text
Справочник кадровика

Электр станцияларында қысымның реттеуші қысымтығынының тозуы несімен қауіпті

  • 22 февраля 2018
  • 2
Электр станцияларында қысымның реттеуші қысымтығынының тозуы несімен қауіпті

Жылу - электр стансалары жабдықтарының маңызды элементтері редукциялық - салқындатушы қондырғылар болып табылады, бүкіл энергетикалық жабдықтардың өндірістік қуаттылығын пайдалану уақыты мен сенімділігі оларға елеулі дәрежеде байланысты болады

Бұл қондырғылар электр стансаларының қосалқы жабдықтары болып табылатынына қарамастан, олар қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға жатады және оларды пайдалану кезінде қауіпсіздіктің барлық тиісті талаптарының орындалуы талап етіледі.

Міндеттері редукционно-салқындатқыш қондырғылар

Кемітуші - салқындатушы қондырғылар (бұдан әрі  – КСҚ) параметрлері көз (МАЭС. ЖЭО, қазандық) параметрлерінен температура мен қысым бойынша ерекшеленетін қаныққан немесе ысытылған бумен жұмыс істейтін технологиялық процестер үшін бу дайындауға арналған. КСҚ қысым мен бу температурасының берілген деңгейде төмендеуін автоматты режимде қамтамасыз етеді. Жылулық сұлбада КСҚ әртүрлі міндеттер орындайды және жіті және кемітілген салқындатылған будың жұмыстық параметрлеріне байланысты құрылымдық айырмашылықтары болады, – бір - бірінен мөлшерлерімен, бүрку торабы мен тозаңдандыру құрылғылары бөліктерінің орындалуымен, сондай - ақ дроссельдік торларының санымен ерекшеленеді.

 Жағушы кемітуші - салқындатушы қондырғы (бұдан әрі – ЖКСҚ) бу қазандарын жағу кезеңінде бу параметрлерін  1,2 ÷ 2,5 кгс/ см² - қа дейін төмендету үшін тағайындалған. Негізінен біздің «ескі» станцияларда қолданылатын, Чехов зауыты шығаратын, жабдықтарының бір бөлігі қызмет ету мерзімін өтеген ЖКСҚ үлгілік сұлбасы суретте келтірілген.

Электр станцияларында қысымның реттеуші қысымтығынының тозуы несімен қауіпті

Элементтерді неге қалдырады

ЖКСҚ өзіндік ерекшелігі бу шықпасына «сырғымалы» параметрлер беру болып табылады (қысым мен температура қазанды жағуға қарай біртіндеп өседі).

ЖКСҚ қызмет ету мерзімі кедергіш құрылғыларға түсетін қысымның көп өзгеруінен оның элементтерінің тозуымен айтарлықтай дәрежеде анықталады. Сондықтан зауыт - дайындаушы қысымды төмендетудің екі сатысын қарастырған:

–  будың жоғары қысымы жағында орнатылған, оған қысымды реттегіш әсер ететін 2 қысымды кедергішті реттеуші қысымтығынның көмегімен;

–  бусалқындатқышта орнатылған бу салқындатқыштың үш кедергіштік торларының көмегімен.

 Алайда, бұл шара 2 реттеуші қысымтығынның тозуын толықтай жоя алмайды. Қысымтығын әбден тозған кезде қысымның барлық өзгерулері кедергіштік торларға кез болады. Бұл ретте ЖКСҚ - дан шыққан кезде бу қысымы артады, бірақ жол берілетін мәндерден – 1,2 ÷ 2,5 кгс/ см² - тан аспайды.

Бусалқындатқыштың кедергіштік торлары мен басқа да элементтері есептік параметрлерден асып кететін жүктемелер кезінде жұмыс істей бастайды. Бұл өз кезегінде олардың тозуының күшеюіне және тағайындалған ресурсының төмендеуіне (оларға жеткен кезде жабдықты пайдалану оның техникалық жай - күйіне қарамастан, тоқтатылуы тиіс жұмыс көлемдері) әкеледі, бұл елеулі авариялардың себебі қызметін атқаруы мүмкін.

Мысалы, жуырда Қазақстандағы пайдалануға 1950 жылдардың соңында берілген ЖЭО - тарының бірінде реттеуші бу қысымтығыны мүлдем алынып тасталған! Мұның нәтижесінде бусалқындатқыштың барлық ішкі құрылғылары мен элементтерінің жедел тозуы басталған. Салдары ретінде бу жолындағы соңғы кедергіш тор үзіліп, оның 90 градусқа бұрылған жерінде бу құбырының  «төменгі» бөлігіне механикалық соққы болып өткен және құбыржол үзілген.

Мұндай «техникалық шешімнің» құны  – өндірістегі өліммен аяқталған топтық жазатайым оқиға болды.

Апаттардың алдын алу

Мұндай аварияларды болғызбау үшін ұсынылады:

1, Оның жабық жағдайындағы шығаруы жол берілетін шамадан (ең көп шығынның 10 % - ы) аспауы үшін, қысымның реттеуші қысымтығынын өз уақытында жөндеу.

2. ЖКСҚ - сын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құжаттарынан бөлек, Кедендік одақтың Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2013 жылғы
2 шілдедегі № 41 шешімімен қабылданған «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламентін де басшылыққа алу, онда мұдай жабдықты қауіпсіз пайдаланудың қосымша өлшемшарттары белгіленген:

–  «қызмет етуінің есептік мерзімі» (жобалау кезінде белгіленген және пайдалануға берілген күнінен бастап есептелетін, күнтізбелік жылдардағы қызмет ету мерзімі);

–  «тағайындалған қызмет ету мерзімі» – (оған жеткен кезде пайдалану оның техникалық жай - күйіне қарамастан, тоқтатылуы тиіс, жабдықты пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы);

–  қауіпсіздіктің басқа да талаптары.

Келтірілген мысалда ЖКСҚ қызмет етуінің есептік мерзімі зауыт - дайындаушы белгілеген шамадан анағұрлым асып кеткен. ЖКСҚ - н қайта құрылымдауды зауыт - дайындаушының техникалық шешімдерімен келіспестен орындау мен жаңа нормативтік құжаттың талаптарын жоққа шығару кешірілмес қателік болды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 1, 2018  

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль