text
Справочник кадровика

Арнаулы аяқ киім – таңдау өлшемшарттары

  • 27 декабря 2017
  • 95
Арнаулы аяқ киім – таңдау өлшемшарттары

Жұмыс берушілер арнаулы аяқ киімді оның құнына қарай емес, оның жұмыскерді өндірістегі зиянды және қауіпті факторлардан толықтай сақтандыратын қорғаныстық қасиеттеріне қарай таңдаулары қажет

 Өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыскерлері киетін, аяқтарды жеке қорғау құралдары  (бұдан әрі – аяқтарды ЖҚҚ), арнаулы аяқ киім көптеген зерттеп-тексерулердің нәтижелері бойынша, қолданыстағы стандарттардың талаптарына жауап бермейді. Ол жайсыз, сенімсіз (әдетте, тозған), гигиенаға сай емес (жасанды былғарыдан тігілген), сипатты жағымсыз иісі бар (сапасыз фактураның белгісі), тозуға төзімсіз және талап етілетін қорғаныстық қасиеттері жоқ.

ЖҚҚ-н сатып алудың қалыптасқан жүйесі (бюджеттік сұлба) жұмыскерлерді денсаулық үшін қауіпті аурулардың тұтастай бір шоғырына кез қылады. Жасанды былғары мен қытайлық арзан материалдардан жасалған аяқ киімнен аяқтардың тыныс алмайтындығы, ал аяқтан бөлінетін ылғалдың арнаулы аяқ киімде жинақталатындығы жөнінде түсінік болуы тиіс. Мұның нәтижесі ретінде – зең мен сүйелденудің дамуы орын алады. Табандағы зең, егер оны емдемесе, бүкіл денеге жайылуы мүмкін, ал бұл жұмыскерлердің денсаулығы үшін өте қауіпті.

Тиімді арнаулы аяқ киімді қалай дұрыс таңдау керек?

Бәрінен бұрын, аяқтар, атап айтқанда, табандар туралы анатомиялық білімді еске алу талап етіледі.   Ғалымдар адам табанының аса күрделі анатомиялық-физиологиялық жүйе болып табылатындығын дәлелдеді. Табанның қаншалықты дұрыс қызмет етуіне аяқтардың, омыртқаның, тамырлар мен ішкі мүшелердің саулығы байланысты болады. Сондықтан, арнаулы аяқ киім талап етілетін қорғаныстық қасиеттерінен бөлек,  жұмысшылар аяқтарының жай-күйіне, демек олардың өзін-өзі сезінуіне елеулі әсер ете алатындығы таңқаларлық нәрсе емес. Қозғалыс кезінде табан артық жүктемелерді бәсеңдетеді, ал егер бұл қандай да бір себептермен (деформация және т. б.) болып өтпейтін болса, онда тізелік және жамбас-сан буындары, омыртқа мен арқа жүктемені өздеріне  қабылдауға мәжбүр болады. Олар бұл үшін тағайындалмағандықтан,  жеткілікті жылдам  «тозады». Және де салдары ретінде: башпайлардағы ісінулер, өкшелік шорлар, жалпақтабандылық, буындардағы ауырсынулар сияқты проблемалар туындайды. Уақыт өте келе омыртқа остеохондрозы мен дискілер жарығы дамиды, арқа ауыра бастайды.

Арнаулы аяқ киім қандай болуы тиіс?

Арнаулы аяқ киім:

- табан құрылысының анатомиялық ерекшеліктері мен мөлшеріне дәл сәйкес келуі;

- жайлы болуы;

- гигиеналы;

- сенімді;

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


- тозуға төзімді болуы;

- арнаулы аяқ киімнің құрылымы мен ол жасалған материалдың құрамында адам үшін зиянды заттар немесе қауіпті элементтер болмауы тиіс.

Аяқ киімнің мүмкіндігінше салмағы бойынша неғұрлым жеңіл болуы және табанның қалыпты микроклиматын ұстап тұруы бойынша гигиеналық талаптарға жауап беруі маңызды.

Таңдауды негіздеу

1. Бәрінен бұрын,  ГОСТ 12.4.103-83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСЖ). Арнаулы қорғаныс киімі, аяқтар мен қолдарды жеке қорғау құралдары.  Жіктемеге» назар аударайық.  Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы көпшілік цехтардағы өндірістік ортаны, қауіпті және зиянды факторларды ескере отырып, арнаулы аяқ киім иеленуі және қорғауға тиіс негізгі қасиеттерді анықтаймыз:

- Мп – тесілулер, кесілулерден;

- Ми – қажалудан;

- З – жалпы өндірістік ластанулардан;

- Мун 200 – тұмсық бөліктегі  200 Дж. энергия соққыларынан.

2. Арнаулы аяқ киімнің жайлылығы бірнеше факторға байланысты болады.

Өкше. Жұмыскер өкшелі арнаулы аяқ киім киген кезде, өкшелер көтеріледі және дене осі алға қарай еңкейеді. Мысалы, екі сантиметрлік өкше  3°-тық көлбеулік береді. Оны өтемдеу үшін жұмыскерге еріксізден буындарына күш салуға тура келеді. Егер тепе-теңдікке үнемі жаттықса, созылмалы шаршаушылық синдромы  мен омыртқаның қисаюына ұшырауға болады (немесе жұмыскерде егер сколиоз бар болса, жағдаятты нашарлату). Осыдан  ортопедияның бірінші заңы келіп шығады: өкшелері бар арнаулы аяқ киім күн сайынғы жұмыста киіп жүруге қолайсыз.

Тұмсық иілімі. Көбінде арнаулы аяқ киімде, әсіресе қатты ұлтанды аяқ киімде тұмсық жоғары көтеріледі және жұмыскердің башпайлары әдетте, жерге дейін жетпейді. Нәтижесінде олар дене жұмысына қатыспайды. Шеткі башпайларға кететін сіңірлер іс жүзінде әрекет етпейді. Нәтижесінде тобық бұлшықеттері жылдамырақ шаршайды және ағаштанады. Бұған қоса, егер жұмыскер жұмыс орнында  аяқтарының башпайларын тірек етпей, ұзақ уақыт түрегеп тұратын болса, оның табан күмбезі қатты ауыра бастайды.

Ұлтарақтар. Жалпақ және қатты ұлтарақтар – бұл олардан қашқақтау керек нәрселер. Олар т биомеханикалық қақтығыс туындатады. Қадам жасай отырып, жұмыскер өкшемен жерді шамадан тыс қатты ұрады, ал  ұлтарақтан бір сантиметрдей жоғары тұрған табан күмбезі жүктемені мүлде қабылдамайды. Егер жұмыскер өкшенің соғылуы мен жалпақтабандылыққа ұшырағысы келмесе, оған ұлтарақ астында жұмсақ және серіппегішті толықтырушысы бар аяқ киім киюі керек: ол соққыны бәсеңдетеді және оны бүкіл табан бойынша бөлетін болады.

Қалып формасы. Қатты қалыпты арнаулы аяқ киім уақыт өте келе үш ортаңғы башпайдың негіздерін ұлтанға қысады. Дәрігерлер мұны «құлаған метатарзальды күмбез» деп атайды. Шынашақ башпай мен бас башпай жоғары қарай ығыстырылады, және жұмыскер жерден башпайлардың ұштарымен емес, жастықшаларымен серпіледі. Бұдан сандар мен жамбас ауыра бастайды.

Аяқ киімнің салмағы. Әрбір қадам – бұл ағза үшін жүктеме, және де арнаулы аяқ киім неғұрлым ауырырақ болса, жұмыскер соғұрлым қаттырақ шаршайды. Мінсіз жағдайда – екі бәтеңкенің салмағы 400–450 грамм болуы тиіс.

Ұлтанның иілімділігі. Жұмыскер адымдаған кезде, кейін қалып қоятын аяқ жерден көтерілуден бұрын, башпайлардың негізінде шамамен 54°-қа иілуі тиіс. Егер жұмыскерде қатты ұлтанды аяқ киім болса, онда башпайлар орнықтырылады, бұл тағы да созылмалы шаршаушылық синдромына ұшырау тәуекелін арттырады. Нақ сондықтан да ұлтан иілуі тиіс.

Арнаулы аяқ киімде  металл немесе поликарбонатты тұмсықша болуы тиіс. Бұл факт негіздемелерді талап етпейді.

3. Гигиеналылық. Бромидоз – бұл аяқтардан шығатын жағымсыз иіс, көбінесе адам аяқ киімін шешкен сәтте байқалады. Бромидоздың себебі – тершеңдік. Адамның әрбір аяғында 200-ден астам тер бездері орналасқан, олар тәулік ішінде қарқынды жұмыс істейді. Тер бездері бөліп шығатын терде иіс болмайды. Біздің аяқтардың табандары – адам терімен және терінің өлген жасушаларымен қоректенетін көп миллиондаған бактериялар үшін мекендеу орны мен табиғи орта. Нақ осы бактериялардың тіршілік қарекеті аяқтарда, сондай-ақ аяқ киімде, шұлықтарда иіс пайда болуының себебі болып табылады. Тердің әсер етуімен табан терісі мен мүйізгек қабат жұмсарады, одан кейін бұзылады. Бактериялар ылғалдан изовалерианды қышқылды өндіре отырып, органикалық заттың ыдырау процесіне белсене қатысады. Адам тері шамамен 99 пайыз судан, қалған 1 пайызы – азотты заттар, микроэлементтер, май қышқылдарынан, холестериннен құралады. Бактериялар қолайлы ортада белсенді көбейе отырып, адам тіршілік қарекетінің бұл өнімдерін ыдыратады, ауадағы оттек оларды тотықтырады. Бактериялар жұмысының түпкі нәтижесі – аяқтар мен аяқ киімнің жағымсыз иісі. Егер табанның ылғалды ортасына зең түссе, процестер айтарлықтай белсендіріледі.

Аяқ киімге арналған жасанды былғарының кез  келген сұрыбы гигиеналы емесе және бұл ретте өз сипаттамалары мен пайдаланушылық қасиеттері бойынша табиғи материалдан қалып қояды, сондай-ақ жылудан қорғайтын нашар қасиеттерді иеденген. Жазда бұл аяқ киімде ыстық, қыста суық болады, бұл суық тию ауруларының себебі болып табылады. Сондықтан жасанды былғарыны арнаулы аяқ киім құрылымының елеусіз бөлшектерін дайындау кезінде ғана пайдалану ұсынылады.

Аяқ киімнің ішкі әрлеуі үшін материалдың мінсіз нұсқасы табиғи былғары болады.

Қыс жағдайларында жылыланған арнаулы аяқ киім үшін жылытқыш ретінде табиғи теріні таңдап алу қажет. Жасанды теріні пайдалану жоғарыда аталған себептерге байланысты, қабылданбайды.

4. Тәуекелдер. Қате таңдалған арнаулы аяқ киім ауруларға әкеледі, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыскерлері олар туралы күдіктенбейді де. Табан құрылысы мен функцияларының бұзылуы нысанның бұзылуына  – жалпақтабандылыққа әкеледі. Бойлық, көлденең немесе бойлық-көлденең жалпақтабандылық адамның бүкіл тіректік-қозғалыс аппаратына талқандаушылық әсер ете отырып, табанның серіппегіштік қабілеттілігін бұзады. 

Жүрген кездегі серпілістер қаңқа бойынша жоғары беріледі және миға жарақаттаушы әсер етеді. Көлденең, бойлық немесе бойлық-көлденең жалпақтабандылық бар болған кезде адам миына түсетін екпінді жүктеме 5-6 есе артады. Адам өз басынан өткізетін бастың ауырулары көбінесе көлденең, бойлық немесе бойлық-көлденең жалпақтабандылықтың салдарына айналады.  Жалпақтабандылықтың барлық үш үлгісі де жанама түрде мынадай патологиялар дамуының себебі болып табылуы мүмкін: тапталмалардың, өкшелік мүйізгектердің пайда болуы (оқиғалардың  90 %-ында),  Мортон невромасы (жүйке тінінің қауіпсіз түріндегі ісігі), буындардағы дегенеративті-дистрофиялық өзгерістер, оның нәтижесінде жамбас-сан және тізе буындарының артрозы, сондай-ақ сколиоз, құяң, остеохондроз, омыртқа аралық дискілердің жарықтары пайда болады.

Патологияның себептері

Табандар патологиясы пайда болуы себептерінің бірі  – дұрыс таңдалмаған арнаулы аяқ киім. Өз табиғаты бойынша, адам табанында серіппегіштік қасиеттерін иемденген күмбездік құрылыс бар. Мұндай құрылым оған түсетін ауырлықты бөлуге мүмкіндік береді, жүрген кезде шайқалу мен серпілістерді азайтады, табанды жердің кедір-бұдырлығына бейімдейді, жүріске біркелкілік пен тұруға иілімділік береді. Мамандар табан нысанының бұзылуы негізінен дұрыс таңдалмаған арнаулы аяқ киімде көрініс беретіндігін дәлелдеген. Нысан бұзылу формаларының бірі жалпақтабандылық болып табылады, оның себебі көп жағдайларда аяқтарға түсетін артық жүктемемен жасырулы болады.

Жалпақтабанды адам тас төселген жолмен жүріп келе жатқан, қатты болат дөңгелектері бар тетікке ұқсайды. Табанның серіппелі күмбезімен өшірілмеген екпінді толқын қаңқа бойымен жоғары қарай таралады. Жүктемелер (және де өте елеулі) буындардың, омыртқаның және тіпті мидың үлесіне тиеді. Жүруден негізгі амортизацияны өзіне омыртқа алады, мұның нәтижесінде ол тезірек тозады және әлсірейді. Омыртқа аралық дискілердің мүмкін болатын барлық қысылулары және тиісті әлсіреулер жиыны пайда болады. Адам тіпті өзінің көптеген жіті ауырсынуларының жалпақтабандылық салдарынан болып өтетіндігіне күдіктенбейді де.  Арқадан бөлек, бас, әрине, аяқтардың ауыруы мүмкін. Жалпақтабандылық еркіне жіберілген кезде табан нысанының бұзылуы туындайды, бас башпайда аурулық сүйекше деп аталатын сүйекше өсіп шығады. Аяқтардағы қан айналысы бұзылады, тілерсектер ісінеді және ауырады. Тіделік буындар аймағында өзгерістер пайда болады. Жүру қиындай түседі. Жылдам шаршаушылық пайда болады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыскерлеріне арналған ұсынымдар

Аяқтардың тершеңдігі мен онымен қатар жүретін жағымсыз иістен құтылу үшін не істеу керек? Аяқтардың жағымсыз иісі қолайсыздық жасайды, ыңғайсыздық пен сенімсіздік сезімін береді және психологиялық проблемаға айналуы мүмкін. Бұл құбылыспен күресу үшін мынадай ұсынымдарды ұстаныңыздар:

•   Аяқтарды күн сайын жуу ереже болуы тиіс. Егер аяқтарда жағымсыз иіс бар болса, онда антибактериялық сабынды пайдалану керек.

•   Түнге қарай аяқтардың табандарын арнаулы кремдермен немесе жақпа майлармен майлау қажет.

•   Аяқтарға арналған арнаулы  дезодоранттарды пайдалану.

•   Шөптерді (череду, ромашку, календулу) пайдалана отырып, аяқтарға арнап арнаулы ванналар жасау.

•   Аяқтарға арналған сеппе ретінде бор қышқылын пайдалануға болады, ол бактериялардың барлық түрлерін тамаша жояды.

•   Арнаулы аяқ киімнің жай-күйі мен тазалығы қадағалаңыздар. Иіс бар болған кезде аяқ киімге арналған арнаулы желдеткіштерді пайдаланыңыздар. Әрбір 2-3 айда ұлтарағын алмастыруды немесе жууды ұмытпаңыздар.

•   Аяқ киімнің иісін жою үшін халықтық құралдарды пайдаланыңыздар. Аяқ киімді шешкен соң, оның ішіне кептірілген шөпті, балқарағай жаңғағының қабықтарын, арнаулы қалташалардағы арша бұтақшаларын салуға болады. Бұл өсімдіктердің бәрі иістерді жақсы сіңіріп алады.

•   Шұлықтың жай-күйін қадағалаңыздар. Жаңа шұлықтар сатып алу кезінде табиғи маталардан істелген бұйымдарға артықшылық беріңіздер, күн сайын таза шұлық киюге тырысыңыздар.

•   Егер сіздер жоғарыда санамаланған ұсынымдардың бәрін сақтасаңыздар, бірақ ұзақ уақыт бойы аяқтардың жағымсыз иісін кетірудің сәті түспесе, дәрігер-дерматологқа консультациялар алу үшін жүгінген жөн.

 Қорытындылар

Арнаулы аяқ киім ресми қабылданған сапа стандарттарына орай дайындалуы тиіс. Мысалы,  Еуроодақта арнаулы аяқ киімді сынау әдістері бойынша  ISO 20344:2004 стандарты қабылданған. ТМД-дағы бұл стандарттың аналогы ГОСТ 12.4.127-83 ССБТ «Арнаулы аяқ киім. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы» болып табылады.

Аяқтар ЖҚҚ бойынша Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарында жүргізілген зерттеулерге талдау жасауды ескере отырып,  авторлар арнаулы аяқ киімнің мынадай техникалық сипаттамасын ұсынады:

Аяқ киім: Қысқы бәтеңкелер/Жазғы бәтеңкелер.

Бекіту әдісі: құйылған.

Ұлтан материалы: ПУ–ТПУ.

Қасиеттері: Мп; Ми; Нс; Нм; З; SRA; Мун 200; К20; Щ20 – қорғаныс сыныбы S3.

Мөлшерлері: 37-47.

Бәтеңкенің биіктігі: 15,5/ 9,5 см. 

Пайдаланудың температуралық ауқымы: -30 °С +150 °С. ГОСТ 28507-90, ГОСТ 12.4.137-84, ТР ТС 019/2011, EN ISO 20345:2011.

Жоғарғы жағы: ылғалға төзімді жабыны бар, жасанды былғарымен аралас немесе онсыз қара түсті табиғи бүдірлі былғары. Шаңға қарсы бітеу клапан.   

Соққылық беріктігі 200 Дж.  металл ұштық. Тесілуге қарсы металл ұлтарақ, ыңғайлы салмалы ұлтарақ. Жылылаушы – жасанды негіздегі, ақ түсті табиғи жүн (қой терісі). 

Фурнитура: күңгірт қызылсары түсті тозуға төзімді баулар, антикоррозиялық D-тәрізді ілмектер. Бәтеңкенің артқы жағында жарық шағылдыратын таспадан қондырма.

Ұлтаны қосқабатты: ұлтанның жоғарғы бөлігі қара түсті ПУ (полиуретан), ұлтанның төменгі бөлігі қызылсары түсті ТПУ (термополиуретан).  Жүрістік бетіндегі өздігінен тазартылатын профиль.  Ұштық асты аймақта аяқ башпайларына қосымша қорғаныс. Өкшелерді қорғау және аяқ киімді шешу кезіндегі ыңғайлылық үшін кемер.   

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 11, 2017            

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты