text
Справочник кадровика

Әрекет ет, инспектор!

  • 17 января 2018
  • 11
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", заместитель председателя профкома ТОО «Казцинк»
Әрекет ет, инспектор!

Өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлар жұмысын пәрменді ету – кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі. Мақала авторы оның «Казцинк» ЖШС - нде қалай шешіліп жатқанын әңгімелейді.

Қоғамдық бақылау

Тау - кен - металлургиялық салада өндіріс процестерін жаңғыртудан кейін іле - шала еңбекті қорғауды ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ жүйесі түрлендіріліп, өз жұмысын құрылымдап жатыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 - V Еңбек кодексі (30.06.2017 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) қоғамдық өкілдердің қызметі беретін елеулі әсер мен маңыздылықты түсіне отырып, техникалық инспекторлар институтына елеулі рөл береді.

«Казцинк» ЖШС (бұдан әрі  – Компания) техникалық инспекторлары бұзушылықты айқындап қана қоймай, алынған ақпаратты жалпылауға, ұжымдарда сауатты профилактикалық жұмыс жүргізуге және жақсартуларға белсенді қатысуға тырысады.

Техникалық инспекторлардың жұмысы туралы ақпарат әрбір бөлімшеде болатын «Кәсіподақ комитетінің бұрышы» стенділеріне орналастырылады. Стендте техникалық инспекторлардың тізімі (Т. А. Ә., лауазымы, учаскесі), сондай - ақ олардың жұмысы туралы есеп берулер бар.

Бұл орайда Зыряновск тау - кен - байыту кешені техникалық инспекторларының жұмыс үлгісі ерекше көрнекті. Кешеннің техникалық инспекторлары өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын күн сайынғы бақылаудың «Техникалық инспектор блокнотына»,  одан кейін «Ауытқуларды басқару» кіріктірілген электрондық жүйесіне енгізеді. Техникалық инспекторлардың жұмыс тәжірибесі жалпыланады, «Қоғамдық бақылау қозғалысын дамыт» бүктемесі жарияланады, ол жұмысты жаңадан бастаушылар үшін жақсы оқу құралы болып табылады және жұмыс істеп жүрген техникалық инспекторлардың көптеген сұрақтарына жауаптар береді. Зыряновскіліктер өз жұмысын тұрақты негізде жетілдіреді, ал тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі өз ұсыныстарын жыл сайын өткізілетін техникалық аукционда ұсынады.

Жетілдіріп, жұмысқа

Өндірістегі техникалық инспекторлар жұмысын қалай жетілдіру, оны неғұрлым тиімді ету керек – осы және басқа мәселелер кәсіподақ басшылығының техникалық инспекторларымен және компания бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтерінің басшыларымен өткізілетін кездесулерде тұрақты талқыланады. Өйткені тікелей жұмыс орындарында, оқиғалардың қайнаған ортасында болатын нақ осы инспекторлар қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуларын бірінші болып айқындауы және сақтандыруы мүмкін.

 «Казцинк» ЖШС - нде барлық өнеркәсіптік кешендер мен компанияның еншілес кәсіпорындарының арасында «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» дәстүрлі конкурсы тұрақты өткізіледі.  2016 жылы үш техникалық инспектор жеңімпаздар болып жарияланды, тек солар және тек 2016 жыл үшін жұмыстың барлық учаскелерінен мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер жасады. Мұның тұтастай алғанда компания үшін нені білдіретінін түсіндірудің қажеті жоқ.

 Қатысушылардың конкурсқа дайындалу кезеңінде желілік басшылар мен техникалық инспекторлардың бірлескен жұмысының қалай құрылатыны, айқындалған ауытқушылықтар бойынша көрсеткіштер мен кемшіліктердің қаншалықты тез жойылуы мен жаңа ұсыныстардың енгізілуі бағаланады.

Үздік техникалық инспекторлар

Біздің техникалық инспекторлар республикалық деңгейде атап өтілді. Олардың екеуі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған «СЕНIМ» - 2017 конкурсында «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторлар» атанды. Бұлар – Светлана Викторовна Гановичева (Зыряновск тау - кен - байыту кешені) – 1 - орын және Мұрат Жумабайұлы Малаев ( «Altyntau Kokshetau» АҚ) – 3 - орын.

С. В. Гановичева байыту фабрикасында ерітінді - реагенттер әзірлеу учаскесінде 1988 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Учаскедегі кәсіптердің тұтас кешенін табысты меңгерді: реагент ерітінділерін жасаушы, диірмендер машинашысы, қоректендіргіш машинашысы, сорғылық қондырғылар машинашысы, еденнен жүккөтеруші тетіктерді басқару құқығымен жүк ілуші, жеке компьютер операторы, крандармен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін жауапты жұмыскер. 1997 жылдан бастап ауысымның аға жұмыскері болып жұмыс істейді, оның басшылығымен ерітінді дайындаушылар звеносы қауіпсіздік пен еңбек тәртібі ережелерін бұзусыз, алға қойылған өндірістік тапсырмаларды ойдағыдай орындайды. 2013 жылы ол өндірістен қол үзбей, Рысқұлов атындағы Алматы университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылдан бастап еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор, техникалық инспектор міндеттерін атқарады.

Әрекет ет, инспектор!

С.  В. Гановичева: «Мен үшін «Еңбекті қорғау

жөніндегі үздік техникалық инспектор» конкурсына

қатысу үлкен абырой. Қауіпсіз еңбек – әрбір адамның құқығы!

Бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексімен нақтыланған,

конституциялық құқық».

Табандылығы, байыту фабрикасының барлық учаскелеріндегі өндірістік циклдерді білуі мен мол тәжірибесінің, қауіпсіздік техникасына жоғары талап қоюшылығының арқасында С. В. Гановичева ең белсенді техникалық инспектор болып табылады.

М. Ж. Малаев алтын айыру фабрикасында 2009 жылдан бастап, орташа ұсақтау учаскесінде жұмыс істеп келеді. 2010 жылы ол өндірістен қол үзбей Ш. Уәлиханов атындағы университетті «Тау - кен ісі» мамандығы бойынша бітірді.  М. Ж. Малаевпен бірге еңбек ететіндердің бәрі ол туралы: өз ісін сүйетін және білетін, ықыласты жұмыскер деген пікір білдіреді.

 2012 жылдан бастап М. Ж. Малаев еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық, техникалық инспектор болып табылады, оның бастамасы бойынша оларды болдырмау мақсатында жұмыскерлердің жарақаттар алуының мүмкін болатын себептеріне талдау жасау тұрақты жүргізіледі, жұмыс істеушілерді жеке қорғану құралдарымен, санитарлық - тұрмыстық үй - жайлармен, арнаулы тағаммен қамтамасыз етуге бақылау жасау жүзеге асырылады, еңбекті қорғау бойынша ұжымдық шарттан көрініс тапқан іс - шаралардың орындалуы талданады.

Әрекет ет, инспектор!

М.  Ж. Малаев:  «Техникалық инспекторлар бәрінен бұрын –

өз ісінің кәсіби шеберлері. Бұған қоса, бұлар - белсенді өмірлік

позициясы бар адамдар. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен

еңбекті қорғау бойынша алдын алу жұмысы техникалық

инспекторларсыз толыққанды болмайды».

М. Ж. Малаев еңбек ететін учаскеде жазатайым оқиғалардың жоқтығына оның желілік басшылармен бірге персоналмен тәуекелдерді төмендету бойынша жақсы жүргізілген жұмыс, жұмыс орындарындағы үлгілі еңбек тәртібі, сондай - ақ өз қауіпсіздігі және өз әріптестерінің қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік сезімі айғақ болады.

Бүгінгі күні «Казцинк» ЖШС - нің барлық бөлімшелерінде техникалық инспектор лауазымына өте байыпты көзқарас қалыптасқан. Оның өкілеттіліктері кеңейді, жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Жұмыскерлер жұмыстың қалай жүргізілетінін, оған инспекторлардың қалай қатысатынын және жұмыс орындарының сапалы және қауіпсіз бола түсетінін көреді.

Қауіпсіздікке қоғамдық және кәсіптік бақылау жасаудың өзара әрекеттестігінің ең маңызды көрсеткіші айқындалған ауытқулар санының жойылғандар санымен толықтай сәйкестігі болып табылады. Олардың арасына теңдік белгісін қоюға болады. Бұл мағынада қоғамдық бақылау мен жұмыс берушінің өзара әрекеттестігі  «өте жақсы» болып бағаланады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 12, 2017  

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль