text
Справочник кадровика

Жұмыскер тегін ауыстырды: кадрлық құжаттарды ресімдейміз

  • 6 декабря 2017
  • 55
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор статей изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», бизнес-тренер, эксперт по вопросам регулирования трудовых отношений в Республике Казахстан, сертифицированный тренер ОSCЕ по правовым вопросам, г. Алматы
Жұмыскер тегін ауыстырды: кадрлық құжаттарды ресімдейміз

Жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды оның дербес деректерінің өзгеруі ретінде қарастырған жөн.

Компанияларда қызметкерлердің (негізінен қызметкер әйелдердің) тегін ауыстыруы ­– кеңінен тараған жағдай, және осыған байланысты жиі сұрақтар туындайды. Әрине, тегін ауыстыру кадрлық құжаттамаға, мысалы, еңбек шартына, еңбек кітапшасына, қызметкердің жеке карточкасына және т. б. өзгерістер енгізуге әкеп соғады. Осыны қалай дұрыс істеу туралы және жұмысты бастауға бірінші кезекте қандай құжаттар керек, осы мақалада айтамыз. 

Жұмыскерлердің дербес деректерімен жұмыс тәртібі (жинау, өңдеу және қорғау) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңында айқындалған (2017.11.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен).

Дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер. Жұмыскерлер дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау тәртібін белгілейтін, сондай-ақ осы саладағы олардың құқықтары мен міндеттері туралы жұмыс берушінің құжаттарымен қол қойғызып, таныстырылуға тиіс.

Жұмыскер тегін ауыстырған және дербес деректерді қамтитын көптеген кадрлық, бухгалтерлік және өзге де құжаттарға  өзгерістер енгізу қажеттілігі болған жағдайда, дәл осы құжаттарды жұмыс беруші басшылыққа алуға тиіс, яғни тегі өзгертілген жағдайда,  қызметкердің жеке құжаттарына, есептік құжаттары мен тіркеу формаларына өзгерістер енгізуге талап етіледі, мысалы:

·      еңбек шартына;

·      жұмыскердің еңбек кітапшасына;

·      Еңбек кітапшаларының қозғалысын есепке алу кітабына;  

·      жұмыскердің жеке карточкасына (№ Т-2 нысаны) және т. с. с.

Кадр құжаттарында жұмыскердің тегін қандай тәсілмен өзгертуді түсіну үшін, ең алдымен тегі (аты және әкесінің аты) кадрлық құжаттарға қандай көздерден түсетінін еске түсіру керек. Жұмыскердің тегі көрсетілетін бірінші және ең негізгі құжат еңбек шарты болып табылады.

Жұмыскердің еңбек шартына өзгерістер енгіземіз

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.06 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 28-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек шартында тараптардың келесі деректемелері қамтылуы тиіс:

1) жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні;

2) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);

3) жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

4) жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі.

Тараптардың деректемелері өзгерген жағдайда (тегі, аты, мекен-жайы, құжаттың нөмірі және т. б.) еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіледі. Шарттық тараптардың атауы шарттың маңызды деректемесі болып табылады. Еңбек шартының деректемелеріне елеулі өзгерістер енгізілген жағдайда бұл міндетті түрде құжатпен көрсетілуі тиіс.

Жұмыскердің тегі еңбек шартының ажырамас және маңызды деректемесі болғандықтан, ҚР ЕК 33-бабының 1, 2-тармақтарында бекітілген өзгерістерді енгізу тәртібін қолдануға болады: еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 12  оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль