Ұн тарту кешеніндегі қауіпсіздікті арттыру бойынша іс - шаралар

6
Ұн тарту кешеніндегі қауіпсіздікті арттыру бойынша іс - шаралар
Утепов Д. А.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", старший инженер по охране труда и технике промышленной безопасности АО «АзияАгроФуд»
Тағамдық сала үшін бастапқы шикізат қоймаларынан бастап дайын өніммен аяқталатын өндірістің бүкіл технологиялық желісін бойлай орналасқан жарылыс қауіпті орындар мен жұмыстардың жеткілікті екендігі тән

«АзияАгроФуд»  АҚ кәсіпорны – республикадағы ең ірі және заманауи ұн зауыттарының бірі. Оның негізгі қызметі бидай дәнін наубайхана ұнына және жүгері дәнін  –  крахмал мен глюкозалық шәрбетке қайта өңдеу болып табылады. Негізгі өндірістің жұмыс режимі тәулік бойы, үшауысымды – жылына 300 тәулік.

 Өндірістік база

Кәсіпорында негізгі екі өнеркәсіптік алаң бар.

 № 1 өнеркәсіптік алаң – «Ұн комбинаты» кәсіпорны – мынадай өндірістерден тұрады:

  –     шикізаттың сүрлемдік қоймасымен және дайын өнім қоймасымен блокқа біріктірілген өндірістік корпус;

–      темір жолдан және автомобиль көлігінен астық қабылдауға арналған қабылдау құрылғылары;

–      қазандықпен блокқа біріктірілген өндірістік - көмекші корпус;

–      әкімшілік - тұрмыстық корпус;

–      асхана, наубайхана;

–     тепловозға арналған жабық тұрақ;

  –    автотаразы;

  –     ұнды қаптамамен сақтау қоймасы.

–     өндірістік - техникалық зертхана.

Теміржол көлігінің вагондарымен жылына 126 мың тонна астық тасып әкелінеді және қабылдау шанағына түсіріледі, одан кейін тасымалдауышпен шикізаттың сүрлемдік қоймасына жеткізіледі. Жылына:

–      ұн – 84 962 тонна;

  –     кебек – 22 490 тонна;

  –     азықтық астықтың дән қалдықтары – 4 035 тонна өндіріледі.

 № 2 өнеркәсіптік алаң – «Крахмал сірнесі зауыты» кәсіпорны – мынадай өндірістерден тұрады:

–      глюкозалық шәрбет дайындау зауыты;

–      қазандық;

  –    дайын өнім қоймасы;

  –    шикізат пен қосалқы материалдар қоймасы;

  –     ыдыстар қоймасы;

  –     қаптамаланған жүктер қоймасы.

Жылына 60 мың тонна сірне дайындалады.Ұн тарту кешеніндегі қауіпсіздікті арттыру бойынша іс - шаралар

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жылумен жабдықтау өз қазандығынан жүзеге асырылады, бұл жерде газбен жұмыс істейтін екі Е - 10 - 1,4 гм (ДЕ - 10 - 14 гм) қазаны орнатылған. Энергиямен жабдықтау көзі «АзияАгроФуд» АҚ объектілерінен 3 км жерде, Шамалған кентінде орналасқан № 64 трансформаторлық қосалқы станция болып табылады. Сумен жабдықтау көзі ретінде шаруашылық - өрт сөндіру су құбыры жүйесіне арналған, қолданыстағы ұңғымалар қабылданған. Ұңғымалар өнімділігі 25 м³/сағат болатын сорғылармен жабдықталған. Ғимараттарда сыртқы және ішкі өрт сөндіруге қажетті су арыны мен шығынын қамтамасыз ету үшін сорғылық қондырғы бар. Өндірістік және қоймалық корпуста ішкі өртті сөндіруге арналған, диаметрі 50 – 65 мм болатын өрт сөндіру крандары орнатылған.

Сыртқы өрт сөндіруді сыртқы гидранттардан орындау көзделген. Өрт сөндіру сорғылары өрт сөндіру крандарын ашқан кезде, су құбырында қысым құлаған кезде іске қосылады. Өрт сөндіру крандарында өрт сөндіру сорғыларын қашықтықтан қосуға арналған батырмалар орнатылған.

1 кестеде объектілердің өрттік сипаттамалары, 2 кестеде  – өнеркәсіптік объектідегі қауіпсіздікке бақылау жасау жүйесі келтірілген.

1 кесте

 Объектілердің өрттік сипаттамалары

р/с

Ғимараттардың аталуы

Ауданы, м²

Қабаттылығы

Отқа төзімділік дәрежесі

Өндірістің өртке қарсы қауіпсіздік санаты

1

Әкімшілік

324

3

II

В

2

Өндірістік (ұн зауыты)

432

8

II

Б

3

Қосалқы

864

2

II

Д

4

Элеватор

648 м²

8

II

Б

5

Дайын өнім корпусы

324 м²

II

Б

6

Қаптамамен сақтау қоймасы

4032 м²

1

II

В

7

Жүгері дайындау цехы

50 м²

4

II

В

8

Глюкозалық шәрбеттер зауыты ( А блогы)

1284

2

III

Д

9

Шикі крахмал зауыты (Б блогы)

1374

2

III

Д

10

Қоймалар корпусы

2340

1

II

В

2 кесте

Өнеркәсіптік объектіде қауіпсіздікті бақылау жүйесі

 р/с

Қызметтердің аталуы

Саны

Саны (человек)

1

Техникалық қадағалау

1

1

2

Қауіпсіздік техникасы

1

1

3

Аварияға қарсы күштер

6

48

4

Өртке қарсы

1

62

5

Авариялық - құтқару жасақтары

7 жасақ

135

Ұн тарту кешеніндегі қауіпсіздікті арттыру бойынша іс - шаралар

Ұн тарту кешеніндегі қауіпсіздікті арттыру бойынша іс - шаралар

Ұн зауытындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру бойынша іс - шаралар

«АзияАгроФуд» АҚ - нда 2017 жылғы 4 қарашадағы № 14 - п бұйрығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша білімді тексерудің өндірістік - біліктілік комиссиясы құрылды.

Ұн зауыты бойынша өнеркәсіптік, жарылыс - өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша іс - шаралар жүргізіледі. Норияларда* жарылысты бәсеңдетушілер орнатылған.

* Но́рия — сұйықтықтар мен сусымалы материалдарды тік бағытта көтеруге арналған құрылғы.

Кәсіпорында:

–      электрқозғалтқыштар мен желілерін қысқа тұйықталу мен астам жүктемелеулерден қорғау;

–      барлық жабдықтарды диірменнің әрбір қабатында орнатылған батырмалардың көмегімен авариялық ажырату көзделген.

Ауаөткізгіштердің транзитті учаскелері желдету жабдығына арналған үй - жайдың бүкіл өн бойында жабындылармен қиылысқаннан кейін отқа төзімділік шегінің 0,5 сағат болуы көзделген.

Өндірістің А, Б санаттарындағы үй - жайлардың жылыту - желдету жабдықтары, ауаөткізгіштер мен құбыржолдар электр тізбегінің бүкіл өн бойында әрбір жүйені электр жабдықтарын жерлендіру контурларына кем дегенде екі жерден қосумен, жерлендіріледі.

Б санатындағы үй - жайдан шығатын жерлер ауаның кепілдік берілген қолдауымен  тамбур - шлюздермен жабдықталған. Бір қондырғыдан бір ауаөткізгішпен таратылған ауаны үш қабатқа дейін қабылдайды.

Өндірістік корпустағы оңай лақтырылатын құрылым үшін қолданыстағы тересе ойықтары қабылданған. Жапсырмалау және ұнтақтап тарту машиналарының алдына мағнитті қоршаулар жеткілікті етіп қойылған.

Жарылыс қауіпті үй - жайларда хабарламашылар көзделген. Өрт хабарламашылары ретінде жылулық және қол өрт хабарламашылары (ҚӨХ үлгісінде) қабылданған. Бір жылулық хабарламашы бақылайтын аудан 15 м² - қа тең. Хабарламашылар қорғалған үй - жайлардың төбесіне орнатылады.

Өндірістік процесті оперативті басқару үшін диспетчердің күшейтілген дауысты хабардар ету байланысы қарастырылған. Байланыстың дыбыс күшейткіш қондырғысы диспетчерлік бөлмеде (Басқару орталығында) орнатылған.

Пневмокөліктік қондырғылармен жұмыс істеу де белгілі бір қауіптілікпен байланысты, өйткені ұшқындық разряд пайда болған кезде жарылыстар мен өрттер туындауы мүмкін. Аэрозольдер түріндегі ұн өнімдері ауа ағынының қозғалысы, металл бетке соғылу кезінде статикалық электр зарядтарын жақсы өндіреді. Ауада ұн өнімдерінің белгілі бір мөлшерлері (40 г/м³ - тан кем емес) болған кезде және оңтайлы жағдайларда оталу көзі пайда болып, өнімдердің өздігінен тұтануы болуы мүмкін. Қысымды көліктік қондырғы құбырларында пайда болған статикалық заряд ұнның бүкіл қозғалу жолында оларды мұқият жерлендіру жолымен алынып тасталуы мүмкін.

Қызметкерлердің қауіпсіздігі

Қызмет көрсететін персоналдың электр тартылымдары оқшауламасының бұзылуы, найзағайдың екіншілік көріністері, диірмендік кешеннің жұмысшы корпустарындағы статикалық электр тогының салдарынан электр тогының соғуынан қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін жерлендірудің тұйық қонтуры салынған. Ол әрбір қабатта 25х4 мм жолақтық болаттан жасалған, ал жекелеген қабаттардың жерлендіру контурлары өзара бағандармен біріктірілген, олар өз кезегінде жерлендірудің ғимараттар периметрі бойынша салынған сыртқы контурымен пісіру арқылы біріктірілген. Жерлендіру контурларына мерзімдік сынақтар мен тексерулер жүргізіледі.

Диірмен ғимараттарының найзағайдан қорғалуы шатыр жабындысына металл тор салу жолымен орындалған, ол ток өткізгіштер арқылы жерлендірудің сыртқы контурымен қосылады.

Статикалық электр тогынан қорғау мақсатындағы іс - шаралар көзделген.

Құрылыстық, өндірістік құрылымдар, барлық мақсаттағы стационарлық құбыржолдар, технологиялық жабдықтардың металл тұрқылары диірмен ғимараттарының қабат бойынша жерлендірудің ішкі контурларына қосылады.

Әрбір ғимарат пен құрылысқа кіреберістер мен өтер жолдар қарастырылған.

Өрт сөндіру гидранттары автомобиль жолдарының көлік жүретін бөлігіне тікелей жақын жерде орналастырылған. Өрт сөндіру машиналарының сумен жабдықтау көздеріне және өртке қарсы су қоры сұйыққоймаларының жанында орналасқан құдықтарға жақын келуі қарастырылған. Диірмен аумағында екі шығатын жері бар өрт сөндіру посты бар.

         Крахмал сірнесі зауыты бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру

жөніндегі іс - шаралар

Өндірістік корпус өрт қауіпсіздігі және өрт - жарылыс қауіптілігі бойынша «Д» және «Б» санатымен екі өрт сөндіру бөлігіне бөлінген. Өрт сөндіру бөліктері бір - бірінен өртке қарсы қабырғамен және далдамен бөлінген. Сондай - ақ найзағай түсуден қорғану бойынша іс - шаралар, жерлендіру мен нөлдеу көзделген. Нөлдеу жүйесі – қоректендіруші кәбілдердің нөлдік талсымдарының көмегімен электр жабдығын трансформатордың жерлендірілген бейтарап нүктесімен металдық жалғастыру.

Өндірістік корпус ғимараты найзағайлардың тікелей соққылары мен жоғары потенциалдардың әсерінен жерлендірудің сыртқы контурына қосылатын, қадамы 6х6 метр 40х40 мм  мырышталған жолақтан жасалған Фарадей торының көмегімен қорғалады. Жерлендірудің сыртқы контурының құрылғысы бар. Жерлендіру торының құрылғысы бағандарда орнатылған арнаулы клеммаларға қосылатын, еденнің бетон дайындамасында орналасқан. Статикалық электр тогынан қорғау құбыржолдарды желдету қораптарының құбыржолдарын және техникалық жабдықты жерлендіруші құрылғығыға қосумен жүзеге асырылады. Қазандықтың түтіндік металл мұржасын найзағайдың тікелей түсуінен қорғау өзінің жерлендіру контурына қосумен қамтамасыз етіледі.

Қолда бар өрт дабылдамасы объектілерді қорғау үшін тағайындалған және мыналарды жүзеге асырады:

–      өрт хабарламашыларынан түскен сигналдарды қабылдау;

  –    бақыланатын объектілермен байланыс желілерінің ақаулықтарын бақылау;

–      келіп түскен барлық ақпаратты жарықтық және акустикалық аспаптардың, сигнал мекенжайы мен түрінің макғынасын ашудың көмегімен бейнелеу;

  –     орталық бақылау пультіне және БРП - ндегі тәулік бойы кезекшілік ететін персонал бар үй - жайға «Өрт» сигналын беру;

  –     ағындық және сорып шығару жүйелерін басқарудың (ажыратудың) адрестік пәрмендерін қалыптастыру.

Өрт дабылдамасының объектілері өндірістік корпустың, қоймалық корпустың, тұз қышқылы қоймасының үй - жайлары болып табылады. 3 кестеде өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру бойынша іс - шаралар тізбесі ұсынылған.

 3 кесте

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру бойынша іс - шаралар кестесі

р/с

Іс - шаралардың аталуы

Орындалу мерзімдері

Күтілетін әсер

1

2

3

4

1

Жабдықтарды, ауаөткізгіштерді, өздігінен ағушыларды қымтау

тұрақты

шаң бөлінуді шектеу

2

Шаңды жиыстырып - тазалау, оны өндірістік үй - жайдан кетіру

тұрақты

шаң мөлшерін азайту, жарылыс қауіпсіз шаңдық режимді қамтамасыз ету

3

РД - II - 002 - 97. Нан өнімдері саласының жарылыс - өрт қауіпті өндірістері мен объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарында отпен істелетін жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша нұсқаулықтарды сақтау

тұрақты

оталу көзін жою

4

Өндірістік персоналды жқмыстың қауіпсіз әдістеріне үйрету

мерзімдік

жұмысшылардың объектідегі қауіпсіздік бойынша білім деңгейін арттыру

 Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 12, 2017  



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль