text
Справочник кадровика

Еңбекті қорғаудың жаңғыртуға байланыстылығы

  • 2 марта 2018
  • 6
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", заместитель главного технического руководителя по охране труда ПФ ТОО «KSP Steel»
Еңбекті қорғаудың жаңғыртуға байланыстылығы

Негізгі жабдықтардың жай-күйі, техникалық іс-шараларды іске асыру жарақаттарсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мақала авторы мұның болат құю кәсіпорнында қалай өтетіндігін, еңбекті қорғаудың жаңғыртуға қаншалықты байланысты екендігін әңгімелейді

 «KSP Steel» ЖШС ПФ (бұдан әрі  – Компания) таныстыру карточкасы ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға жауап беретін жіксіз болат құбырлардың ең жоғары сапасы болып табылады. Бірегей жабдықтар, сапаны бақылаудың ең жаңа әдістері, қуатты ғылыми-техникалық база мен персоналдың жоғары біліктілігі біздің «KSP Steel» өнімі брендісінің дүниежүзілік көшбасшылармен бір қатарда болуына мүмкіндік береді. Және де бұл біздерден өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыру мен еңбек қауіпсіздігінде ерекше мұқияттылықты талап етеді.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі  – ЕҚБЖ) вертикаль бойынша:жұмысшыдан Компания директорына дейінгілердің бәрін профилактикалық жұмыспен қамтуды қарастырады. ЕҚБЖ-нде аттестаттау және басшыларды, мамандарды, қызметшілер мен бригадирлерді лауазымдарға бекіту кезінде қабылданатын әдіснама баяндалады, денсаулық, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  (бұдан әрі  – ЕҚжЕҚ) саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес, еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету (барлық деңгейлердегі) бойынша міндеттер белгіленеді.

ЕҚБЖ-нің негізгі тараулары:

–  еңбекті қорғау  (бұдан әрі  – ЕҚ) пбойынша жұмысты жоспарлау;

–  қауіпсіздіктің жай-күйін бақылау;

–  өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыру және насихаттау;

–  жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру рәсімі;

–  жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін барлық оқыс оқиғалар туралы хабардар ету тәртібі;

–  сондай оқыс оқиғалар мен сәйкессіздіктерді тергеп-тексеру рәсімі;

–  түзетімдеуші және сақтандырушы іс-әрекеттерді әзірлеу;

–  ЕҚжЕҚ бойынша жұмысты бағалау;

–  ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстағы бұзушылықтар мен олқылықтар үшін жауапкершілік;

–  бригададағы ЕҚжЕҚ-ды басқару;

–  басшыларға, мамандарға, қызметшілерге (бұдан әрі  – БМҚ) арналған куәлік туралы ереже;

–  ЕҚжЕҚ жөніндегі кеңестер туралы ереже;

–  ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ерекше режимі туралы ереже.

ЕҚжЕҚ бойынша қажетті құжаттаманың ең аз тізбесі белгіленген. Бұл:

–  жұмысшының ЕҚ бойынша жеке  карточкасы;

–  шебердің ЕҚ бойынша  профилактикалық жұмыс журналы;

–  учаске бастығының ЕҚ бойынша  профилактикалық жұмыс журналы;

–  I саты бақылауының журналы;

–  ЕҚжЕҚ бойынша Ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылу жағдайларын есепке алу журналы.

Жұмысты ЕҚжЕҚ

Компанияда ЕҚ бойынша жұмысты ЕҚжЕҚ қызметі ұйымдастырады және үйлестіреді.

ЕҚжЕҚ қызметі еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшіден, жетекші инженер мен инженерлерден құралады. Қызмет әкімшілік-тұрмыстық корпустағы арнайы дайындалған жиһазбен, стенділермен және бейнеаппаратурамен жарақталған, 60 орындық оқу сыныбында орналасқан.

ЕҚБЖ-нің барлық ұйымдастыру - профилактикалық іс-шаралары персоналға және олардың қырағылық деңгейіне қолдау жасауға бағдарланған. Бұған ЕҚжЕҚ бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды кеңінен насихаттау, жұмыстардың ұйымдастырылуына жоғары талап қоюшылық, талаптарды бұзғаны үшін кінәлілердің жауапкершілікке тартылмай қоймайтындығы және үлгілі жұмысы үшін көтермелеу көмектеседі.

Маман-лекторлардың сөз сөйлеулерінен бөлек, кіріспе нұсқама сапасын арттыру үшін жұмысқа жаңадан қабылданғандарға бейнефильм көрсетіледі. Бұл кәсіпорынмен, ЕҚ және экология бойынша жұмыстың ұйымдастырылуымен, еңбек жағдайларымен, өндірістік тұрмыспен бірінші, оның үстіне оңды таныстық.

Бригадалар, ауысымдар ұжымдарында алдын алу жұмыстарын белсендіру және олардың жауапкершілігін арттыру үшін лекциялар өткізіледі. Лекторлар ретінде цехтар мен қызметтердің білікті мамандары тағайындалады.

Жас басшыларға іс-шаралар - жиналыстар, жарақаттану жағдайлары бойынша бұйрықтар мен ақпарат әзірлеуде, жұмысшылармен ЕҚ бойынша нұсқаулықтарды бұзу жағдайларын талқылауды жүргізуде практикалық көмек көрсету үшін – цехтарда  график бойынша басшылардың, цех мамандарының келуі өткізіледі, ұсынымдар беріледі. Келулердің нәтижелері ЕҚ бойынша учаскелік (цехтық) кеңестерде талқыланады.

ЕҚ бойынша жеке карточкалар жүргізу жүйесіне түзетулер енгізілді (әрбір БМҚ-ге «Жеке  карточкаларды толтыру жөніндегі жаднама» таратылды), БМҚ-ді 100 % - дық қамтумен құжаттаманы толтырудың көрнекті үлгілерімен лекциялар өткізілді.

БМҚ тарапынан кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыстың қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін қолдануына тұрақты бақылау жасалуын қаматамасыз ету үшін құрылымдық бөлімшелерге арналған тексерулер графигі жасалып, бекітілген. Айқындалған сәйкессіздіктер оларды жою үшін бөлімшелерге жіберіледі.

ЕҚ мен өндірістік тәртіп талаптарының сақталуы үшін құрамында ЕҚжЕҚ қызметінің қызметкерлері болатын комиссияның бөлімшелерді күн сайынғы тексерулері ұйымдастырылады. Бұзушылықтарды фотолармен тіркеу мен ақпаратты іс-шаралар қабылдау үшін бөлімше бастығына ақпарат беру жүргізіледі. Әрбір айдың соңында айқындалған және орындалған ескертпелерге талдау жасау жүргізіледі.

Аудиттің нәтижелерін талқылау

Практикаға кешенді комиссияның цехтағы ЕҚ жай-күйін тексерулердің нәтижелерін барлық БМҚ қатысуымен талқылау енгізілді, бұл жерде комиссия мүшелері орын алған сәйкессіздіктерді, бұзушылықтарды баяндайды. Осы отырыста құрылымдық бөлімшеге баға қойылады.

Еңбектің зиянды жағдайларындағы жұмыс үшін сүт өнімдері, сүт, айран, кілегей қосылып ұйытылған айран мен дәрумендер беріледі. Электрмен болат балқыту, құю цехтарының, құбыр илемдеу өндірісінің жұмыстық аймақтарындағы зиянды заттар мөлшерін азайту үшін шаң-газ тұтушы қондырғылар (газ тазарту) қондырғылары жұмыс істейді. Өндірісі шаң мен газ бөліп шығарумен байланысты бөлімшелерде «Циклон» үлгісіндегі жергілікті сорып шығарушылар орнатылған. Ауызсу режимі сақталады.

Өз міндеттерін еңбектің зиянды жағдайларында орындайтын мамандарға, қызметшілер мен жұмысшыларға өткізілген аттестаттау нәтижелеріне сәйкес, еңбек демалысына қосымша күндер беріледі.

Тәуекелдерді бағалау

2017 жылдың бірінші тоқсанында өткізілген аудиттердің ұсынымдары ескеріле отырып, әрбір жұмыс орнындағы тәуекелдерді бағалау қайта қаралды. «Қабылдауға болатын тәуекел (болмашы зиян)» бағасы алынған жағдайда ықпал етудің қолданыстағы әдістерінің қызмет етуін қадағалау үшін бақылау қолданылады.  «Қауіпті зиян (елеулі тәуекел)» бағасын алған кезде тәуекелді төмендетуге арналған іс-шаралар әзірленеді және орындалады.

Компанияда жыл сайын ЕҚ, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі саласында қойылған мақсаттарға қол жеткізу бағдарламасы жасалады.  2017 жылы 14 іс-шараны орындауға 183 956 916 теңге соимасындағы қаржы салынды, олардың көпшілігі цехтық жоспарлар бойынша орындалуда.

Жүргізілген жұмыс пен материалдық шығындар еңбек жағдайларын серпінді жақсартуға, өндірістік жарақаттану мен ауруға шалдығушылықты төмендетуге және төмен деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Барлық жұмыскерлер кәсіпорынға жұмысқа тұрған кезде алдын ала медициналық қарап-тексеруден, одан кейін  – кәсіптік жарамдылығына жыл сайынғы міндетті медициналық қарап-тексеруден, мамандықтар бойынша бекітілген тізімге сәйкес жұмыс графигіне қарамастан, міндетті түрде  – ауысымалдылық  медициналық куәлендіруден өтеді. Жұмыс орындарында дәрігерге дейінгі көмекті дер кезінде көрсетуге арналған қобдишалар бар, олар тоқсан сайын жаңартылып тұрады.

Жарақаттардың алдын алу

Жарақаттанушылықтан сақтану үшін еңбек ұжымы жұмыстарды қауіпсіз орындаудың бес қағидатын ұстанады:

–  ешкім де зардап шекпеуі тиіс;

–  әрекет етуден бұрын, ойлан;

–  жұмысты қауіпсіз орында немесе оны мүлдем орындама;

–  жұмысты қауіпсіз орындауға әрқашанда уақыт бар;

–  егер күмәнденсең, анықта, сұра.

Жазатайым оқиғалар өз-өзінен болмайды. Ауру да ешқайдан келмейді, бәрінің өз себептері бар. Еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер еңбек қауіпсіздігі мен ЕҚ бойынша үнемі жаңартылып отыратын нұсқаулықтардағы әрбір дерлік жол өндірісте болып өткен шынайы оқиғалардан алынғандығы туралы айтады.

Жарақаттанушылықты болғызбаудың пәрменділігі бұдан да кем емес нысаны жұмыскерлердің барлық санаттарын ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша белсенді ақпараттандыру болып табылады (стенділер, плакаттар мен қабырға газеттері, тақырыптық лекциялар, әңгімелесулер, зауытішілік сайттағы материалдар және т. б.). Жұмыскерлерді ақпараттандыруға нақ осы шығармашылық тәсіл кәсіпорында еңбекті қорғаудың сапалық деңгейін арттыруда неғұрлым елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, қауіпсіздік техникасы бойынша талап етілетін нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек тәртібін жақсартады.

Жұмыс жағдайын жақсарту

Компания өндіріс көлемдерін серпінді арттыруда, қолданыстағы жабдықтарды қайта құрылымдауды жүргізеді, заманауи технологияларды, өндірістік процестерді бақылау құралдарын енгізеді. Мұнымен бір мезгілде еңбек жағдайларын тұрақты жақсартуға және өндірістік жарақаттанушылықты төмен деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың үлкен көлемі орындалады.

Жаңа технологияларды енгізу – бұл кәсіпорынның табысты дамуына, оның өнімдерінің ішкі ғана емес, сондай-ақ олар үшін өнім сапасы ғана емес, сондай-ақ қауіпсіз өндіріс де маңызды болатын дүниежүзілік нарықтардағы маңыздылығын арттыруға бастайтын жол. Осылайша, біздің кәсіпорын жыл сайын технологиялардың қауіпсіздігін растайды, бәрінен де жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын бағалайтынымызды дәлелдейміз.

Бүгінгі күні Компания басшылығы өндіріске ең жаңа процестерді енгізе отырып, өнім сапасын үздіксіз жақсартуға ғана емес,  сондай-ақ жұмыскерлер жарақаттануының тәуекелін азайтуға да үздіксіз ұмтылады.

Жұмыс беруші қауіпті аймақтарда болудың жұмыстық уақытын, қауіпті аймақтар санын қысқартуды қамтамасыз ететін жаңа қауіпсіз технологиялары бар, тиісті еңбек жағдайларын жасайды.

Мысалы,  MPCS 2 қондырғысының көмегімен металлургиялық шөміштерді сылау мен бетондаудың қауіпсіз технологиялық процесі енгізілді. Бұл жабдықты енгізгенге дейін жұмыскерлердің саны алты адамды құрады, олар жұмысты қолмен жүргізген еді (химиялық заттармен қоспа дайындау, қоспаны металлурниялық өндіріс шөміштерінің қабырғаларына қолмен қалау). Олар қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың үлкен әсеріне ұшырады. Енгізу нәтижесінде жұмыскерлердің технологиялық процеске қатысуы барынша төмендеді, осыған сәйкес адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі жойылды. MPCS 2 қондырғысы дүние жүзінің құрылымдау мен қызмет көрсету қауіпсіздігі саласындағы жетекші институттары әзірлеген. Ол металлургиялық цехтарда, атап айтқанда тоқтаусыз құюмен болат құю зауыттарында қолданылады және қауіпті және зиянды өндірістік факторлар аймағында тікелей адамдардың қатысуынсыз, болат балқыту шөміштерінің қабырғаларына ыстыққа төзімді мегнезитті сылақ қоспасын салуға арналған. Оған қызмет көрсету – қарапайым, қисынды және қауіпсіз процесс.

Тағы да бір жаңалық – болатты вакуумдаудың көмегімен өңдеу жүйесін енгізу. При работе вакуумдық газсыздандырушының жұмысы кезінде болат маркісінің сапасы жақсарып қана қоймайды. Практикаға сәйкес сұйық болат температурасын өлшеу жұмыскерлерді тәуекелге ұшырата отырып (жылулық әсер ету, ыстықтан күйіктер алу), қолмен жүргізіліп келді. Бұл қондырғыда температура өлшеу, оттекті талдау мен сынама алу адамның қатысуынсыз автоматты сынама алғыштың көмегімен жүргізіледі. Осылайша, енді зиянды әсер ету тәуекелі болмайды.

 ЭСПЦ - 2 -де сусымалы материалдарды қабылдау мен тасымалдау темір қорытпаларын беру жүйесінің көмегімен жаңғыртылды. Темір қорытпаларын шанақтық жинақтау жүйесі қолданылғанға дейін болат балқытушының  көмекшісі пештің күмбезі ашық болған кезде, сұйық металға қосымша қоспаны қосуды қолмен, қуыс күректің көмегімен жүргізген болатын, және де берудің мұндай жүйесі дәл болып шықпайтын. Автоматизирование технологиялық процесті автоматтандыру болат сапасын жақсартып қана қоймай, қол еңбегін қолдануды жойды да.

Біздің Компанияның бұдан әрі даму перспективасы прогресшіл  технологияларды енгізумен байланысты. Мұның еңбекті қорғау қызметі мен сапасын қамтамасыз ететіні дәлелденді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 1, 2018  

Аудиттің нәтижелерін талқылау

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль