text
Справочник кадровика

Жаңа кәсіптер жіктеуіші бізге не дайындауда?

  • 28 декабря 2017
  • 9
Член казахстанской Ассоциации юристов нефти и газа (KPLA); член РОО «Коллегия коммерческих юристов «Kazakhstan Bar Association»; арбитр Международного арбитражного (третейского) суда Республики Казахстан (IAC), партнёр юридической компан
Жаңа кәсіптер жіктеуіші бізге не дайындауда?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Ұлттық кәсіптер жіктеуіші күшіне енеді.

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынын жеделдету, технологияларды тұрақты жаңарту арнайы білім мен дағдылардың қарқынды ескіруіне әкеледі, ал әлемдік экономиканың жаһандануы жұмыс күшін жұмылдыруға және әртүрлі елдерде алынған біліктіліктерді салыстыруға жаңа талаптарды қояды. Сондықтан Қазақстан кәсіптік білімге және еңбек нарығын реттеуге жаңа тәсілдерді дәйекті түрде қалыптастыру аясында 2012 жылдан бастап Ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеуді және енгізуді бастады (және жалғастыруда).

Ұлттық біліктілік жүйесінің ажырамас бөлігі білім беру, жұмыспен қамту, көші-қон және шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі әзірлеу үшін,  еңбек нарығының есебін жүргізуге және жүйелі талдауға  мүмкіндік беретін Кәсіптер жіктеуіші болып табылады.

Кәсіптер жіктеуіші нақты кәсіптер шегіндегі кадрлар қажеттілігін болжау жүйесін құруға ықпал етеді, ал ол нарықтың нақты қажеттіліктерінен  білім беру тапсырысын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол жұмыспен қамту қызметтерінің жұмысында жұмыс берушілер мен ізденушілердің бос орындарын түйісу бөлігінде, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін қажет.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Қазақстан Республикасының жаңа Ұлттық жіктеуіші – ҚР ҰЖ 01-2017  «Кәсіптер жіктеуіші» (бұдан әрі – ҰКЖ) енгізіледі, ол үздік әлемдік тәжірибені және республиканың еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайды ескереді («Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және мотрология комитеті төрағасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-нқ бұйрығы). 

ҰКЖ 2008 жылғы ISCO-мен үйлеседі және кәсіптерді деңгейі мен қолданылатын дағдылардың мамандануы бойынша жіктейді.

Жіктеу объектілері осы кәсіп шеңберіндегі жұмысты орындайтын адамдар емес, кәсіптер болып табылады.

 СЛОВАРИК

Кәсіптер – жұмыс орнында жүзеге асырылатын, жалақы немесе табыс әкелетін, орындалатын негізгі тапсырмалар мен міндеттер сәйкестігінің жоғары дәрежесімен сипатталатын жұмыстар жинағы.

Дағды – нақты кәсіп шеңберінде нақты тапсырмалар мен міндеттер орындау қабілеті, оның екі белгілері бар:

− дағдылардың деңгейі орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің күрделілігі мен көлемін айқындайды;

− дағдылардың мамандануы қолданылатын білімдер, қолданылатын құралдар мен жабдықтар саласын, өңделетін немесе қолданылатын материалдарды және өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің түрлерін назарға ала отырып, орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің сипаттамасы мен ортасын айқындайды.

 ҰКЖ-да белгілі бір кәсіп шеңберінде қызмет ететін жұмысшы сол кәсіп шеңберіндегі басқа жұмысшыға қарағанда біліктілігі артық немесе кем болып табылатынына емес, орындалатын жұмыстың түріне тірек жасалады.

Мысалы, әр түрлі білім деңгейі және жұмыс тәжірибесі бар үш әр түрлі оқытушы бір негізгі топқа жіктеледі, өйткені олардың міндеттері біртектес – оқыту.

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, «жаңа Ұлттық жіктеуіштің алдыңғы жіктеуіштерден айырмашылығы кәсіптер топтастығының 5-ші деңгейін қосу болып табылады, ол кәсіп түрлерін бірнеше рет қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік берді – нәтижесінде кәсіптерді 12 мыңнан астам кәсіптердің (мамандықтардың және лауазымдардың) ықтимал атауларын біріктіретін 426-дан 1274 топқа дейін кеңейтті және толықтырды».

Яғни, ISCO-08 құрылымы төрт белгілер деңгейіне топтастырылған, бір топта біртекті емес кәсіптердің бірігуін болдырмау және оларды толық қамтуды қамтамасыз ету үшін оған толықтыру ретінде ҰКЖ-ға кәсіптер топтастығының 5-ші деңгейі (5 код белгісі) қосылды.  

Осылайша, жіктеуіште иерархиялық жіктеу тәсілі қолданылады, яғни әрбір топ әрбір деңгейде бөлінеді және ілеспелі кодтау тәсілі, яғни әрбір топ рет-ретімен нөмірленеді.

ХХХХ-Х, ол жердегі

ХХХХ-Х – негізгі топ;

ХХХХ-Х – кіші топ;

ХХХХ-Х – шағын топ;

ХХХХ-Х – бастапқы топ;

ХХХХ-Х – кәсіптер тобы.

 

ПРИМЕР  ҰКЖ құру үлгісі:

 

2 – мамандар-кәсіпкерлер;

21 – ғылым және техника саласындағы мамандар-кәсіпкерлер;

214 – электротехниктерді алып тастап, техника саласындағы мамандар-кәсіпкерлер;

2147 – мұнайгаз ісінің инженерлері;

2147-1 – шикі мұнай мен табиғи газды бұрғылау жөніндегі инженерлер.

 

Кәсіптер жіктеуішімен қатар еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің өзара тиімді негізгі құралдарының бірі кәсіптік стандарттар болып табылады.

Кәсіптік стандарт мамандарды даярлауға бизнестен берілетін өзіндік бір техникалық тапсырма болып табылады, ал кәсіптік стандарттардың өлшемдері мен талаптары кәсіпорындарымен бірлесіп тәуелсіз бағалауға және біліктілік беруге мүмкіндік береді.

2012 жылдан бастап мемлекеттік органдар 400-ден астам кәсіптік стандарттар әзірледі. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын іске асыру аясында 2017-2020 жылдарда  тағы 550 кәсіптік стандарттар әзірлеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Біржан Нұрымбетовтың пікірі бойынша, бүгінде  салалық органдар осы мамандықтардың талап етілуін ескермей, өздерінің кәсіптік стандарттарының тізбесін әзірлеуді ұсынатын тәжірибе бар, сондықтан халықаралық тәжірибені ескере отырып, ҰКЖ сәйкес кәсіптер бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу ұсынылады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 12 оқыңыздар 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль