Күйзелісті жағдайлардың психологиялық алдын алу: релаксация тәсілдері

10
Күйзелісті жағдайлардың психологиялық алдын алу: релаксация тәсілдері
Верещагина Анна Анатольевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий психолог, доцент Балтийского федерального университета им. И. Канта, действительный член (академик) МАПН, доктор психологических наук, г. Калининград
Эмоциялар – біздің денсаулығымыз бен көңіл-күйімізге әсер ететін ¬маңызды фактор. Мақалада жағымсыз эмоциялармен жұмыс жасаудың ең тиімді және танылған әдістерінің бірімен ¬– релаксациямен танысамыз.

Эмоционалдық жай-күй біздің денсаулығымыздың және көңіл-күйіміздің ең маңызды факторы. Эмоцияларды көзілдірікпен салыстыруға болады, ол арқылы біз айналамызға қараймыз, әрекет етеміз, қорытынды жасаймыз және өз мінез-құлығымызды құрамыз.

Мақалада жағымсыз эмоциялармен жұмыс жасаудың ең тиімді және танылған әдістерінің бірі релаксациямен танысамыз.

 Сіз қуанышты бастан кешірген кездегі, өзіңіздің жай-күйіңізді еске түсіріңізші: айналаңыздағы адамдардың барлығы сізге жақсы, мейірімді , әлем – тамаша, ауа-райы  керемет болып көрінуі мүмкін. Және керісінше, сіз мұңды болғанда – ауа-райына қуанбайсыз, адамдар ашу-ызаңызды келтіреді, ал бүкіл әлем кемеліне жетпеген болып көрінеді.  

Жұмыс барысы туралы айтатын болсақ, онда эмоционалдық фон айтарлықтай дәрежеде еңбектің өнімділігін, тиімділігін анықтайды. Сондықтан, қызметкерлдердің эмоционалдық жай-күйі туралы қамқорлық, басқалармен қатар – қазіргі заманғы менеджердің маңызды міндеті. Мамандарды невроз санының қазіргі заманғы өсу үрдісі алаңдатады. Психологтар жұмысқа деген қызығушылығының жоғалуын, агрессивтілік және ашушаңдықтың артуын, енжарлық пен күйзелістің жиі көріністерін бақылайды. Сонымен қатар, мынандай заңдылық анықталған – ұсақ, елеусіз оқиғалар қобалжу, мазасыздану, кейде ашу-ыза мен дүрбелең ұстамаларын тудырады. Бұның барлығы эмоционалдық жай-күйді реттеудің классикалық әдістерін меңгеру және бұл жай-күйлермен жұмыстың жаңа стратегияларын іздестіруге себеп болады.

Жағымсыз эмоциямен жұмыс жасаудың ең тиімді және танылған әдістерінің бірі релаксация болып табылады.

 СЛОВАРИК Релаксация – ауыр эмоционалды, ақыл-ой немесе дене жұмысынан соң босаңсу немесе тонусының төмендеуі.  

 Егер релаксация жағдайын қысқаша сипаттаса, оны дене кернеуіне, белсенділікке қарама-қарсы жағдай ретінде анықтауға болады. Психологтар еріксіз релаксация туралы, мысалы, біз ұйықтағанда және арнайы психофизиологиялық техникаларды қолдана отырып, қол жеткізілетін ерікті релаксация туралы айтады.

Релаксация толық болуы мүмкін, ол – біз босаңсыған және тынышталған жағдай, және біз  арнайы жаттығулардың көмегімен денеміздің белгілі бір бөліктері босаңсығанда жартылай болуы мүмкін.

 НА ЗАМЕТКУ

Өзіңізді бақылаңызшы: қандай қалыпта отырсыз? Сізге ыңғайлы ма? Бүкшиіп отырсыз ба? Отырғанда аяқтарыңызды жинап отырасыз ба? Егер талдау жасасаңыз, «қысылған жерлеріңізді» өзіңіз көресіз. Міне, бірінші кезекте, соларды қолға алыңыз.

 Релаксацияның қарсы көрсетімдері,  жанама әсерлері жоқ, ол арнайы дайындықты және арнайы құралдарды пайдалануды талап етпейді.

Жүйелі қолданса ол жарты минутта босаңсытады, сондықтан ол алкоголь немесе дәрілік препараттарға қарағанда, әлдеқайда тиімді. Өз денемізді басқара алсақ (релаксация барысында біз тек денемізбен жұмыс істейміз), біз эмоциямызды да басқаруды үйренеміз.

Релаксацияның негізгі тәсілдері

1. Тыныс алуды басқару. Бұл бұлшық еттердің тонусына және мидің эмоциялық орталықтарына  ықпал ететін тиімді құрал. Жиі (кеудемен) тыныс алу, керісінше, ағза белсенділігінің  жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, жүйке-психикалық кернеуді қолдайды.

Тыныс алудың бірнеше жаттығуларын қарастырайық:

- «Аққудың мамығы» жаттығуы. 10-15 сантиметр болатын  қашықтықта  көз алдыңызда аққудың мамығы тұрғанын елестетіп көріңізші. Мамық ұшып кетпеу үшін, мұрныңызбен ғана дем алыңыз.

- «Күйзеліспен күрес» жаттығуы. Егер сіз қатты күйзелісте болсаңыз, сізге күйзеліске қарсы құрал көмектеседі: мұрныңызбен баяу терең дем алыңыз; жоғары дема алып, деміңізді бір сәтке тоқтатыңыз да, баяу түрде деміңізді шығарыңыз. Бұл деміңізді тыныштандырады.  Әр дем алған сайын сіз күйзеліс кернеуінен арылып жатқаныңызды елестетуге тырысыңыз.

   2. Бұлшықеттердің тонусын, қозғалысты басқарумен байланысты релаксация тәсілдері. Психикалық жүктемелердің Әсерінен бұлшықеттердің қысымы, кернеу пайда болады. Оларды босаңсыту қабілеті жүйке-психикалық кернеуді жоюға, күшін  тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Барлық бұлшықеттерді түгел босаңсыта алмағандықтан, дененің неғұрлым қатты шаршаған бөліктеріне көңіл бөлу қажет.

 3. «Саусақтардан суды сілку» жаттығуы. Бастапқы қалып: алақандарымызды төмен қаратып,  қолдарымызды иеміз, саусақтарымыз «салбырап» тұруы керек.  Тез және үздіксіз қозғалыс арқылы саусақтарды сілку керек (5-10 секунд).

 НА ЗАМЕТКУ

 Жаттығуды орындау алдында саусақтарыңызды жұдырыққа қысу пайдалы, сол кезде бұлшықеттердің кернеулі мен босаңсыған жай-күйінің айырмашылығын көресіз.

- «Лимон» жаттығуы. Қолыңызды төмен түсіріп, оң қолыңызда лимон ұстап тұрғаныңызды елестетіп көріңізші. Оң қолыңыздың әдімгідей күш салып тұрғанын сезініңіз. Содан кейін «лимонды лақтырып жіберіңіз» де, қолыңызды бос ұстаңыз.

3. Музыка релаксацияның ең мықты тәсілдерінің бірі ретінде барлық жерде пайдаланылады. Музыка тыңдау оны тыңдап отырған адамдардың ойында қандай да бір бейнелерді оңай тудырады. Музыка бізге өткен өміріміздегі қандай да бір эмоциялық оқиғаларды еске түсіреді,  өзімен бірге қуануға немесе қайғыруға мәжбүрлейді. Музыка бізге эмоцияларды күшті және жарқын сезінуге көмектеседі. Сүйікті музыка әмбебап емші болып табылады.

Шартты түрде релаксацияға арналған музыканы бірнеше түрге бөледі: жағалау толқындарының шуынан, құстар әнінен, бұлақтың сылдырынан және т. с. с. тұратын табиғат музыкасы; храмдарда пайдаланылатын музыка (хормен ән айту, рәсімдік музыка және т. б.); классикалық музыка; медитацияға арналған электрондық музыка.

Сонымен қатар, релаксация да эмоционалды жай-күйін түзетуге,  босаңсуға ықпал ететін бейнелерді пайдаланады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2017 жылғы № 11 оқыңыздар

 

                                                                            



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль