text
Справочник кадровика

Метеорологиялық қиын жағдайларда еңбек қауіпсіздігі туралы нұсқаулық

  • 11 декабря 2017
  • 34
Метеорологиялық қиын жағдайларда еңбек қауіпсіздігі туралы нұсқаулық

Қыс кезеңіндегі күрделі метеорологиялық жағдайлардағы жұмыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық «Қостанай минералдары» АҚ әзірлеген

1. Төмен температура мен жел кезінде ашық ауадағы жұмыс режимі

1.1. Қысқы кезеңде ашық ауадағы жұмыс кезінде:

а) жұмыскерлердің жылынуына үзілістер;

б) жұмыс күнінің ұзақтығын қысқарту;

в) жұмысты тоқтату қолданылады.

Бұл ретте жылынуға үзілістер мен жұмыс күнінің ұзақтығын қысқарту бірге қолданылмауы мүмкін. Жылыну үшін үзілістер жұмыс уақытына қосылады.

1.2. Жұмыстағы үзілістер мынадай жағдайларда қолданылады:

а) температура – 6 º-тан - 30 º-қа дейін және жел күші  8 баллға дейін (17,2 – 20,7 м/с) болған кезде;

б) температура – 1 º-тан - 35 º-қа дейін және жел күші  3 баллдан көп (3,4 – 5,4 м/с) болған кезде;

в) температура  – 6 º-тан - 40 º-қа дейін және жел күші 1 баллдан көп (0,6 – 1,7 м/с)  болған кезде.

1.3. Жұмыстар:

а) температура – 6 º-тан - 30 º-қа дейін және жел күші  8 баллға дейін (17,2 – 20,7 м/с) болған кезде;

б) температура – 1 º-тан - 35 º-қа дейін және жел күші  3 баллдан көп (3,4 – 5,4 м/с) болған кезде;

в) температура  – 6 º-тан - 40 º-қа дейін және жел күші 1 баллдан көп (0,6 – 1,7 м/с)  болған кезде тоқтатылады.

1.4. Төмен температура немесе күшті желдің салдарынан жұмыстар тоқтатылған жағдайда жұмысшылар жылы үй-жайдағы басқа жұмысқа ауыстырылады. Жұмыстарды тоқтату өндірістің тоқтауына әкеп соғатын жерлерде, жұмыстарды тоқтату ауысымдарды кезектестіруді белгілеумен мыналар кезінде алмастырылады:

а) теміржол жолдары мен меңзерлік ауыстыруларды қардан тазарту;

б) теміржол көлігінің жұмысында;

в)  автомобиль көлігі мен трактор- бульдозер паркінің жолдарды тазарту мен жүктерді жеткізу жұмысында;

г) халық үшін шұғыл және қажетті жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарында;

д) жылжымалы құрамды ағымдағы және авариялық жөндеуде, табиғи зілзалалардан туындаған салдарларды жою бойынша жұмыста, работе персонала электр стансалары, электр желілері, кәріздік және жылу желілері персоналының жұмысында.

2. Теміржол жолдары мен меңзерлік ауыстыруларды қардан тазарту

2.1. Борандар мен қар мол жауған кезде ауысымдық қадағалау тұлғаларының тарапынан мынадай ұйымдастырушылық іс-шаралары қабылданады:

а) Поездық диспетчер станса кезекшілері арқылы стансалардағы істердің жағдайын, қар күрейтін техниканың орналасқан жерін, меңзерлік ауыстырулар мен теміржол жолдарын қардан тазартауға бөлінген жұмыскерлердің бар екендігін анықтайды. Қардың түсуі мен стансалардағы меңзерлік ауыстыруларды қар үйінділерінің басуына қарай, ТЖКП ауысым бастығы поездық диспетчермен бірге меңзерлерді тазарту үшін станция бойынша кезекшіден наряд-тапсырма алу мен нұсқамадан өткізілгеннен кейін, басқа қызметтер мен учаскелердің ауысымдық жұмыскерлерін тартады.

б) Тазарту уақытына т/ж жолының осы учаскесінде поездар қозғалысын жабумен меңзерлік ауыстыруларды тазарту бойынша жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне бақылауды ұйымдастыру үшін бұйрықпен ИТҚ арасынан жауапты тұлғалар тағайындалады.

в) Барлық локомотив құрамдарына поездар қозғалысының жылдамдығын  7 км/сағатқа дейін шектеу және көріну нашар болған жағдайларда станса бойынша қозғалыс кезінде бір мезгілде дыбыстық сигналдар беру беру  мен адамдарды қатты дауысты байланыс арқылы хабардар етумен, қырағылықты күшейту жөнінде ескерту беріледі.

г) Меңзерлік ауыстырулар мен теміржол жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілетін жерлерге тиісті белгілер орнатылады және сигнал берушілер қойылады, сондай-ақ станса кезекшілері мен жұмыстар жүргізілетін жердің арасында сенімді телефон немесе радиобайланысы қамтамасыз етіледі.

д)  Қардан тазарту техникасының үздіксіз жұмысы ұйымдастырылады.

е) Поездар қозғалысы меңзерлік ауыстырулар тазаланғаннан және олардың жұмыс істеу сенімділігі тексерілгеннен кейін, станса кезекшісінің өкімі бойынша қалпына келтіріледі, ол алдын ала меңзерлік ауыстыруларда жұмыс істеушілердің бәрі қауіпсіз арақашықтыққа шығарылғанына көз жеткізуі тиіс.

ж) Боран жағдайларындағы жұмыс режимі жел жылдамдығы  6 балл және одан жоғары (10 – 14 м/с) болған кезде енгізіледі.

3. Боран және көріну нашар болған жағдайларда жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3.1. Ауа райы жағдайлары кенеттен нашарлаған кезде (боран, тұман, мол жауған қар, көрінудің нашарлығы) ашық ауадағы барлық жұмыстар тоқтатылады және адамдар ұйымдасқан түрде жылынуға арналған үй-жайларға, меңзерлік посттарға, өндірістік және қызметтік үй-жайларға әкетіледі, ерекше жағдайларда технологиялық көлікті (экскаваторлар, бұрғылау білдектері, электровоздар және басқалар) паналайды.

3.2. ЖУ және ТЖКП ауысымдарының бастықтары, цехтар, учаскелер, қызметтердің басшылары ауа райы кенет нашарлаған кезде ашық ауада жұмыс істейтін адамдарды дереу жинау және оларды ИТҚ немесе аға жұмысшылардың басшылығымен қауіпсіз жерге шығару іс-шараларын қабылдауға міндетті.

3.3. Ауа райының қанағаттанғысыз жағдайларының бүкіл өн бойында ауысым бастығы (цехтар, учаскелер мен қызметтердің бастықтары) ауа райының қолайсыздығына тап болған, технологиялық және арнаулы көлікте, әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарда орналасқан еңбекшілер бригадаларымен және топтарымен байланыс орнатады, оларды теміржол және автокөліктің көмегімен алып шығу іс-шараларын қабылдайды.

3.4. Ауысымды жұмыс орындарына жеткізуді және ауысымдағы жұмысын аяқтаған жұмыскерлерді әкетуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жұмыскерлер ерекше өкім болғанға немесе боран тоқтағанға дейін  өз орындарында қалады.

3.5. Ерекше жағдай ретінде жұмыскерлердің шағын арақашықтыққа аға жұмыскердің басшылығымен үш адамнан кем емес топтармен белгіленген маршрут бойынша (автобус аялдамасына дейін және басқа) жүруіне жол беріледі.

3.6. Әрбір кәсіпорында сыртқы жұмыстарда, боран (қарлы боран) және көріну нашар  жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды жинау мен алып шығу, сондай-ақ қажет болған жағдайда адамдарға көмек көрсету мен іздестірулерді ұйымдастырудан хабардар ету тәртібі әзірленген болуы тиіс.

3.7. Қармен күрес үшін кәсіпорынның басқа бөлімшелерінің адамдар бөлуі кәсіпорынның күрделі метеожағдайлардағы жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады.

4. Үсітіп алу кезіндегі алғашқы көмек

4.1. Төмен температураның әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы үсітіп алу деп аталады. Үсітіп алудың себептері әртүрлі (суықтың ұзақ уақыт әсер етуі, жел, жоғары ылғалдылық, тар және ылғал аяқ киім, қозғалмайтын жағдай, ауру, жүдеп-жадау және т.б.). Үсітіп алу  - 3 – 7 ºС кезінде басталуы мүмкін. Үсітіп алуға саусақтар, қолдар, табандар, мұрын неғұрлым көбірек ұшырайды.

4.2. Алғашқы көмек зардап шегушіні, әсіресе дененің үсіген бөлігін дереу жылыту болып табылады, бұл үшін зардап шегушіні мүмкіндігінше жылы үй-жайға тезірек кіргізу керек. Бәрінен бұрын дененің үсіген бөлігін жылыту, онда қан айналысын қалпына келтіру қажет. Егер үсіген қол, аяқты  температурасы 20 ºС жылы ваннаға салса, бұған неғұрлым тиімді және қауіпсіз қол жеткізіледі.  20 – 30 минут ішінде су температурасын біртіндеп 20 ºС-тан 40 ºС-қа дейін арттырады, бұл ретте қол, аяқты сабындап, тазартып жуады.

4.3. Ваннадан (жылытудан) кейін зақымданған жерлерді кептіру, стерильді таңғышпен жабу және жылылап, жабу керек. Оларды майлармен майлауға болмайды, өйткені бұл бұдан кейінгі бастапқы өңдеуді айтарлықтай қиындатады. Дененің үсіген бөліктерін қармен ысқылауға болмайды, өйткені бұл ретте салқындау күшейеді, ал қар кристалдары теріні жаралайды, бұл үсу аймағының жұқтыруына (зақымдануына) жағдай жасайды; сондай-ақ үсіген бөліктерді қолғаппен, шұға материалмен, беторамалмен ысқылауға болмайды. Шеткергі жақтан бастап, денеге қарай таза қолдармен массаж жасауға болады. Дененің шектелген учаскелері (мұрын,құлақтар) үсіген кезде оларды алғашқы көмек көрсетуші қолының көмегімен жылытуға болады.

4.4. Алғашқы көмек көрсету кезінде зардап шегушіні жалпы жылыту бойынша іс-шаралардың маңызы зор: ыстық шай, сүт береді. Зардап шегушіні ең жақын медициналық мекемеге жылдам жеткізу де алғашқы көмек болып табылады. Егер алғашқы көмек медициналық қызметкерлер келіп жеткенге дейін көрсетілмесе, онда оны зардап шегушіні тасымалдау кезінде, машинада көрсеткен жөн. Тасымалдау кезінде оның қайтадан үсуін болдырмайтын іс-шаралардың бәрін қабылдау керек.

Қосымшалар

ТАНЫСТЫРУ ПАРАҒЫ

Лауазымы

Тегі, аты, әкесінің аты

Күні

Қолы

ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

№ р/с

Өзгеріске қатысы бар Ереже тарауының, қосымша тарауының, тармағының  №

Өзгеріс енгізілген күн

Негіздеме

(бұйрықтың № мен күні)

Өзгеріс енгізілген күн

Өзгеріс енгізген тұлғаның қолы

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 10, 2017  

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль