text
Справочник кадровика

Сыйлықақылардың түрлері және оларды есептеудің әдістері

  • 15 февраля 2018
  • 8
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», главный бухгалтер, г. Алматы
Сыйлықақылардың түрлері және оларды есептеудің әдістері

Қызметкерлерге сыйлыақы беру қағидалары. Әр ұйымда қызметкрелерге сыйлықақы беру туралы ереже болу керек пе?

Еңбекақы беру мәселесі жұмыскерлер мен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынас шеңберінде маңызды болып табылады. Егер айлықтың мөлшері мен оны төлеудің тәртібі тіркелген сипатта болса, онда сыйлықақы мөлшері мен оны беру тәртібін жұмыс беруші өзі белгілейді. Осы мақалада әр ұйымда қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы ереже болу керек пе, бұл ережеге нені енгізу қажет және сыйлықақының қандай түрлері және оларды есептеудің қандай әдістері бар, соны білеміз. 

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.11 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 107-бабының 2-тармағына  сәйкес еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады. Өз кезегінде, 107-бабының 3-тармағына  сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін ұжымдық шарт талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлықақы беру жүйелерін және еңбекті ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.

Яғни, заң жүзінде Жұмыскерлерге сыйақы беру туралы ереже міндетті құжат болып табылмайды, бірақ оның ұйымда болғанының дұрыс екенін түсіну қажет ­– қызметкерлердің материалдық мүдделілігін арттыру, сондай-ақ компанияның қызметін жақсарту үшін. Жаңа мамандарды жұмысқа жалдау кезінде және бұрыннан жұмыс істейтін жұмыскерлерді ынталандыру үшін, әрине, мұндай ереже кез келген қызметкер үшін қосымша ынталандыру болады.

Жұмыскерлерге сыйақы беру туралы ережеде (бұдан әрі – Ереже) сыйақы беруге құқық беретін қызметкер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді жазу  ұсынылады.

ПРИМЕР

Келесі көрсеткіштерді атап шығайық:

  • еңбек тәртібін сақтау;
  •  лауазымдық міндеттерін тиісті орындау;
  • белгілі бір кезеңдегі жұмыстың нәтижесі (белгілі бір шарт бойынша);
  • кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмысты орындау, оның шұғыл орындалуына компанияның қызметі байланысты;
  • қызметті жақсартуға бағытталған қызметкерлердің бастамашылық ұсыныстары;
  • негізгі жұмысынан босатылмай, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің функцияларын орындау;
  • қызметкерге міндеттердің кеңейтілген шеңберін жүктеу, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен үйлесетін, іс жүзінде табысты қолданатын жеткілікті жұмыс тәжірибесі (өтілі) және дағдысы;
  • және басқа да көрсеткіштер.

Ережеде сондай-ақ сыйақы берілмейтін жағдайлар туралы ақпаратты келтіру қажет, мысалы, сынақ мерзімі кезеңінде немесе тәртіптік жазасы болған кезде.

Сыйлықақының мөлшері мен сомасы әрбір ұйым үшін дербес белгіленеді және сыйақы және ынталандыру төлемдерін есептеу  бойынша заңнамалық шектеулер болмайды.

Сыйлықақы түрлері мен оларға салық салу

Сыйлықақы түрлеріне қатысты негізгі сыйақылар – бұл ағымдағы (ай сайынғы, жылдық, тоқсандық және т. б.) және  бір жолғы (қосымша жұмыстар көлемін орындауғаны үшін, мерейтойларға байланысты, ұйымдағы көп жылғы еңбегі үшін және т. б.).

Бірақ соңғы уақытта, сондай-ақ жанама ынталандыру туралы түсінік бар. Жанама сыйлыақы беру деп компания қызметкері үшін түрлі іс-шараларды өткізу түсініледі, бұл компания есебінен шетелге жіберу, мәдени орталықтарға бару, қызметкерді жеке оқыту.

Салық салу туралы айтсақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV кодексінің (2017.11.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР СК) 163-бабына сәйкес қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы ҚР СК 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен ҚР СК 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жұмыскердің жұмыс беруші беретін, салық салуға жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған табысы: ҚР СК 165-бабына сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары жұмыскердің табысы болып табылады.

ҚР СК 357-бабына сәйкес жұмыскерлердің көрсетілген табыстары жұмыскерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.

«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес (2017.29.09 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуды және жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуді заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке нотариустар мен адвокаттар–материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түріндегі жұмыс беруші берген кірістерді қоса отырып, ақшалай немесе заттай нысанда жұмыс берушімен есептелген ай сайынғы табыстың он пайызы мөлшерінде жүзеге асырады.

«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысының (2017.29.09 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 3-тармағына сәйкес жұмыс берушi үшiн орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады.

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 2 оқыңыздар

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль