Басшының еңбекті қорғауға ақша бөлуге көз жеткізуіне не көмектеседі

2
Басшының еңбекті қорғауға ақша бөлуге көз жеткізуіне не көмектеседі
Басшылықтың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс-шараларға қаражат бөлуі үшін қандай дәлелдер келтіруге болады және керек, – бұл туралы осы мақалада баяндаймыз

ЗЗаңнамамен жұмыскерлердің еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқықтары мен жұмыс берушінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландыра және ұйымдастыра отырып, оларды қамтамасыз ету міндеті белгіленген. Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды бұзғандары үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық жауапкершілік көзделген.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

Еңбекті қорғау бойынша қажетті іс-шаралар

Қандай  нормативтік актілермен регламенттеледі

Еңбекті қорғау бойынша іс-шаралардың өткізілмегендігі үшін қандай жаза қолданылады

Жазалау үшін негіздеме

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманның) бар болуы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - ҚР ЕК) 202 бабының 1 тармағы

Бастапқы бұзушылық

Ескерту

Қайталап бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 айлық есептік көрсеткіш *(бұдан әрі  – АЕК);

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне – 60 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне – 120 АЕК

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 (09.01.2018 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің  (бұдан әрі - ҚР ӘҚБК) 93 бабының  1, 5тармақтары.

Міндетті мерзімдік (еңбек қызметінің ішінде) медициналық қарап-тексерулер мен жұмыскерлерді ауысымалдылық, ауысымнан кейінгі медициналық куәлендіруден өткізуді жүргізу

 ҚР ЕК 182 бабы, 2 тармағының 17) тармақшасы; ҚР ЕК 185 бабының 1 тармағы

Бастапқы бұзушылық

Ескерту

Қайталап бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға  – 40 АЕК;

–орта кәсіпкерлік  субъектілеріне – 60 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне – 120 АЕК

ҚР ӘҚБК 93бабының 2, 5 тармақтары

Жұмыскерлерді емдәмдік  тамақтандыруға (емдік-профилактикалық) арналған мамандандырылған өнімдермен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, жабдықтау, арнаулы киім мен аяқ киім беру мен жөндеуді қамтамасыз ету

ҚР ЕК 182 бабы 2 тармағының  4) тармақшасы

Бастапқы бұзушылық

Ескерту

Қайталап бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға   – 40 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне  – 60 АЕК;

–  ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне  – 120 АЕК

ҚР ӘҚБК 93 бабының  3, 5 тармақтары

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулар беру, білімдерін тексеруді, басшылар мен мамандардың білімдерін тексеруді өткізу

ҚР ЕК 182 бабы 2 тармағының  2), 3) тармақшалары

Бастапқы бұзушылық

Ескерту

Қайталап бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға   – 40 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне  – 60 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне  – 120 АЕК

ҚР ӘҚБК 93 бабының   4, 5 тармағы

Нұсқама (кіріспе нұсқамадан бөлек) беруді өткізу, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша құжаттармен қамтамасыз ету

ҚР ЕК 182 бабы 2 тармағының  2) тармақшасы

Бастапқы бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға  – 20 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне   – 30 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне   – 80 АЕК

Қайталап бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға   – 40 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне    – 60 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне    – 120 АЕК

ҚР ӘҚБК 93 бабының    6, 7 тармақтары

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды өткізу

ҚР ЕК 182 бабы 2 тармағының  12) тармақшасы

Бастапқы бұзушылық

Ескерту немесе айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға   – 20 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне     – 35 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне     – 50 АЕК.

Қайталап бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға    – 40 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне      – 70 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне      – 100 АЕК

ҚР ӘҚБК 94 бабының    1, 2 тармақтары

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз ету

ҚР 182 бабы 2 тармағының 10) тармақшасы

Бастапқы бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға   – 50 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне      – 100 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне       – 200 АЕК

 Қайталап бұзушылық

Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға    – 100 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне  – 200 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне    –
400 АЕК

ҚР ӘҚБК 95 бабының    1, 2 тармақтары

Жазатайым оқиға фактісін жасыру. Тиісті уәкілетті органдар мен жұмыскерлер өкілдеріне еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы хабарлама жасау 

ҚР ЕК 182 бабы 2 тармағының  8) тармақшасы және 187 баптың 2 тармағы

Бастапқы бұзушылық

Айыппұл:

–  шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға  – 100 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне   – 150 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне     – 200 АЕК

Қайталап бұзушылық

 Айыппұл:

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға  – 200 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне    – 300 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне      – 400 АЕК

ҚР ӘҚБК 96 бабының    п. 1, 2 тармақтары және 298 баптың  3, 4 тармақтары

Өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарының сақталуы

ҚР ЕК 182 бабы 1 тармағының  3) тармақшасы

Айыппұл:

– жеке тұлғаларға – 10 АЕК;

– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға  – 30 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне     – 50 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне  – 100 АЕК

ҚР ӘҚБК 298 бабының     1 тармағы

Жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру

ҚР ЕК  23 бабы2 тармағының 15)тармақшасы мен 182 бабы 2 тармағының 14) тармақшасы,  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы»  № 30-ІІІ Заңының 8 бабы, 2 тармағының 1-1), 1) тармақшалары

Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы  заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы:

– жеке тұлғаларға  – 20 АЕК;

– лауазымды тұлғаларға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға  – 200 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне     – 400 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне   – 1 000 АЕК

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» № 30-ІІІ Заңының 27 бабы, ҚР ӘҚБК 230 бабының   2 тармағы

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты бастапқы құжаттама негізінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға ұсыну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығымен бекітілген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидалары

Бастапқы бұзушылық

1. Мемлекеттік статистиканың тиісті  органдарына бастапқы статистикалық мәліметтерді дұрыс бермеу – ескертуге әкеп соғады.

2. Мемлекеттік статистиканың тиісті  органдарына бастапқы статистикалық мәліметтерді белгіленген мерзімінде бермеу:

– жеке тұлғаларға – 10 АЕК;

– лауазымды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –  14 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне  –  20 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне    –  120 АЕК.

Қайталап бұзушылық

Айыппұл:

– жеке тұлғаларға  – 14 АЕК;

– лауазымды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК;

– орта кәсіпкерлік  субъектілеріне   – 40 АЕК;

– ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне     – 150 АЕК.

ҚР ӘҚБК  497 бабы

Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Еңбекті қорғау жөніндегі қажетті іс-шаралар

Қандай нормативтік актілермен регламенттеледі

Қандай жаза қолданылады

Жазалау үшін негіздеме

Жұмыс орындары мен технологиялық процестердегі кез келген тәуекелдерді профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсізіне алмастыру жолымен болдырмау

ҚР ЕК 182 бабы 2 тармағының 1) тармақшасы, 23 бабы 2 тармағының  19 тармақшасы

1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған, абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы:

–  200 АЕК-ке дейінгі айыппұл;

– немесе сол мөлшердегі түзету жұмыстары;

– немесе 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар;

– не 60 тәулік  мерзімге  дейін қамаққа алу.

2. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет :

–  300 АЕК-ке дейінгі айыппұл;

 – не сондай мөлшердегі түзету жұмыстары;

– не 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;

– не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыру.

3. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет: бұл ережелердің ұйымдастырылуы немесе сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелген тұлғаның қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін бұзуы:

– бес жылға дейінгі  мерзімге бас бостандығын шектеу;

– не сондай мерзімге бас бостандығынан айыру,  белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыру.

4. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет : бұл ережелердің ұйымдастырылуы немесе сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелген тұлғаның қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін бұзуы:

– жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу;

– не сол мерзімге бас бостандығынан айыру  немесе белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыру.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V (09.01.2018 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Қылмыстық кодексінің 156 бабы

* 2018 жылғы айлық есептік көрсеткіш  2 405 теңгені құрайды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 2, 2018  



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль