text
Справочник кадровика

Жұмысқа келмеу: қызметкерді бірден жұмыстан шығару керек пе?

  • 9 февраля 2018
  • 65
юрист ТОО «Eurasia Group Kazakhstan», г. Кокшетау
Жұмысқа келмеу: қызметкерді бірден жұмыстан шығару керек пе?

Жұмысқа дәлелді себепсіз келмеген қызметкерді бірден жұмыстан шығару керек пе, немесе еңбек заңнамасында белгіленген басқа тәртіптік жаза шараларын қолдануға бола ма?

Жұмысқа келмегені үшін жұмыстан босату қатаң түрде қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес қолданылуғаы тиіс тәртіптік жаза шарасы болып табылады. Мақалада тәртіптік жазалар түрлерін, сондай-ақ жұмыстан босату кезінде жұмыс берушінің іс-қимыл тәртібін ресімдеуді қарастырамыз.

«Кадрлар бәрін шешеді!» – бұл ХХІ ғасырдың аксиомасы болып табылатын белгілі нақыл сөз. Сондықтан лайықты қызметкерлерді іздеу, әңгімелесумен қатар кәсіби дайындық білімдерін және психологиялық сипаттағы әртүрлі тестілеуді қамтитын өте көлемді және көп еңбекті қажет ететін процесс. Жұмыскер тарапынан міндеттемелеріне немқұрайды қарау жиі кездесетін құбылыс.

Жұмысқа келмеу, кешігу немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындамау белгілі бір дәрежеде ұйымның ұстанымдарын өзгертуі мүмкін. Сондықтан еңбек шарты жасалғаннан кейін жұмыскер еңбек тәртіптемесінің қағидаларын сақтауға міндетті.

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.11 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 63-бабына сәйкес еңбек тәртіптемесінің қағидаларын жұмыс беруші бекітеді. Еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.

Тәртіптік жазаны қолдану шаралары

Жұмыс беруші жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін ҚР ЕК 64-бабына сәйкес:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

НА ЗАМЕТКУ

ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

ҚР ЕК 65-бабына сәйкес жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме бермесе, онда тиісті акт жасалады.

Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.

ВНИМАНИЕ

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.

Тәртіптік жаза қолдануды шектеу ҚР ЕК 65-бабының 4-тармағында көзделген, оған сәйкес мұндай актіні келесі кезеңдерде шығаруға болмайды:

1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;

2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан босатылған;

3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;

4) жұмыскер іссапарда болған кезеңдерде.

ВНИМАНИЕ

Ең тиімді тәртіптік жаза – ол, әрине, еңбек шартын бұзу.  

Жоғарыда аталған жазаны қолдануға арналған неғұрлым кең тараған себеп – ол жұмыскердің жұмысқа шықпауы. Бұл жағдайда жұмыс беруші ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, жұмыскермен еңбек шартын бұзуы мүмкін. Еңбек шартын бұзу ҚР ЕК 65-бабында көзделген тәртіппен және 66-бабының талаптарын сақтай отырып жасалады.

СЛОВАРИК

Жұмысқа келмеу – жұмыскердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмауы (ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағының 8) тармақшасы).

Жұмыстан босату рәсімі: жұмыс беруші іс-әрекеттерінің тәртібі

Жұмыс күнінде (ауысымда) қатарынан үш және одан астам сағат дәлелді себептерсіз бос жүргені үшін еңбек шартын бұзудың дұрыстығы туралы істі шешу кезінде, еңбек шартын осы негіз бойынша бұзу, атап айтқанда:

Дәлелді себептерсіз жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат жұмысқа шықпағаны үшін еңбек шартын бұзудың дұрыстығы туралы дауды шешу кезінде, кейбір жағдайларда, төмендегі негіздер бойынша қызметкер жұмыстан шығарылатынын назарда ұстау қажет:

  • жұмыскердің жұмыс орнын дәлелді себептерсіз, сондай-ақ еңбек шартын бұзу туралы хабардар етудің бір айлық мерзімі өткенге дейін қалдырып кеткені;
  • жұмыскердің еңбек шартының мерзімі өткенге дейін жұмыс орнын дәлелді себептерсіз қалдырып кеткені;
  • жұмыскердің жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде қатарынан үш және одан астам сағат, оның еңбек міндеттеріне сәйкес өзіне тапсырылған жұмысты орындауға тиіс жұмыс орнынан тыс жерде жұмыста болмағаны;
  • демалысқа, оның ішінде жалақысы сақталмайтын демалысқа (жұмыс беруші жұмыскерге, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысты қоспағанда оның арызы бойынша Еңбек кодексінің 100-бабының тәртібімен беруге міндетті) өз бетінше кеткені немесе мереке және демалыс күндерінде жұмыс істегені үшін демалыс күндерін өз
  • өз еркімен демалысқа кету, сондай-ақ жалақысыз демалысқа шығу (ҚР ЕК 100-бабының ретінде оның өтініші бойынша жұмыс беруші жалақысыз қосымша демалыс беруге міндетті екенін қоспағанда) немесе өз еркімен мереке және демалыстағы жұмысы үшін демалыс күнін пайдалануы («Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 18-тармағы).

Жоғарыда талданған баптардың нормалары келесі іс-қимыл тәртібі көздейді: алдымен жұмыс беруші жұмыскердің жұмыс орнында болмағанын белгілеу қажет. Бұл рәсім екі және одан да көп куәлардың қатысуымен акт жасау арқылы жүргізіледі.

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 2 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль