Міндетті зейнетақылық жарналар: кім және қандай мөлшерде аударуы тиіс

0
Міндетті зейнетақылық жарналар:  кім және қандай мөлшерде аударуы тиіс
Оракбаева Г. Г.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный специалист Департамента социально-экономической защиты и трудовой инспекции Федерации профсоюзов Республики Казахстан
Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары негізгі мемлекеттік кепілдіктер болып саналады

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  № 105-V Заңына (01.07.2017 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)  (бұдан әрі - Заң) сәйкес, өз қаражаты есебінен жұмыскер пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын заңды тұлға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МКЗЖ) салымшысы болып табылады.

Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына» сәйкес өткізілген аттестаттау нәтижелерінің негізінде МКЗЖ салымшысы болып танылады.

МКЗЖ-ның құралдары қандай

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын МКЗЖ салымшылары  кәсіптері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы  «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы»  № 1562 қаулысымен белгіленген өндірістер, жұмыстар, кәсіптер тізбесімен (бұдан әрі  – Тізбе) көзделген жұмыскерлердің пайдасына өз қаражаттары есебінен жүзеге асырады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақылық қорға төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі зейнетақы жарналарын есептеу үшін белгілеген тәртіппен, жұмыскердің айлық табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Жұмыс берушілер МКЗЖ-н аудару кезінде жоғарыда көрсетілген Тізбені басшылыққа алуға, және МКЗЖ-н аударуды зиянды (ерекше зиянды) өндірістерге жатқызылған өндіріс түрлері бойынша, және олардағы жұмыспен қамтылған тұлғалар үшін ғана жүргізулері тиіс.

Бұл ретте аударымдар жұмыскердің бұл жұмысқа уақытша немесе тұрақты ауыстырылғанына, есепке алу кезеңінің басталуынан бастап немесе оған қарамастан, жүргізілетін болады.

Осылайша, МКЗЖ енгізілуімен еңбектің зиянды (ерекше зиянды) жағдайларымен қамтылған тұлғалардың жеке зейнетақылық шоттарына жұмыскердің жалақысынан ұсталатын 10 %-дық міндетті зейнетақы жарналары, және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 5 % МКЗЖ келіп түсетін болады.

Бұл ретте жұмыс берушіге түсетін жүктеме артпайды, өйткені кәсіптік зейнетақы жүйесіне жарналар сомасы салықтық төлемдерді жүзеге асыру кезінде шегерулерге жатқызылатын болады.

Есептеу, ұстап қалу және аудару тәртібі МКЗЖ

МКЗЖ есептеу, ұстап қалу (ақша есептеу) және аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (ақша есептеу) және аудару Қағидалары мен мерзімдерімен белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (ақша есептеу) және аудару тәртібіне ұқсас.

МКЗЖ және (немесе) өсімдердің толық және өз уақытында төленуінің жүзеге асырылуына бақылау жасау салық органдарына жүктелген.

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен еңбек жағдайларының жақсаруы және еңбектің зиянды (ерекше зиянды) жағдайларының  жойылуы расталған жағдайда салымшылар (жұмыс берушілер) МКЗЖ төлеуден босатылады.

Төлем алуға кім құқылы?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақылық қордан міндетті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық төлемдер алу құқығы бірыңғай жинақтаушы зейнетақылық қорда зейнетақылық жинақтаулары бар тұлғаларда туындайды:

1) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес мөлшерін төлеуді қамтамасыз ету үшін зейнетақылық жинақтаулар жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақылық аннуитет шартын жасасу жолымен, ол үшін жиынтығында алпыс күнтізбелік айдан кем емес мерзімге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген, елу жасқа жеткен тұлғалар;

2) осы Заңның 11 бабының 1 тармағымен көзделген жағдайлар басталған кезде. Атап айтқанда,  жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:

2001 жылғы 1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Енді қорытындылаймыз.

Кімдер МКСЖ салымшылары болып табылады?

Жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы  болып табылады.

МКСЖ есебінен зейнетақылық жинақтауға кімдер құқылы?

МКЗЖ есебінен зейнетақылық жинақтауларға еңбектің зиянды (ерекше зиянды) жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған, кәсіптері Тізбеде көзделген, еңбек жағдайлары өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаумен расталған (жұмыс уақытының 80 %-дан кем емес уақытын алатын жұмыстармен қамтылған) азаматтар құқылы.

МКЗЖ мөлшері қандай?

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген, зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданған тәртіппен, жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

МКЗЖ-н төлеуді кешіктірген жұмыс берушіге ықпал ету тетігі бар ма?

МКЗЖ-ның аударылуын салық органдары бақылайды. Жұмыс беруші жұмыскер шотына МКЗЖ-н өз уақытында аудармаған (іс жүзінде төленген және жұмыскер табысын алған жағдайда) жағдайда, салық органдары жұмыс берушіден есептелген өсімімен МКЗЖ-ны өндіріп алады және ол БЖЗҚ-на аударуға жатады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары толықтай және (немесе) өз уақытында аударылмаған жағдайларда салық органдары жұмыс берушілердің банктік шоттарынан түзілген берешектер шектерінде ақша өндіріп алуға құқылы.

Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қарыз өндіріліп алынатын салымшылардың тізімін ұсынуға міндетті.

Жұмыс берушінің МКЗЖ-н өз уақытында төлеуіне бақылау жасау қалай жүзеге асырылады?

Жұмыс берушілер тоқсан сайын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мерзімде жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация ұсынады, онда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (ақша есептелген) сомалары жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 11, 2017  



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль