text
Справочник кадровика

Ұйымда ЖЖМ-ға жұмсалатын шығындарды растау

  • 26 апреля 2018
  • 28
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», главный бухгалтер, г. Алматы
Ұйымда ЖЖМ-ға жұмсалатын шығындарды растау

ЖЖМ шығынының нормасын қалай есептеу және ЖЖМ-ды есептен шығарып, кәсіпорынның шығындарына қалай жазу керек, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын құжатпен ресімдеу.

Жанар-жағармай материалдарына (бұдан әрі – ЖЖМ) отынды (бензин, дизель отыны, сұйытылған мұнай газы, сығымдалған табиғи газ), майлайтын материалдарды (моторлық, трансмиссиялық және арнайы майлар, пластикалық жағар майлар) және арнайы сұйықтықтарды (тежегіштік және салқындатқыш) жатқызады.

Егер ұйым меншігінде көлік бар болса немесе автомобиль басқа адамнан жалға алынса (бұл ретте жалға берушінің кім болып табылатыны – басқа ұйым немесе жеке тұлға ма – маңызды емес), онда ол ЖЖМ сатып алуға шығындарды сөзсіз көтереді. ЖЖМ-ға жұмсалған шығындарды растау қалай жүргізіледі, қарастырайық. 

ЖЖМ есепке алу тәртібі компанияның есеп саясатында көрсетілуі тиіс, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарының түсуін есепке алу, сақтау және жұмсау туралы ережені әзірлеу қажет екенінен бастасақ.

ЖЖМ ШЫҒЫНЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН АНЫҚТАУ

Бастапқыда қандай да бір автомобильдің жанармай шығынының 100 шақырымға жұмсалатын нормасы анықталады. Бұл норма «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысының (бұдан әрі – Автокөлікті күтіп ұстауға арналған ЖЖМ шығыстарының нормаларын бекіту туралы қаулы) 1-тарауының 7-тармағын қолдану арқылы айқындалуы мүмкін, оған сәйкес арнайы автокөлік құралдарымен арнайы жұмыстарды орындаған кезде жүріске арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының нормалары базалық нормалар сияқты автокөлік құралының жүз километр жүрісіне литрмен немесе текше метрмен белгіленеді.

НА ЗАМЕТКУ

Егер нормаларда автомобиль бойынша ЖЖМ шығыстарының базалық нормасы анықталмаған болса, онда бұл жағдайда автомобильдің техникалық паспортындағы деректерді басшылыққа алу қажет немесе Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігіне ресми сұрау салуды ресімдеу, сондай-ақ бақылау өлшеу жүргізу арқылы норманы анықтауға болады.

Автомобильдің техникалық паспортында жазылған нормаларға келетін болсақ, оларды нақты пайдалану шығыстарымен шатастыруға болмайды. Ресми цифрларға қарағанда, отынды пайдалану шығыны автомобильдің нақты жұмыс жағдайынан есептеледі, мұнда нормалардың мөлшері өзгеруі мүмкін – әртүрлі жағдайларға байланысты көбеюі немесе азаюы мүмкін,  мысалы, жыл мезгіліне, таулы аймақтарда жұмыс істеу кезінде, халық саны көп елді мекендердегі жұмыс кезінде, ірі көлемді, қауіпті және осыған ұқсас жүктерді тасымалдау кезінде, жаңа автомобильдерде немесе күрделі жөндеуден кейінгі автокөліктерде жұмыс істеу кезінде және т. с. с. ЖЖМ неғұрлым дәл жұмсау үшін нормаларға арнайы түзету коэффициенттері қолданылады.

Автокөлікті күтіп ұстауға арналған ЖЖМ шығыстарының нормаларын бекіту туралы қаулысымен бекітілген ЖЖМ шығыстарының сол нормаларына және автокөлікті күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарға сәйкес, жеңіл автомобильдер үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының нормаланатын мәні Qн мынадай формула бойынша есептеледі:

Q н = 0,01 x Н Б х L х (1+0,01 х К s ),                   

мұндағы:            

 НБ  – жанар-жағармай материалдары шығысының базалық нормасы, л/100 км;

 L – автомобиль жүрісі, км;

 Ks – жанар-жағармай материалдары шығысына қатысты жиынтық салыстырмалы түзету, %-бен (түзету коэффициенті, оның көмегімен %-бен автокөліктік және арнайы техниканың пайдалану шарттарына байланысты жанар-жағармай материалдарының шығысы түзетіледі).

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2018 жылғы № 4 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль