text
Справочник кадровика

Ұйымдағы бос тұрып қалу: ақы төлеудің тәртібі және шарттары

  • 19 января 2018
  • 14
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Ұйымдағы бос тұрып қалу: ақы төлеудің тәртібі және шарттары

Бос тұрып қалудың ұғымы, түрлері және себептерін белгілеу.

Қиын қаржылық дағдарыс кезінде көптеген ұйымдарға қызметін тоқтата тұруға тура келеді. Мұндай жағдайларда қызметкерлердің жағдайы не болмақ? Өндірістің бос тұрып қалуы туралы бұйрық ресімдеп, жұмыскерлерге заң бойынша тиесілі өтемақыларды төлеу керек пе, ол қандай сома? Егер бос тұрып қалу кезінде жұмыскер еңбекке қабілетсіз болғанда, не істеу керек? Осы кезеңде жұмыскерлер жұмыс орындарында болуға міндетті ме? Осы және көптеген басқа сұрақтардың жауаптарын сіз осы мақалада табасыз. 

 Бос тұрып қалу ұғымы және оның себептері

Бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.11 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 10) тармақшасы), яғни жабдықтардың бұзылуына және оларды жөндеуге, көшуге, шикізаттың,  материалдардың, жұмыстың және т. б. болмауына байланысты жұмыскердің қызметін уақытша тоқтату.

Кәсіпорындарда бос тұрып қалу әртүрлі себептермен болады және оның өз ерекшеліктері бар, олардың арасында:

1) ұйымдастырушылық сипаттағы себептер, оларға компанияның құрылымдық бөлімшелерін жою, біріктіру немесе бөлуді жатқызуға болады;

2) технологиялық сипаттағы себептер, оларға өнімді өндірудің жаңа әдістерін  немесе қолданыстағы әдістерді өзгерту жатады;

3) техникалық сипаттағы себептер, ол, мысалы, өндірістік құрал-жабдықтардың сынуы, оларды ауыстыру немесе жаңғырту болып табылады;

4) экономикалық сипаттағы себептер – қаржылық дағдарыс, компанияның ауыр материалдық жағдайы және т. б.

Бос тұрып қалу бүкіл кәсіпорынға, жұмыскерлердің белгілі бір бөлігіне немесе тек қана бір жұмыскерге қатысты болуы мүмкін.

Ұзақтығына байланысты бос тұрып қалулар ауысымішілік және бүкіл ауысымдық болып бөлінеді.

Ауысымішілік бос тұрып қалу негізі – ішкі факторларға, ал бүкіл ауысымдық сыртқы факторларға байланысты болады.

Сыртқы факторлар ұйымның бақылау шегінен тыс болады, ал ішкі факторларды ұйым өзі бақылай алады және өзгерте алады.

 ПРИМЕР

Ішкі факторларға мыналар жатады: өнімнің жаңа түрлерін құру; ішкі қайта ұйымдастыру мен жаңа технологияларды игеру және т. б. Сыртқы факторларға – пайыздық ставкаларды, валюта бағамын өзгерту; тауарларға немесе қызметтерге сұраныстың өзгеруі; заңнамадағы, ұйымның саясатындағы өзгерістерге байланысты; техногенді және табиғи апаттар.

 Бос тұрып қалу кәсіпорында туындауы мүмкін:

1) жұмыс берушінің кінәсінен;

2) жұмыскердің кінәсінен;

3) жұмыскер мен жұмыс берушіге байланысты емес себептер бойынша.

Бос тұрып қалуға алып келетін кез келген оқиға кенеттен орын алуы және кімнің болса да кінәсінен болуы мүмкін екенін айта кету керек.

 ПРИМЕР

Компанияда жабдықтар сынды. Егер жұмыскер қауіпсіздік техникасының қағидаларын немесе жабдықтарды пайдалану шарттарын бұзған болса, онда бос тұрып қалу, сөзсіз, жұмыскердің кінәсінен болады. Алайда құрал-жабдық жұмыс берушінің кінәсінен де бүлінген болуы мүмкін (егер ол, мысалы, осы жабдықты орнату кезінде нұсқаулықты орындамаған болса), сондай-ақ еңбек қарым-қатынастарының тараптарына байланысты емес себептер бойынша да бүлінуі мүмкін (мысалы, жабдықтарды өндіру кезінде ақауға жол берген өндірушінің кінәсінен).

 Заң жүзінде бос тұрып қалуға шектеулер белгіленбейді, демек, олар шексіз жалғасуы мүмкін. Сондықтан жұмыс процесі жұмыс беруші оны жандандыру туралы шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл шешім негізінен басшының еркіне және нақты мүмкіндіктерге байланысты. Бұл жағдайда осы кезеңнің ресми түрде бос тұрып қалу деп ресімделгені маңызды.

Кадр қызметінің қызметкерлеріне бос тұрып қалудың себептерін (кінәліні) анықтаған маңызды, өйткені мұндай мәліметтер жалдаушының одан әрі шешім қабылдауына тікелей әсер етеді. Осы мақсатта тиісті құжаттар ресімделуі тиіс. Қазіргі уақытта мұндай құжаттардың үлгілік нысандары жоқ.

Кадр қызметінің қызметкерлерінің бос тұрып қалу кезіндегі келесі іс-қимыл тәртібін ұсынамыз:

1) бос тұрып қалу себебін белгілеу;

2) жұмыс берушінің бос тұрып қалу туралы шешім ресімдеу;

3) қызметкердің жұмыс орнында болу қажеттілігін анықтау;

4) бос тұрып қалу уақытын ескеру.

Бос тұрып қалудың себептерін белгілеу

Бос тұрып қалу себептерін анықтау кезеңінде кадр қызметінің қызметкерлері мүдделі басшылармен бірлесіп, бастапқы есепке алу құжаттарында (бос тұрып қалуды есепке алу парағы және т. б.) бос тұрып қалу фактісін тіркеу бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ бос тұрып қалу туралы актілерді ресімдейді, ол туралы баяндамалық жазбалар ұсынады.

Жұмыскерге бос тұрып қалудың себептерін және жағдайларын дереу  жоюға шаралар қабылдау, сондай-ақ болған оқиға туралы жалдаушыға тез арада хабарлау міндеті жүктелген. Жұмыскердің кінәсінен жол берілген бос тұрып қалу уақытына ақы төленбеуге тиіс (ҚР ЕК 112-бабының 2-тармағы).

Тәжірибеде жергілікті нормативтік актілерде анықталған бос тұрып қалу фактісін  мәлімдеуге жұмыскерді міндеттейді.

Осылайша, егер жұмыскер бос тұрып қалу фактісін белгілесе, ол құрылымдық бөлімшенің немесе ұйымның басшысына баяндамалық жазба ұсынуға тиіс. Онда бос тұрып қалуға әкеп соққан себепті сипаттау және мүмкіндігінше оны жою бойынша өз ұсыныстары мен ұсынымдарын келтіру керек.

Осы құжаттың негізінде ұйым басшысы бос тұрып қалуға әкеп соқтырған себептерді тергеу туралы (қосымша), туындаған шығындарды қысқарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бойынша және т. с. с. комиссия құру туралы бұйрық (өкім) шығарады. Әдетте бұйрық шығарылады, онда амалсыз бос тұру уақыт, жұмыскерлерді  уақытша басқа жұмысқа ауыстырғаны және т. б. үшін жұмыскерлерге ақы төлеу шарттары белгіленеді.

Басшының бұйрығымен құрылған комиссия өз жұмысы туралы есеп және бос тұрып қалған уақыты туралы акт жасайды. Есеп еркін нысанда жасалады, комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Осы құжаттардың негізінде басшы бос тұрып қалу себебі, оған кінәлі адам және бос турып қалуға байланысты  шағындардың дереккөзі туралы түпкілікті шешім қабылдайды.

Сонымен қатар, тексеру барысында комиссия:

1) лауазымды тұлғалар мен басқа да жұмыскерлерден сұрастырады және түсініктемелер алады;

2) бос тұрып қалуға әкеп соққан себептерді,  кінәлілер мен факторларды белгілейді;

3) бос тұрып қалудың пайда болу себептерін белгілейді,  мән-жайларды анықтайды;

4) технологиялық процестердің бұзылу сипатын, жабдықдарды пайдалану шарттарын анықтайды;

5) қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігін тексереді;

6) бос тұрып қалу себептерін жою, болашақта оның алдын алу бойынша шараларды ұсынады;

7) тікелей шығындарды және бос тұрып қалуға байланысты жоғалған пайданы және т. б. анықтайды.  

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 01 оқыңыздар 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль