text
Справочник кадровика

Артық жұмыс істеу

  • 24 января 2018
  • 14
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», HR-директор, специалист по управлению персоналом, г. Кокшетау
Артық жұмыс істеу

Артық жұмыс істеу. Жұмыста кешігу – бұл қалыпты ма әлде бұл біздің заманымыздың соры ма? Оңтайлы жұмыс күні қандай болуға тиіс?

Қазіргі әлемде көптеген ұйымдарда жұмыс уақытының нормасынан артық жұмыс істеу сияқты құбылыс бар. Ол туралы жұмысқа қабылдау кезінде немесе әріптестерімен талқылағанда айтады. Көптеген адамдар басталған жұмысты аяқтау үшін немесе барлық жоспарланған жұмысын жұмыс күні ішінде орындауға үлгере алмағандықтан, жұмыстан кейін қалады.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жұмысқа орналасу кезіндегі әңгімелесу кезінде: «Қажет болған жағдайда сіз жұмыста қанша уақытқа қалуға дайынсыз?» сұрағын өте жиі естуге болады, сондай-ақ, ол сұрақты өзіміз де қоямыз. Бұл сұрақ кейде бізді тұйыққа тірейді. Бір жағынан – біздің жұмыс уақытымызды реттейтін заңдар бар ғой деп ойлаймыз, ал, екінші жағынан біз осы жағдайға көнуге дайынбыз, ал кейде, қажеттілікке байланысты жұмыста кешігуге келісеміз. Сондықтан үміткер бұл сұрақ – келіссөздің бір бөлігі екенін, және ол жалақы туралы мәселемен қатар маңызды екенін түсінеді.

Авторға қызмет персоналының қызметкері ретінде түрлі санаттағы бастықтармен және құрылтайшылармен жұмыс істеуге тура келді.  Біреулері неғұрлым өнімді қызметкер – жұмыс күнін дұрыс ұйымдастыра білетін, сондықтан жұмыс күнінің соңында қалмайтын жұмыскер деп ойлайды. Басқалары өзінің жеке уақытын жұмыс үшін құрбан етуге дайын жұмыскерлер ғана жалақысын жоғарылатуға және қызмет бабы бойынша жоғарылауға лайық деп ойлайды.

Бірақ, сонымен қатар жұмыс күні кейде кешкі сегізге дейін созылатын мемлекеттік құрылымдар мен қызметтер бар ғой. Сондай қызметтерге ТЖМ, мектеп, аурухана, полиция, кейбір коммуналдық қызмет және т. б. жатқызуға болады, және олардың қызметкерлеріне артық жұмыс істегені үшін көп жағдайда төлемейді.           

ПРИМЕР

Жақында кезекті іссапарда автор осы тақырыпта ТЖМ қызметкерімен ұзақ сөйлесті, олардың бөлімінде бірнеше адам жұмыс істейді екен: екі офицер мен екі азаматтық қызметші. Азаматтық қызметшілер міндеттеріне санасыз қарайды, жұмыстан 18.30-дан кешікпей кетеді, ал әскерилер жұмыста сағат сегіз-тоғызға дейін, тіпті, одан да кеш қалады. Бұл құбылысты қалай сипаттауға болады: өндірістік қажеттілік пе немесе жылдар бойы дағдыланған әдет пе? Осы туралы айтып берген қызметкер, бұл сұраққа жауап бере алмады.

Қызмет бабымен автор кейде біздің елде ұзақ іссапарларда болады. Зерттеулерді негізге ала отырып, ол кейбір қорытындылар жасады. Оңтүстік Қазақстан облысында және еліміздің Шығысында қызметкерлер жұмыста ең көп  кідіреді екен. Солтүстік Қазақстанда және елдің Батысында бұл құбылыс таралмаған. Ойлап қарасақ, бұл тікелей жұмысқа деген құштарлықпен байланысты. Оңтүстік және Солтүстік Қазақстанда орналасқан сауда нүктелеріндегі сатушылардың қызмет көрсету сапасына және келбетіне қараңызшы. Бұл құдды бір екі түрлі мемлекет сияқты ғой. Біз, оңтүстіктің адамдары, соншалықты баймыз, сондықтан түскі ас кезінде дүкенді жауып аламыз, сондай-ақ сауда нүктелерінде сатып алушыларға және әртүрлі спа-, сұлулық салондарында клиенттерге дөрекі сөйлейміз.

Халықаралық тәжірибе

Жапония. Әрбір бесінші жапондық күніне 12 сағаттан жұмыс істейді. Бұл ретте, жыл сайын осы елде шаршағаннан қайтыс болған адамдардың саны өсіп келеді. Және оған ауруларды, жүрек ауруын, күйзелісті және т. б. қосыңыз. Тек соңғы жылы Жапонияда 20 000-нан астам адам жұмыстағы қиындықтарына байланысты өзін-өзі өлтірген.  Жапонияда тіпті «кароси» деген термин пайда болған, яғни жұмыс орнында шаршағандықтан қайтыс болу.

Бітіріп қайтты мәселелерін шешу үшін. "термині пайда болған, ", яғни өлім қатты.

Оңтүстік Корея. Орта есеппен он бір сағаттық жұмыс күні. Билік жұмыс күнін азайту бойынша заңдар қабылдайды, бірақ бұл заңдар, әдетте, тек қағаз жүзінде қалады.

Ең алдымен, бұл кәрістердің дәстүрі мен мәдениетіне құрмет. Дүниежүзінде жұмыс аптасының ұзақтығы бойынша Оңтүстік Корея бірінші орында тұрғаны тегін емес. Оңтүстік Кореяға барғаннан кейін біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің елімізде жұмыс уақытын қайта қарау керек екенін мәлімдеді.

АҚШты сондай-ақ, ұзартылған жұмыс уақыты бөлігінде үлгі тұтуға болады. Танымал сериалдан бір фраза еске түседі: «Сен бірінші жыл жұмыс істеп жүріп, жұмысқа таңғы сағат алтыда келмейсің бе? Бұдан әрі бұл жерде қалай жұмыс істемекшісің?!» Ұзақ жұмыс аптасы, алғашқы бес жыл ішінде еңбек демалысы болмайды және т. с. с. Міне, бұл дәл қазір Құрама Штаттарының кеңістігінде болып жатқан нәрсе.

Қазіргі уақытта Германияның парламенті Бундесратта сегіз сағаттық жұмыс күнін алып тастау туралы заң қаралуға жатыр. Бір айта кететін жайт, бұл осы заңды қабылдаудың бірінші әрекеті емес.

Италияның тәжірибесі тіпті қызықты, күндіз сиеста деп аталатын демалыс ұйымдастырылады. Ал таңертең және кешке қызу сауда жүріп жатады, және барлық мекемелер ашылады. Айтпақшы, Италияда ұзақтығы бойынша әлемдегі ең үлкен жұмыс аптасының бірі бекітілген.

Артық жұмыс істеу мәселесін шешу жолдары ұсынылады:

1. Жұмыста өткізілген уақыттың ұзақтығын емес, сапаны арттыру қажет.

ПРИМЕР

Бір өте танымал оқиға бар. Жапонияда  Ресейден келген бір инженерді бір ірі ұйымда сынақ мерзімі ретінде шлагбаумды ашуға тұрғызып қойыпты. Бір ай бойы қызметкер басқалардан ерте келіп, шлагбаумды рақаттанып ашып, басқалардан кеш кетіп жүріпті. Бірақ бір айдан соң оны сынақ мерзімінен өтпеді деп, жұмыстан босатыпты. Түсінген боларсыз, егер ол шын мәнінде инженер болса, бұл уақытта ол адамды осы процестен алып тастауға мүмкіндік беретін механизм ойлап табушы еді ғой.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы №1  оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты