Қосбағытты жүйе «Қостанай минералдары» АҚ мамандарын дайындаудың негізі ретінде

4
Қосбағытты жүйе  «Қостанай минералдары» АҚ мамандарын дайындаудың негізі ретінде
Семиндерова И. С.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", начальник учебного центра АО «Костанайские минералы»
«Қостанай минералдары» АҚ оқу орталығының мысалында мамандар дайындау сапасы, бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі, біліктіліктің еңбек нарығы талаптарына сәйкессіздігінің басты мәселелері қалай шешілетіні әңгімеленеді

Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің басты назарында кәсіптік білім беруді дамытудың өнімді үрдістерін іздестіру, оның құрылымы мен мазмұнын қайта қарау, көпнұсқалы білім беру технологияларын әзірлеу, сондай-ақ білім беру процесінің инновациялық стратегиясы ретінде оқытудың қосбағытты жүйесін енгізу тұр.

Оқыту – персоналды дамытуды басқару қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Оның үздіксіз сипаты бар және білім мен құзіреттерді дәйекті кеңейту мен тереңдету, кәсіптік шеберлікті арттыру мақсатында жұмыскердің бүкіл еңбек қызметінің өн бойында жүзеге асырылады.

Кәсіптік білім беру

«Қостанай минералдары» АҚ (бұдан әрі  – Кәсіпорын) оқу орталығы (бұдан әрі – ОО) базасында  жұмыскерлерді оқыту жүргізіледі, компания осымен мамандардың кәсіптік және басқарушылық құзіреттерін қажетсінуінің орнын толтырады.

ОО дамуының тарихы «Қостанайасбест» Жітіқара асбест тау-кен байыту комбинатының құрылу процесі қызу қарқынмен жүріп, білікті жұмысшы кадрлар қажеттілігі пайда болған  1963 жылы басталды.

Бүгінгі күнгі ОО өз функционалын біршама кеңейтті және мамандар даярлауды бірнеше бағыт бойынша жүргізеді:

*  кәсіптік оқытудың қысқамерзімдік курстарында оқыту;

*  персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес аттестаттау;

 * өз қызметкерлерінің біліктілігін басқа оқу орындарында арттыру;

 * Кәсіпорын қызметкерлерінің жоғары оқу орындарында оқытылуын ұйымдастыру;

 * сырттан жаттықтырушылар мен коучтарды тартумен корпоративтік оқытуды ұйымдастыру;

 * ішкі корпоративтік оқытуды ұйымдастыру;

 * ЖОО мен ООО студенттерінің практикадан өтуін ұйымдастыру.

Қосбағытты жүйе  «Қостанай минералдары» АҚ мамандарын дайындаудың негізі ретінде

Оқу орталығы өз қызметін Кәсіпорын Жарғысына, 2017 жылы берілген өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мамандарды, жұмыскерлерді дайындау, қайта даярлау саласында жұмыстар жүргізу құқығына берілген аттестатқа Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» (28.12.2017 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы  № 499 (07.04.2017 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) қаулысымен бекітілген ересек адамдарға қосымша білім беретін ұйымдар қызметінің Үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 35 (19.09.2017 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау және қысқамерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру Қағидаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 (08.01.2016 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары түрлері қызметінің Үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы  № 125 (06.06.2017 берілген өзгерістері мен толықтыруларымен) бұйрығымен бекітілген оқушылардың үлгерімін ағымдық тексеруді, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Оқытудың негізгі бағыттары

ОО-ның материалдық - техникалық базасы білім беру процесін ұйымдастыру үшін жеткілікті деңгейде тұр: жалпы алаңы– 1203,1 м2, пайдалы алаңы – 736,3 м2, аудиториялардың жалпы ауданы – 404,4 м2. Әрбір сынып оқытылатын тиісті пән бойынша көрнекті материалмен: плакаттар, макеттер, үлгілермен және т.б. қамтамасыз етілген. Қорында 10 мыңнан аса кітап бар үлкен кітапхана бар және ол жыл сайын техникалық әдебиетпен, нормативтік-құқықтық құжаттармен жаңартылып отырады. Негізгі бағыттары:

* автомобиль көлігі;

* пайдалы қазбаларды байыту;

* жүк көтеруші тетіктер;

* пайдалы қазбалардың кен орнын ашық әдіспен қазу;

* темір жол көлігі;

* радио хабарларын тарату және байланыс;

* металлургия;

* ағаш өңдеуші өнеркәсіп;

* жылу, сумен жабдықтау және басқалар.

Кітапхананы кәсіпорын жұмыскерлері, сондай-ақ «Жітіқара политехникалық колледжінің» студенттері, бөгде жеке тұлғалар да пайдаланады. Оқу орталығы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Қазақстан Республикасының кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытушы ұйымдарының тізбесіне енгізілген және мынадай түрлер бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқытудың жүзден астам бағдарламалары бойынша оқыту жүргізеді:

* кәсіптік дайындық (жаңа кәсіптер);

* қайта даярлау (межелес кәсіптер);

* біліктілікті арттыру.

Кәсіптік бағдарламалардың мазмұнын ОО Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, ортадан  кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптері мен мамандықтары Жіктеуішінің және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілерінің талаптарын ескере отырып, өздігінен белгілейді. Қысқамерзімдік кәсіптік бағдарламалардың құрылымы өзіне бағдарламаның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқу жоспарын, жетілдірілетін немесе меңгерілетін құзіреттердің сипаттамасын, пайдаланылатын әдебиет тізімін қамтиды.

Жыл сайын дайындықтың үш түрі бойынша 500-дей адам мынадай бағыттар бойынша жұмысшы кәсіптерінің қыр-сырын меңгереді:

*  автомобиль көлігі (аккумуляторшы, автомобильдер жөндеу сілесірі, БелАЗ  жүргізушісі және басқалар);

*  пайдалы қазбаларды байыту (слесарь, ұсақтаушы,  ДПСМ машинашысы, РУМ машинашысы, таңбалаушы және басқалар);

*  жүк көтеруші тетіктер (слесарь, жүк ілуші, кран машинашысы және басқалар);

* пайдалы қазбалар кен орындарын ашық әдіспен қазу (экскаватор машинашысының көмекшісі және басқалар);

*  темір жол көлігі (электровоз машинашысының көмекшісі және басқалар);
 

Қайта даярлау және біліктілігін арттыру

Ұжымдық шарттың 5.12 тармағына сәйкес, өндірістік қажеттілік салдарынан Кәсіпорын өз қаражаты есебінен жұмыскерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды, сондай-ақ межелес кәсіптерге оқытуды қамтамасыз етеді. 2017 жылдың 9 айы ішінде қысқамерзімдік курстарда жалпы сомасы 5 млн теңгеге 440 жұмыскер кәсіптік оқытудан өтті.

Кәсіпорын ОО әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысады.  2016 жылғы қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. Оның мәні өнеркәсіп салалары кәсіпорындарына гранттар беру болып табылады, яғни жұмыс берушінің жұмысшы персоналды қайта оқытуға кеткен шығындарының 80 %-ын мемлекеттік бюджет өтейді. Бағдарламаға 25 кәсіп бойынша оқыған 88 жұмыскер, сондай-ақ бізге Қостанай облысы жұмыспен қамту орталықтары жіберген 17 адам қатысты. Ынтымақтастықтың қорытындысы бұл бағдарлама бойынша қатысқан жұмыскерлер саны жағынан Қазақстан Республикасындағы бірінші орын болды. Кәсіпорынның техникалық директоры А. Р. Смағұлов  Парламент Сенатының отырысына қатысуға шақырылды, ол бұл жерде біздің мемлекеттік бағдарламаға қатысу тәжірибемізді бөлісті.

2017 жылы ОО  «2017–2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасын» іске асыруға қатынасты, және еңбек нарығында талап етілетін жұмысшы кадрларды қысқамерзімдік кәсіптік оқытудан өткізді. Мысалы, мамыр айынан тамыз айына дейін Қамысты жұмыспен қамту орталығы жіберген 14 адам  «Газ жабдықтарына қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі слесарь» кәсібі бойынша кәсіптік дайындық пен қайта даярлау курстарында оқытудан өткізілді. Бүгінгі күні 9 адам алған кәсібі бойынша аудан ұйымдарында  жұмыс істеп жүр.

Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра отырып

 Бұған қоса, ОО-на кіріспе нұсқама өткізу функциясы жүктелген, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 1019 бұйрығымен бекітілген қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулар беру және білімдерін тексеруді жүргізу   Қағидаларына сәйкес, барлық  жаңадан келген жұмыскерлерге, Кәсіпорында практикадан өтетін cтуденттерге, өнеркәсіптік аймаққа келушілерге өткізіледі.

Оқу материалы қолжетімді нысанда баяндалады, плакаттармен, макеттермен, модельдермен, оқу фильмдерін көрсетумен толықтырылады, өмір мен іс-тәжірибедегі нақты мысалдар келтіріледі. Кіріспе нұсқама өткізілгеннен кейін еңбекті қорғау бойынша куәлік пен  «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі басшылық» беріледі. Келушілер мен қонақтар үшін бейнебаян көрсетіледі. Ол Кәсіполрын бөлімшелерімен және өнеркәсіптік аймақта болған кездегі жеке қауіпсіздік іс-шараларымен таныстырады.

Кәсіпорын ОО өз жұмыскерлерін өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптарына сәйкес аттестаттауды өткізеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Кәсіпорын аумағында мынадай қауіпті өндірістік объектілер: карьер, жарылғыш материалдар  (ЖМ) қоймасы, оңай тұтанатын сұйықтықтар (ОТС) қоймасы, кептіру корпусы, қазандық, компрессорлық қондырғылар, жүк көтеруші тетіктер, қысымы бар ыдыстар, газ шаруашылығы, автоға май құю станциясы орналасқан. Бұл объектілердегі жұмысқа тартылған персонал салаға сәйкес келетін 10 және 40 сағаттық бағдарламалар бойынша оқытудан, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіз бойынша білімдері тексеруден өткізіледі.  2017 жылы  4 мың адам аттестаттаумен қамтылды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту  «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-мен келісілген 40 сағаттық бағдарлама бойынша өтеді. Оны еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің мамандары, бас мамандар, тиісті біліктілігі және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудан және білімі тексерілуден өткені туралы  сертификаты бар, бақылау мен қадағалаудың мемлекеттік органдарынан шақырылған өкілдер өткізеді. ОО басшылар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерлер үшін оқыту өткізеді, олар өз кезегінде өз қарамағындағы жұмысшы персоналды бірыңғай бағдарлама бойынша оқытудан және білімін тексеруден өткізеді. Жыл сайын аттестаттаудан 200-ге жуық адам өтеді.

Өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен бекітілген ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту Қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Оқытуды ұйымдардың басшылары, өрт қауіпсіздігі және өндірістік объектілерде өртке қарсы нұсқама өткізу үшін жауапты тұлғалар, сондай-ақ өрт қауіпті жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін уәкілетті органнан шақырылған мамандар жүргізеді. Кәсіпорында оқытудан жыл сайын 100-ге жуық адам өтеді.

 2017 жылдың 9 айы ішінде Кәсіпорынның өз қызметкерлерін аттестаттаудан өткізуге жұмсаған шығындары  14 млн теңгені құрады.

Оқыту нысаны

Кәсіпорын басшылығы персоналдың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Жыл сайын басқа оқу орындарында оқыту, сондай-ақ сырттан жаттықтырушылар мен коучтарды тарту үшін 10 млн теңге бөлінеді. Оқытудың жалпы көлеміндегі олардың арақатынасы мен негізгі бағыттары суретте ұсынылған.

Әртүрлі деңгейдегі басшылардың басқарушылық құзіреттерін дамыту мақсатында республикалық бизнес-мектептерінің біліктілігі жоғары жаттықтырушылары корпоративтік оқыту өткізеді.

Қосбағытты жүйе  «Қостанай минералдары» АҚ мамандарын дайындаудың негізі ретінде

2016 жылы жоғары және орта деңгейдегі басшылардың кәсіптік және басқарушылық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Мини - МВА» бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастырылды. Бағдарлама өзіне мынадай модульдерді қамтыды:

* «Көшбасшылық мінез-құлық – заманауи басшының мақсаттарға қол жеткізу құралы», бизнес - жаттықтырушы М. М. Бекжанов;

*  «Тиімді менеджмент», бизнес - жаттықтырушы А. А. Алталиева;

*  «Персоналды басқару», бизнес - жаттықтырушы С. А. Филин;

*  «Ұқыпты өндіріс. Бизнес - процестерді оңтайландыру», бизнес - жаттықтырушы
 П. Г. Сериков.

* Өткізілген оқытудың тиімділігі Кәсіпорындағы нақты жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша бағаланды.

2017 жылы сертификатталған фасилитатор, Халықаралық  Facilitation school-дың түлегі  Анна Иванованың қатысуымен «Инновациялық шешімдер технологиялары» тренингі ұйымдастырылды. Тренингке Кәсіпорынның топ-менеджерлері, негізгі бөлімшелердің басшылық құрамы (35 адам) қатысты. Бұл курс топтық жұмыс  процесін кәсіптік ұйымдастыру құралдарын зерттеуге, қойылған мақсаттарға барлық қатысушыларды барынша тартумен қол жеткізуге мүмкіндік берді.

2017 жылы  «Тиімді  коммуникациялар» және  «Қатты ширығуларды басқару» тақырыптары бойынша корпоративтік оқыту жоспарлануда.

Әлеуметтік серіктес - колледжі

Кәсіпорынның кадрлық саясатының негізгі мақсаты персоналдың сандық және сапалық құрамын қамтамасыз ету болып табылады. Санға келетін болсақ. Бұл жерде бәрі де түсінікті, ал сапаны қалай қамтамасыз ету керек? Біз облыстық орталықтан, елдің ірі қалаларынан шалғайлық бізге адам ресурстарының молшылығын бастан кешіруге мүмкіндік бермейтінін түсінеміз. Сондықтан біз өзіміздің әлеуметтік әріптесіміз – колледжге үміт артамыз.

Ынтымақтастық бірнеше бағытта жүзеге асырылады:

•   Кәсіпорын жұмыскерлеріне бейінді мамандықтар бойынша оқыту үшін ұсынылатын бюджеттік орындар. Жалпы саны – 60 адам;

•   жұмыскерлердің оқу процесіне қатысуы, бұл жерде олар студенттерді аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу кезінде комиссия мүшелері ретінде әрекет етеді;

•   әртүрлі оқытушы семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу.  2016 жылы мынадай тақырыптар бойынша: «Дуальды оқыту саласындағы әлеуметтік әріптестікті даимыту», «Дуальды нысанда оқитын студенттердің өндірістік практикадан өту қорытындылары» дөңгелек үстел өткізілді. Бұл кездесулердің мақсаты практика басшылары мен тәлімгерлерінің назарын оны өткізу сапасына, біздің Кәсіпорында практикадан өтудің өзекті мәселелерін шешуге аудару қажеттігі болды.

 «Жітіқара политехникалық колледжінің» 50 жылдығын мерекелеу құрметіне «Тау-кен электрмеханикасы» І қалалық студенттік пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: студенттерді салалық құрылымдар жұмысына жылдамдатылған бейімдеу, талантты жеке тұлғаларды айқындау, оларды бұдан әрі жетілдіруге, және салдары ретінде өнеркәсіптік кәсіпорындағы жұмысы кезінде кәсіптік өсуіне ынталандыру. Қатысуға оқытудың күндізгі нысанында оқитын 2–4 курстардың 35 студенті өтінім берді. Жас электрмеханиктердің білімін Кәсіпорынның білікті басшылары мен оқу орнының оқытушыларынан тұратын құзіретті жюри бағалады.

ОО бағытының бірі бейінді жұмысшыларды жұмысшы кәсіптеріне оқыту болып табылады. Біздің бәріміз колледж түлегін бірден инженер-техникалық қызметкер (бұдан әрі  – ИТҚ) лауазымы жұмысына қабылдаудың іс жүзінде жүзеге аспайтынын білеміз. Осыған байланысты біздің тапсырыс бойынша студенттер жұмысшы кәсіптеріне: электр-газбен дәнекерлеуші, жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша сілесір, электр сілесірі, темір жонушы, экскаватор машинашысы және басқаларға қатар оқытылады. Бұл жігіттерге жұмысты ішінен тану, Кәсіпорынға, ұжымға  жылдамырақ  бейімделу,  ал Кәсіпорынға  – жұмысшы кадрлар тапшылығын өз уақытында жабу мүмкіндігін береді. Және де егер бұрынғы студент өзін сауатты маман ретінде жақсы жағынан танытса, біз оны желілік басшы міндеттерін орындауға кадрлар резервіне қосамыз. ИТҚ бос орны бар болған кезде ол осы лауазымға ауыстырылады.

Біздің басты бағытымыз колледж студенттерін практикадан өткізу болып табылады. Біз қазірдің өзінде қосбағытты жүйе элементтерін істе сынау кезеңін аяқтадық, бұл жылы  «нГЭ - 13» эксперименттік топ құрылды, ол «Электрмеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша оқытады. Колледжбен бірге өзара әрекеттестік алгоритмі әзірленді, және де біз бұл бойынша бесінші жыл жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы жылдары өндірістегі практикалық сабақтар сабақтастық сипатқа ие болды: оқушылар практикадан бір тәлімгердің басшылығымен, бір жерде және сол орында өтті. Келесі жылдың қаңтар айынан бастап, біз ай сайын орын ауыстыруды жасауды жоспарлап отырмыз, – студенттер бір кәсіптің әр түрлі бөлімшелердегі ерекшелігін жақсырақ түсінуі үшін, практикадан өту әртүрлі бөлімшелерде, әртүрлі тәлімгерлерде  жүзеге асырылатын болады.

Кадрларды дайындаудың қосбағытты нысанынан біз көптеген артықшылықтарды көреміз. Біз үшін бұл, бәрінен бұрын, персоналды іздестіру мен іріктеуге, оларды қайта оқыту мен бейімдеуге кететін шығындарды үнемдей отырып, өзіміз үшін кадрларды дәл «тапсырыспен» дайындау мүмкіндігін береді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 3, 2018  



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль