Бос тұрып қалу кезіндегі жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуы

1
Бос тұрып қалу кезіндегі жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуы
Кулинкова Виктория Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Бос тұрып қалу кезіндегі жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуы. Ұйымда бос тұрып қалуды ресімдеген кездегі жұмыс берушінің негізгі қателері.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2017.30.11 берілген өзгерістер мен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 42-бабына сәйкес бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның келісімінсіз, бос тұрып қалудың барлық кезеңіне ауыстыруға құқығы бар.

Заңнамада жұмыскерлердің жұмыспен қамтылу нұсқалары және бос тұрып қалу уақытында олардың еңбекақысы көзделеді:

  • өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру (ҚР ЕК 41-бабы);
  • жұмыскерді басқа жұмыс орнына ауыстыру (ҚР ЕК 45-бабының 1-тармағы);
  • жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіберу (ҚР ЕК 40-бабы).

ВНИМАНИЕ

Ауыстыру мүмкін болмайтын жағдайда жұмыс беруші жұмыскерге бос тұрып қалуды төлеуге тиіс.

Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру кәсібін, мамандығын, біліктілігін, лауазымын ескере отырып, жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте, сол жалдаушыда бос тұрып қалудың барлық уақытына ауыстыруға болады.

Бос тұрып қалуға байланысты жұмыскерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру жағдайында еңбекақы төлеу тәртібі ҚР ЕК 42-ші, 112-бабында реттеледі. Бос тұрып қалуға байланыстыжұмыс берушіге байланысты емес еңбекақы төлеу шарттары еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді және жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен мөлшерде,  ал жұмыс берушінің кінәсінен жұмыскердің жалақысының елу пайызынан кем емес мөлшерде белгіленеді.

Егер қызметкерлер уақытша ақысы төмен жұмысқа ауыстырылса, онда жұмыс нормаларын орындайтын жұмыскерлердің бұрынғы лауазымында төленетін орташа жалақысы сақталады. Жұмыс нормаларын орындамайтын жұмыскерлерге еңбекақы орындалған жұмысына, бірақтарифтік мөлшерлемесінен кем еместөленеді.

Бос тұрып қалуға байланысты жұмыскерді ауыстыруды құжатпен ресімдеу

ВНИМАНИЕ

Бос тұрып қалуға байланысты жұмыскерді уақытша ауыстыру жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді.

Жұмыскердің жазбаша келісімі жалпы қағида бойынша және уақытша ауыстыру үшін талап етіледі, оның екі түрін қоспағанда: өндірістік қажеттілікке және бос тұрып қалуға байланысты (ҚР ЕК 41-ші, 42-баптары).

Өндірістік қажеттілікке және бос тұрып қалуға байланысты бұйрықты ресімдеу кезінде оны ресімдеудің келесі ерекшеліктерін ескеру керек:

• бұйрықтың атауы мен мәтінінде ауыстыру түрін және жұмыскердің келісімі талап етілмейтін (өндірістік қажеттіліктің немесе тұрып қалудың болуы) мән-жайларды көрсету қажет. Сонымен қатар,бұйрықтың айқындаушы бөлігінде уақытша ауыстыру үшін себеп болған өндірістік қажеттіліктің себептерін (мысалы, қосалқы электрстанциясының сынған себебінен № 1 цехта орын алған өндірістік апатқа байланысты) немесе жұмыскердің бос тұрып қалу себебін (жұмыскерге бекітілген жонғыш білдектің сынуына байланысты) көрсету қажет.

• ауыстыру мерзімін көрсету қажет;

• сондай-ақ жұмыскердің еңбекақысын төлеу шарттарын көрсету тиімді (жалпы ереже бойыншаақы төлеуді орындалатын жұмыс бойынша жүргізеді, бірақ бұрынғы орташа жалақысынан төмен емес).

НА ЗАМЕТКУ

Уақытша аударымдар кезінде еңбек шарттарына (келісім-шарттарға) өзгерістер енгізеді. Сондай-ақ, еңбек кітапшасына бос тұрып қалу және уақытша ауыстыру туралы жазба енгізілмейді.

ВОПРОС Бос тұрып қалу кезінде жұмыскер жұмыс орнында болуға тиіс пе?

Бос тұрып қалу кезінде жұмыскерлердің жұмыс орнында болмауы туралы мәселе әлі реттелмеген. Бос тұрып қалу бойынша мәселелерді түсіндіру тәжірибесіне сүйене отырып, жұмыскердің бос тұрып қалу кезінде жұмыс орнында болғаны абзал (әсіресе, егер бос тұрып қалу жұмыс күнінің бір бөлігі ғана болса).

Сондай-ақ, бос тұрып қалу тынығу уақытына жатпайтынына байланысты, жұмыскер бос тұрып қалу кезінде жұмыс орнында болуға міндетті. Бұдан басқа, бұлоның жұмыс орнында болмауына байланысты туындайтын бірқатар мәселелерді алып тастауға мүмкіндік береді (мысалы, маскүнемдік).

ВНИМАНИЕ

Бос тұрып қалу кезінде басшылықтың келісімінсіз жұмыскердің жұмыс орнында болмауына жол берілмейді және еңбек заңнамасын бұзушылық болып табылады.

Кейде жұмыс берушіге жұмыскердің айналысатын ісі жоқ болса, жұмыс орнындаболуы тиімсіз. Бұлжұмыскердің кеңседе болуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс беруші жұмсайтын біраз шығыстарға байланысты: электр энергиясына, жылуға ақы төлеу,су шығыны және т. б.

Бұл жағдайда жұмыс беруші мұндай бос тұрып қалуды  бұйрықпен ресімдеуге  шешім қабылдайды, онда жұмыскерлер белгілі бір мерзімге жұмыста болмауға құқығы бар делінеді. Осы мәселе бойынша нормативтік қағидаларды  ұжымдық шартта, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында және т. б. жергілікті актілерде қарастыру қажет.

ВНИМАНИЕ

Егер бос тұрып қалу туралы бұйрықта жұмыскердің жұмыс орнында болмауы көрсетілсе, ол еңбек заңнамасының бұзушылығы болып табылмайды.

Алайда бос тұрып қалу кезеңінде жұмыскердің жұмыс орнында болмауы жұмыс берушінің жұмыскерге қатысты еңбек заңнамасының талаптарын сақтау міндеттерін жоққа шығармайды.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы №4  оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль