text
Справочник кадровика

Компанияда тағылымдамадан өтушілерді оқыту жүйесі

  • 27 марта 2018
  • 0
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», бизнес-тренер по управлению персоналом, директор Департамента обучения и развития персонала АО «Qazaq Banki», PhD, MBA, г. Алматы
Компанияда тағылымдамадан өтушілерді оқыту жүйесі

Персоналды оқыту: тағылымдамадан өтушілерді іріктеу және ресімдеу. Тәлімгерлерге жұмысы үшін қосымша ақы төлеуді ұйымдастыру.

Тағылымдамадан өтушілерді іріктеу және ресімдеу рәсімі, тағылымдаманы ұйымдастыру процесі

Тағылымдамадан өтушіні іріктеуден өткізуді өтінімнің негізінде рекрутер  жүзеге асырады. Тағылымдамадан өтушінің позициясына келген үміткер персоналды есепке алу бойынша сауалнаманы толтырады, түйіндемені ұсынады және кандидатураны Қауіпсіздік департаментімен келісу үшін жеке куәлігінің көшірмесін береді. Кейін кандидатурасын келіскен соң тағылымдамадан өтушімен тағылымдамадан өту туралы және шарт құпия ақпаратты жарияламау туралы жасалады.

Тағылымдамадан өту туралы шарттың негізінде HR-департамент тағылымдамадан өтушіні тағылымдамадан өтуге қабылдау және тағылымдамадан өтушіні тәлімгерге бекіту туралы бұйрық шығарады. Тағылымдаманың ақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кемінде ең төменгі бір жалақы мөлшерінде белгіленеді.

Бұдан әрі тағылымдаманы процесін ұйымдастыру рәсімі болады. Тағылымдамадан өтушіге екі ай мерзіміне тәлімгер тағайындалады. Тағылымдаманың мерзімі тағылымдамадан өтуші бекітілген бөлімше басшысының, қызметтік жазба арқылы HR-департаменттің келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. Тағылымдаманың қорытындысы бойынша болашақ қызметкер онлайн-тестілеуден өтеді, оның нәтижелері тағылымдамадан өтушіні компанияға жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдауға әсер етеді. Бір тәлімгерге бір мезгілде үш тағылымдамадан өтуші бекітілуі мүмкін.

Тәлімгер бекітілген жоспар бойынша тағылымдамадан өтушілерге бейімделуге оқыту жүргізеді, жоспар мынадай тақырыптарды қамтуы мүмкін:

1) жаңа қызметкерлер үшін кіріспе курсы – ұзақтығы 1 сағат;

2) компанияның өнімдері мен қызметтері – ұзақтығы 3 сағат;

3) электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық – ұзақтығы 1 сағат.

Қажет болғанда, яғни жаңа өнімдерді немесе техникалық нұсқаулықтарды әзірлеу жағдайында, оқу курстарының тізбесі өзгеруі мүмкін.

Бейімделу оқыту жоспарын жүзеге асыру аясында тәлімгер тағылымдамадан өтушіні бөлімше жүзеге асыратын қызметке тартуы мүмкін, тағылымдамадан өтушінің құпия ақпаратқа рұқсатын қоспағанда.

Тәлімгер тағылымдамадан өтушінің бейімделуге оқыту курсынан табысты өтуі үшін оған жан-жақты көмек және қолдау көрсетеді. Ол тағылымдамадан өтушінің оқу материалдарын оқуына, тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, тағылымдамадан өту барысында тағылымдамадан өтушінің білім деңгейін анықтайды.

Тәлімгер:

1) оқытуды өткізу процесінде оқып жатқан жұмыскерлерге тапсырма беруге және оларды орындады талап етуге;

2) тапсырмалардың орындалуы туралы ауызша және жазбаша түрде есеп алуға;

3) өз бөлімшесіндегі жұмыскерлердлің оқуына қатысты мәселелердің талқылануына қатысуға құқығы бар.

Бейімделуге оқыту аяқталғаннан кейін тәлімгер тағылымдамадан өтушінің  оқытудан өткізілгені және қол жеткізілген нәтижелері туралы есеп жасайды, кейін ол бөлімше басшысына жіберіледі. Бейімделуге оқытудан толық өткеннен соң тағылымдамадан өтуші тестілеу бағдарламасының көмегімен тестілеуден өтеді, тест нәтижелері бейімделуге оқытуды өткізудің тиімділік көрсеткіштері болып табылады. Тестілеу нәтижелерінің негізінде тағылымдамадан өтушіні жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылданады және тәлімгердің жұмысы үшін төлем жүргізіледі.

Тәлімгерлердің жұмысы үшін қосымша ақы ұйымдастыру

НА ЗАМЕТКУ

Тәлімгерлердің еңбегіне қосымша ақы төлеу жүйесі тәлімгерлердің жұмысы үшін қосымша ақы туралы тиісті бұйрықтың негізінде есептеледі.

Жүйе қосымша ақының  мынандай түрлерін қамтиды:

1) кепілдендірілген бөлігі – тәлімгерге оқытуды нақты өткізгені үшін төленеді;

2) бонустық бөлігі – тәлімгер өткізген оқыту қатысушыларының орташа білім деңгейі үшін төленеді.

Есептеуді және төлеуді HR-департамент шығаратын тиісті бұйрықтың негізінде бухгалтерия тоқсан сайын жүргізеді. Бұйрыққа жалпы сағат саны көрсетіліп, өткізілген оқыту бойынша есеп және  қатысушыны тестілеу нәтижесі қоса беріледі.  Қосымша ақы өткізілген оқыту бойынша есеп берілгеннен кейінгі 10 күннен кешіктірілмей не қатысушыларды тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін жүзеге асырылады.

ВНИМАНИЕ

Тағылымдамадан өтушіні нақты оқытудан өткізгені үшін сынақтан өтушінің тестілеу нәтижелеріне қарамастан, әрбір тағылымдамадан өтуші үшін тағылымдама қорытындысы бойынша (екі ай) тәлімгерге заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы ең төменгі бір айлық жалақы мөлшеріндегі сома төленеді.

Тағылымдамадан өтушілердің қорытынды тестілеу нәтижесі бойынша тәлімгерлерге  бонустық бөлігін төлеу жүзеге асырылады:

1. Егер үміткердің білімі 90-100 % бағаланса, сыйақыны есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

                             Сыйақы = К*Орт.С*t,

мұндағы:

 К – 2-ге тең коэффициент;

Орт.С – тәлімгердің бір жұмыс сағатының орташа құны;

 t –  өткізілген оқытудың жалпы сағат саны.

2. Егер үміткердің білімі 80-89 % бағаланса, сыйақыны есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

                                    Сыйақы = Орт.С*t.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2018 жылғы № 3 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль