text
Справочник кадровика

Жұмыскерлерді еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ынталандыру

  • 5 мая 2018
  • 8
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", начальник отдела охраны труда, техники безопасности и охраны окружающей среды ТОО «Uniserv»
Жұмыскерлерді еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ынталандыру

Батыс Қазақстандағы «Uniserv» жол- құрылыс компаниясының ұсынып отырған тәжірибесі материалдық және моральдық ынталандыру жұмыс орындарында жұмыскерлердің саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүдделілігін қалай арттыратынын көрсетеді

«Uniserv» ЖШС (бұдан әрі – Компания) – Қазақстанның жетекші жол-құрылыс кәсіпорындарының бірі, ол еліміздегі көлік инфрақұрылымын дамытуға, Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын зерттеуге және пайдалануға белсенді түрде қатысып, 2002 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерін сақтауға қатысты өзін жақсы танытты.

Халықаралық стандарттарға сәйкес

Компанияда халықаралық сапа стандарттарының талаптарын растау бойынша мерзімді түрде сыртқы аудит жүргізіліп тұрады. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін ұйымдастыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Мұнай өнімдерін, қауіпті жүктерді, халықаралық тасымал заттарын тасымалдау қызметін, көлік қызметін, құрылыс - құрастыру жұмыстарын жүргізу қызметін көрсетуге қатысты ХСҰ 9001:2009 (ISO 9001:2008) сапа менеджменті, ХСҰ 14001:2006 (ISO14001:2004) экологиялық қызмет менеджменті, OHSAS1800:2008 (OHSAS18001:2007) кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті және 1352 - 2012 (SA8000:2008 Social) әлеуметтік жауапкершілік жүйелерінің сертификаттары бар.

Компанияда мынадай құжаттар әзірленіп, қолданылуда:

1. Денсаулық сақтау, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы және сапа менеджменті жүйелері саласындағы басқару жүйесі.

2. Тапсырыс берушінің объектілерінде мердігерлік жұмыстарды орындаған кезде денсаулық сақтау, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс жоспары.

3. Сұйылтылған көмірсутекті газды автокөлікпен тасымалдау жөніндегі ереже.

4. Кәсіпорында қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру бағдарламасы (бірлескен кәсіпорындар басшылары үшін және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға (бұдан әрі – ҚТжЕҚ) жауапты адамдар үшін).

5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын өндірістік бақылау туралы ереже.

6. Сұйылтылған көмірсутекті газдарды тасымалдаған кезде апаттарды жою жоспары.

7. Бу-генераторлық қозғалмалы қондырғыны (бұдан әрі – БГҚҚ) қолдану арқылы объектілерді бу-жылумен өңдеу жөніндегі техникалық регламент.

8. Автомобиль крандарын пайдалану арқылы тиеу-түсіру жұмыстарына арналған техникалық регламент.

9. Өндірістегі оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі нұсқаулық.

Сақтау қызметкердің өмірі мен денсаулығының

Компанияда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау негізге алынатын басқару қағидаты ретінде қарастырылады. Өндірісте жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау – еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің (бұдан әрі – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімі) жұмысының ең маңызды бағыты. Компанияның жұмыскерлері арнайы киіммен, каскамен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорында жұмыскерлерді профилактикалық медициналық қарап тексеру ұйымдастырылған және жыл сайын өткізіледі. Өндірістік объектілерге жақын орналасқан вахталық қалашықтар аумағында тегін үш рет тамақтандыру ұйымдастырылған, тұруға және демалуға жайлы жағдайлар жасалған.

Жұмыскерлерді еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ынталандыру

Екі жылда еңбекті қорғау іс-шараларын ұйымдастыруға 92 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Компанияның басшылығы үнемі әрбір жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелерімен жұмыс істейді. ҚТ және ЕҚ бөлімінің мақсаты да қауіпсіздік техникасы ережелерін мүлтіксіз сақтаған кезде ғана өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға болатынын адамдардың санасына жеткізу болып табылады.

Жұмыскерлерді еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ынталандыру

Жұмыста жергілікті құжаттарды, мамандықтар бойынша лауазымдық нұсқаулықтарды, жұмыс орындарында жас жұмыскерлерді тәжірибе жүзінде үйрету, кәсіби дағдыларын дамыту, қауіпсіз озық технологияларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Бас офистен және елді мекендерден қашықтығына, сондай-ақ техникалық құралдар мен инфрақұрылым объектілерінің ауқымды жерде орналасқанына қарамастан, 2016 жылы Ақмола және Павлодар облыстарында, 2017 жылдың соңында Батыс Қазақстан облысында орналасқан өндірістердегі жұмыс орындарын аттестаттау сәтті ұйымдастырылып, өткізілді.

Компанияның барлық алты асфальтбетон зауыты, соның ішінде мобильді сынақ зертханалары аттестатталды, олар барлық негізгі техникалық талаптарға және МС-ға сәйкес келеді.

Әрбір өндірістік объектінің жанында вахталық кешендер бар, олар аумақтарда үздіксіз жұмыс жүргізілуін ұйымдастырған кезде жұмыскерлердің тұруына және тамақтануына ыңғайлы барлық жағдайларды қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталған инфрақұрылым және кәсіпорынның ерекше қызметі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің үнемі көңіл бөліп отыруын талап етеді.

Қашықтық бақылау объектілері

Кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша ең тиімді қызметке қол жеткізу мақсатында «Объектілерді қашықтан бақылау» ақпараттық жүйесін енгізу» жобасы іске асырылады.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінде бөлім бастығы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша екі инженер, екі инженер-эколог жұмыс істейді.

Оқиғалардың алдын алу жұмысында кейбір жұмыстарды тоқтата тұру және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын немесе елеулі материалдық шығынға және басқа да теріс салдарға әкелуі мүмкін объектілердің жұмысын тоқтата тұру сияқты шаралар пайдаланылады және қолданылады.

Ынталандыру жүйесі

Еңбекті қорғауды басқарудың маңызды құрамдас бөлігі – жұмыскерлерді қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға моральдық және материалдық ынталандыру жүйесі. ҚТ және ЕҚ ережелері мен нормаларын сақтау – компания қызметкерлерінің сіңірген еңбегін анықтаудағы ең маңызды өлшемшарттардың бірі.

Осылайша, кәсіпорында жұмыскерлерді әлеуметтік қолдаудың және материалдық ынталандырудың мынадай түрлері қолданылады:

–  жеке салтанатты күндерге, еңбек қызметіндегі атаулы күндерге байланысты берілетін ақшалай сыйақы;

–  мерекелердің (кәсіби, мемлекеттік және т. б.) құрметіне берілетін ақшалай сыйақы (сыйлықақы);

–  ұялы байланыс ақысын корпоративтік тариф бойынша төлеу;

–  жұмыста елеулі нәтижелерге жеткен қызметкерлерді оқуға, біліктілігін арттыруға жіберу;

–  түрлі тақырыптағы іс-шараларды, соның ішінде экскурсиялық, танымдық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру;

–  жұмыскерлерге жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін туристік жолдамалар беру;

–  жұмыскерлерге пайызсыз кредит беру;

–  көтермелеудің басқа да түрлерін қолдану.

Жұмыскерлерді еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ынталандыру

Мысалы, адал еңбегі үшін, ҚТ және ЕҚ ережелерін бұзбай мінсіз орындаған жұмысы үшін «Uniserv» ЖШС-ның автокран жүргізушісі Нұрболат Темірболатовқа Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрғазы Сәтбаевтың шешімімен «Lada Granta» автокөлігінің кілті тапсырылды.

Кәсіби мерекелерде – Көлік қызметкерлері күнінде, Құрылысшы күнінде апатсыз жұмыс жүргізгені үшін және өндірістік қызметіндегі оң көрсеткіштері үшін көптеген жұмыскерлер ақшалай сыйақылармен және бағалы заттармен ынталандырылады.

Ең жауапты қызметкерлерге сыйлықақы түрінде Қазақстан мен Түркияның шипажайларына жолдамалар беріледі. 2015 жылы 5 жұмыскер, 2016  жылы 8, 2017 жылы 8 жұмыскер шипажайда демалды.

Жұмыскерлерді еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ынталандыру

Бір ізге түсірілген қауіпсіздік жүйесі болмаса, озық технологияларды кешенді пайдаланбай және кәсіпорынды басқарудың қазіргі әдістерін қолданбай, Компания өндірістік қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізбес еді, перспективалы даму жағдайлары жасалмас еді.

Компания ынталандырудың маңызы артып келе жатқанын ескеріп, материалдық және моральдық ынталандыру шараларын ойға қонымды түрде үйлестіре отырып, өндірісте еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз ету саласында өз қызметін бұдан әрі жетілдіре береді, ынталандырусыз ешбір өндіріс өзінің даму әлеуетін толық көлемде іске асыра алмайды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 4, 2018  

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль