text
Справочник кадровика

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит

  • 4 марта 2018
  • 11
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела промышленной безопасности, охраны труда и окружающей среды АО “Tin One Mining”, эксперт электронной системы "ACTUALIS: Кадровое дело"
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит

Кәсіпорынның әрбір басшысы өрт қауіпсіздігі нормаларын сәл ғана орындамаудың көлемді материалдық залалға, адамдардың өліміне әкелуі мүмкін екендігі туралы ойлануы тиіс.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188–V  Заңының (бұдан әрі – Заң) 12 бабы, 1 тармағының 70-31) тармақшасымен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау қызметіне өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит енгізілді.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыс істейді, құрамында 2 адам бар ЕҚжЕҚ жөніндегі бөлімше құрылған. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және ЕҚжЕҚ қызметі туралы үлгі ережеде ЕҚжЕҚ қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі мәселелерімен айналысуға міндетті екендігі туралы айтылмаған. Кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігі бойынша жауапкершілікті ЕҚжЕҚ бөлімшесі қызметкерлеріне жүктеу қаншалықты заңды?

Аудит немесе аудит

Тәуекелдің жоғары дәрежесі бар объектілерді тексерулерге балама ретінде аудит Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында 2014-2015 жылдарға арналған құрылымдық реформаларды іске асыру бойынша Жол картасын бекіту туралы» № 1012 қаулысымен іске асыруға енгізілді, ол Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасымен көзделген негіздердегі жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекелдің болмашы дәрежесі бар объектілерді тексерулерді өткізуден нормаларды енгізумен өртке қарсы қызметтің бақылау қызметін қайта ұйымдастыруға көшуді көздейді. Қазіргі кезеңде аудит Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі  «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит өткізу Қағидаларын бекіту туралы» № 240 бұйрығымен регламенттеледі.

Балама ретінде бақылау субъектісінің мемлекеттің қатысуынсыз, сараптамалық ұйыммен тексерілуді ерікті шешуі қабылданады, өйткені аудит – бұл объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бағалау нысандарының бірі.

Бұған қоса, тексерудің мұндай нысаны адал кәсіпкерлерді көтермелеу құралының қызметін атқарады. Мысалы, тәуекелдің жоғары дәрежесі бар бақылау субъектісі сараптамалық ұйымның оңды қорытындысын алған кезде бұл объект Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, 3 жыл кезең ішінде тексерулерден босатылады.


Статистика дегеніміз не?

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті   өрт қауіпсіздігі саласындағы  аудит бойынша жұмыстар жүргізу құқығына 74 сараптамалық ұйымды аккредиттеді. 

Аудит бойынша қызметтер көрсетуге үлкен сұраныс мыналарда байқалуда:

–  Ақтөбе облысында – 47 аудит өткізілді;

–  Алматы қаласында – 30;

–  Қарағанды облысында – 22;

–  Астана қаласында – 22.

Қалған облыстарда өткізілген аудиттердің саны 1-ден 9-ға дейінгі аралықта болды, ал Батыс Қазақстан облысында тексеру субъектілері қызмет көрсетудің бұл түріне мүлде қызығушылық танытылған жоқ.

Бақыланатын объектілердің жалпы санын (138 000-нан астам, олардың 28 000-нан астамы тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған) ескерсек, аудит қызметін пайдаланған объектілер саны болмашы болып шығады.

Келтірілген статистика бақылау субъектілерінің қызмет көрсетудің бұл түріне сұранысы немесе қызығушылығының жоқтығын емес, бақыланатын объектілердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектордың тексерулеріне балама ретіндегі аудиттің бар екендігі туралы ақпараттың жоқтығын айғақтайды.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарын қалай құру керек?
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит

Александр Рыков

эксперт электронной системы "ACTUALIS: Кадровое дело", главный специалист по пожарной безопасности энергетической компании, ветеран противопожарной службы, полковник в отставке

Баламалы өрт қауіпсіздігі қызметі

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасынан негізгі қызметі екіншілік шикізаттан (макулатурадан) картон мен қағаз, гофрленген ыдыс шығару болып табылатын «Kagazy Recycling» ЖШС компаниясына мәлімет үшін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитке қатысты хаты жіберілді.

Осыған байланысты 2016 жылдың 28 қазанынан 20 желтоқсанына дейінгі кезеңде  «Kagazy Recycling» ЖШС объектілерінде өрт қауіпсіздігі саласында аудит өткізілді. Аудит өткізу үшін Шарт негізінде «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит өткізу» бағыты бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым ретінде белгіленген тәртіппен аккредиттелген, сараптамалық ұйым  – «Қауіпсіздіктің баламалы сервисі» ЖШС тартылды.

Аудит  «Kagazy Recycling» ЖШС объектісінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкессіздігін анықтау мақсатында Заң мен ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 3 сәуірдағы «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит өткізу Қағидаларын бекіту туралы» № 240 бұйрығының негізінде өткізілді.

Өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындау және өртке қарсы режимді күшейту шаралары туралы бұйрықтың үлгісі

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит

 «Kagazy Recycling»ЖШС объектісінде өрт қауіпсіздігі саласында аудит өткізу өзіне мыналарды қамтыды:

–  объектінің өрт қауіптілігін сипаттайтын құжаттарды, сондай-ақ персонал дайындығын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуына және жобалық құжаттаманың сәйкестігіне талдау жасау;

–  объект басшылары мен персоналының, оның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің дайындығы;

–  объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы объективті ақпарат алу үшін объектіні тексеріп-зерттеу, өрттің шығу және даму мүмкіндіктерін айқындау, адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер етуі, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін анықтау, оның ішінде:

–  өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құжаттық және іс жүзіндегі сәйкестігі;

–  кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды өрттерден қорғау  үшін тағайындалған өрт сөндіру техникасының бар екендігі мен жай-күйі;

–  объект әкімшілігінің ұйым қызметкерлерімен объектіні өрттен қауіпсіз жай-күйге әкелу бойынша консультациялар жүргізуі – өрт - техникалық минимум мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өрт жағдайындағы іс-әрекеттер жөніндегі нұсқама;

–  объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытынды дайындау.

    Өрт қауіпсіздігі саласында аудит өткізілгеннен және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық актілерге сәйкестікті қамтамасыз ету жөнінде  зерттеп-тексеру барысында қосымша іс-шаралар өткізілгеннен кейін «Kagazy Recycling» ЖШС объектісі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп танылды.

Өрт қауіпсіздігі саласында аудит өткізу нәтижелері бойынша қорытындының бір данасы  «Kagazy Recycling» ЖШС-не берілді, екінші данасы – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне жіберілді. Қорытындының қолданылу мерзімі – 3 жыл.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 7, 2017 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты