Справочник кадровика

Кәсіпорындағы бос тұрып қалу үшін кім жауапты

  • 3 марта 2018
  • 2
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда

Бос тұрып қалудың себебі каңдай. Бос тұрып қалу өндірісте технологиялық тоқтап қалудың, ұйымдастырушылық немесе техникалық ақаулардың себебі бойынша туындауы мүмкін

Журналдың өткен нөмірінде бастаған тақырыпты жалғастыра отырып, мақалада жұмыс берушінің, жұмыскердің кінәсінен, сондай-ақ еңбек қатынастары тараптарына байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалудың пайда болу жағдайларын қарастырамыз.

Жұмыс берушінің кінәсінен бос тұрып қалу

Кез келген компанияда жабдықтардың сынуына және қызметкерлер жұмысының тоқтап қалуына алып келетін жағдайлар туындауы мүмкін. Оның себептері көп, соның бірі – жұмыс берушінің кінәсінен бос тұрып қалу. Негізі, жұмыс процесін тоқтату мәжбүрлі сипатта болады және елдегі экономикалық жағдайға байланысты.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ Бос тұрып қалу өндірісте технологиялық тоқтап қалудың, ұйымдастырушылық немесе техникалық ақаулардың себебі бойынша туындауы мүмкін.

Жұмыс берушінің кінәсінен бос тұрып қалу жұмыскерлерге ақы төлемеуге, сондай-ақ бірқатар кепілдіктерге алып келеді. Бұл жағдайда жұмыс берушілер көбінесе заңнаманың әртүрлі бұзушылықтарын жасайды.

Экономикалық қиындықтардың жағдайында жұмыс беруші іс-әрекеттерінің бірнеше заңды нұсқалары болады:

2) бос тұрып қалу туралы бұйрық шығару;

3) егер экономикалық себептер жұмыскерлерді жаппай жұмыстан босату қаупіне алып келетін еңбек жағдайларының ұйымдастырушылық немесе технологиялық өзгерістеріне (өндірістің техникасындағы және технологиясындағы, өндірістің құрылымдық қайта құруындағы және т. б. өзгерістерге) алып келсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.11 жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 46-бабының 3-тармағындағы тәртіппен жұмыс уақытының толық емес режимін енгізуге құқығы бар.

Егер жұмыс беруші жұмыс орындары мен жұмыскерлерін сақтап қалғысы келсе, қазақстандық еңбек заңнамасы жұмыскер мен жұмыс берушіге жұмыскердің жұмыс орнын сақтай отырып, жұмыстың уақытша болмауын бастан кешіруге мүмкіндік беретін арнайы нормалар белгілейді. Жұмыстың уақытша болмаған кезінде жұмыс беруші жұмыскердің бос тұрып қалуда болуын ресімдеуге міндетті.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ  Бос тұрып қалу туралы істерді соттар қарағанда – экономикалық дағдарыс салдарынан өндірістің жұмысы толық болмауына соттар компанияның басқарушы органын кінәлайды.

Тәжірибеде жұмыс беруші жұмыскердің жалақы сақталмайтын демалыста екені туралы құжаттарды ресімдейтін тәсіл кеңінен тараған – бұл жалақы төлемеуге мүмкіндік береді, ал мұндай демалыста болған кезең ең жоғарғы ұзақтықпен шектелмеген. Бірақ қызметкер үшін осындай демалыс ақы төлемеуіне байланысты көбінесе қолайсыз тәсіл  болып табылады.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ Бос тұрып қалу жағдайында жалақы сақталмайтын демалысқа мәжбүрлі түрде жіберу заңсыз болып табылады: ҚР ЕК 97-бабына сәйкес, жалақы сақталмайтын демалыс жұмыскерге оның жазбаша өтініші бойынша отбасы жағдайына байланысты және басқа да себептер бойынша берілуі мүмкін; демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

ҚР ЕК 112-бабының 1-тармағына бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу жұмыс берушінің кінәсінен болғанда, жұмыскердің орташа жалақысының кемінде 50 % мөлшерінде белгіленеді.

Жұмыскердің кінәсінен бос тұрып қалу уақыты

Бос тұрып қалуға қатысты жұмыскердің кінәсі қалайша көрсетілетіні түсініксіз – қасақана ма абайсызда ма, әрекет немесе әрекетсіздік нысанында да кінәлі болып саналуы мүмкін.

Бос тұрып қалуға қатысты жұмыскердің кінәсі туралы түсінік нақты жағдайға байланысты заңнамада нақтыланбаған. Жұмыскердің, бос тұрып қалуға кінәлінің мінез-құлығы заңға қайшы болуы екіталай. Сондықтан, жұмыскердің кінәсі іс-әрекеттерде де (құрал-жабдықтарды сындырса), әрекетсіздікте де (технологиялық процеске сәйкес қажетті манипуляциялар жүргізбегесе, бұл жабдықтың істен шығуына әкеп соқса) көрінуі мүмкін деп санау әбден қисынды.

Сондай-ақ, кінәнің қасақана (материалдарды әдейі бүлдірді), сондай-ақ абайсызда (байқамай) нысаны болуы мүмкін. Әрине, көбінесе жұмыскердің кінәсінен бос тұрып қалу абайсызда туындайды. Жұмыскер ақысынан айырылып қана қоймай, еңбек міндеттерін қасақана бұзғаны үшін тіпті жұмысынан айырылып қалатын жағдайды әдейі ұйымдастыратынын елестету қиын.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 3 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться