text
Справочник кадровика

Жұмыс берушілердің өндірістегі жазатайым оқиғаларды жасыруы несімен қауіпті

  • 13 февраля 2018
  • 6
Эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», автор журнала «Охрана труда. Казахстан», ведущий бизнес-тренер по безопасности и охране труда в Республике Казахстан, г. Алматы
Жұмыс берушілердің өндірістегі жазатайым оқиғаларды жасыруы несімен қауіпті

Әдетте жазатайым оқиғаны еңбекті қорғауға іс жүзінде назар аудармайтын жұмыс берушілер жасырады, бұл қорытындыда қылмыстық жазалауға дейінгі жағымсыз салдарларға әкеледі

Жазатайым оқиға кезінде жұмыс беруші ол туралы мемлекеттік органдарды, оның ішінде:

- мемлекеттік еңбек инспекциясын;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы инспекцияны;

- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы органдарын дереу хабардар етуге міндетті.

Алайда, жауапкершіліктен сытылуға әрекеттенетін жұмыс беруші жазатайым оқиғаны жасырады және зардап шегушімен, оның отбасымен келісімге келетін жағдайлар болады…

Апат туралы хабарлауға тұрарлық

Бір қарағанда барлығы жақсы – жұмыс беруші жазаланған жоқ, жұмыскердің емделуіне өтемақы берілді. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін жұмыскерде алынған жарақаттың нәтижесінде асқынулар байқала бастайды… Не істеу керек? Жұмыс берушінің бәрі бірдей жұмыскерге «күтім жасауды»ұйымдастыра бермейді. Ал егер осыған ұқсас жазатайым оқиға қайтадан жойылмаған бұзушылықтардан болып өтсе ше? Бұл сұрақтар, бәлкім біз жауаптарын таппайтын сұрақтар шығар.

Жоғарыда айтылғанға орай, мынадай қорытынды жасауға болады – барлық жазатайым оқиғалар туралы хабардар ету қажет! Және де енді жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру комиссиясы талқылайтын болады: кім, несімен кінәлі және қандай бұзушылықтар жазатайым оқиғаның алғышарттары болып табылды?

Егер жұмыс беруші жұмыскерлерді еңбектің қауіпсіз жағдайларымен барынша қамтамасыз етсе, онда ол жазатайым оқиғаны жасырмайтын болады.

«Бүркемелеудің» негізгі тәсілдері

Жұмыс беруші әртүрлі құйтырқы әдістерге барып, кәсіпорында болып өткен жазатайым оқиғаны жасыруға әрекеттенетін бірнеше мысал келтіреміз.

Жағдаят: жұмыскер жарақат алды, жұмыс беруші зардап шегушіні  денсаулық сақтау ұйымына жеткізетін кезде жұмыскермен жазатайым оқиғаның бұл фактісін жасыру туралы келісуге әрекеттеніп көреді. Жұмыс беруші жұмыскерге бұл жарақатты тұрмыста алғандығы туралы хабарлауды ұсынады. Егер зардап шегуші келіссе, онда жұмыскер мен жұмыс беруші тиісті нұсқаны ойластырады.

Мысалы:

Жұмыскер шаншылу-кесілу жарақатын алған кезде жұмыс беруші жұмыскерді бұл жарақатты үйінде, етті боршалау кезінде алғандығын хабарлауға көндіреді.

Егер жұмыскер саусағының шетін жарақаттап алса, онда жұмыс беруші бұл жазатайым оқиғаның үй жағдайларында, тауықтың басын шабу кезінде болып өткені туралы нұсқаны ұсынады.

Егер жарақат нәтижесінде жұмыскер қолын немесе аяғын сындырып алса, онда жазатайым оқиғаның балық аулау немесе тауға жорық жасау кезінде болып өткені туралы нұсқа ұсынылады.

Жұмыстан айырылу үрейі

Бұл жағдайда жұмыс берушінің өтініші және зардап шегушінің келісімі бойынша, бұл жазатайым оқиғаны көзімен көргендер жұмыс берушінің бұл жұмыскерлердің бұдан кейінгі тағдырына қайткенде де ықпал етуі мүмкін екендігінен үрейленіп, дұрыс мәліметтерді толықтай бермеулері мүмкін.

Жұмыс беруші зиянды өтеу бойынша өз міндеттемелерін жасыруы мүмкін

Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы  «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы » № 30 Заңына  (18 бап) сәйкес, қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтитынын түсінеді. Яғни жұмыс беруші зардап шегушінің өлімі немесе жұмыскердің жарақаттануы нәтижесінде мүгедектік алуын қостаған жағдайлардың бәрінде зиянға өтемақы төлеуге міндетті. Сондықтан жұмыс берушіге жазатайым оқиғаны ресми тергеп-тексеру жүргізу тиімсіз.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414 - V Еңбек кодексінің  (30.11.2017 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу» 20 тарауына сәйкес,  еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде  жұмыс беруші меншікті қаражаты есебінен:

–             техникалық есеп-қисаптардың орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;

–             оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;

–             тексеру жүргізу үшін қажетті көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беруді;

–             зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның қайтыс болуының себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық белгілерінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;

–             осы жазатайым оқиға бойынша істі қарауға қатысы бар басқа да құжаттарды беруді қамтамасыз етеді.

Шағым кәсіпорынды жоспардан тыс тексеру үшін сылтауға айналуы мүмкін

Егер зардап шегуші жұмыскер жұмыс берушінің жазатайым оқиғаны жасыру туралы  «ұсынысына» келіспейтін болса, онда ол Мемлекеттік еңбек инспекциясына шағыммен жүгіне алады, ол тіркелгеннен кейін міндетті тексеру жүргізілетін болады. Тексерудің нәтижелері бойынша жұмыс берушіге Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының  талаптары бұзылуларын жою туралы ұйғарым, сондай-ақ (қажет болған кезде) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы және Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы берілетін болады.

Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарын  бұзуына ықпал етудің құқықтық іс-шаралары болып табылады.

Сондықтан, жұмыс беруші кез келген жолдармен «қоқымды үйден алып шықпауға» тырысады.

Зардап шегуші жұмыс беруші уәде еткен материалдық көмектің емделу мен жарақаттан кейінгі қалпына келуге кететін шығындарды ақтамайтынын есте сақтауы қажет, – кейбір жарақаттар тек бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана біліне бастайды. Еңбек қабілеттілігінен айырылған жұмыскер  «қақпа сыртында»  қалуы  немесе аз жалақы төленетін жұмысқа ауыстырылуы және тіпті ұйымның өзі таратылуы мүмкін.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 1, 2018  

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль