Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің рөлі

773
Комитет (комиссия) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау болып табылады бірі қызметкерлердің қатысу нысандарын басқару ұйымы қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында

Комитет (комиссия) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау өзара іс-қимыл жасайды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, еңбекті қорғау қызметі кәсіпорындар, кәсіподақтар (еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен).

Еңбекті қорғауды басқару мен қауіпсіздік техникасының алқалы органдарына:

– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия);
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімді тексеру жөніндегі комиссия;
– жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі комиссия;
– ғимараттарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға
қабылдау жөніндегі комиссия;
– жазатайым оқиғаларды, аварияларды, оқыс оқиғаларды, кәсіптік ауруларды және басқаларын тергеп-тексеру жөніндегі комиссия кiредi.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия)
ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ
қызметкерлердің ұйымның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы басқаруға қатысуы формаларының бірі болып табылады.
Оның жұмысы әлеуметтік әріптестік ұстанымдарына құрылады. Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, бақылау мен қадағалаудың басқа мемлекеттік органдарымен, кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметімен, кәсіподақтармен (еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен) өзара әрекеттеседі.
Еңбектің халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, еңбек қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру әлеуметтік әріптестіктің қолданыстағы формалары мен әдістерін арттыруға және қызметкерлер құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне енгізілген толықтыруларға сәйкес жұмыс берушінің және (немесе) қызметкерлердің не олардың өкілдерінің бастамасымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құрылады. Оның құрамына теңдей негізде жұмыс берушінің өкілдері, кәсіподақ ұйымының немесе қызметкерлердің өзге де уәкілетті өкілдері кіреді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды тексерулерді өткізуді және қызметкерлерді көрсетілген тексерулердің нәтижелері туралы хабардар етуді, ұжымдық шарттың (келісімнің) еңбекті қорғау туралы тарауына ұсыныстар жинауды ұйымдастырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) өз
қызметінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, салалық (салааралық), аумақтық келісімдерді, ұжымдық шартты (еңбекті қорғау жөніндегі келісім) басшылыққа алады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия)
қызметкерлердің немесе олардың өкілдік органының бастамасы бойынша теңдей негізде (әрбір тарап тараптар өкілдерінің жалпы санына қарамастан бір дауысқа ие болады) жұмыс берушінің , кәсіптік одақтардың немесе еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың өкілдерінен құрылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құрамы жұмыс берушінің актісімен (бұйрықпен, өкіммен) бекітіледі.

Комитеттің жұмыс тәртібі

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитетті (комиссияны) құру, қызметі мен өкілеттілік мерзімінің талаптары ұжымдық шартта немесе жұмыс берушілер мен кәсіподақ органдарының немесе қызметкерлер жиналысының басқа бірлескен шешімінде келісіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның)
жұмыс тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның ) саны ұйымдағы қызметкерлер санына, өндірістің ерекшелігіне, құрылымдық бөлімшелердің саны мен басқа ерекшеліктерге қарай жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделерін білдіретін тараптардың өзара келісушілігі бойынша анықталады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) өз құрамынан төрағаны, әрбір тараптан орынбасарларды және хатшыны сайлайды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның) төрағасы әдетте жұмыс беруші немесе оның жауапты өкілі болып табылады, орынбасарларының біреуі сайланатын кәсіподақ органының немесе еңбек ұжымының өкілі және (немесе) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор болып табылады, хатшысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің маманы болуы мүмкін.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) өз қызметін өзі әзірлеген регламентке және жұмыстың бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның) мүшелері белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімдерін тексеруден үш жылда бір реттен кем емес өтулері тиіс. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) мүшелері жылына бір реттен кем емес бастауыш кәсіподақ ұйымын немесе қызметкерлерді орындалған жұмыс туралы хабардар етеді.
Кәсіптік ұйым немесе ұйым қызметкерлерінің жиналысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттен (комиссиядан) өз өкілдерін шақырып алуға және оның құрамына жаңа өкілдерді ұсынуға құқылы. Сондай-ақ жұмыс беруші өз шешімімен (жұмыс берушінің актісімен) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттен (комиссиядан) өз өкілдерін шақырып алуға және олардың орнына жаңа өкілдерді тағайындауға құқылы.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) өз
қызметін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады, ол комитет отырысында қабылданады және оның төрағасымен бекітіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның) міндеттері:

а) Комитет (комиссия) мүшелерінің ұсыныстары негізінде жұмыс берушінің, кәсіподақтың (еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың) еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанушылықтан, кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі іс-әрекеттердің бірлескен бағдарламасын әзірлеу;
б) жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау еңбек жағдайларының жай-
күйін тексерулерді ұйымдастыру, еңбекті қорғау мен жағдайлары, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға шалдығушылықтың жай-күйіне талдау жасаудың негізінде еңбекті қорғау проблемаларын шешу жөнінде жұмыс берушіге тиісті ұсыныстар дайындау;
в) қызметкерлерді жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті
қорғаудың жай-күйі, орын алған денсаулықты зақымдаушы қатер туралы,
қызметкерлерге еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларындағы жұмысы үшін тиісті өтемақылар, жеке қорғау құралдары туралы хабардар ету.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) қызметкерлер еңбегін қорғау мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ұсынымдарды даярлау жөніндегі ұсынысты қарастырады; ұйымдағы еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларының жай-күйіне зерттеулер жүргізуге қатысады, жұмыс берушіге және
лауазымды тұлғаларға айқындалған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;жұмыс берушіге қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуға және білімдерін тексеруге жәрдемдеседі, ұйым қызметкерлерін еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту, өндірістік жарақаттанушылықтан,
кәсіптік аурулардан сақтандыру бойынша өткізілетін шаралар, жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нәтижелері туралы, арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, оларды қолданудың дұрыстығы, сақтау, жуу, тазарту, жөндеу , залалсыздандыру мен зарарсыздандыруды ұйымдастыру жөнінде хабардар етеді, ұйымдағы еңбекті
қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан міндетті сақтандыру мәселелерін қарастыруға қатысады;
жұмыс берушіге еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, еңбекті қорғау талаптарын сақтайтын және денсаулықты сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ететін қызметкерлерді моральдық және материалдық көтермелеу жүйесін құру бойынша ұсыныстар дайындаумен және ұсынумен айналысады, еңбекті қорғау бойынша жергілікті нормативтік актілер жобаларын дайындау жөнінде, өндіріске неғұрлым
жетілдірілген технологияларды, жаңа техниканы, еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау,ауыр дене жұмыстарын жою мақсатымен өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру және т.б. жөнінде жұмыс берушіге, кәсіподақтық сайланатын органға және (немесе) өкілдік органның өзге де уәкілетті қызметкерлеріне ұсыныстар дайындайды және т.б.

Қойылған міндеттерді орындау үшін комитетке мыналарды жүктеу
ұсынылады:

– жұмыс берушілердің, кәсіптік одақтардың және өкілдік органдардың өзге
де уәкілетті қызметкерлерінің, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіпорында
еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі
ұсыныстарын қарастыру және еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарына жауап беретін ұсынымдар
дайындау;
– жұмыс орындарындағы, өндірістік учаскелердегі, цехтардағы және
тұтастай алғанда кәсіпорындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті
қорғаудың жай-күйін зерттеудің нәтижелерін қарастыру, қызметкерлердің
жүгіністері бойынша зерттеулер өткізуге және қажет жағдайларда
айқындалған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар жасауға қатысу;
– өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардың себептерін
зерделеу, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау бойынша өткізілген
шаралардың тиімділігіне талдау жасау, кәсіпорындағы еңбекті корғаудың
іс жүзіндегі жай-күйі туралы ақпараттық-талдаушылық материалдар
дайындау;
– жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың
нәтижелері мен барысына талдау жасау, бөлімшелерді және тұтастай
алғанда кәсіпорынды өндірістік объектілердегі тұрақты жұмыс орында-
рын міндетті аттестаттауды өткізуге дайындауға қатысу;
– кәсіпорынның еңбекті қорғау қорының бюджет жобасын әзірлеуге қатысу;
– жұмыс берушіге еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жа-
сау, ауыр дене жұмыстарын жою мақсатымен өндіріске неғұрлым
жетілдірілген технологияларды, жаңа техниканы, өндірістік процестерді
автоматтандыру мен механикаландыруды енгізуде жәрдемдесу:
– санитарлық-гигиеналық құрылғылар мен санитарлық-тұрмыстық
үй-жайлардың жай-күйі мен пайдаланылуын, қызметкерлерді арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа жеке қорғану құралдарымен
қамтамасыз етілуін, оларды қолданудың дұрыстығын, емдік-
профилактикалықтағам беруді зерделеу;
– жұмыс берушіге кәсіпорында жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері
мен тәсілдеріне үйретуді ұйымдастыруда, қызметкерлерді еңбек
қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өз уақытында және сапалы өткізуге
жәрдемдесу;
– кәсіпорында еңбекті қорғауды, қызметкерлердің еңбекті қорғау бойын-
ша талаптарды сақтауына жауапкершіліктерін арттыруды насихаттау
жұмысына қатысу.
Салалық кәсіподақтар министрліктермен (ведомстволармен) бірге,
сондай-ақ кәсіподақ комитеттері мен кәсіпорындардың әкімшілігі саланың
немесе кәсіпорынның, меншік формаларының және шаруашылық қызметінің ерекшіліктерін, айырмашылықтарын есепке ала отырып, еңбекті қорғау жөніндегі бірлескен комитеттер (комиссиялар) туралы өз Ережелерін қабылдауы мүмкін.

Кәсіподақ комитеттерінің жанынан (олардың шешімі бойынша) еңбекті қорғау жөніндегі комиссия құрылуы мүмкін, олардың міндеттері:

– қызметкерлердің – кәсіподақ мұшелерінің еңбекті қорғау саласындағы
заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуына бақылау ұйымдастыру және жүзеге асыру;
– еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
– кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларының өндірістегі еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың сақталуына, еңбекті қорғау жөніндегі ұжымдық шартпен немесе келісіммен көзделген өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
– радиациялық жағдайдың жай-күйін (радиоактивті ластанған аумақтарда) қосқанда жұмыс орындарындағы, өндірістік учаскелердегі, цехтардағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйне мерзімдік тексерулерді ұйымдастыру, жұмыс берушілерге айқындалған бұзушылықтарды жою туралы қарастырылуы міндетті нұсқама беру;
– қызметкердің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты жарақатпен немесе денсаулықтың өзге де зақымдануымен келтірілген зиянды (залалды) өтеу мөлшерін анықтау үшін аралас жауапкершілік кезінде зардап шегуші кiнәсінің дәрежесін анықтау,
– еңбек жағдайлары, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардың жай-күйіне талдау жасау, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту бойынша өткізілген шаралардың тиімділігін бағалау, оларды жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау;
– бірлескен комитет (еңбекті қорғау жөніндегі комиссия) мүшелері мен
уәкілетті (сенімді) өкілдерін оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
– еңбекті қорғау жөніндегі ұжымдық шарт пен келісімге еңбек жағдайлары мен қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, бұл шараларға қажетті қаржы бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.

Құқығы комитетінің

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия)
құқықтары тараптардың келісімімен белгіленеді және бірге қабылдаған Ережемен бекітіледі.
Мысалы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комис-
сия): жұмыс берушіден жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардың жай-күйі, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар дың бар екендігі және олардан қорғану бойынша шаралар, орын алған денсаулықты зақымдау қатері туралы ақпарат алуға, кәсіподақ органынан, қызметкерлер өкілдерінен, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардан қажетті ақпарат алуға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құзіретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізуге, бұл жерде жұмыс
берушіні (оның өкілдерін), құрылымдық бөлімшелер басшылары мен ұйымның басқа да қызметкерлерінің жұмыс орындарында еңбектің қауіпсіз жағдайларын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерін сақтау бойынша міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалады;еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның)
құзіретінде болатын мәселелер бойынша ұжымдық шарт (еңбекті қорғау жөніндегі келісім) тарауына ұсыныстар дайындауға қатысуға; жұмыс берушіге қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмысқа белсене қатысқаны үшін ұйым қызметкерлерін көтермелеу және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды бұзуға кінәлі тұлғаларды жазалау туралы ұсыныстар енгізуге;еңбекті қорғау туралы заңнаманың бұзылуымен, еңбек
жағдайларының өзгеруімен, еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларымен қамтылған қызметкерлерге өтемақылар және т.б. беру мәселелерімен байланысты еңбек дауларын шешуге жәрдемдесуге құқылы.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия), оның
мүшелері қызметін (міндеттерін орындау, оқытудан өткізу және т.б. кезінде негізгі жұмысынан босату) қамтамасыз ету мен қаржыландыру ұжымдық шартпен, жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях