданады.

 НА ЗАМЕТКУ Нотариус қолтаңба және мөр таңба үлгілері бар карточкаларды жаңа басшының өкілеттігін тексергеннен кейін ғана, қалыптасқан тәжірибеге сәйкес Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі (БНАЖ) жұмыс істеп жатқан басшының деректері туралы тексерісті қоса алғанда, куәландырады.

 ЖШС тіркелген мәліметтерді өзгерту үшін, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» № 99-IV кодексінің (2017.11.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 563-бабының 2-1-тармағының талаптарына сәйкес  ЖШС тіркелген орны бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне  тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш жазу керек.

Резидент заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаға қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаға бір қатысушының (акционердің) заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжатының нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

Бұл ретте салықтық өтінішті резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы келу тәртібімен береді. Салықтық өтінішті беру кезінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сауалнама толтырылады.

 ВНИМАНИЕ Салықтық өтінішті келу тәртібімен беру бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушыларға қолданылмайды.

Меншік иесінің бастамасы бойынша жшс басшысының өкілеттігін тоқтату 

Басшының өкілеттіктерін тоқтату және оны жұмыстан босату туралы ЖШС қатысушыларының шешімдері: егер ЖШС бірнеше қатысушыдан тұрса – қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы нысанында, егер жалғыз бір қатысушыдан тұрса шешім ретінде қабылданады.

Қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру және өткізу тәртібі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңының (2017.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі ­– ЖШС туралы заң) 46, 47-баптарында белгіленген.

Қатысушы шешімінде (хаттамада) мерзімінен бұрын бұзу себебін көрсетуге құқылы, алайда, себептерін көрсетпесе ол бұзушылық болып табылмайды. Жұмыстан босату туралы қатысушылардың шешімі басшының назарына жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.15.06 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 140-бабының 2-тармағына сәйкес құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, атқарушы органның басшысымен еңбек шарты жасалады не құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі негізінде онымен еңбек қатынастары тоқтатылады.

 НА ЗАМЕТКУ Мүліктің меншік иесі ретінде қатысушы немесе ЖШС қатысушылары болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасы меншік иесі осындай шешім қабылдауға құқылы болатын қандай да бір жағдайларды, себептерді немесе дәлелдерді белгілемейді.  

 Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 11  оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль