text
Справочник кадровика

Еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері: есептеу ерекшеліктері

  • 19 марта 2018
  • 48

Пайдаланылмаған еңбек демалысының күндерін қалай дұрыс есептеу керек?

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.11 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 88-бабына сәйкес егер ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі (ҚР ЕК 90-бабының 1-тармағы).

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс (14 күн) (ҚР ЕК 92-бабының 3-тармағы).

Яғни, 2016 жылдан бастап жұмыскер жылына бір рет 14 күнді пайдалануға міндетті, бұл ретте демалысқа түсетін төрт күнге ақы төленбейді. Көптеген жұмыс берушілер еңбек демалысының күндерінің  санын арттырып, мысалы, еңбек демалысының күндеріне тағы да төрт күн қосады, олар күнтізбелік 14 күн болатын бір жолғы кезекті еңбек демалысын пайдаланғанда күйіп кетеді.

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі (ҚР ЕК 92-бабының 4-тармағы).

ВОПРОС Еңбек демалысының кестесі не үшін қажет?

Демалыс кестесі жұмыскерлер демалатын кезектілікті, болашақтағы еңбек демалысының күнтізбелік күндерінің күндері мен санын белгілейді.  Бұл құжат жұмыс берушіге де жұмыскерлерге де міндетті болып табылады. 

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезектілігін белгілеу кезінде ұйым қызметінің ерекшелігі, жұмыскерлердің қалауы,  сондай-ақ кейбір жұмыскерлер санаттарының еңбек шарттарындағы ерекше талаптар ескеріледі:

1) қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі (ҚР ЕК 92-бабының 5-тармағы). Осы тармаққа сүйене отырып, қоса атқарушы қоса атқарылатын жұмысында еңбек демалысының кестесін жасаған кезде негізгі жұмыс орнындағы еңбек демалысының күндерін көрсетуге тиіс;

2) жұмыскерге еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен қатар бір мезгілде беріледі. Егер еңбек шартына сәйкес еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмысындағы еңбек демалысынан аз болса, жұмыскердің өтініші бойынша оған еңбек демалыстарының ұзақтығындағы айырманы құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын еңбек демалысы беріледі;

3) еңбек демалысын беру және оның ақысын төлеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатында, жұмысты қоса атқарушы жұмыскерге негізгі жұмыс орны бойынша еңбек демалысын беру туралы жазбаша түрде өтініш беру арқылы жұмыс берушіні күнтізбелік бес күн бұрын хабардар ету ұсынылады.

НА ЗАМЕТКУ

Еңбек демалыстарының кестесін құру кезінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыс істеген бірінші, екінші  және келесі жылдары үшін жұмыс жылының ішінде берілетінін ескеру керек.

Жұмыс жылы жұмыскердің жұмысының бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік 12 айды құрайды.

Яғни жұмыскерге еңбек демалысын беру үшін толық бір жұмыс жылын өтеу міндетті емес. Жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыскер бірнеше айдан кейін де еңбек демалысын алуы мүмкін. Бұл ретте берілетін еңбек демалысы күндерінің саны жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына  құқық беретін осы кәсіпорындағы еңбек өтілі күндерінің санына барабар есептеледі.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі пайдаланылған және берілетін демалыстар арасындағы мерзімдерге қандай да бір шектеулер белгілемейді. Бұл мәселе еңбек шарты тараптарының келісімімен шешіледі. Жыл сайынғы еңбек демалысының бөліктермен де берілетінін ескере отырып,  еңбек демалыстарының кестесінде бір жұмыскерге қатысты екі демалыс кезеңі белгіленуі мүмкін.                                                                                                                                                                                                               

ВНИМАНИЕ

Еңбек демалыстары кестесінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының нақты басталатын күні немесе айы көрсетілуі мүмкін.

ВОПРОС Еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерін қалай есептеу керек?

ҚР ЕК 87-бабына сәйкес жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:

1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;

2) әлеуметтік демалыстар.

Сондай-ақ жұмыскерлерге ҚР ЕК 89-бабында көзделген, ескерілуге және сақтауға тиіс жыл сайынғы еңбек демалысының қосымша күндері көзделуі мүмкін.

Қосымша ақы төленетін еңбек демалыстары:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген  Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ оларды беру қағидаларына сәйкес

1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда қамтылған жұмыскерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн;

2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн.

Жұмыскерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін:

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV кодексі (2018.09.01 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен);
  • «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V Заңы (2017.11.07 берілген өзгерістермен);
  • «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы (2017.13.06 берілген өзгерістер мен толықтырулармен);  
  • «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV Заңы (2018.01.01 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  • «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы (2018.01.01 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  • «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы (2017.03.07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  • «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХII Қазақстан Республикасының Заңы (2014.31.03 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  • Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-XII Қазақстан Республикасының Заңы (2013.03.07 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге ұзақ уақыттағы үздіксіз жұмысы үшін, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін, ынталандыру сипатындағы қосымша жыл сайынғы ақылы демалыстар  белгіленуі мүмкін.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы №3 оқыңыздар

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты